Үш жақсы, үш жаман

Адам болған соң мінсіз болмайды. Ренжисің, ашуланып, біреуге мінезіңді көрсетесің Ол-қалыпты құбылыс деп ойлаймын.

Адам баласының бойындағы үш жақсы қасиеттерді атасам, олар: кішіпейілділік, ізеттілік, мейірімділік деп білемін. Қасыңдағы ата-анаң, аға, бауыр, достарыңды жақсы көріп, сыйлап, көмектесіп жүрсең, әрқашан қастарынан табылып, қолыңнан келген көмегіңді аямасаң, елдің бәріне тек жақсылық тілесең, соның бәрі өзіңе екі есе болып қайтады деп білемін.

Адам бойындағы жаман әдеттер-өтірік айту, мақтаншақтық, жалқаулық. «Өтірік сөз өрге баспайды», «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» -дейді халық мақалында. Өтірікке үйренген бала, ол әдетін қоя алмайды. Бала өтірік айтуды қайдан үйренеді? Кейде үлкендердің өздері «Мені үйде жоқ деп айт» деген сияқты әңгімелерден өтірікке қалай үйрететіндерін байқамай қалатын сияқты. Өтірік айтуды қою үшін қолыңа резеңке тағып алып, әр өтірік айтқан сайын резеңкені тартып қалып, ол қолыңды ауыртады ғой, солайша ол әдетті қоюға болады.

Мақтаншақтық та-жаман әдетердің бірі деп есептеймін.  Тым бөсіп, көпіріп, елді мезі қылатын, тек өзінің ойыншығы, өзінің үйі, өзінің малын ғана керемет қылып, басқаларды іске алғысыз қылып жүреді. Сондайлар білімімен, өнерімен мақтанып, жетістікке жетсе ғой, шіркін.

Тағы да адам баласының бойындағы жаман әдеттердің бірі-жалқаулық. Менің кей достарым сабаққа дайындалмайды, есепті шығарып, жаттығуды жазып,  өлеңдерді жаттамайды. Үй шаруасына да мүлдем көмектеспейтін жалқаулар да кездеседі. Әр бала күн сайын өзіне есеп беріп, бойындағы жаман әдеттерді анықтай алып, құтылуға болады. Мақтаншақтықты қою тіпті оңай, көп сөйлеме, достарыңның арасында ерекшеленбе.

Әр күнгі ісіңді жоспарлап, соның бәрін орындап отырсаң, жалқаулық сенен қашады. Осылайша, адам бойындағы жаман әдеттерден арылуға болады.

Абай атамыз айтпақшы «Бес нәрседен қашық боп, бес нәрседен асық болуға» достарымды шақырамын.

You May Also Like

Арал теңізінің экологиялық проблемалары, шығарма

Арал теңізінің экологиялық проблемалары Арал теңізінің экологиялық проблемаларын қарастыру негізінде менің алып…

Достық туралы әңгіме

Достық туралы әңгіме Бүгін мен жұмысымнан демалыс алып, өз ауылыма қайтып жетуге…

Педагогтың педагогикалық құзыреттілігі және оның құрылымы

  1.11.Педагогтың педагогикалық құзыреттілігі және оның құрылымы   Ұстаздың педагогикалық шеберлігі мен кәсібилігінің айырылмас…

Бақытты отбасы, шығарма

Шығарма «Бақытты отбасы» Отбасы тату бір ел тұнып тұрған, Қамқор ата-аналар билік…