Қазақтың батырлар жырының қайсысын алсақта, бәрінде де ел бірлігі мен Отан қорғау мәселесі бірінші кезекте тұрады. Батырлардың ойы мен арманы ел мұңымен, халық тағдырымен ұштасып жатыр деп М.Ғабдуллин атап өткендей, батырлар жыры ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау, елдігін сақтау үшін көзсіз ерлікке бару мұраты басым. Осындай патриоттық мәні зор дастанның бірі – Д.Бабатайұлының Еспенбет жыры.

Дастандағы басты кейіпкер Еспенбет – батырға тән өзінің жанқиярлық ерлігімен көрінеді. Оны ақын: «Еспенбеттей ер туса, Ер күтетін ел қайда» деген жолдармен жеткізеді. Бұл ақынның елге тірек ер, көсем шықса, халық соның қасынан табылса деген идеясын алдыға тартады. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол деген аталы сөз Еспенбет бойындағы өр рухтың қайнар көзі болып табылатыны анық. Себебі, оның ерлік ісінің бастау алар кезеңі балалық шағындағы арманы мен үмітінен басталады. Хан-сұлтандар қазан бұзар үй тентекке айналған заманда, ер мен елдің идеясын халық көкейіне жеткізбек болған Еспенбет пен батырлар жырындағы Қобыланды, Тарғын, Алпамыс сияқты қамал бұзар ерлердің арасында қандай үндестік бар? Оларды не байланыстырады?

Қазақтың батырлар жырында қанды тарихи оқиғалардың ізі жатыр. Менің ойымша, ең алдымен оларды біріктіретін күш – халықтың арманы, мақсаты мен мүддесі.

Себебі, мұнда қозғалатын басты мәселе елді жаудан қорғап, Отаныңды адал сақтап қалу. Ал екіншіден, қай жырды алып қарасақта батырлар елін сүйген, атамекенін, халқын, оның арнамысын қорғау үшін ерлік істер атқарып, тәуелсіздік жолында тек батырлығымен емес, ақыл-парасаты мен тапқырлығын, көрегендігін, мәрттігін өз замандастарына үлгі етіп қалдырады.

Міне, осы жағдайлар батырлар туралы дастандарда үндестік тауып, тізбектей жалғасып келеді.

Қорыта келе, дастандағы Еспенбеттің әрбір ерлігі мен батырлар жырындағы елдік істер бәрімізді таңқалдырып, үлгі болып қана қоймай, елін, жерін жаудан қорғау туралы ойлауға түрткі болады. Мұндай шығармалар егіз туындыдай ұрпаққа мәңгі өнеге болып қалды.

You May Also Like

Жамбыл Жабаевтың шығармаларының маңыздылығы, эссе

Эссе Менің білуімше,Жамбыл-ұлы ақындардың бірі.Біздің сөз өнері ғасырлар бойы үш түрде өмір…

М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер-адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз. ЭССЕ

Еңлік-Кебек» драмасында кейіпкерлер бойындағы сөз бен мінез шеберлігі айқын берілген. Айшықты мінез…

С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма? эссе

С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма? С.Мұқанов-қазақ…

Шегіртке мен құмырсқа (И. А. Крыловтан) эссе

Шегіртке мен құмырсқа (И. А. Крыловтан)  Бұл мысалдан түйгенім «Қыстың қамын жазда…