Репродуктивті  денсаулық бұл  тек  аурулардың  жоқтығы  ғана  емес,  сондай-ақ, ұрпақ  жаңғырту  мен  отбасы  үндестігін қоса  алғанда,  репродуктивті  жүйеге қатысты  физикалық,  психикалық  және  әлеуметтік  толық саулықтың  да  болуы   жайындағы барлық мәселелер жиынтығы.

Репродуктивті денсаулықтың негізінде ерлі – зайыптыларға өмірге келетін сәбилердің санын және уақытын жоспарлауға болады.

Қоғамдағы репродуктивті денсаулықтың көрсеткіштері:

  1. Ана өлімі
  2. Перинаталды кезеңдегі немесе нәресте өлімі

Ана өлімі – жүктілік, босану кезеңдеріндегі және босанғаннан кейінгі 42 күн аралығындағы өлім жатады.

Нәресте өлімі – денсаулық сақтаудың дамуы мен, қоғамдағы халықтың денсаулығын көрсететін ең негізгі медициналық- демографиялық көрсеткіш болып табылады.

Бала мен ана өліміне әкелетін қатерлер:

  • Қыз балалардың 18 жасқа дейін жүкті болуы
  • 35 жастан асқан әйелдердің жүктілігі

Даун ауруы

  • 40 жастан асқан әйелдер өмірге әкелген сәбилерде тұқым қуалайтын ауруларға әкелуі мүмкін

Репродуктивті құқық

  • Ерлі – зайыптылардың немесе жеке азаматтардың маңызды шешім қабылдау құқығы
  • Сәби санын
  • Туылу уақытын
  • Олардың туылу аралығындағы интервалын

Отбасын жоспарлау

  • Отбасын жоспарлаубұл қажетінше бала тууды жоспарлауға бағытталған, өмірге ұрпақ әкелу уақытын және бала туу арақышықтығын реттеп отыратын, ерлізайыптының саналы түрде жасайтын әрекеті

Отбасын жоспарлаудың негізінде мына көрсеткіштер жақсарады:

Түсік тастау жиілігі азаяды

Болашақ ұрпақтың денсаулығы жақсарады.

Аборт- бұл стресс

Стресс

Жасушалық иммунитеттің тежелуі

Тізбектің нейрондық активациясы арқылы тіндерде қабыну реакциясының күшеюі: гормон-бұлтты жасуша -гистамин

Аборттан кейінгі периодта асқыну жиілігінің жоғарылауы

Әлемдегі аборт көрсеткіштері:

  • Күн сайын 150000 аборт жасалынады.
  • Жыл сайын әлемде 53 млн. аборт жасалынады, оның 20 млн – жасырын.
  • 60% аборт 1 немесе одан көп баласы бар әйелдерде жасалады.
  • 47% аборт анамнезінде 1 немесе одан көп аборт жасаған әйелдерде кездеседі.
  • 43% әйелдер 45 жасында ғана 1 аборт жасатады.

2009 жылы Қазақстанда аборттың әсерінен 133 әйелден 12 әйел өлді. Олардың жасы – 35 пен 39 жас аралығында. Барлық  өлгендер 13-22 апта аралығында болған.

Отбасын жоспарлаудың мақсаты:

  • Жүктіліктен сақтанғысы келетін немесе сәби сүйгісі келмейтін отбасыларға көмек көрсету.
  • Көп жүктіліктің нәтижесінде болатын ана мен балаға қауіп – қатердің алдын алу.
  • Жүктілік интервалын қадағалау.
  • Ата – анасының жасына қарай бала туылу уақыттарын жоспарлау.

Отбасын жоспарлаудың 5 қағидасы:

  • 18 жасқа дейінгі жүктіліктің алдын алу
  • 35 жастан жүкті әйелдер профилактикасы
  • 2 жылдан кем емес интергенетикалық интервалды сақтау
  • Көп босанған аналарды профилактика жүргізу ретінде қауіп – қатер тобына біріктіру
  • Әйелдердің денсаулығын қадағалап жүкті болу немесе болмауын ескерту.

Контрацепция – қаламаған жүктіліктен сақтануға, сіз қалаған уақытта сәбиіңізді өмірге әкелуге көмек береді.

Контрацепциялық заттардың жіктелуі:

Контрацепцияның дәстүрлі әдістері:

–Барьерлік (механикалық)

–Спермициды

–(химиялық)

–Ритмдік

–(биологиялық немесе  күнтізбелік)

–Үзілген жыныстық қатынас

Контрацепцияның заманауи әдістері:

–Гормондық

–Ерікті хирургиялық стерилизация

–Жатырішілік спираль

Контрацепция әдістерін таңдауда келесі факторларға көңіл бөлінуі тиіс:

  1. 1. Жасы
    Репродуктивті денсаулық
    3. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар
    4. Отбасын жоспарлау
    5. Жыныстық қатынастағы белсенділігі
    6. Денсаулық жағдайы
    7. Жеке талабы

Контрацепция әдісі денсаулыққа байланысты және тек дәрігермен ғана тағайындалады.

