Тәуелсіздікке 30 жыл!

Әр адамның өз Отаны бар. Туған жер -адамның кіндік қаны тамған жері. Әдетте бұл жерде ғажайыпқа толы балалық шағын өтеді. Мен үшін туған өлкем – туған жерім ғана емес, менің отбасым, достарым, қоршаған ортам. Отбасың әрдайым сені құшақ жайып қарсы алады, кез-келген жетістігіңе қуанады.

Туған жерімді ойласам, менің көз алдыма – сүйікті қаламның көшелері, туған-туыстарым, достарым, мектебім елестейді.

Менің Отаным – көпұлтты мемлекет. Еліміздің кең байтақ жерін дала алып жатыр. Сондықтан Қазақстанды «Ұлы Дала елі» деп атайды. Мемлекетіміз әлемдегі ірі елдердің қатарына кіреді! Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Еліміз 30 жыл бұрын 16-желтоқсанда тәуелсіздік алып, осы уақыт ішінде өнеркәсіп пен экономиканың дамуында үлкен жетістіктерге жетті.

Көпұлтты тәуелсіз мемлекетімізде қазақтар, орыстар, украиндар, татарлар, өзбектер, немістер және басқа да ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады. Бірақ еліміздің ұлттық мәдениетін сан ғасырлар бойы қазақ көшпенділері қалыптастырды.

«Тәуелсіздік» деген сөздің өзі қандай керемет!Тәуелсіздікті аңсап қанша ұлы тұлғаларымыз, аталарымыз армандап, сол асқақ армандарына жете алмай күресумен дүниеден өтті.

Біз бақыттымыз, себебі біз тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз. Осы бақытымыздан айырылып қалмас үшін білімді, білікті, мықты, тату болуымыз керек. Елімізді қорғай, қолдай алатын намысшыл болуымыз қажет, тілімізді дінімізді сақтап, құрметтесек бізді ешкім құрта алмайды!

Тұңғыш рет қолымызға тиген тәуелсіздіктің асыл құсын ұшырып алмай берік ұстау біздің борышымыз. Сондықтан, егеменді еліміздің қазіргі өскелең ұрпақтарына тәуелсіздіктің тарихын тереңірек түсіндіру, қастерлете білу баршамыздың міндетіміз!

You May Also Like

Ана-гүл, ана-өмір шырағы эссе

ЭССЕ Ана-гүл, ана-өмір шырағы Ана… Қандай керемет сөз десеңші! Осы бір үш…

«Спорт – денсаулық кепілі» деп неге айтады? эссе

 «Спорт – денсаулық кепілі» деп неге айтады?  Спорттың пайдасы көп. Спортпен шыныққан…

Дулат Бабатайұлының Еспембет поэмасы мен батырлар жырындағы өзара үндестік. эссе

Қазақтың батырлар жырының қайсысын алсақта, бәрінде де ел бірлігі мен Отан қорғау…

Қош келдің жайдарлы жаз, эссе

Қош келдің жайдарлы жаз Маусым айы – жаздың басы. Осы айда туған…