СӨЖ

Тақырыбы: Қаржылық есеп

Жоспары

Кіріспе.

  1. Қаржылық есеп беру және оның жасалуы.

1.1. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы.

  1. Қаржылық есеп беруді жасау және оның элементтері.
  2. Қаржылық есеп беру және оны тапсырудың мерзімі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ 

Еліміздің нарықты экономикалық қатынастарға өтуі халық шаруашылығында және адамдардың қызмет ету саласында тұтыну және оны қанағаттандыру мүмкіншіліктеріне сәйкестендіру әрбір заңды немесе жеке тұлғаның негізгі мақсаты мен әрекеті және оған деген ұмтылу күнделікті қалыптасқан ұдайы өндірістің бір көрінісі болып табылады. Сондықтан да өзіндік жұмысымның негізгі мақсаты кәсіпорындарда қаржылық есептің мәнін ашу, есеп беруді жасау мен оның қаржылық жағдайына баға беру болып табылады.

Қоғамда әрқандай өндірістің ұдайы өндірілуі үшін өз кезегінде өндірістік запастардың көлеміне тікелей байланысты болады. Ол өз кезегінде жұмыс күші мен еңбек құрал жабдықтарын пайдалану дәрежесіне байланысты болса, ол өнімді өндіру мен оны реализация ету тікелей тұтыну рыногына байланысты болады. Нарықты жағдайда рыногтың тойымдылығын қанағаттандыру дәрежесі өз кезегінде тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігіне тікелей байланысты болады. Осындай өзара байланыс қаржылық есеп жүргізу мен бухгалтерлік балансты қажет етеді.

Қоғамдық жиынтық өнімді ұдайы өндіру теориясы мен оның тәжірибесі бухгалтерлік баланс әдісінің мазмұнын анықтап береді.

Қаржылық есеп беруді жасауда оның құрамына бухгалтерлік баланс, шаруашылық қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражатының айналысы айналысы туралы есеп беру, ақша қаражатының айналысы туралы есеп беру іс- шаралары туралы ақпарат береді.

Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай- ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.

Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруышылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы) база болып табылады.

  1. 1. Қаржылық есеп беру және оның жасалуы.
    • Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы. 

Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы

шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға

топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті. Есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның, мекеменің қаржылық есеп беруі – есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай- ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.

Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай- ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.

Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруышылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы) база болып табылады.

Егер беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір- бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел- статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.

Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:

Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, оларды төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады (көрініс табады), ал шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.

Толассыздық. Субъекте өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшалайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.

Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.

Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс: қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын (оқиғаларын) бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған (немесе пайдаланған) мәліметтер өз септігін тигізуі керек.

Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.

Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құралады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.

Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъекттің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсыну тиіс.

Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.

Сақтық. Кез- келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай- ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.

Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.

Жүйелік. Пайдаланушы субъекттің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелігін сақтау мүмкіндігі артады.

Есеп беруге қойылатын ең басты талап оның тазалығы (ашықтығы) болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасалған жөн. Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік, статистикалық және жедел (оперативтік) болып бөлінеді. Жедел- статистикалық есеп беру кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және жедел – статистикалық  есепке алудың деректері бойынша жасалады. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып, жинақталған деректерден жасалады. Қандай кезең үшін берілгендігіне қарай есеп шұғыл және почта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.

Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің (деректердің) құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.

Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өңдеулерден өтеді. Бұл өңдеу процесі төрт кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерлік мәміле жасалады).

Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлеріде ЖО, ведомость, Бас кітап).

Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі (баланс, қаржылық- шаруашылық қызметі туралы есеп беру, ақша- қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру т.б.).

Төртінші кезең. ШС- нің қаржылық- шаруашылық қызметі талданады.

Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесінде жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау жасалынады.

Жасалған баланстық және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнің басындағы баланс баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі:

№ 2 “Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептің негізгі көрсеткіштерін ашып көрсету” (2 БЕС); “Қаржылық- шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру” (3 БЕС) және “Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру” (4 БЕС) арқылы жүзеге асады.

Жылдық есептің меншік иелерінде (қатысушыларында, құрылтайшыларында) немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген мәліметтері бойынша тиісті органдарға: салық инспекциясына (кәсіпорынның тұрған жері бойынша); жергілікті қаржы органына, мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.

Тараптары бар кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік есептерін берумен қатар, жалпы белгіленген тәртіпке біріккен (жиынтық) есебіне де береді.

