Мамандық адамдықтан басталады

 Әлемдегі ең керекті мамандық… Ол қандай мамандық болуы мүмкін?! Қазіргі дамыған заманда  көптеген мамандық түрлері бар. Олардың ішінде адам өміріне қажеттісі де, ең қиыны да, қызықтысы да, тіпті ойға сыймайтындай күлкілісі де бар екен. Мысалы, Солтүстік Полюсте құлап қалған пингвинді тұрғызушы, гольф алаңында допты жинаушы, дайын жиһазды сынаушы шебер деген қызықты мамандықтар бар екен.

Біздің елімізде бар мамандық басқа елдерде мүлде болмауы да мүмкін. Біз үшін маңызды темір жолшы мамандығы Ливан, Макао, Кипр сияқты темір жолы жоқ мемлекеттерге мүлде жоқ екен.  Сондықтан өмір сүретін жерімізге, елімізге, табиғатымызға, шаруашылығымызға байланысты да көптеген мамандық түрлері болады екен.

Кез-келген мамандықтың қажеттілігі бар. Барлық мамандық адамдарға керек болған соң пайда болған. Керексіз мамандық болмайды деп ойлаймын. Бірақ мамандықтар та заманның, техниканың дамуына байланысты өзгеріп отырады. Бұрынғы кезде барлық жұмыс қолмен жасалса, адамдар білімнің арқасына көптеген түрлі машиналар, станоктар, құрылғылар ойлап тапты. Енді көптеген қолмен жасалатын жұмыстарды дайын құрылғымен жасайтын болды. Түрлі мамандықтар пайда болып, бұрынғы мамандықтар керексіз болып қалды.

Біз дүниеге келгеннен бастап көптеген мамандықтардың көмегін пайдаланамыз. Дүниеге келгенде дәрігер, тәрбиеші, мұғалім, жүргізуші, шаштараз, аспаз, полиция сияқты көптеген мамандардың көмегі біздің жақсы, салауатты өмір сүруімізге көмектеседі. Жақсы білім мен тәрбие  алып, саналы ұрпақ болуымызға қажет.  Қауіпсіз жерде өмір сүріп, жамандықтан қорғануға көмегі көп. Міне біздің жақсы адам болып, еліміздің дамуына, болашағына үлес қосатын адам болуымыз үшін көптеген мамандардан көмек аламыз.

Ал енді ең керекті мамандық қандай мамандық болуы мүмкін? 2020 жылға дейін біз үшін ең керекті мамандық сан түрлі болуы мүмкін еді. Бірақ, тек Қазақстан еліне ғана емес бүкіл әлемде пендемия болғанда мен үшін ең керекті санаулы мамандық түрлері қалды. Ең бірінші – ол дәрігер мамандығы. Адамдар жаппай ауырып, тіпті өмірден өтіп жатқанда бәрімізге тек дәрігердің көмегі қажет болды. Бірнеше күн демалмай, арнайы киіммен ауыр жағдайда еңбек еткен дәрігер мамандығы бүкіл әлем үшін ең керекті мамандыққа айналды. Тіпті ауырмай, денсаулығымызды күтіп, ауруды таратпау үшін де дәрігердің кеңесі қажет болды. Теледидар, радио, ғаламтордан дәрігерлердің кеңесін тыңдап, сақтанып жүрдік.  Сондықтан қандай кез болмасын адамдар үшін ең керекті мамандық – дәрігер мамандығы.

Екінші – құтқарушылар мен өрт сөндірушілер. Өрт пен суды тілсіз жау дейміз. Өйткені олардың қашан, қайдан келетінін білмейміз. Бүкіл бір елді су басып, үйіміз бен малымыз суға кетсе, ешкім шаштараз бен тігіншіден емес, құтқарушылардың көмегін қажет етеміз. Ал үлкен ормандарымызды өрт шалса, оның зияны тек ағаштарға емес, жануарларға, құстарға, жәндіктерге, жақын тұратын адамдарға, тіпті топыраққа тигізетін зияны өте көп. Ол жерді қалпына келтіру үшін жүздеген жылдар қажет болады.

