Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі. Ұлттық санамыз сілкініп, саяси ой – өрісіміз өрлеу жолына түскенде біздің кім екенімізді, ата – бабамыздың қандай болғанын, кең байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап, қалай қастерлегенін, тегіміздің мызғымас мықты екенін ұрпаққа ұғындырып, келер ұрпаққа мирас етіп қалдыру жолында жанын пида еткен алаш ұлдары аз емес. Солардың бірегейі, әдебиетіміздің үш бәйтерегі атанған үлы тұлғалар-Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин.

Тәуелсіздікті ту еткен қазақ халқы осындай ағаларымызды мақтан тұтады.

Қазақ халқының ұлттық әдебиетінің қалыптасуы мен елдің қоғамдық өмірінің дамуына үлкен үлес қосқан, өздерінің жазған түрлі тақырыптағы шығармаларымен адамдардың жаңа заманға сай, сауатты болуына, ой-өрісінің өсуіне ықпал еткен, елді оқуға, білім алуға шақырған, үшеуі де үш бәйтерек сынды қатар өсіп, туған елі үшін еткен еңбектерімен шырқау көкке көтерілген, халқының болашағына жол сілтеген асыл перзенттері, 1894-1938 жылдар аралығында қатар өмір сүрген Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин мен Ілияс Жансүгіровтер болды. Биылғы жылы «Үш бәйтерегіміздің» туғанына 125 – жыл толып отыр.

Сәкен, Бейімбет, Ілияс! Үшеуінің де жөргегі – ұланғайыр бір даланың топырағы. Біреуі – соның кіндік ортасында, біреуі теріскей, біреуі – күнгей шалғайында бір жыл туыпты. Үшеуі де бір жаздың майсасынан алғаш нәр татып, бір қыстың ызғарынан алғаш қар басыпты.

Үш бәйтерек…. Үшеуінің туысы қандай бірдей болса, тұрысы қандай әр бөлек. Біреуі – дәйім биікке талпынып, алға ұмтылған өр халықтың асыл арманындай асқақ, біреуі – талайды бастан кешіп, тауқыметке төзіп өскен қауымның сарқылмас сабырынан жаратылғандай сом, мығым. Біреуі – көпті көріп, көпті сүйген халықтың парасат – парқын, арман – аңсарын, мұқалмас жігерін кең қамтып, кемел сіңіргендей қуатты да нәрлі. Үшеуі де – халқы мен заманның ауыздарынан түсе қалғандай адал ұл.

Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан даласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс – әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа үміт – сенімдері кеңінен көрінеді.

Қорытындылай келсем, «Үш бәйтерек» ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерді. Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, тақырып байлығымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байытты.

You May Also Like

People’s hero-Bauyrzhan Momyshuly, эссе

People’s hero-Bauyrzhan Momyshuly. Bauyrzhan Momyshuly is one of the brightest personalities of…

Мақала мен эссенің айырмашылығы

ОҚЫЛЫМ ЖӘНЕ МӘТІН ТАЛДАУ   Ба л л Мазмұнды түсіну және ашу…

Өз өміріңіздегі әжелерді М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз. эссе

Әже.Әже-ата-ананың анасы, үйдің үлкені, мейрімі мол, құшағы кең, ақылы сара, өзі дана,…

Махамбет жырларында Исатай бейнесін сомдаудағы ақынның тіл шеберліктерін мысалдар арқылы талдап жаз. эссе

Аумалы төкпелі заманда, қара бала қара қазан қамы үшін дүйім жұртты артынан…