РЕФЕРАТ

Тақырыбы:  Ұйымның қаржылық жағдайын талдау

Жоспар

  1. Кіріспе…………………………………………………………………………………………..3
  2. Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың мәні мен маңызы…………..4
  3. Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың міндеттері……………………6
  4. Ұйымның қаржылығын жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі………8
  5. Қорытынды………………………………………………………………………………….9
  6. Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………..10
  • Кіріспе 

Нарықтық экономикаға өтуде ұйымнан өнім өндірудің тиімді жолдарын,тауардың немесе қызметтің бәсекеге қабілеттігі мен ғылыми­техникалық прогреске жетістік енгізу, шаруашылық өндіріс­ ті басқарудың қандай да тиімді тәсілдерін енгізуді талап етеді. Бұл аталған мәселелерді орындау барысында ,ұйымның төлемқабілеттілік көрсеткішін жоспарлаудың мәні зор. Соның нәтиежесінде, ұйым­ ның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қаншалықты меншікті айналым қаражаттарымен, сонымен қатар бөлек бөлімшелерінің тө­ лемқабілеттілік көрсеткіштерін анықтауға болады. Қаржылық жағдай түсінігінің астында, ұйымның өзінің қызметін болашақта қаржылан­дыралама деген мағынаны береді. Ол қаржылық ресурстармен қамтамасыздылығымен түсіндіріледі, яғни оның көмегімен дұрыс қызмет атқаруға, мақсатты жұмсауды және тиімді пайдалануды, бас­ қа да заңды немесе жеке тұлғалармен қаржылық қызметтес, серіктес болуды талап етіп отырады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын әдістемелік талдаудың бірыңғайлылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігімен 12 шілдеде 1995 жылы бекітілген кәсіпорынның баланс құрылымын бағалау тәртібі жөнінде ережелері , кәсіпорындарды қайта құру бойынша Агенттілікпен 1995 жылы 5 қазанда бекітілген төлем қабілетсіз кәсіпорынның қаржылық жағдайын терең талдау бойынша әдістемелік нұсқаулары , Қазақстан Республикасының «Банкроттылық жөнінде» 21.01.1997 ж. Заңы , ҚР Министрлер Кабинетінің «Қазақстан Республикасында дәрменсіз мемлекеттік кәсіпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтандыру, қайта құру мен жою механизмі жөнінде» 07.09.1994 ж. № 1002 қаулысы қабылданған. Қаржылық саясатты өңдеудің негізгі бағыттарының бірі ретінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістемесі ұсынылады.

  1. Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың мәні мен маңызы 

Қазіргі заманғы жағдайларда тиімді қызметті қамтамасыз ету үшін басшыларға өз кәсіпорындарының қаржылық-экономикалық жағдайдың, сондай-ақ серіктері мен бәсекелестерінің іскерлік белсенділігі жағдайын нақты бағалай білуі қажет. Ол үшін:

  • кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайын бағалау әдістемесін меңгеруі;
  • қаржылық ақпараттарды жинақтаудың, өндеудің үстірт және үстірт емес түрде пайдалануы;
  • тәжірибеде осы әдістерді жүзеге асыруға қабілетті талдаушы мамандарды тарту қажет.

«Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы, деп жазады профессор Балабанов И.Т.*, бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлемқабілеттілігі мен несие қабілеттілігі), қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекеттік алдында өз міндеттемелерін орындау».

Стуков С.А. қаржылық жағдай жөніндегі өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды**: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүрү қабілеттілігін кешенді талдау».

Қаржылық-экономикалық жағдай шаруашылық қызметтің барлық қатысушыларының экономикалық мүдделерін тиімді жүргізуде. Оның бәсеке қабілеттілігі мен артықшылығын анықтайтын кәсіпорынның белсенділігі мен сенімділігін маңызды критерийлері. Ол қаражаттарды орналастыру мен пайдалану және олардың қалыптасу көздерімен сипатталады.

Талдаудың негізгі мақсаты – кәсіпорынды жалпы және сонымен бірге оның қаржылық ресурстарын басқарудағы ең күрделі проблемаларды айқандау.