Адамдардың аман-есен, жақсы өмір сүруі үшін ең керекті мамандықтар – дәрігер мен құтқарушылар деп ойлаймын. Содан кейін мүғалімдер мен компьютер мамандары. Өйткені қандай кез болмасын, адамдар білім алып, оқып, жаңа нәрсе үйренуі, оқуы тиіс. Қазыр білімді адамдар, білімі дамыған елдер жақсы өмір сүруге талпынады. Сол себепті қандай кез болса да біз сапалы білім алуымыз қажет. Мұғалімдер пандемияға байланысты мектепке бармасақ та болашағымыз үшін мыңдаған оқушыны қашықтықтан оқытып жатыр.  Үйде отырып, барлық пәнді оқысақ та, мектебіміз мен ұстаздардың алдында отырып сабақ оқуды бәріміз сағындық.

Сонымен қатар – компьютер мамандарының қажеттілігі осы кездері артты деп ойлаймын. Өйткені, бүкіл елде карантин болғанда көптеген жұмыстар компьютер арқылы жасалды. Ата-анамыз үйде жұмыс жасаса, аға-әпкелеріміз де өзіміз де компьютер арқылы оқып білім алудамыз. Сондықтан, біз жыл өткен сайын копьютер көмегін қажет етеміз. Көптеген жұмысты осы арқылы жасап, еңбек етуімізге ыңғайлы болады. Демек, компьютер мамандары да біз үшін өте маңызды.

Біз өскенде дұрыс мамандық таңдап, өзімізге ұнайтын жұмыс жасауымыз керек. Елімізге, ауылымызға, тіпті жақындарымызға пайдалы жұмыс жасауымыз керек. Мен болашақта дәрігер болғым келеді. Себебі бүкіл әлемге қауіпті коронавиру ауру бізге көп нәрсені үйретті. Денсаулықтың маңызы, жақындарымыздың амандығы, тіпті күнделікті далаға шығып ойнау, серуендеу сияқты нәрселердің қадірін түсіндік. Қандай заман болмасын дәрігердің мамандық ең керекті мамандық екеніне бүкіл әлемнің көзі жетті.

«Еңбек етсең ерінбей ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақал бар. Біздің өмірімізді жеңілдететін түрлі маман иелерінің көмегін пайдаланып қана өмір сүруге  болмайды. Әр адам күнделікті тамағын тауып жеп, күн көруі үшін де еңбек етуі тиіс. Өзіне сүйікті немесе өзінің қолынан келетін мамандықты, кәсіпті үйренуі тиіс. Менің әкем арнайы білім алмағанымен, үйді жөндейтін білікті құрылысшы, жиһаз жасаушы. Әкем екі кәсіптті жақсы меңгерген. Бір маман иесі болуы үшін арнайы білім болмаса да, ұқыптылық, еңбекқорлық, жаңа нәрсені көруге, үйренуге ұмтылуы тиіс. Сонда ғана өз ісінің шебері болып, адал табыс таба аламыз.

Ұлы Абай атамыз айтқандай, осы дүниенің бір кірпіші болып қаланып, өз үлесімізді қосуымыз керек. Қандай мамандық таңдасақ та, әрқайсымыз адамдықты, адалдықты,мейірімді ұмытпауымыз керек. Өйткені кез келген мамандық адамдық қасиеттердің талап етеді. Туысқа, досқа, бауырға мейірімділікті сақтауымыз керек. Адамдық қасиеттерімізді бірінші орынға қойсақ, кез келген жетістікке жетеміз.  Өз ісімізге адал болуымыз керек. Сонда ғана барлық мамандық біз үшін керекті болады деген ойдамын.

You May Also Like

І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдап жазу, эссе

І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең…

My motherland, my Kazakhstan!!! эссе

Абай –заман тынысы, эссе

Абай –заман тынысы Заман тынысы адамдардың өткен өмірі мен тұрмыс тіршілігі, заманауи…

Шәкәрім шығармаларындағы азаматтық әуен, эссе

Шәкәрім Құдайбердиев – дарынды қазақ ақыны, гуманист және философ. Ол екі революциядан,…