Периодтық түрлері:

Овуляцияны анықтау және овуляцияға дейінгі кезеңде жыныстық қатынаста болмауға негізделген.

Артықшылықтары:

  • Жанама әсері жоқ
  • Ерлі – зайыптылар етеккір циклінің физиологиясы жайлы біле алады
  • Отбасын жоспарлау жауапкершілігі ерлі – зайыптылардың екеуінеде маңызды болады
  • Дәрігер көмегін қажет етпейді

Кемшілігі

  • Ұзақ уақытты қажет етеді
  • Басқа түрлеріне қарағанда нәтижесі төмен
  • Ұзақ уақыт жыныстық қатынасты үзу ерлі- зайыптылар арасындағы түсініспеушілік пен психологиялық стресске әкеледі
  • Етеккір циклі ретсіз келетін әйелге қиын болады

Спермицидтер

  • Спермицидтердің шығарылу формаларының саны өте көп – свеча, кремдер, көпіріктер, желе. Олардың әсері екі эффектке негізделген.
  • Біріншіден, олардың арнайы компаненті сперматозоидтарды жоюға арналған
  • Екіншіден, механикалық тосқауыл тудыра алады

Жағымсыз әсеріне күйдіру сезімі, аллергиялық  реакциялар. Бұл әсерлерден препаратты ауыстыру арқылы арылуға болады.

Ең жақсы нәтижені көпіршіктер мен свечалар көрсетеді.

Жатырішілік спираль

  • Әйелдің жоғары жыныс жолдарына сперманың миграциясын болдыртпайды.
  • Жұмыртқа жасушасының жылжуына тосқауыл болады
  • Ұрықтануды болдыртпайды
  • Левоноргестрелдің босап шығуы цервикальды шырыштың мөлшері мен созылуына әсер етіп, сперманың енуіне тосқауыл болады

ЖІС әйелдер үшін ерекше эффективті

  • Бұрын босанған және эффективті, ұзақ әсер ететін және қайтымды әдіс
  • Әрбір жыныстық қатынас кезінде немесе күнделікті әрекеттерді талап етпейтін әдіс
  • Емшекпен емізеді
  • Көтеруге қарсы препараттарды күнделікті тұтынуда қиындықтар туады
  • Балалы болғысы келмейді, бірақ стерилизация жасағысы келмеген жағдайда

Гормондық контрацепция

Барлық гормондық контрацепциялар прогестин эстрогенмен комбинациялануымен немесе тек прогестин болады.

Гормондық контрацепция жіктелуі

Гормоналдық контрацепция

  1. Комбинирленген эстроген – гестаген комбинациясы
    1. КОК (МИДИАНА, ЛИНДИНЕТ)
    2. Комбинирленген парентеральды контрацептілер (вагинальды сақина, пластырь)
  2. Гестагенды контрацепция
    1. Гестаген оральды контрацептілер (ЛАКТИНЕТ)
    2. Гестаген парентеральды контрацептілер (инъекция имплант, ЛНГ-ВМС)

Контрацептивті препараттарға арналмаған талаптар

  • Жоғары контрацептивті әсерге ие болуы тиіс
  • Әйел организміне және жыныстық серікке патологиялық әсер көрсетпеуі тиіс
  • Келесі ұрпаққа тератогенді әсер көрсетпеуі тиіс
  • Тұтынуға қолайлы болуы тиіс
  • Қайтымдылық әрекетке ие болуы
  • Қол жетімді және қымбат емес, сондай ақ эстетикалық және конфиденциалды

Қарсы көрсеткіштер

  • Венаның тромбоэмболиялық аурулары
  • Жүрек ақаулары
  • Орташа және ауыр гипертензия
  • Қан тамыр аурулары
  • Сүт безінің қатерлі ісігі
  • Бауыр ісігі
  • Бауыр циррозы
  • Қантты диабет, қантамырлық асқынулармен

Ерлер мен әйелдердің ерікті стерилизациясы

Өлім мен қауіп қатері аз әдістердің бірі

Көрсеткіш

  • Отбасында тағы сәби өмірге келгенін қаламайтын ерлі- зайыптыларға жасалады.
  • Жүкті болуға болмайтын әйелдерге жасалады.

Жедел контрацепция

  • Жоспарланбаған жыныстық қатынастан кейн қолданылады
  • Овуляцияның, ұрықтанудың немесе имплантацияның алдын алады
  • 3 кун ішінде қолданылатын таблеткалар
  • Бала көтергеннен 5 куннен кейін ЖІС енгізу
You May Also Like

Негізгі білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлігілік оқу бағдарламасы

Дүниеге көзқарас туралы ақпарат

Кіріспе Философияны зерттеуге кіріскен уақыттан бастап, көп адамдарда бұл пән туралы өзіндік…

Тістемнің әртүрлі аномалиясы кезінде тістерді орнату

мақсаты Таныстыру: 1. Толық тісі жоқ кездегі жасанды тістерді қою әдістерімен. 2.…

Жылан шаққан кезде көрсетілетін алғашқы жедел жәрдем

Жоспары: Жыланның шағуы Патогенезі Клиникалық көріністері Оқиға орнында көрсетілетін алғашқы көмек Жыландар…