Кәсіпорындар (бұған шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындар да енгізіледі), егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқадай ерекшеліктері ескерілмеген болса, онда жылдық бухгалтерлік есепті, есепті жылдан кейінгі келесі жылдың 1- наурызынан кешіктірмей береді. Бухгалтерлік есеп берудің нақты күнін көрсетілген мерзімдердің шегінде салық органдарының келісімдері бойынша кәсіпорынның иелері (қатысушылары, құрылтайшылары)  белгілейді.

Бухгалтерлік есеп беру күні болып бір қаладағы кәсіпорындар үшін оның барлық қажетті ақпараттарын нақты берген күні есептеледі, ал басқа қаладғы кәсіпорын үшін почта арқылы жіберілген күні есептеледі.

Берілген бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қояды, олар оның уақытында берілуіне жауап береді.

Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижелерін, мүлік пен қаржы жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін жариялауға жол ашық.

Бухгалтерлік есепте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің барлығын түзетуді қажет деп тапса, онда ол есепті айдан кейінгі бірінші айда жасалады, сонда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін берілген жылдық бухгалтерлік есептер мен баланстар деректерінің түзетілуі, сол жыл үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады. Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті түзетулер енгізілуі мүмкін.

  1. Қаржылық есеп беруді жасау және оның элементтері.

Жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлік баланс, құлшылық- қажылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражатының ақысы туралы есеп беру және түсіндірме хаттамасы (жазбасы) кіреді.

Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдеі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және тиімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі тағы әрқилы мәліметтерді қажет етеді, мысалға:

инвесторлар- жасаған инвестициясының тәуекелділік дәрежесі олардың алатын табысына қаншалықты пара- пар келетіндігін анықтау үшін; кәсіпорынға салған инвестициясын инвестициясын сатудың немесе соған сәйкес активтерін сатып алудың, немесе өз иесін сақтаудың қажеттілігі анықтау үшін; кәсіпорынның келешектегі күтілетін дивиденттерді төлеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

кредитор- алған қарызын және төленетін пайызын өтеу қабілеттілігін (мүмкіндігін) анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

жабдықтаушылар- кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын қабілетін көтеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

қызметкерлер- кәсіпорынның тұрақты және рентабельді болғанына мүдделі, өйткені олар, өзінің еңбек ақысын және басқа жеңілдіктері мен төлемін алады, ал акционерлер- тұрақты түрде дивидент  алып тұруын көздейді;

Мемлекеттік органдар- кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс деңгейіне мүдделі,  өйткені олар солардың көмегімен экономикалық саясатты (салық шараларын қоса алғанда) жүзеге асырады, сондай- ақ статистикалық мәліметтерді жинайды;

Жұртшылық- жұмыс орнын табу мақсатында қажетті ақпараттарды елді- мекенді, аймақты дамытуға керек ақпараттарды жинауға (алуға) мүдделі болып келеді.

Қаржылық есеп беру қорының инвестициялық саясатын жасауға, несиелеу жасап дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағынын бағалауға, кәсіпорынның міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.

Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін әрқилы пайдаланушылардың әр түрлі құқы бойынша пайдалануы кәсіпорынның сол жалпы талапқа сай келуі үін оның қызметіне капиталдың жеткілікті болғаны абзал. Сондықтан олардың негізгі құқы (басқа жағдайлары бірдей болғанда): кәсіпорыннан алған меншік капиталы не басқа инвестициясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы тиіс.

Есеп берудің мәліметтері Пайдалылығы
Экономикалық ресурстары

(активтер құрылымы)

Кәсіпорынның табыс алу қабілетін бағалау және болашақта болатын ақша қаражаты
Қаржылық құрылымы (кәсіпорынның қарызы мен меншік капиталының ара қатынасы) Қарыз қаражатының келешекке қажеттілігін бағалау және болашақта алынатын пайда мен ақша қаражатын мүдделі тараптардың арасына тарату; кәсіпорынның сырттан инвестицияны тартудың потенциалдық икемділігін бағалау
Өтемділік пен төлем қабілеттігінің коэффициенті Өз міндеттемесіне жауап беретін кәсіпорынның ұзақ және қысқа мерзімдегі қарыздарын төлеу қабілеттілігін бағалау
Рентабельділік пен іскерлік белсенділігінің коэффициенті Кәсіпорынның ресурстарды пайдалану тімділігін бағалау
Қажылық жағдайының өзгеруі Қаржылық инвестициялық, оперативтік қызметінің нәтижесінде, кәсіпорынның алған ақша ағынын бағалау; кәсіпорынның келешектегі ақша қаражатына қажеттілігін болжау

Қаржылық есеп беру өзара байланысты, өйткені ондағы шаруашылықтың бір ғана операциясы әртүрлі фактімен көрініс табады. Әрбір есеп беру әртүрлі ақпаратты береді, ал оны сол немесе басқаша күйінде шаруашылық жүргізуші субъект пайдаланылады.

