12 тақырып ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

12.1. Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың міндеті негізгі бағыты және ақпараттық қамсыздандыру

Қаржылық жағдай – бұл ұйымның өз қызметін қаржыландыру қабілеті деп түсінеміз.  Ол қалыпты жұмыс атқару үшін қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етуін, басқа да заңды және жеке тұлғалармен қаржылық қатынасты, қаржылық ресурстарды дұрыс орналастыруды және тиімді пайдалануды, төлеу қабілеттілігі мен несие алу қабілеттілігін, қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.

Нарықтық жағдайда даму үшін және банкротқа ұшырамау үшін қаржыны қалай басқару керектігін, құрамы мен қалыптасу көзі бойынша капиталдың қандай құрылымы болуын, қандай үлесте меншікті капитал, оның қандай үлесін несиелік капитал түрінде алу керек екенін білу керек.  Нарықтық экономиканың негізгі болып саналатын: төлемқа- білеттілікті, қаржылық тұрақтылықты, іскерлік белсенділікті, табыстылықты және т.б. ұғымдарды білу қажет.

Қаржылық жағдайды талдаудың басты мақсаты  – дер кезінде қаржылық іс әрекет- тегі қателіктерді анықтап, оны жою, ұйымның қаржылық жағдайын жақсарту резервтерін табу.

Осымен қатар келесі міндеттерді шешу қажет:

  1.  Өндірістік, коммерциялық және қаржылық іс әрекеттердің өзара байланысын зертеу негізінде қаржылық жағдайды жақсарту тұрғысынан қаржылық ресурстардың келіп түсуі бойынша жоспардың орындалуын және оларды пайдалануынын бағалау қажет.
  2. Ұйымның қаржылық жағдайына әртүрлі факторлардың әсерін анықтап, қаржылық жағдайдың бағалау және диагностикалық үлгісін құру қажет.
  3. Ресурстарды пайдаланудың әртүрлі нұсқалар негізінде қаржылық жағдайды бағалау және диагностикалық жасалған үлгісі мен қолда бар меншікті және несиелік ресурстарын, шаруашылық іс әрекеттің нақтылы жағдайын ескере отырып, мүмкін болатын қаржылық нәтижені болжау керек.
  4. Қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға және қаржылық жағдайды нығайтуға бағытталған нақты іс-шараларды жасау.

Ұйымның қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау үшін өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі қолданылады:

  • орналастыру және қалыптасу көздері бойынша капиталдың құрылымы;
  • ресурстардың пайдалану тиімділігі мен қарқындылығы;
  • төлеу және несиелік қабілеттілігі;
  • қаржылық тұрақтылығы.

Қаржылық жағдайды талдау көбінесе коэффициенттік (салыстырмалы көрсеткіштер) әдіске негізделген. Талданып отырған ұйымның қаржылық жағдайының салыстырмалы көрсеткіштерін келесілермен салыстыруға болады:

  • тәуекелдік дәрежесі мен банкрот болатынын болжауды бағалау үшін

көпшілік қабылдаған «мөлшермен»;

  • өзінің күшті және осал жағын және ықтимал мүмкіншіліктерін

анықтауға мүмкіндік беретін басқа ұйымдардың осындай мәліметтерімен;

  • қаржылық жағдайдың жақсару және нашарлау үрдісін зерттеу үшін

осы мәліметтерді бұрынғы жылдармен.

Белгілі болғандай, ұйым тығыз қарымқатынастағы серіктестік топтардан тұратын өте күрделі құрылым. Серіктестік топтардың арасында оларды негізгі және негізгі емес деп бөлуге болады.

Кәсіпкерлік қызметке қажетті қызығушылығы мен өзі қатысқанның орнын толтыруға байланысты талаптар, негізгі серіктестік топтардың тізбесі, олардың шаруашылық іс әрекетке қосатын үлесі 12.1-кестеде жүйелі түрде келтірілген.

