Жоспар

  1. Ақпараттық технологияның қалыптасу кезендері және негізгі ұғымдары
  2. Жаңа информациялық технологиялар
  3. Іздестіру жүйесі.

Жалпы технология, ақпараттык және компьютерлік технология

Технология дегеніміз — материалды өңдеу үрдістерінің жиынтығы, немесе материалды өңдеу тәсілдері туралы білім жиынтығы. Мағынасы бойынша технология дегеніміз — түрлендіруді жүзеге асыруга мүмкіндік беретін тәсіл. Бұл бізге «технология» түсінігін тек материалды өндіріс сферасында ғана емес, сонымен қоса адам іс-әрекетінің басқа да сферасында да, соның ішінде білім беру жүйесінде де пайдалануға мүмкіндік береді. Оқыту теориясында «технология» ұғымының үш жүзге жуық анықтамасы бар екенін айту жөн. Ақпараттық технологияның арқасында әрбір тәлімгердің тек дәстүрлі ақпарат көздерімен ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі емес ақпарат көздерімен жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар.

«Ақпараттық технология» деген терминді В. Тлушков енгізді. ол оған былай анықтама береді: «Ақпараттық технология дегеніміз — ақпаратты өндеумен байланысты үрдістер». Сонда оқытуда ақпараттық технологиялар үнемі қолданылған деуге болады, себебі оқыту дегеніміз — ақпаратты оқытушыдан тәлімгерге немесе оқушыға жеткізу. В.Апатова, В.Глушковтың берген анықтамасын жоққа шығармай, оны нақтылай түседі: «Ақпаратгық технология дегеніміз — ақпаратты өндеу үрдісі арқылы жүзеге асатын құралдар мен әдістер жиынтығы».

Д.Матрос «жаңа ақпараттық технология» ұғымын қарастыра отырып, кез келген әдістер немесе педагогикалық технологиялар ақпаратты тәлімгерлер, оқушылар меңгеру үшін қалай өңдеу және жеткізу керектігін суреттейді, яғни, оның анықтамасы бойыңша, кез келген педагогикалық технология дегеніміз — бұл ақпараттық технология.

Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану нәтижесі «компьютерлік технология» терминінің пайда болуына әкелді. Бірақ та есептеуіш техниканың белсенді түрде дамуы және жаңа аппаратты, бағдарламалық құралдардың пайда болуы компьютерді қолдану аясын кеңейтті. Білімді ақпараттандыруды тәлімгерлердің, оқушылардың мәліметтер және білім базасында, электронды мұрағаттарда, аныктамаларда, энциклопедияларда белсенді түрде жұмыс істеуі деп анықтауға болады. Осыдан оқытудың ақпараттық технологиясын анықтауға болады: оқытушылық іс-әрекетті және құралды іске қосу, олардың жұмыс істеуі кезіндегі пайдаланылатын электрондық және бағдарламалық құралдар жиынтығы.

Кез келген ұйымда басқару қызметтері нәтижелі ақпаратты, қорытылған мәліметтердің қайта құру технологиясына негізделеді. «Технология» ұғымының (мағынасының) өзі өнеркәсіптік өндірісте қолданылады және өндіріс үрдісінде өнімді әзірлеу тәсілдерінен және өзара байланысқан материалдарды өңдеу жүйесі ретінде анықталады. Әдістер жүйесі техникалық құралдарды пайдалану негізінде ақпараттық жинау, жіберу, өндеу, жинақтау. сақтау тәсілдерін қолдану арқылы ақпараттық технологияны анықтаймыз.

Ақпараттық технологиялар ақпараттық үрдістердің әр қилылығына байланысты мынандай технологияға жіктеледі:

–  ақпаратты жинау;

–  ақпаратты жеткізу;

–  ақпаратгы өндеу;

–  ақпаратгы жинақтау;

–  ақпаратты сақтау;

–  ақпаратты ұсыну;

–  ақпаратты пайдалану;

–  ақпаратты қорғау.