Қажылық есеп пайдаланушылар үшін айқын, түсінікті болуы және барлық мәнді ақпараттарды ашуы тиіс. Қажет болған кезде түсініктеме хаттамасында (жазбасында) баптардың жіктемесі мен ақша қаражаттары туралы қосымша мәліметтер арқылы олардың мазмұнын түсіндіру керек.

Қаржылық есеп беруде заңды тұлғалардың атауы, тұрған жері, есеп беру кезеңі мен күні көрсетілуі тиіс. Сондай- ақ, ұйымның қызмет түрі, заңды нысаны, өлшем бірлігі келтірілуі тиіс.

Қаржылық есеп беру өткен кезеңдердің мәліметтерімен салыстырылады. Есеп беру Қазақстан Республикасының валятасында жасалады, өлшем бірлігі- мың теңге. Жылдық есеп берудің есептік кезеңі болып толық календарлық жыл саналады; ал жаңадан құрылған субъектілер үшін- заңды тұлға ретінде статусын алған күнінен бастап есепті жылдың 31- ші желтоқсанына дейін саналады. Меншік иесінің есеп берудің басқа да кезеңдігін белгілеуге құқығы бар (жылына бір реттен кем болмауы керек).

Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін класқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.

Актив- бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі.

Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі. Ол өткен мәміленің немесе оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру үшін, сондай- ақ өндірісті басқару және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа активтерге айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемесін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелерінің арасында бөлінуі мүмкін.

Активтердің физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, қондырғылар, машиналар т.б.) және ондай нысаны болмауы да мүмкін (лицензия, “ноу- хау”, гудвилл және т.б.); сондай- ақ активтер дебиторлық қарыз іспеттес те болып келуі мүмкін.

Шаруашылық жүргізуші субъекттің активтерге меншік құқығы болуы да және оның болмауы да мүмкін (жалға берілген мүліктер, консигнацияға немесе қайта өңдеуге қабылданған тауарлар т.б.) бірақ сол активтер кәсіпорынның өз меншігіне жатпаса да, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және  оларды пайдаланудан алынатын олжаны бақылай алады. Жаңа активтерді жасау мен оларға жұмсалған шығыстардың арасында тікелей байланыс болады, бірақ олар уақыт кеңістігінде әр уақытта бір- бірімен тұспа- тұс келе бермейді (мысалға, аяқталмаған құрылыс, көп жылдық екпе ағаштарын егу және негізгі табынды қалыптастыру). Бұл жағдайда шығын тек болашақ олжаны іздестіру үшін жасалғандығын көрсетеді (пайдалануға берілген объектіден, көп жылдық екпе ағаштарын пайдаланудан, малды өсіруден), бірақ бұл активтердің түпкілікті өз арналымдарына сәйкестігін көрсетпейді.

Міндеттемелер- бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесін орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу қажет. Субъекттің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субъект келісім- шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай- ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады (сот шешімі бойынша, немесе іздестіру мерзімі өтіп кетсе).

Меншік капиталы- бұл субъекттің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше класқа бөлінеді: жарлық капиталы, қосымша төленген капиталы, резервтік капитал, тартылмаған табыс. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

Қаржылық нәтижесі- бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық- шаруышылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы). Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.

Табыс- бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы; шығыс- бұл есептік кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі (өсуі). Бұл жерде иеленушілердің жарлық капиталына салған салымы субъекттің табысы болып табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын таратып беру- шығыс болып танылады.

Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне (өндірісіне) қарап табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады. Мысалға, өнеркәсіп өндірісі, делдалдық қызмет, ауыл шаруашылық қызметі бойынша және т.б., сондай- ақ табыс пен шығысты әдеттегі қызметі мен төтенше жағдайдан алатын табыстары немесе шығыстары бойынша бөлуі мүмкін.

Табыстар- бұл субъекттің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай- ақ тауарлы- материалдық құндылықтардан, жалға беруден, инвестициялық қызметтерден түсетін табыстары жатады. Ал негізгі емес қызметтен түсетін табыстардың қатарына: негізгі құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды (акция бойынша табыс және пайыз түріндегі табыс) сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.

Шығыстар- өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығыс (отток) нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді (ақша қаражаттары, материалдық запастар, негізгі құралдар т.б.). Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.