Қаржылық талдаудың мақсаттары:

– қаржылық жағдайдың көрсеткіштерінің өзгерістерін табу;

– кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін факторларды табу;

– қаржылық жағдайдың сандық және сапалық өзгерістерін бағалау;

– кәсіпорынның қаржылық жағдайдың белгілі бір датаға (күнге) бағалау;

– кәсіпорынның қаржылық жағдайының тенденцияларының өзгерісін бағалау;

– кәсіпорынның қаржылық жағдайдың тенденцияларының өзгерісін анықтау;

Қаржылық жағдайды талдау келесі тұтынушылар тобына керекті:

  • Кәсіпорынның менеджерлеріне және ең бірінші кезекте қаржылық менеджерлерге. Кәсіпорынды оның қаржылық жағдайын білмей шаруашылық шешімдер қабылдау, оны басқару мүмкін емес. Менеджерлер үшін алынған қаржылық натижелер мен ресурстардың шаруашылық қызметінде қолданылатын (шешімдерді) олармен қабылданған шешімдердің тиімділігін бағалау маңызды болып табылады.
  • Меншік иелеріне, соның ішінде акционерлерге.Оларға кәсіпорындарға салынған қаражаттардың қайтарымдылығы қандай болатындығын, кәсіпорынның табыстылығы мен рентабелділігін, сонымен бірге экономикалық тәуекелділіктің деңгейі мен өздерінің капиталдарының жоғалту мүмкіндігін білу маңызды.
  • Кредиторлар мен инвесторларға. Оларды берілген несиелерінің қайтару мүмкіндігін бағалау қызықтырады.
  • Жеткізіп берушілерге. Олар үшін жеткізілген өнімдер үшін төлемдер, көрсетілген қызметтері мен жүмысты төлеуді бағалау маңызды.

Сөйтіп, жоғарында атап өтілген қаржылық талдаудың тұтынушыларының тізімі осы талдауды экономикалық процестердің барлық қатысушылары қажет ететіндігін көрсетеді.

Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың міндеттері 

Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдаудың басты міндеті бастапқы қаржылық жағдайы мен оның одан әрі даму динамикасын дұрыс бағалау болып табылады. Ол келесі сатылардан құралады:

1) қаржылық-экономикалық жағдайды теңестіру;

2) кеңістіктік уақыттық айырымда қаржылық-экономикалық жағдайдың өзгерісін айқындау;

3) қаржылық-экономикалық жағдайға өзгеріс әкелген негізгі факторларды анықтау;

4) қаржылық жағдайды нығайтудың шаруашылықішілік резервтерін айқындау.

Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдау қаржылық

талдаудың, сондай-ақ менеджменті мен аудиттің мәнді элементі болып табылады.

Қаржылық талдаудың негізіне қаржылық есеп беруді талдау жатады. Бұл қаржылық-экономикалық жағдайды бағалауды жүргізуде қаржылық талдаудың әдістері мен жүмысшы амалдарын пайдалануды негіздейді. Қаржы менеджментінің мәні нң тиімді жағдайларда қосымша қаржы көздерін тартуға, ең тиімді инвестициялауға, қаржы нарығында пайдалы операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржылардыбасқаруды ұйымдастырудан тұрады. Кәсіпорын дамуының қаржы қаржы көздерін іздестіру, сонымен қатар қаржы ресурстарын ең тиімді инвестициялау бағыттарын анықтау нарықтық экономика жағдайларында өзекті болуда. Қаржы менежменті маңындағы табыс көбіне қаржылық есеп беруді зерттеп білудің жан-жақтылығына, жүйелігіне, мұқияттылығына тәуелді.

Мұнда алдынғы орынды кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайын талдау алады.

Кәсіпорындар арасында, соның ішінде және хаалықаралық деңгейде, банктік және сақтандыру бизнесінде шаруашылық байланыстың кеңінен дамуы шаруашылық субъектінің де, және оның қарсы агенттерінің де қаржылық-экономикалық жағдайын бағалау объективтігі мен негізділігіне талаптардың елеулі артуын білдіреді. Бұл міндетті шешудің алғышарттарының бірі болып аудиторлық институттың қызмет етуі журеді.

