Жоспары:

  • Кіріспе.
  • Негізгі бөлім .

Аномалия мен деформация туралы түсінік.

Миогимнастика туралы түсінік қолданылуы маңызы.

Жеке топ бұлшықеттері мен әр түрлі патологиялық тістесулер кезінде миогимнастиканың тағайындалуы.

  • Қорытынды.
  • Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

  • Емдік гимнастиканың маңыздылығы жақ – бет аймағының аномалиялары мен деформацияларының  алдын алу үшін және хирургиялық еммен бірге, емнен кейін, қолданылады. Ол күшті биологиялық стимулятор болып табылады. Ешқандай дәрігердің қатысуынсыз науқас өзі күнделікті жасай алады. Ем нәтижесіне өте үлкен көмек болып табылады.

Аномалия мен деформация туралы түсінік.

  • Аномалия ол ағза қалыптасып болғанға дейінгі патологиялық бұзылыстар, ал деформация – қалыптасып болғаннан кейінгі ақаулар болып табылады. Америка ғалымдарының  айтуынша тіс-жақ және бет – жақ  жүйесінің  ауытқулары мен деформациялары  жеке топ бұлщықеттерінің қызметінің шектелуімен, өз қызметін дұрыс  атқармағаннан деп есептейді.

Миогимнастика.

—Бұлшықеттердің жұмысын реттеуге арналған емдік және профилактикалық мақсатта қолданылатын емдік бұлшықеттерді  шынықтырудың әдісі болып табылады.  Миогимнастика ХIХ ғасырдан бастап қолданыла бастаған. Бірақ оны жүйелі түрде 1917 жылы Роджерс ұсынған, ол мимикалық және шайнау бұлшықеттерін тірі реттеуші аппарат деп есептеген.

Добровольский бойынша 4 негізгі физиологиялық механизм  ұсынылған

  • мақсаты
  • Стимульдеуші
  • Трофикалық
  • Компенсациялаушы
  • Қызметін қалпына келтіруші

Миогимнастика түрлері

  • жалпы
  • региональді
  • Локальді-бүкіл ағза бұлщықеттерінің 1/3-і қатысса
  • статикалық
    • Бұлшықеттер изометриялық жағдайда болғанда орындалалады. М: ауыздың айналасындағы бұлшықеттеріне эквилибратормен жаттығу жасау.
  • динамикалық
    • Бұлшықеттер изотониялық жағдайда болғанда орындалады. М: шайнау бұлшықеттерінің жиырылуы мен босаңсуының аралығы тең болады.

Роджерс пен Коркгауз ұсынған жеке топ бұлшықеттеріне арналған емдік гимнастика.

Латеральді қанаттәрізді бұлшықет  көбіне микрогенияда қолданылады. Науқас тұрып, иығын және қолын артқа жіберіп, иегін жоғары көтереді. Осы қалыпта төменгі жақ сүйегінің денесін алдыға ақырын жылжытады. 10-15 сек тұрып, бастапқы қалыпқа келеді. Осы қимылды 10 рет, күніне бірнеше рет қайталау керек.

Шайнау бұлшықетіне арналған миогимнастика

—Тістерді түйістіру арқылы жасалады. Төменгі жақ сүйегінің бұрышынан науқас өзі саусағымен қадағалап отырады. Науқас меншікті шайнау  бұлшықетіне  қолыменен массаж жасау арқылы аузының  еркін  ашылуына мүмкіндік береді. Науқас  ақырындап  күнделікті осы жаттығуларды үзбестен кезең – кезеңімен жасап отыруы қажет. Әсіресе жаттығуларды  жақ – бет аймағының  жарақаттарынан кейін  міндетті түрде  жургізуі қажет.

Ауыздың айнала бұлшықеттеріне арналған

  • Алдыңғы күрек тістер шығып кеткенде және ашық тістем кезінде қолданылады.
  • Ауыз қуысы жабық тұрғанда, саусақпен ауыз бұрышына қарсылық көрсету. Оны дискпен де жасауға болады.
  • Дистальді тістесу кезінде жоғарғы ерінді, мезиальді тістесу кезінде төменгі ерінді тістеу.

Жақ – бет аймағының жарақаттары кезіндегі жаттығулар.

  • Науқас төменгі жақ сүйегін ақырындап әркелкі бағытта (оңға, солға, алға, артқа, бүір бағыттарда) қозғалтуы  қажет.
  • Ауыздың айнала бұлшықеттерінің жетіспеушілігінде (үлкен ерін, ұзын т.б.) ерінді түтік тәрізді ету, кейін ұзын күлкі жасау.
  • саусақпен ауыздың бұрышына қолды қойып, ауызды, ерінді жабуға тырысу.
  • Ұртқа: ұртты үрлеп, қолмен ұру

Қорытынды

Қорыта келе жақ – бет аймағының  жарақаттарыннан кейін  бет – жақ жүйесінің  бұлшықеттеріне  миогимнастиканы тағайындаудың маңызы зор екенін ескерген жөн. Себебі миогимнастиканы  қолдану арқылы  науқасқа  артық жүктеме  түспейді, әдістері жеңіл әрі қарапайым  науқас  күнделікті өзі жасай алады. Миогимнастика  күшті биологиялық стимутятор  емі нәтижелі болады.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Оразалин Ж. Б., Төлеуов Қ. Т. – Хирургиялық стоматология – Алматы, “Білім”, 1998 ж.

2.Хорошилкина Ф.Я. Ортодонтия. Дефекты зубов, зубных рядов, аномалии прикуса, миофункциональное нарушение челюстно-лицевой области и их комплексное лечение. МИА Москва. 2006.

  1. www.stomfak/uhii/lkjhg/265
You May Also Like

Интернет топологиясы, реферат

Интернет топологиясы. Желілік топологияның түрлері Компьютерлік желі топологиясы желідегі жалғанған құрылғылар қолданатын…

Модель реферат

Реферат Тақырыбы: Модель Кіріспе 1.Модельді таңдау және негіздеу 1.1. Сән бағыты және…

Психологияның даму тарихы, реферат

Психологияның даму тарихы Жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың әрқайсысының өзіне тән жеке даралық…

Ұлы Жібек жолы, реферат

Ұлы Жібек жолы Жоспар I.Кіріспе II.Негізгі бөлім 2.1. Ұлы Жібек жолының пайда…