Қаржылық есеп берудің элементтерін тану-  бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық- шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын (критериясын) қанағаттандырады:

кез- келген болашақтағы олжаның осы баптарда көрініс табу ықтималдығы бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін;

баптың құны бар, ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.

Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен олардың құны анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде (активтер мен міндеттемелер) танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері бар:

бастапқы құны- активтер тараптардың келісімі бойынша белгіленген және олардың алынған бағасы бойынша көрініс табады; міндеттеме келіп түскен сомасы бойынша көрініс табады, түрлі жағдайлардың тоғысуының (салдарынан) қалыпты кезінде олардың өтелуі үшін төлем жасалады;

ағымдағы құны- активтер есеп берудегі ақшалай сомасы бойынша көрініс табады, егер де осы немесе осыған ұқсас актив алынса, онда ол сол сомада төленеді; міндеттемелер есеп берудегі дисконтталмаған бағасы бойынша көрініс табады және тап осы сомада өтелуі талап етіледі;

сату құны- активтер өзінің сатылған құны (ақша қаражатының сомасы) бойынша көрініс табуы мүмкін; міндеттемелер өзінің өтелген сомасы бойынша көрініс табады, демек дисконтталмаған сомасын білдіреді және олардың өтелуін талап етеді;

дисконтталған құны- активтер келешекте келіп түсетін ақша қаражатының дисконтталған құнын білдіреді, ағымдағы құны бойынша көрініс табады, ол субъекттің әдеттегі қызметінің барысында солайша топтап көрсетіледі (немесе қортындыланады);

баланстық құны- актив пен міндеттеме баланстық есеп берілген күніндегі бағасы бойынша көрініс табады.

Субъект қаржылық есеп беруді жасау кезінде активтер мен міндеттемелерді бағалау үшін бастапқы құнын негізге алады және  сонымен қоса басқа да бағалау әдістерін пайдаланады.

Қаржылық- шаруашылық қызметі туралы есеп беру нысаны табыс пен шығыс шоттарын ашып, оларға шолу жасайды. Қаржылық- шаруашылық қызметінің есеп беруі келесі көрсеткіштерден тұрады:

өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен табыс; ҚҚС, акциздер және басқа міндетті төлемдер мен салықтар шегертілген түрінде көрсетіледі, қайтарылған тауар құнын, бағадан және сатудан жасалған жеңілдіктерді қоспағанда;

өнімнің, жұмыстың, қызметтің сатылған өзіндік құнына кәсіпорынның нақты шығындары, яғни өнімді, жұмысты, қызметті өндірумен байланысты тікелей шығындар кіреді;

жалпы табыс- өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен табыстан өнімнің нақты өзіндік құнын алып тастағаннан соң шығатын қаржылық нәтижесі;

кезең шығыстары- өнімнің, жұмыстың, қызметтің өндірістік өзіндік құнына енбейтін шығыстар: жалпы және әкімшілік шығыс, сату бойынша шығысы, пайыздары төлеу бойынша шығыстары;

негізгі қызметтен түскен табыс (зиян)- жалпы табыс пен кезең шығыстарының айырмасы;

негізгі емес қызметтен түскен табыс (зиян)- кәсіпорынның негізгі қызметімен байланысты емес операциялардан алынған табысы (негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқаннан, субсидий т.б.).

салық салынғанға дейінгі әдеттегі қызметінен алынған табыс- негізгі және негізгі емес қызметтерін біріктіргеннен алынған табыс;

табыс салығы бойынша шығыс- 11 БЕС салынған, соның ережесіне сәйкес есептік кезең үшін анықталған табыс салығы бойынша шығысы;

салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы (зияны)  салық салынғанға дейінгі табыстан табыс салығы бойынша шығысын шегергеннен соң алынған табысы (зияны);

төтенше жағдайдан алынған табысы (зияны)- есептік кезеңде орын алған төтенше жағдайдың сальдоланған нәтижесі;

  1. Қаржылық есеп беру және оны тапсырудың мерзімі

Шаруашылық субъектілері тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені құрылтай құжатарына сәйкес меншік иелеріне мемлекеттік салық инспециясына, мемлекеттік басқарудың баска органдарына, несие беруші банктерге және басқа шаруашылық субъектілерімен келісімдердің негізінде басқа да мүдделі ұйымдарға тапсырады. Шаруашылық субъектілері тоқсандық есептемені тоқсан аяқталғаннан кейін отыз күн ішінде, ал жылдық қаржы есептемесін жыл аяқталғаннан кейін тоқсан күннің ішінде тапсыруға міндетті. Яғни, Қазақстан Республикасының 28-ші ақпан 2007 жылғы  №235-111 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» ҚР заңына сәйкес ұйымдар жылдық қаржылық есептілікті келесі жылдың 30-шы сәуірінен кешіктірмей өткізулері тиіс.