12.1-кесте. Негізгі серіктестік топтар

Серіктестік топтар Серіктестік топтардың үлесі Өтелім талаптары Қаржылық талдаудың нысаны
Меншік иесі Меншікті

капитал

Дивидендтер Қаржылық нәтижелер, қаржылық тұрақтылық
Инвесторлар,

несие берушілер

Несиелі

капитал

Капитал және жұмсалған капиталға пайыздар Төлемділігі (несиеқабілеттілігі), қаржылық тұрақтылық төлемқабілеттілігі
Басшылар (әкімшілік) Істі білу және басқару қабілеттілігі Еңбекақы және айлықтан тыс пайданың үлесі Ұйым іс әрекетінің барлық жағын
Жұмысшылар Құралдар мен еңбек затын іске қосу Еңбекақы, сый- ақы, әлеуметтік жағдайлар Төлемқабілеттілігі, қаржылық нәтижелер
Капиталды жекізіп беру- шілер және мердігерлер Өнім өндіріу үдерісінің тиімділігін және толассыздығын қамтамасыз ету Келісімді баға Төлемқабілеттілігі
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер Өнімді өткізу Төлемқабілетті-лігі Дебиторлық, кредиорлық берешектер,  өткізуден түскен табыс
Салық органдары Қоғамға қызмет көрсету Дер кезінде және толық салық төлеу Ұйымның қаржылық нәтижелері

Негізгі емес серіктестік топтар – бұл ұйымның табысына оншалықты қызығушылық танытпайтындар (сақтандыру компаниялары, аудиторлық және заң  фирмалары және т.б.) Қаржылық талдау тәжірибесінде әлдеқашан қаржылық есепті талдау әдістемесі жасалынып қойылған. Талдаудың жеті негізгі бағытын бөліп көрсетуге болады.

  1. Деңгейлес (уақытша) талдау– есептің әрбір жайғасымы алдыңғы кезең- мен салыстырылады.
  2. Сатылас (құрылымдық) талдау – қаржылық көрсеткіштердің құрылы- мын анықтау (олардың барлық сомасындағы әрбір көрсеткіштің меншікті мәні).
  3. Трендлық талдау –есептің әрбір жайғасымын алдыңғы кезеңдердің бірнеше қатарымен салыстыру және трендіні анықтау, яғни көрсеткіштердің уақыттық қатар деңгейінің өзгеру беталысы.
  4. Салыстырмалы көрсеткіштерді талдау (қаржылық коэффициенттер) – есептің әртүрлі  формаларындағы сандық қатынастарды есптеу, көрсеткіштердің өзара қарым- қатынасын анықтау.
  5. Салсытырмалы талдау, ол келесілерге бөлінеді:
  • шаруашылықішілік  – кәсіпорынның және еншілес кәсіпорынның бөлім дердің  негізгі көрсеткіштерін салыстыру;
  • шаруашылық аралық  – орташа салалықтың және бәсекелестердің көрсеткіштерімен салыстыру.
  1. Факторлық талдау –қортындылайтын нәтижелерге кейбір факторлардың әсерін талдау.
  2. Стохастикалық үлгілердің негізінде талдау. Қаржылық жағдайды талдау үшін ақпараттың негізгі көзі ретінде бухгалтерлік және статистикалық есептердің әртүрлі формалары саналады.

Қаржылық есептерді талдау кезеңінде ұйымның қаржылық жағдайын талдау бухгалтерлік теңгерімді «оқудан» басталады. Сонымен қатар төмендегі маңызды сипаттамалары анықталады:

  • ұйым мүлкінің жалпы құны;
  • жұмылдырылмаған және жұмылдырылған капитал құны;
  • ұйымның меншікті және несиелік қаражаттарының көлемі және т.б.

12.2. Ұйым теңгерімдегі активтердің құрамы мен құрылымының өзгеруін талдау

Теңгерімнің активі ұйым қарамағында болатын капиталды жайғастыру жайлы мәліметтерден тұрады, яғни нақтылы бұйымға және материалдық құндылыққа жұмсалған, өндіру мен сатумен байланысты жұмсалымдар туралы және бос қолма қол ақшаның қалдығы жайлы мәліметтерден тұрады. Жайғастырылған әрбір капитал түрі теңгерімнің бөлек баптары арқылы белгіленеді. Теңгерім активінің баптарын топтастырудың негізгі нышаны болып өтімділік (қолма қол ақшаға тез айырбастылуы) дәрежесі саналады. Осы нышаны бойынша барлық теңгерім активі ұзақмерзімді, немесе негізгі капитал және ағымдағы (айналым) активтері болып бөлінеді.

