«Мнемотехника әдісін балабақшада қолдану тиімділігі»

Мнемотехника – тіл дамытуда тиімді есте сақтау, оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр.

Мнемокесте мынадай бағыттар үшін қолданылады:
1. Сөздік қорларын байыту
2. Сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға үйрету
3. Сөйлем, әңгіме құрастыру
4. Әңгімені құрастыру
5. Жұмбақтарды жасыру және жауабын табу
6. Тақпақтарды жаттау
Құрылған кесте балаларға өз бетінше заттың ерекшеліктерің байқауға, олардың айтылу кезегін белгілеуге көмектеседі. Балалардың сөздік қорын байытады.
Ең бастысы – көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген суретіміз балаға түсінікті болу қажет.

Мнемокесте бойынша жұмыс жүргізу кезеңдері 3 кезеңнен тұрады:
1.Кестені қарастыру және бейнеленген суреттерді талқылау
2. Жалпы символдардан бейнелерді жаңғырту, мысалы: Үй – шатыр, қоян – ұзын құлақтар т.б
3. Қайта кодтаудан кейін құрастырған символдар бейнелер бойыша әңгімені, ертегіні, тақтақтарды мазмұндап бер.

Мнемокестелерді  баланың деңгейіне байланысты беруге болады. Мнемокестеде символдарды бейнеге аударамыз. Сонда балаға  қонымды болады.
Жоғарыда айтып кеткен топтық, жұптық, ұжымдық оқытуларда мнемокестелерді тақырыпқа байланысты өткізуге болады. Мысалы: жұптық оқытуда, балаларға жеке  символдармен бейнеленген кестелерді беріп , балалар сол кестені пайдалана отырып диалог түрінде сөйлесе алада. Ал негізі монологтарды ең алғашқысында ұжымдық оқытуда пайдаланып, содан соң жеке – дара сол тақырыпта әңгіме жүргізе алады. Осы ең тиімдісі деп ойлаймын.
Балалардың ойын дамытуда тағы бір әдістің түрі бұл  – үстел үстіндегі мнемокестені ұйымдастыру. Адам мәдениеті ойын арқылы дамиды, демек балалық шақтан бастап, қартайған кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады.
Үстел үсті мнекесте басқа кестелерден ерекешелігі бала бұл кестені қолмен ұстап , көбен көреді, жан – жақты таниды . Балаға өзі білген сөздерден және де өткен сабақтардан меңгерген сөздермен кесте бойынша сөз тіркестерін, сөйлемді құрастыруға қызықты. Олар мұны шын көңілдермен орындайды. Мысалы : « Отбасы »  тақырыбын өткен кезде ата, ана, әже, әке сөздерін меңгеретін болсақ, өткен сабақта білетін, әдемі, таза сөздері тағы бар, осыдан бала « әдемі ана »  деген сөз тіркесін лезде орындай алады, ал келесі сабақта басқа тақырыпты өткеде,  мысалы : « Тағамды»  алатын болсақ ,  « анада нан бар » тағы сол сияқты сөз тіркестерін құрай алады. Осы аталған әдістердің барлығын айналып келгенде бүлдіршіндерге ойын түрінде жеткіземіз.

Мнемокестелер жинағына әдістемелік нұсқау

Мектепке дейінгі жастағы балаларға түрлі-түсті мнемокесте беру керек, өйткені балалардың есінде тек бөлшек бейнелер ғана есте қалады: шырша-жасыл, жидек- қызыл. Кейіннен суретті кішкене қиындатып немесе басқа суретпен ауыстырылады.

Бастысы – бала өзі әңгіме құрамайды, алдындағы әңгімені қайталайды. Жалығып отырған балаларға жиі көңіл бөлу керек. Айтарымыз, мнемокестені қолдану кезінде балалардың есте сақтау қабілеті, байланыстырып сөйлеуі және қызығушылығы артып, жүргізілген жұмыс оң нәтиже береді.

Мнемокестені құрған кезде суреттер түрлі түсті болуы тиіс, өйткені түстерді балалар тез қабылдап есте сақтауға мүмкіндік береді.

Алдын-ала балалармен жұмыс жүргізу барысында кестені қарастыру және бейнеленген суреттерді талқылау қажет.

Осылайша балаларға мнемоместелердің көмегімен тақпақтарды, жұмбақтарды жаттап, ертгілерді әңгімелеп беруге біршама жеңіл және қолайлы болып келеді.

Мнемокестені пайдалану арқылы баланың жеке қабілеті, білім деңгейі, өздігінен жұмыс істеуге дағдысы анықталады.

You May Also Like

Изучение влияния мусора на окружающую среду и выявление способов борьбы с ним.

Цель работы: изучение влияния мусора на окружающую среду и выявление способов борьбы…

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту, мақала

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту.   Слайд 2 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын…

Мемлекеттік тілімнің болашағы, мақала

Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз, интелектуалдық ойын

Тақырыбы: «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интеллектуалды – танымдық сайыс. Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік…