«Қ.И.Сәтбаев»

(Қатысушы қазақтың ғалымы Қ.И.Сәтбаевтың өмірбаянын жазды) 

Қаныш Сәтбаев – ұлттың ұлы тұлғалары қатарынан орын алған, ғылымда Кеңес одағының өзін мойындатып, есімі Дүниежүзіне танылған, 120 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен, талантты ұйымдастырушы, кемел парасат иесі. Сәтбаев Қаныш Имантайұлы 1899 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ақкелін болысы, Шадра (қазіргі Сәтбаев) ауылында дүниеге келген.Қаныштың әкесі Имантай Сәтбайұлы Омбы қаласындағы медресседе білім алған. Анасы Әлима Исақызы Қаныш 5 жасқа келгенде қайтыс болған. Жас Қаныш Имантайдың бәйбішесі Нұрым Тасболатқызының тәрбиесінде өсті. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. Сәтбаев 1911-1914 жж Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде бастауыш білім алған.1914 ж Семейдегі мұғалімдер семинариясына оқуға түсті. Онда Ж.Аймауытов, М.Әуезов сияқты көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған.1918 ж семинарияны бітірген соң Семейдегі пед. Курста мұғалім, 1920 -21 ж.Баянауылда халық судьясы болды. 1921 ж күзде Томск технол.институтының тау-кен факультетіне оқуға түсті.1926 ж институтты бітірген соң Қазақ АКСР-і Халық шаруашылық орталық кеңесінің ұйымдастыруымен Мәскеу қаласына «Атбасцветмет» тресінің геология бөлімін басқаруға жіберілді. Сәтбаев бұл істі қарқынды жүргізу мақсатында Қазақстанға қайтып оралды. 1929 ж Қарсақбай мыс ком-ның геогоргия барлау бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды. Көп ұзамай комб-ның бас геологы болды. 1941-1964 жж КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесі президиумы төрағасының орынбасары(1941-42), төрағасы (1942-46), Қазақстан ҒА-ның президенті (1946-52) болды. 1952 жылы әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен шеттетілді.Қызметтен босаған соң Қазақ КСР Геология институтының директоры болып еңбек етті.1955 ж Қазақ КСР ҒА-ның президенттігіне қайта сайланып, өмірінің соңына дейін осы қызметті атқарған ғұлама ғалым 1964 жылдың 31 қаңтарында Мәскеуде қайтыс болды. Сонымен қатар Сәтбаев Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның металлагендік және болжам картасын жасауда (1952-58)ж көп еңбек сіңірді.Жезқазған мыс балқыту комбинаты дүние жүзіндегі түсті металлургияның ірі кәсіпорындарының бір болып саналады. Сәтбаев минералдық шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай т.б аймақтарды зерттеді. Жезқазған-Ұлытау ауданында мыстан басқа темір (Қарсақбай), марганец (Жезді), көмір (Байқоңыр, Қияқты), қорғасын кендерін ашып, барлау нәтижесінде маңызды геологиялық қорытындылар жасады. Сәтбаев атамыз КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1942ж),Лениндік сыйлықтың лауреаты (1958), 4 мәрте Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстанның қала, ауылдарында Сәтбаев есімімен аталатын жүздеген көше, 40-тан астам мектеп,т.б.ғалым ескерткіштері бар. 641 ғылыми еңбектің авторы, оның 534-і орыс, 98-і қазақ, қалғаны басқа тілдерде жарық көрді.Оның есімі Қазақстан ҒА-ның Геология ғылымдары институтына , Жезқазған кен-металлургия комбинатына, бір қалаға, Алматы, Балқаш, Атырау,Қарағанды, Қызылорда, Семей қалаларындағы көшелерге, бір планетаға берілген.Сәтбаевтың құрметіне Жоңғар Алатауы Жотасындағы мұздық пен шың берілді. Еліміздегі ең жоғарғы тех.оқу орны Қазақ Ұлттық техникалық университетіне Сәтбаев есімі берілген. 1999 жылы Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойы республикалық деңгейде аталып өтті. Бүгінгі таңда Сәтбаев атамыздың еңбегі ел есінде мәңгі қалады. Біз осы атамыздың артына қалдырған еңбектері мен зерттеген жерлері , атқарған игі істері арқылы мақтанамыз. . Қ.И.Сәтбаев ұлт мақтанышы. Сәтбаев кім деген сұраққа былай жауап береміз – Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті. Биыл 2019 жылы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толып отыр.

You May Also Like

Жастар жылының еліміз үшін маңызы зор эссе

Жастар жылының еліміз үшін маңызы зор Еліміздің жастары – бұл Қазақстанның болашағы.…

«Үш бәйтерек – үш алып» (С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің туғанынан 125 жыл толуына орай) эссе

Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі. Ұлттық санамыз сілкініп, саяси ой – өрісіміз…

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз! эссе

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген…

Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат» өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз. эссе

Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дамиды десем артық айтылғандық…