Нақты ақпараттық технологияны жүзеге асыру үшін мынадарды орындау қажет:

–  ақпараттық үрдістің өзін жүзеге асыратын тиісті техникалық құралдардың кешені;

– техникалықкешенмен басқару құралдарының жүйесі;

–  техниқалық құалдардың барлық іс-әрекеттерінің жүзеге асырылуын байданыстыратын ұйымдастырушылықты әдістемелік қамтамасыз ету. Қазіргі заманғы басқарма қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық үрдістердің әр түрлерін жинақты түрде пайдалануға негізделген, Соған байланысты көбінесе қазіргі заманғы немесе жаңа ақпаратгық технология деп компьютерлік ақпараттық технологияны ұғынамыз.

Ақпараттық технологияның қалыптасу кезеңдері және негізгі ұғымдары 

Қоғамның қазіргі заман дәуіріңдегі ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты адам іс-әрекетінің барлық сферасында компьютерлік және желілік технологиялардың бірігуінен пайда болған ақпараттық технологияны пайдалану кең етек жайды. Қоғамды компьютерлендіру, техника құралдарының белсенді түрде енуі оқу орны мен кез келген ғылым саласы алдыңда бірқатар көкейкесті міндеттер қоюда. Ол міңдеттер оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін  тарылатуда, компьютерді пайдалану мүмкіндіктерін зерттеуге байланысты.

Әрине, білім беруді компьютерлендіру оқу-тәрбие үрдісінің көптеген аспектілеріне мәнді, әрі маңызды әсерін тигізеді. Ол компьютерлердің және бағдарламалық құралдардың дидактикалық потенциалына байланысты. Қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану оқу үрдісінің тиімділігін арттыру үшін, яғни әрбір сабақ үшін бағдарламаның бір түрін ғана жасау қажет емес, сонымен қатар атқару қызметі бойынша бір-бірінен бағдарламалар (бақылаушы, бақылаушы-оқытушы т.б.), сабақтың әр кезеңінде қодданылатын (дәрістер, зертханалық сабақтар, практикалық сабақтар, өзіндік жұмыс, курстық, дипломдық жоба немесе жұмыс, ғылыми-зерттеу жұмысы т.б) бағдарламалар жасау қажет. Яғни, әр сабақ түрі үшін компьютерді пайдаланудың ұлымды немесе тиімді әдісін және нысанын тандау қажет. 

Жаңа информациялық технологиялар 

Кәдімгі ииформациялық технологиялар деп, көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі информацияларды дайындау, жинау, өңдеу    және     жеткізу     процестерін    айтады.     Жаңа информациялық технологиялар деп, ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы – әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы – информацияны дайындау, жинау, жеткізу және өңдеу технологияларын айтады.

Информациялық процестер – адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде информацияны жеткізу, жинақтау және түрлендіру процестері.

Дербес   ЭЕМ-дер   –  жұмыста   және   уйде  адамның пайдалануына арналған шағын компьютерлер.

Дербес ЭЕМ-дер журналдар, кітаптар жөне әртүрлі қүжаттар дайындауда мәтін теріп, оны түзету үшін кеңінен қолданылады. Мұндай жұмыста компьютерлердің баспа машинкаларынан артықшылығы талас тудырмайды, олар: қателердің азаюы, материалдарды дайындау жылдамдығының өсуі, оларды безендіру сапасының  артуы. Басып шығарылуға тиіс әдебиеттің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін лазерлік принтері бар компьютерлер негізінде істейтін шағын баспа жүйелері, одан да ыңғайлы жабдық болып есептеледі.

Сондай-ақ жаңа информациялық технологиялар дегеніміз -ЭЕМ жадында сақталған картотекадағы, каталогтардағы, әртүрлі архивтер мен кітапханалардағы информацияларды жинақтауға, біріктіріп сақтауға, керектілерін жылдам іздеп табуға    болатын    өр    түрлі    мәліметтер    базасы    мен информациялық      жүйелер.       Жаңа      информациялық технологиялардың дамуын ЭЕМ желілеріне негізделген элсктрондық почтасыз, байланыс желілері мен информациялық коммуникацияларсыз    көзге    елестету    мүмкін    емес.

Қоғамымызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен, информациялық   қорлармен   толық   қамтамасыз   етсек, информацияны   пайдалану,   алу   және   тарату   істерін ұйымдастыру жаңа сатыға көтеріледі. Олар бұған дейінгі қолданылған «қағаздағы» информацияны алу мен таратуды толықтыра     отырып,     қоғамымызда     ақпараттандыру процестерін    арттыра    түседі.    Жаңа    информациялық технологиялардың жан-жақтылығын дұрыс түсіну үшін технология ұғымының мәнін ашып алу қажет. Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде «технология» деп белгілі бір бұйымдарды жасау кезіндегі төсілдер жиынын айтатын еді.

Өндірістің күрделіленуі, оны механикаландыру мен автоматтандыру, технология үғымын машиналар, механизмдер, құрал-саймандар және т.б. өндіруді үйымдастыру тәсілдері мен оған керекті техникалық жабдықтар жиыны ретінде қабылдауды қалыптастырды.

Есептеу машиналарын басқару құрылғылары ретінде пайдалану мен автоматтандыруға негізделген ссы кездегі жаңа өндіріс технологиялары, оны қайта күру істері мен оған кететін жұмыс көлемін әлде қайда оңайлатып жіберді. Осыған орай қазіргі «технология» ұтымға аз дегеннің өзінде үш компонгнт – өндіріске керекті жабдықтар, оны құрастыру тәсілдері мен оны ойдағыдай ұйымдастыру жолдары және оның ішіне мәліметтер базасы мен білім базалары, ЭЕМ-да жобалау жабдықтары және т.б. компьютерлік техникалар кіреді. Бірақ олардың бәрі де мәліметтер базасы мен информация қорларылар,  ЭЕМ  арқылы  жобалау  жабдықтары  және  т.   с.с. мүмкіндіктері бар, компьютерлік техникаға негізделген болуы тиіс. Ал бұларды қарастыру үшін ЭЕМ жұмысын калай басқаруға болатынын анықтайтын программаларды білуіміз керек. Кез келген жаңа жұмысқа ЭЕМ-ді пайдалану үшін оған жаңа қосымша құрылғылар алғаннан гөрі соған керекті жаңа  программалар алу қажет болады.

ЭЕМ жұмысында программалар оның іс-әрекетінің ретгілігі мен ережелерің және оған косылған құрылғылардың да қызмет ету ерекшеліктерін анықтауға жол ашады. Әрбір компьютердің программалар жиыны оны пайдаланудың бар мүмкіндіктерін анықтап береді. Егер программалары болмаса, машина ешқандай да жұмыс атқара алмайды.

Кез келген ЭЕМ-мен жұмыс істеу оның программаларын оқып үйренуден басталады. Ал әрбір үлкен, орташа, шағын немесе дербес ЭЕМ түрлерінде көптеген программалық жабдықтар бар, сондықтан ЭЕМ-ді үйрену оның программаларым танысудан басталады.

Іздестіру жүйелері

         Пускь-все программы-поиск арқылы немесе F3

батырмасын басып компьютердегі барлық мәліметтерді іздеп таба аламыз. Ал интернеттен іздеу яғни бүкіл әлемдегі барлық тіркелген (интернеттке ) мәліметтерді таба аламыз.

