Абай –заман тынысы

Заман тынысы адамдардың өткен өмірі мен тұрмыс тіршілігі, заманауи өмір сүруі. Сондықтан да Абай атамыздың өлеңдерінде, тәрбиелік аса мол деп сеніммен айта аламыз. Сонау заманнан бері қарай,өмір ағымының, беталысын, тіршілігінің тынысындөп басып айтып отырған.Абай атамыздың адам болам дегендерге, өсек , өтірік , мақтаншақтық, еріншектік, мал шашпақ тәрізді қасиеттерден аулақ болуға шақырса, талап, еңбек терең ой, қанағат,  рақымсынды  сынды бес қасиетті бойға сіңіруге үндейді. Біреуді сыртынан ғайбаттама деп ақыл айтады. Ойшыл ақынның берер өнегесі мұнымен тоқтап қалмайды. Елбасына күн туған аласапыранда отты жырлармен  қалың қазақты жігерлендіріп, тұтастық пен бірлікке шақырады. Шынында,  Абайдың әр сөзі маңызды, салмақты, қасиетті.Абай өлеңдері бай философиялық даналық қасиетке ие. Ақындар алмағайып заманда елдің жігерін жанып, төнген қауіптің бетін қайтаруға халықты үндеп отырған. Ұлы ақынның әрбір айтқан сөзі-есті адам үшін ма өсиет – өнегенің таптырмас үлгісі.  «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа!» демекші, өмірге азық боларлық асыл ойлардың Абай жырларында тұнып тұрғаны баршаға мәлім. Абай атамыздың  жақұт жырлары мен ғибратқа толы қара сөздері-күллі әдебиет тарихындабұрын соңды болмаған соңғы құбылыс. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы-заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.

Абай- ұлы ойшыл

Абай Құнанбаев атамыз 1845 жылы Семей өңірінде дүиеге келген. Шын аты Ибрахим. Абай ағартушы ақын, жазаба қазақ әдебиетінің негізін қалаушы.

Абай бала кезінен сабырлы, кеңпейілді, зерек бала болған. Өз қатарластарынан ерекше зейінді бала оқуға деген қабілеті болған. Абай сол кезде ел басқару ісіне араласпайды. Себебі Абайдың  көзқарсында байлардың қарпайым халыққа жасаған үстемдігі, әлсіздерге қорлық көрсеткендері жиеркенішті көрінеді. Осындан кейін              Абайдың халқына пайдалы деп тапқан ісі көркем сөзбен , әсіресе өлеңмен халықтың халін насихаттау болды. Абай өзінің өлеңдерінде сараң байларды сынып жазды. Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Ақын кейбір замандастарының бойындағы жалқаулық, көрсеқызарлық, надандық, сияқты жаман мінездерін әшкерелеп жазды.Кедейшіліктен құтылудың бір тәсілі, еңбету екенін айтты.

Ол былай деп жырға қосты:

«Егіннің ебін, сауданың тегін

Үйреніп ойлап, мал ізде»

Абай халыққа жаны айшымайтындарды  жек көрді, байлардың қарапайым халыққа мінсінбей қарауы оның ашу ызасын тудырды. Абай ел басқаруға халық үшін қызмет ететін, адал адамдарды сайлануы тиіс деп есептеді.

Абай Құнанбаев жоғарыда айтылғандай адамзаттың бүкіл болмысын, тұрмыс тіршілігін мысалдар арқылы келтірген. Абайдың бүкіл болмысы қазақ халқына деген жанашырлығы бізге үлгі өнеге.

Абай –кемеңгер ақын

Абай – ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі жазба әдебиетінің атасы. Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің әділдікке ұмытылу  белгісі болды. Тұрмыс салты үлкен өзгеріске түсіп жатқан аумалы-төкпелі заманда қоғам көшінің ендігі бағытын айқындау, қалайда елдің елдігін, тұтастығын, халықтың ұлттық рухының тазалығын сақтай отырып, жаңа жағдайға бейімделу  қажет болды. Осы қажеттілік бүкіл қоғамдық ой-санаға, әдебиет пен өнерге жаңа серпін берді. Абай шығармалары осы қоғамдағы келеңсіздіктерге толық жауап берді. Ақын шығармаларын оқи отырып, біз оның адам жаны мен уақыт талабын жете түсінген дарын иесі болғандығына көз жеткіземіз.
Абай өзінің адамгершілік , қоғамдық  ізденістерін бүкіл дүние жүзі мәдениетінің жетістіктерімен ұластырып, өзі де жаңа биік деңгейге көтеріле түсті. Ол қазақ халық даналығының барша жақсы қасиетін бойына сіңіре отырып, ұлттық өнерді, қоғамдық ойды байытты және жаңа биікке алып шықты. Абайдың әдеби мұрасының мәні оның өз шығармаларында туған халқының түпкі мақсат-мұратын айқын көрсеткен кемеңгер ойшылдымен танылды.

Абай-ұлы тұлға

Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды.

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге…

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз,

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз,

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой –

Бес асыл іс көнсеңіз…, – деп жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуга, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті суюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.

Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады. Атап айтқанда, ол былай деп айтты: «Балаларды ата-аналарынан алып, мектепке беру керек, олардың біразын мамандықтың бір түрін, біразын басқа мамандықтарды игеруге бағыттау керек. Мектептерді көбейту қажет, оларда тіпті қыздар да оқитын болсын».

Ұлы ақын өз шығармаларында халықты ғылыммен белсене айналысуға үндеді. Әркімді өзінің өткен әр күніне міндетті түрде есеп беріп отыруға, келер ұрпақты парасаттылыққа шақырды.

Абайдың пікірінше, адам болу үшін оның бойынан үш түрлі фактор табылуы тиіс. Біріншіден, баланың шыққан тегі жаксы болуы керек, екіншіден, оның әлеуметтік жағдайы немесе қоршаған ортасы жағымды болуы шарт, ушіншіден, балаға адамгершілік тұрғысында тәрбие берілуі қажет. Абай парақор билеушілерді, ашкөз судьяларды, надан молдаларды әшкерелеп отырды. Халықтың игілігіне жету жолындағы Бұл қырсықты ғылым мен білім аркылы ғана жоюға болады деп есептеді. Ол жастарға үздіксіз еңбек етіп, білім алуды міндет етіп қойды. Білім алуға жұмылған еңбек әрқашанда жемісті және ізгілікті болатынын қадап айтты. Қараңғылықтан шығар жалғыз жол — оқу-білім екенін жастарға түсіндірді.

You May Also Like

С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз. эссе

Қазақ поэзиясына нағыз сыршыл сезімді, шынайы, көркем бейнелі өлең үлгісін әкелгендердің бірі…

Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипаты мен сал-серілер өлеңдеріндегі қыз бейнесін салыстыра талдап жазыңыз, эссе

Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипаты мен сал-серілер өлеңдеріндегі қыз бейнесін салыстыра…

Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романына арқау болған тарихи оқиғаларға тоқталып, дәлелдер келтіре жазыңыз. эссе

Қазақ әдебиетіне алпысыншы жылдары келіп қосылған бір көш талантты жастардың ішінде Қабдеш…

Зар заман ақындарының шығармаларына арқау болған мәселелерді жинақтап, дәлелдер арқылы тұжырымдап жазыңыз. эссе

Бағзы заманнан бері қарай өмір сүрген ақын жыраулар қазақ жеріндегі замана көшінің…