Бюджеттік мекемелер айлық, тоқсанды және жылдық қаржылық есептемені жоғары тұрған ұйымдарға олар белгіліенген мерзімдерде тапсырады. Қаржылық есептемені пайдаланушылар қатарына нақты қазіргі және әлеуетті инвесторлар, кредиторлар, жеткізушілер, қызметкерле, сондай-ақ министрліктер ведомстволар және жұртшылық жатады.

Кәсіпорынның, ұйымның мекеменің жылдық қаржылық есебі мүдделі пайдаланушылар, сатып алушылар жеткізушілер инвесторлар биржалар, банктер және басқалар үшін баспасөзде ашық жарияланады.

Есепті жыл аяқталғаннан кейін ашық түрде акционерлік қоғамдар, банктер, сақтандыру компаниялары жылдық қаржылық есептемені газеттерде, журналдарда және жекелеген кітапшаларда жариялауға міндетті. Жарияланатын қаржылық есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп, оны дұрыстығын тәуелсіз аудитор растауы тиіс.

Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есепке аудиторлық ексерулер ҚР заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ әкімшіліктің немесе шаруашылық етуші объектінің құрылтайшыларының төрттен бірінің бастамасы бойынша жүргізіледі.

Қорытынды

Қазіргі жағдайда әрбір елдің нарықтық экономикалық қатынастарға өтуі халық шаруашылығында және адамдардың қызмет ету саласында тұтыну және оны қанағаттандыру мүмкіншіліктеріне сәйкестендіру әрбір заңды және жеке тұлғалардың негізгі мақсаты мен әрекеті қоғамдық ұдайы өндірістің көрінісі болып табылады.

Нарықтық жағдайда рыноктың тойымдылығын қанағаттандыру дәрежесі өз кезегінде тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігіне тікелей байланысты болады, осындай өзара байланыс қаржылық есеп жүргізу мен бухгалтерлік балансты қажет етеді.

Сондықтан өзіндік жұмысымның негізгі мақсаты кәсіпорындарда қаржылық есептің мәнін ашу, есеп беруді жасау және олардың тапсыру мерзімдерін білу.

Өзіндік жұмысымда оны қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы, есеп беруге қойылатын талаптар мен есептерді өңдеу кезеңдері және қаржылық есеп беруді пайдаланушылар мен қаржылық есеп берудің элементтері беріледі.

Бұл тарауда есеп беру мәліметтері кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, шаруашылық қызметті талдау үшін пайдаланылатындылығы туралы мәлімет беріледі.

Қаржылық есеп беруді жасауда оның құрамына бухгалтерлік баланс, шаруашылық қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражаттарының айналысы туралы есеп беру іс шаралары туралы ақпарат беруі кіретіндігі айтылады.

Қазіргі таңда нарықты экономикалық қатынастарға толығымен өткен жағдайда әрбір кәсіпорынның Қазақстан республикасының экономикалық реформаларын іске асыру және кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығы нығайтуда қаржылық есептің маңызы ерекше екендігі тағы да дәлелденді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Дүйсенбаев К.Ш. “Аудит и анализ в системе управление финансами” Алматы “Экономика” 2000ж.
  2. Дүйсенбаев К.Ш. “Анализ финансового положения предприятий” Учебное пособие Алматы 1998ж.
  3. Ковалев С.И. “Аудит финансового положения предприятия” Алматы 2000г.
  4. Родостовец В. К. Финансовый учет. Алматы 1998г
  5. Баймұханова С. Б. “ Қаржылық есеп ” 2007 ж.
You May Also Like

СРС на тему:  Мобильные технологии

СРС на тему:  Мобильные технологии Мобильные технологии – это технологии, которые позволяют…

Есептеу техникасы, СӨЖ

Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім а) Есептеу техникасының тарихы ә) Есептеу техникасының кезеңдері…

Қазақстанның экологиялық мәселелері, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы:Қазақстанның экологиялық мәселелері Жоспары: Кіріспе  Негізгі бөлім 1.Қазақстандағы радияциялық жағдай Қазақстанның…

Әйел репродуктивті жүйесінің құрылуы және дамуы. Етеккір циклінің нейроэндокринді реттелуі. Дисфункционалды жатырдан қан кету, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы:  «Әйел репродуктивті жүйесінің құрылуы және дамуы. Етеккір циклінің нейроэндокринді реттелуі.…