Аудит – бұл кәсіпорынының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігінің әрекеттегі заңға сәйкес сенімділігін, толықтығын тексеру. Аудит келісімін шарттық бастамаларда тәуелсіз аудитормен немесе аудиторлық ұйыммен жүзеге асырылады. Аудиттің негізгі қызметтері болып табылатындар:

– консалтингтік қызметті жүргізу (кеңес беру);

– бизнес жоспардың негізділігін тексеру;

– құжаттармен құжатайналымын тексеру;

– қаржылық-экономикалық жағдайды талдау;

– сауда-өндірістік қызметті және оның қаржылық нәтижелерін бағалау және басқалары.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тексеру және талдау нәтижесіндегі аудиторлар ресми нысанындада белгілі бір кезеңде бақыланып отыоған экономикалық объектілердің қызметі қортындысы туралы негізделген түйін ұсынады.

Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық талдау субъектілері болып кәсіпорын қызметіне тікелей және жанама мүдделі ақпараттарды пайдаланушылар жүреді .

Қаржылық-экономикалық жағдай – кәсіпорынның нарықтағы сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, орнықтылығының маңызды сипаты. Сондықтан талдауды пайдаланушылардың бірінші тобының әрбірі субъектісі өзмүддесінен шыға отырып қаржылық ақпараттарды өз тұрғысынан танып біледі.

Ұйымның қаржылығын жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

Баланс – есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушылары да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, адиторлар жұмыс процесінде дұрыс ешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудын бағытын анықтайды.

Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайда талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс – қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншіктік капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасымен жағдайын және кәіспорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Баланс көрсеткіштері кәсіпорының капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау ақпаратының ең қажетті түрі болып табылады. 

Қорытынды

Кәсіпорын қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіретін, қызмет істейтін және қызмет көрсететін экономикалық дербес шаруашылық субъектісі. Кәсіпорын дербес жүйе ретінде қоғамдық өндірістің бас буыны болып табылады. Онда ұлттық экономиканың негізгі экономикалық міндеттерінің шешімдері тікелей жүзеге асырылады. Кәсіпорынның мақсаты өзінің өндіретін өніміне немесе қызмет көресетуіне дер кезінде тапсырыстар алудағы жүйені нығайту қажет. Осы ретте ескеретін жай, межелеген өнімді өндіру немесе қызмет көрсету үшін барлық қажетті еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілу керек. Нарықтық жағдайдың қозғаушы күші – бәсеке. Ол өндірісті ұлғайтуды, сапасын жақсартуды және өнімнің бағасын арзандатуды ынталандырады, ғылыми – техникалық жетістіктерді өндіріске толық енгізуді, отандық техниканы, технологияны, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруда үдемелі әдістерді толық қолдануына үлкен ықпалын тигізеді. Ірі фирмалармен салыстырғанда кіші кәсіпорындар өздерінің елеулі артықшылығымен көзге көрінеді. Оларға жоғары серпінділік, ықшамдылық өндірістің бәсекелестік сипаты және демократияландырулары тән. Кіші кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын ашады, халық кәсіпшілігін – жалғастырады, кіші қалалардың экономикалық және әлеуметтік дамуларына ықпал етеді

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ә.Ә. Әбішев, “Экономика”, Алматы қ. 2010 ж.
  2. Кеулімжаев К.К., Ажибаева З.Н, Құдайбергенов Н.А. «Қаржылық есеп». Экономика, Алматы, 2001 г.
  3. Абленов Д.О. «Аудит негіздері», Экономика, Алматы, 2005ж.
  4. Сайт http://www.vestnik-kafu.info/
You May Also Like

Қостанай облысының әлеуметтік – экономикалық дамуының  2009-2011 жылдарға арналған негізгі бағыттары, реферат

      Қостанай облыстық  аслихатының 2008 жылғы №       шешіміне 1 –…

Ақпараттық технология, реферат

Жоспар Ақпараттық технологияның қалыптасу кезендері және негізгі ұғымдары Жаңа информациялық технологиялар Іздестіру…

Жиын, реферат

Реферат Тақырыбы: Жиын КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………      5 ЖИЫН ҰҒЫМЫ ………………………………………………………………………………. 6 1.1 Жиын …………………………………………………………………………………………………  …

Екінші шетел тілі сабағында тілдік материалды үйретуге арналған әдістемелік нұсқаулар, реферат

ТАҚЫРЫБЫ: Екінші шетел тілі сабағында тілдік материалды үйретуге арналған әдістемелік нұсқаулар Оқыту…