žҰсату және ұнтақтау дегеніміз шартты ұғымдар, себебі олар бір негізді процестер. Егер кесектердің диаметрі 5мм-ге дейін қысқартылса процесс ұсату деп аталынады, ал одан ары ұсату әрекеті ұнтақтау деп аталынады. Бул процестер кенді байытуға дайындау үшін жүргізіледі.

žҰсақтау және ұнтақтау процестерінде көп энергия шығындалады. Мысалы, кен байыту фабрикасында шығындалатын барлық энергияның 60-75 проценті ұсақтау және ұнтақтау процестеріне жұмсалады. Сондықтан бұл процесте “зат қажетсіз ұсатылмасын”деген принципті жүзеге асыру қажет. Ол үшін әдетте көмекші процестер – грохочение және классификациялау қолданылады.ž

žҰсату процесінде сырт энергия, біріншіден, заттың кристалдық структурасын деформациялауға(біразы жылуға айнала-ды),екіншіден, жаңа сыртқы бет жасауға жұмсалады. Энергияның атқаратын жұмысы Ребиндер мен Жигачтың теңдеуімен сипатталады:

мұнда

  Ад+ Аб=К V + σ S

А – ұсату жұмысы;

Ад- Деформациялауға шығындалған жұмыс;

Аб- жаңа сырт бет жасауға шығындалған жұмыс;

V- деформацияланған көлем;

S- жаңа пайда болған бет ауданы;

К және σ  – пропорционалдық коэффициенттер.

žЕгер кен кесектерінің диаметрі ұсату процесінде аз ғана кішірейтілсе  жұмыстың негізі деформациялауға жұмсалады. Демек, бет жасау жұмыс үлесі аз болады да, оны есептемеуге болады.Онда жоғарыда келтірілген теңдеу Кирпичев-Киктің ұсату заңымен  сипатталады:

                   А=K ∆Vž

žұсату процесінде қолданылатын аппараттарда кен кесектері төрт түрлі әрекеттің -жаншу, жару, соғу және аса майдалау әсерлерімен ұсатылады. Олардың негізгілері – жаншу және соғу.

Ұсату процестері негізінде құрғақ түрде жүргізіледі.

You May Also Like

Ұйымның қаржылық жағдайын талдау

12 тақырып ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ 12.1. Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың міндеті…

Балалардағы көмірсу алмасуының ерекшеліктері

Балалардағы көмірсу алмасуының ерекшеліктері Ағза үшін көмірсулар негізгі энергия көзі болып табылады.…

Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру және еңбек ақы төлеу

Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру және еңбек ақы төлеу.  Еңбек ресурстары және еңбекті ұйымдастыру.…

Тіс протездерін дайындау технологиясы бойынша, дәріс

Мақсаты Жалпы түсінік беру: 1.«штифті тіс» терминімен  таныстыру: Штифті тістер – бұл,…