Эссе

Жаңа жылға жоспарым

Әр мереке өзінің мезгілімен, ерекшелігімен қызық. Сол мерекелердің бірі – жаңа жыл. Жаңа жыл десе, бала кезімізде ең бірінші Аяз ата мен Ақшақар түсуші еді. Ал қазір ше? Қазір ата-анамызбен, достарымызбен бірге өткізген соңғы жаңа жыл мейрамы есіме түседі. Осы жылы мен жаңа жылды қалай қарсы алмақпын? Жылда үй ішімізбен Жаңатас қаласында қарсы алатынмын. 31 желтоқсан күні әбден дайындалып, түнгі он екінің болғанын күтеміз. Сосын бәріміз далаға шығып от шашу атып, бір-бірімізді құттықтап, жаңа жылды қарсы аламыз. Әрине, әр жаңа жыл әр түрлі қызықтарымен өтеді ғой.

Осы жылы мен Астана қаласында жаңа жылды атап өткім келеді. Астанаға жалғыз өзім емес, сыныптасыммен барамын. Екеуіміз бірге, бір жерде атап өтуді жөн көрдік. Ортақ естеліктердің болғаны жақсы ғой. Ал оған дейін сыныптастарымызбен бірге атап өтеміз. Басқа да оқу орындарына түскен бұрынғы сыныптастарымыздың арасында бас қосу болады деп жоспарлаудамын. Оларды сағынып кеттім. Солармен бірге өткен күндер, тәтті естеліктердің бәрі де әлі көз алдымда. Эх, кездесетін күн тезірек келсе ғой!

Жаңа жылды жақсылап қарсы алған соң, жаңа жылға деген арнайы жоспар құрған дұрыс. Мен де алдын ала жоспар құрып қойдым. Ең алдымен, өзім таңдаған мамандық жөнінен білімімді одан әрі дамытқым келеді. «Тіл үйренсең – әлемді жаңа қырынан танисың» дейді ғой. Сол үшін де тағы бір тілді үйренгім келеді. Сонымен қатар, әдеби кітаптарды көп оқып, ой-өрісімді одан әрі дамытқым келеді.  «Досы көпті жау алмайды» демекші, жаңа жылда адал достарымның одан да көп болғанын қалаймын. Сол үшін де өз достарыма барынша сенімді болуға тырысамын.

Отбасымның шаңырағы биік, керегесі кең болғанын қалаймын. Үйдің үлкені өзім болғандықтан, өзімнен кейінгі іні-қарындастарыма ізет көрсетіп, оларды барынша қорғап, өмірде ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін, ағалық міндетімді дұрыс атқаруға тырысамын. Әрине, адам қиялы шексіз ғой. Тек сол ойлаған дүниелерді іске асыра білу керек. Ол үшін табандылық, талаптылық, ізденімпаздылық, еңбекқорлық қасиеттері адам бойынан табылуы қажет және сол мінездерді өз бойымнан көре аламын.

You May Also Like

І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз, эссе

Қазақ халқының әдет-ғұрпындағы  «ас» өз ортасы қала берді, бүкіл халыққа белгілі тұлғалардың қайтыс болғанына жыл толғанда беріледі.…

EXPO-2017: асқақ арман, зор мүмкіндік, мол жауапкершілік, эссе

ЭССЕ Тақырыбы: «EXPO-2017: асқақ арман, зор мүмкіндік, мол жауапкершілік» «EXPO-2017: асқақ арман,…

І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасына арқау болған тарихи оқиғаларды дәлелдер келтіре талдап жазыңыз. эссе

Қазақ әдебиетнде өзіндік орны бар тұлға Ілияс Жансүгіроатың жазушылық кемелденуінің сапалық бір…

Болашақтың қаласы, эссе