Статистикалық мәліметтер келесілерді дәлелдейді:

1)   зияткерлік меншік нысанын, іскерлік беделін байқататын материалдық емес активтер әзірге активтер құрылымында лайықты орнын тапқан жоқ. Біз әзірге бизнесті лайықты бағалай алмай келеміз, ол өз тарапынан қазақстандық ұйымдардың акцияларының тұрақтылығына әсер етіп келеді. Дамыған елдерде метериалды емес активтердің құны негізгі капиталға қарағанда бірнеше рет артық болып келеді.

2)   актив құрылымында жер телімдерінің үлесі оншалықты емес. Жер телімдерін бағалау және оларға меншік құқығын беру – бұл ұйым активін көбейтудің және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты резерві болып саналады.

3)    айналым капиталының үштен біріне дейін дебиторлық берешек құрайды, бұл ұйымның төлем қабілеттілігінің төмен екенін, экономиканың қарызды сипатта екенін білдіреді.

Есепті деңгейлі және сатылы талдау жүргізудің нәтижесінде әрбір талдама жүргізуші есеп мәліметтерін саланың мәліметтерімен салыстыра отырып, ұйымның жағдайын бағалап қана қоймай, оның даму жолдарын да белгілеуге болады.

12.3. Ұйым теңгерімі пассивінің құрамы мен құрылымындағы өзгерістерді талдау

Егер теңгерім активінде ұйымның капиталы берілген болса, ал пассивте – оларды қалыптастыру көздері көрсетіледі.

Ұйымның қаржылық жағдайы көбінесе өз қарамағында қандай капитал барына және оны қайда жұмсағанына байланысты болады.

Пайдаланатын капитал тиесілік дәрежесі бойынша меншікті және несиелік деп екіге бөлінеді.

Меншікті капиталға деген қажеттілік ұйымның өзін өзі қаржыландыру талабы себепші болады. Меншікті капитал – бұл ұйымның тәуелсіздігінің негізі. Бірақта ұйымның қаржылық қызметін тек меншікті капиталы арқылы жүргізу әр уақытта тиімді бола бермейді, әсіресе өндіріс маусымды болса. Сонда белгілі бір кезеңдерде көп қаражаттар банк шоттарында жиналып қалады, ал басқа кезеңдерде олар жетіспейтін болады. Одан басқа, қаржылық ресурстарға төленентін төлем жоғары болмаса, ұйым несие капиталын тарта отырып, несиелік  ресурстарына төлегендеріне қарағанда жұмсалған капиталдың жоғары қайтарымын қамтамасыз ете алатын болса, онда ол меншікті капиталдың табыстылығын жоғарылата алады.

12.4. Ұйымның қаржылық жағдайын талдау

Ұйымның қаржылық жағдайын талдау үшін коэффициенттік талдауды пайдаланады. Осымен қатар ұйым қызметінің әртүрлі қырын (аспект) сипаттайтын көрсеткіштер жеті топқа бөлінеді (15.5-кесте):

  1. Жалпы көрсеткіштер: орташа айлық табыс (К1); табыстағы ақшалай қаражаттың үлесі  (К2); жұмыскерлердің орташатізімдік саны (Кз).

2.Төлемқабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері (К4 – Кз).

  1. Айналым капиталын пайдалану және іскерлік белсенділіктің тиімділігі көрсеткіштері (К14 – К16).
  2. Табыстылық көрсеткіштері (К17 – К18).
  3. Өндірісті үдерісін қарқындандыру көрсеткіштері (К19 , К20).
  4. Инвестициялық белсенділіктің көрсеткіші (К21).
  5. Әртүрлі деңгейдегі бюджет және мемлекеттік бюджеттен тыс қор алдындағы берешектің орындалу көрсеткіштері (К22 – К26).

