Тұңғыш Президент күні 

Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,

Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.

Тұманбай Молдағалиев

Біздің Қазақстанымыздың шаңырағы биік ортақ үйіміз болып, жеке мемлекет болып қалыптасуына ата-бабаларымыздың ерлік істері себеп болды. Осы еліміздің іргетасын қалау үшін, қаншама жанның маңдай терімен бірге қаны да төгілді.

Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін, өз халқының құндылықтарын сүймейтін адам жоқ. Сондай патриот, тұғыры биік тұлғалардың бірі – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Қазақстан – менің туған елім, даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлкем. Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Республиканың өз алдына дербес мемлекет болып тәуелсіздігін алғанына биыл «отыз  жыл» толып отыр. Осыншалықты уақытқа дейін қол жеткізген мемлекетте тұрудың өзі мақтаныш әрі мәртебе! Маған елімнің әрбір тасы, ауасы, топырағы, суы ыстық, осының бәрі менің жүрегіме Отанға деген сүйіспеншілік, махаббат және жылулық сезімін ұялатады. Мен өзімнің Отанға деген сезімімді білім алу парызымен көрсетсем, сондай-ақ, жүрегімнен төгіліп шыққан жырларыммен де дәлелдей аламын.

Қазақстан – елім менің,

Кең байтақ жерің сенің!

Тілің бар ұялаған

Жүрегіме мына менің!

Тәуелсізсің – Қазақстан,

Шықты Елбасың халықтан.

Жетіп тұрсың жетістікке

Ұзақ уақыт армандаған!

Елдің көшін алға сүйрейтін, әлемдік қауымдастықтағы әулеті зор елге айналдыратын, болашағына жол көрсететін әр елдің басшысы болуы тиіс. Қиындықтарымыз әлі де бола тұрса да, осы жиырма бір жылда талай қауіп-қатерлерден аман өтіп, етек-жеңін жиып, еңсесін тіктей алды. Дана халқымыз бұл жолы да өзінің сабырлылығын, төзімділігі мен қайсарлығын таныта білді. Халқымыздың бағына орай, осынау қиын кезеңде ел басқаруға өз жұртының арман-мұңын сезіне білетін тәжірибелі саясаткер, биік парасат иесі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның тұңғыш Президенті болып сайланды. Бұл күннің «Тұңғыш Президент күні» болып тағайындалуы бекерден-бекер емес. Еліне елеулі еңбегі сіңген тұлға үшін қарапайым бір күнді айтулы күнге айналдыру жай емес. Қазіргі таңда Президент күніне орай білім беру орталықтарында болсын, басқа да мәдени ошақтарда түрлі іс-шаралар өткізіліп, аталмыш күннің маңыздылығын келер ұрпақтың санасында қалдыру мақсатында жұмыстар атқарылып жатыр. Іс-шараларға тек қазақ жұрты ғана емес, еліміздегі өзге ұлт өкілдері де ат салысуда. Өйткені бұл мереке тек қазақтың ғана емес, қазақ даласында мекен етіп жатқан әрбір Қазақстан Республикасы азаматының міндеті.

Қазақстан Республикасы – көпұлтты мемлекет. Орыс, татар, қырғыз, неміс, украин сияқты ұлт өкілдері мемлекетімізде тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Осыншалықты ұлттардың басын біріктіріп, бір шаңырақ астында бейбітшілікте өмір сүруге себеп болып отырған, әрине еліміздің басшысының арқасы. Ел басқару ешқашан да оңай болған емес. Ал тәуелсіздікке қолы жаңа іліккен елді қиын кезеңінде басқарудың ауырлығын тек ердің ері ғана көтере алары анық. Елбасымыздың осындай тұлға екендігінен бүгінде тек өз халқымыз ғана емес, көзі ашық, көңілі ояу әлем жұртшылығы жақсы хабардар. Елбасымыз – Қазақстан сияқты аты әлемге танымал үлкен мемлекеттің басшысы. Өзінің дана саясаткерлігімен Қазақстанды әлем жұртшылығына таныта білді. Ол – бабаларымыздың келе жатқан ұлы арман – тәуелсіздігімізді орнықтыру жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өзіндік қолтаңбасымен көрінген көшбасшы. Міне, мұның өзі биік жетістік емес пе?! Халықты өткеніне үңілтіп, бүгінгісіне шүкіршілік етуге тәрбиелеу мақсатында қаламының сиясын төгіп, «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында» тағы басқа еңбектерін жазды.

Ата-бабамыздың тізгінін күні бүгінге дейін ұстап келіп, Еліміздің екінші басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа табыстаған болатын.  Н.Ә.Назарбаев тұсында Қазақ елі талай жетістіктерге жетті. Олай деуіміздің себебін, әрбір Қазақстан азаматтары саралап, санамалап айтып бере алады: Ата заң мен рәміздер өмрге келді; Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық; ана тіліміз мемлекеттік мәртебе алды; тұңғыш төл теңгеміз шықты; Семей ядролық полигоны жабылды; Елордасы Астана бой көтерді, бүгінгі таңда Астанамыз – Нұр-Сұлтан халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды; 2017 жылы Елордамызда ЭКСПО халықаралық көрмесі өтті – мұның бәрі Елбасы жетістіктерінің көрінісі. Тұңғыш Президентіміз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен қарқынды дамуының үлгісін ұсынып, оны жүзеге асыруға бар күш-жігерін жұмсап, саналы ғұмырын арнап келе жатқан ұлы қайраткер. Сондықтан да Елбасының еңбегіне дүниежүзі басшылары аса құрметпен қарайды. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің жетістіктері үшін халық өзінің сенімділігін, орасан зор құрметін білдіреді.

Қазақ халқы әлемді таңғажайып тарихымен, тамсандырып, кеңінен таныстырды. Осындай жетістіктің бір сыры – біздің ынтымақтастықта өмір сүруіміз болса, бірі – Елбасымыздың ұшан-теңіз еңбегі.

Мен әрқашан елімнің егемендігімен, таңымның тәуелсіздігімен, халқымның ынтымақтастығымен, Елбасымның елдік туын асқақтатқан ерлігімен, Елорда – Астанамның арайлап атқан таңымен мақтанып өтемін! Елімнің мерейін жүрек дүрсілімен сезінгеннен артық бақыт жоқ шығар! Жасасын қазақ елі! Жасасын Елбасы!

You May Also Like

Тәуелсіздік дәуірі, эссе

Тәуелсіздік дәуірі Тәуелсіздік – жекеменшік  еркіндік. Кім де болса еркіндікті қалары анық,…

Мамандық адамдықтан басталады, эссе

Мамандық адамдықтан басталады  Әлемдегі ең керекті мамандық… Ол қандай мамандық болуы мүмкін?!…

How I spend my birthday, эссе

How I spend my birthday Birthday is a private holiday for everyone.…

Тәуелсіздікке 30 жыл! эссе

Тәуелсіздікке 30 жыл! Әр адамның өз Отаны бар. Туған жер -адамның кіндік…