Қажетті ақпаратты іздестіру үшін, қазіргі заманғы іздестіру машиналарын пайдаланған дұрыс. Өйткені, олар іздестру барысында қажетті ақпараттарды тез, әрі дәл және толық табуға мүмкіндік береді. Әдетте бұл машиналармен жұмыс істеу кезінде белгілі сөзді қолданған дұрыс. Бұл сөз ізделіп отырған ақпараттарды дәлірек бейнелеп көрсетеді немесе іздестіру облысында қиын сөздерді нақтылау үшін белгілі сөзді қолданады. Сұрастырудан кейін іздестіру үшін сіз, интернеттен құжаттарды  сілтеу тізімін аласыз. Бұл құжаттарда  құпия, белгілі сөздер сақталынған. Ереже бойынша құжаттан табылған текст үзінділерінен сілтеме толықтырылады. Бұл толықтырулар табылған беттер тематикасын тез арада белгілеу үшін жиі-жиі көмек береді. Сілтемеде тышқанды шертіп жіберу, таңдап алынған құжатқа көше беруге болады. Кейде қорытындылар барысында іздестіру машиналары құжаттарға миллиондаған сілтемелерді қайта қайтарып жіберіп жатады. Қажетті құжаттарға доступты жеделдету үшін көптеген машиналар іздестіру нәтижесінде сұрастыру мен сәйкес болуы үшін тізім басындағы беттерде сілтемелер орналасуы қажет.

Мысалы, ең басында сілтемелер құжаттарға әсер етуі мүмкін. Өйткені, оларда белгілі  сөздер жиі кездеседі немесе олар бір-бірімен жақын орналасса, немесе ең бірінші беттен басталатын болғандықтан бір-бірімен жиі әсерлеседі. Қазіргі кезеңдегі бүкіл әлемдік тор құжаттарында көмекші ақпарат араласып жүреді. Мұның өзі берілген беттерге түсіндірме жасайды. Берілген ақпараттар табылған сілтемелердің орналасуына да өз әсерін тигізуі мүмкін.

Ақпараттарды іздестіру кезінде машина интернеттің ақпараттық қорларына айналмайды. Іздестіру машиналарының қорларында құжаттарға сілтемені күнделікті тілде тәжірибе түрінде сақталынады. Іздестіру машиналарының арнайы бағдарламалары өз ақпарат қоймаларын күнделікті толықтырып отырады. Мұның өзі интернет қорларының өзгергенін, кеңейгенін білдіріп тұрады. Ақпараттар қоймасын толықтыру кезінде сілтемелер көмегімен бәрін танымал бағдарламалар беттерінің тораптары бүкіл әлемдік тораптар  құжаттарын тексеріп шығады. Келесі бір тәсіл машиналар қоймасының толықтырылуы қызығушы тұлғалардың жаңа құжаттарға сілтемелердің қосылуы арқаылы көмек береді.

Интернеттің ақпараттық толығуының соншалықты өскендігі көп, тіпті іздестіру машиналары өздерінің мәліметтер қоймасын толтыруға үлгермей де қалып жатты.

Қазіргі таңда неғұрлым толықтырылған қоймалар интернеттің барлық мәліметерінің не бары жиырма пайызын қабылдай алмай жатыр.  Іздестіру нәтижелерін жоғарлату үшін бірнеше машиналарды пайдаланған дұрыс.

You May Also Like

Реферат Еңбекақының бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды жетілдіру жолдары

МАЗМҰНЫ Кіріспе……………………………………………………………………………………….. Еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері 1.1 Еңбекақы түрі, жүйесі, нысаны……………………………………………… 1.2…

Ұлттық қауіпсіздік комитеті, реферат

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жоспар: Кіріспе Ұлттық қауіпсіздік түсінігі Негізгі бөлім 1.ҚР ҰҚК…

Халықаралық қатынастар: белгілері, негізгі бағыттары, реферат

Халықаралық қатынастар: белгілері, негізгі бағыттары. Жоспары: I.Кіріспе II.Негізгі бөлім 1.Әлемдегі мемлекеттердегі ұлтаралық…

Жақ – бет аймағының жарақаттарында емдік шынықтыруды тағайындау, реферат

Жоспары: Кіріспе. Негізгі бөлім . Аномалия мен деформация туралы түсінік. Миогимнастика туралы…