Балықтар

Балықтар –негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан өзге жануарлардан асып түседі. Балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар тұзды суларда (мұхиттарда , не болмаса тұщы суларда өзен-көлдер мен су қоймаларында ) тіршілік ете алады. Жыланбалық және албырт сияқты кейбір балықтар тұзды суда да өмір сүреді. Теңіз балықтары тұщы су балықтарынан әдетте ірілеу болып келеді.

Балықтар-түрлері ең көп тараған омыртқалы жануарлар. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Олардың үштен бір бөлігі тұщы суда өмір сүреді. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз, шеміршекті(акулалар және тұтасқанаттар) және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар.

Ең үлкен балық-кит акуласы. Ол құйрығының ұшынан бастап, жайындай үлкен аузына дейін 18 метрге жетеді. Алайда салмағы 15 тоннаға дейін жететін құбыжық тек ұсақ қалқыма организмдермен ғана қоректенетін сыпайы алпамса. Бұл балықтардың туыстарының кейбірі-табиғаттағы ең мықты жыртқыштар. Олардың қатарында 3,5 метрге дейін өсетін сұр және көк акула, ақ акула (5м), жолбарыс акула және балғабас акула (5м ). Бұл акулалардың барлығы суда адамдарға шабуыл жасайтынымен әйгілі.

You May Also Like

Менің әкем-ең жақсы адам, эссе

Менің әкем-ең жақсы адам! Менің әкем-менің өмірім, Менің әкем-менің қамқоршым. Менің әкем-менің…

Болашақтың қаласы, эссе

Сал-серілердің тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелерді талдап жазыңыз, эссе

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің алтын қорына өз туындыларын қалдырған әрі ақын,әрі сазгер-сал-серілер…

Жаңа жылға жоспарым эссе

Эссе Жаңа жылға жоспарым Әр мереке өзінің мезгілімен, ерекшелігімен қызық. Сол мерекелердің…