12.5. Ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалау

«Қаржылық тұрақтылық» түсінігі мағынасы бойынша «төлем қабілеттілігі», «несие қабілеттілігі» түсініктеріне қарағанда кең түсінік болып саналады, себебі ол өзіне ұйым қызметінің көптеген тараптарын қамтыйды.

Қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін коэффициенттер жүйесі қолданылады. Келесі коэффициенттер пайдаланылады:

1) меншікті және несиелік капиталдың шоғырлану коэффициенті (автономия) Кав.

Несиелік капиталдың шоғырлану коэффициенті Кнк:

Кнк = НК / А

мұнда НК – несиелік капитал.

А – теңгерім активі.

Бұл екі коэффициенттің қосындысы: Кмк  + Кнк = 1;

2)  ненсиелік және меншікті капитал ара қатынасының коэффициенті  (капиталдандыру ко­эффициенті) – Кара :

Кара = НК / МК,

Коэффициент ұйымның активіне жұмсалған меншікті капиталдың әрбір теңгесіне келетін несиелік капиталдың шамасын көрсетеді.

3)  меншікті капиталдың оңтайлы пайдалану коэффициенті Коң:

Коң = МАК / МК,

мұнда МАК – меншікті айналым капиталы.

Коэффициент Коң меншікті капиталдың қандай бөлігі ағымдығы қызметті қаржыландыру үшін пайдаланғанын көрсетеді, яғни айналым капиталына қаншасы келетінін, ал оның қаншасы капиталдандырылғанын көрсетеді. Ұйымның қызмет түріне және оның активінің, оның ішінде айналым капиталының,  құрылымына байланысты бұл көрсеткіштің мәні едәуір өзгеріп отыруы мүмкін.

МАК = МК + ҰМП – АТА.

Ұзақ мерзімді пассив негізгі капитал мен күрделі салымға жұмсалады деп болжағаннан кейін оны меншікті капиталға теңестіреді.

4)  ұзақ мерзімді салымдардың құрылым коэффициенті Ксқ:

Ксқ = ҰМП / АТА

мұнда ҰМП – ұзақ метзімді пассивтер;

АТА – айналымнан тыс активтер.

Бұл коэффициент негізгі капитал мен басқа айналымнан тыс активтердің қандай бөлігі  ұзақ мерзімді несие көзінен қаржыландырылғанын көрсетеді.

5)  тұрақты қаржыландыру коэффициенті Ктқ:

Ктқ = (МК + ҰМП) / (АТА + АА),

мұнда МК + ҰМП – тұрақты капитал;

АТА + АА – айналымнан тыс және ағымдағы капитал сомасы

немесе теңгерім  валютасы (ТВ).

Меншікті және ұзақ мерзімді несиелік капиталдардың айналымнан тыс капитал мен айналым капиталының құнына қатынасы барлық активтің қандай бөлігі тұрақты капитал арқылы қаржыландыратынын білдіреді. Сонымен қатар, тұрақты қаржыландыру коэффи- циенті (Ктқ) ұйымның қысқа мерзімді несие көзімен қаражаттың орнын толтырудан тәуелсіздік (тәуелділік) дәрежесін байқатады.

6)  мүліктің нақты құнының коэффициенті Кн:

Кн = Рм / ТВ,

мұнда Ри – негізгі капиталдың, шикізаттың және аяқталмаған өндірістің  қосынды құны.

You May Also Like

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегі

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегі Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» шығармасын 1069-1070 жылдары…

Үш жақсы, үш жаман, шығарма

Үш жақсы, үш жаман Адам болған соң мінсіз болмайды. Ренжисің, ашуланып, біреуге…

Долананың емдік қасиеттері

Долана ерте кезден бері жүрек қан-тамырлары ауруларының дәрісі ретінде қолданылып келген. Бұл…

Еңбек рыногы және тұрғындарды жұмыспен қамту

Еңбек нарығы – бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауар ретінде…