ОҚЫЛЫМ ЖӘНЕ МӘТІН ТАЛДАУ

 

Ба л л Мазмұнды түсіну және ашу деңгейі Жазылым сапасы
5 Мәтінді өте жақсы түсінеді және күрделі

мағыналарды аша алады. Тапсырманы орындауда материалды бейнелі түрде еркін қолдана біледі. Көркем тіл құралдарын өте жақсы түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. Стилі тапсырмаға толық сәйкес келеді.
4 Мәтінді жақсы түсінеді және тиісті мағыналарды аша біледі. Тапсырманы орындау үшін материалды еркін қолданады. Көркем тіл құралдарын жақсы түсінеді. Жалпы сөз саптауы дұрыс, анда- санда қателер жібереді. Жалпы стилі сәйкес келеді, кейде ауытқу байқалады.
3 Мәтінді түсінеді және кейбір тиісті мағыналарды аша біледі. Тапсырманы орындауда қажетті материал қолданғанымен, мәтіннің бөліктерін

өзара үйлестіре алмайды. Көркем тіл құралдарын түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс. Қателері байқалғанымен, түсініспеушілік тудырмайды. Жалпы стилі сәйкес келеді, кейде жалпы әсерді бұзатын ауытқулар байқалады.
2 Мәтінді толық түсінбейді және кейбір тиісті мағыналарды ғана аша алады. Мәтіннің ішкі

реттілігі сақталмаған, тапсырманы орындауда тек кейбір қажетті материалдар қолданылған.

Көркем тіл құралдарын нашар түсінеді.

Сөз саптауы нақты емес, кейде түсінуге кедергі тудырады. Стилі толық сәйкес келмейді, жиі ауытқу байқалады.
 (тақырыбы, мақсаты, түрі, мазмұны, стилі мен жанры, тілі, көзделген аудиториясы)

1)       Екі мәтіннің ұқсастығы бірінші абзацта;

2)       екі мәтінді параллель түрде талдау екінші абзацта;

3)   салыстырмалы талдаудан шыққан қорытынды үшінші абзацта жазылады.

Көтерілген тақырып – мәтіннің проблемасы не, оқырман қандай маңызды сұраққа жауап алады, мәтін оқырманға не туралы ой салады;

Мазмұны – 3-4 сөйлеммен тек қана мәтіннің мазмұны жазылады; Автор көрсетеді, автор … деп айтады деп жазылмайды.

Мақсаты – автор мәтінді қандай мақсатпен жазып отыр, оқырманға нені жеткізгісі келеді, не айтқысы келеді;

Түрі – сипаттау (түр, түс, белгі, қасиет, теңеу, т.б.), пайымдау (дәлелдер ұсыну, тұжырым, түйінді ой), баяндау (ақпараттық дерек, фактілер, талдау, дәлелдеу жоқ);

Тілі – лексика (термин, кәсіби, көнерген, жаңа, тарихи сөздер, фразеологизмдер, мақал-мәтел, т.б.), грамматика (етістіктің шағы, жағы, етіс түрі, шылаулар; сөйлем түрлері: жай, құрмалас (салалас, сабақтас, жалғаулықты)). Аталған тілдік ерекшеліктерді автор мәтіндегі қандай ақпаратты жеткізу үшін қолданғанын талдап көрсету қажет.

Стилі, жанры  – неліктен осы стильде, осы жанрда жазылып тұр; Мыс., автор (мәтіндегі дерек…) мәселені (стильге тән белгі … / жанрға тән белгі …) бергендіктен, … стиль/жанр болып табылады.

Аудиториясы – қандай жастағы адамдар, қай саланың адамдары оқуы мүмкін, неге; қайда жариялануы мүмкін, неге?

ЖАЗЫЛЫМ

Балл Сипаттамасы
9-10 Тапсырманы орындау барысында шығармашылық танытады. Әсерді жақсарту үшін сәйкестендірілген құрылымды қолданады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдарын орынды қолданады. Ойын еркін әрі толық беруі өте әсерлі, негізгі идеяны астарлы оймен жеткізеді, техникалық қателер жібермейді.
 

7-8

Тапсырманы орындау барысында шығармашылық танытады. Құрылымы тапсырмаға толықтай сәйкес келеді. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдарын үйлесімді түрде қолданады. Ойын еркін әрі толық білдіруі тиісті әсер береді, негізгі идеяны бере білген, жіберілген

кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.

 

5-6

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдарын қолданады. Құрылымы негізінен тапсырмаға сәйкес келеді, бірақ толықтай үйлесімді емес. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның

қателер) жалпы әсерді бұзады.

 

3-4

Құрылымы    жүйесіз     немесе     анық    емес,     нақты     суреттеу    мен     қарама- қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді. Сөз саптауы нақты, жүйесіз

баяндалған, техникалық қателерді (шақтардың, бастауыш пен баяндауыштың байланыспауы, орфографиялық және пунктуациялық қателер) жиі жібереді.

 

1-2

Мазмұнға         қатысты        кейбір         мәселелерге          және        мағынасына

тоқталуға талпынады, бірақ мақсатқа толық сәйкес келмейді. Құрылымы сақталмаған немесе шашыраңқы, жүйесіз берілген. Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сөздер мен сөз тіркестері кейде орынсыз қолданылған, техникалық және құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен баяндауыштың байланыспауы, орфографиялық және пунктуациялық қателер) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.

 

Мақала жазу талаптары Эссе жазу талаптары
Құрылымы:

1)      Мақалаға ат қою керек. Мақала атауы қызықты болу керек. Қысқа да нұсқа болғаны жөн. Мақалада көтерілген мәселе мен мақала атауы өзара үндес болуы шарт. Публицистикалық, яғни газет-журнал мен сайтта берілетін, мақалаларда лид жазылады. Лид – оқырман назарын баурап алып, мақаланы оқуға деген ынтаны оятатын қарапайым әрі түсінікті ең алғашқы екі сөйлем.

2)      Кіріспеде мақаладағы мәселені бірден толық ашпайды. Оқырманды тақырыпқа қызықтыру үшін жалпы ойды баяндап, суреттеп бастайды.

3)      Негізгі бөлімде көпшілікке ортақ ой көтерілген тақырып ретінде қозғалады. Бір ғана нақты ойды дамыта түседі. Оқырманды аяғына дейін қызықтырып отыру керек. Ол үшін деректер, фактілер автордың ойын жеткізу құралы ретінде пайдаланылады. Бұл мақаладан оқырман қандай ақпарат ала алады, ол қаншалықты пайдалы болады?

4)      Қорытындыда шешім оқырманға ой тастау арқылы беріледі, яғни оқырман шешімді өзі шығарады.

Тілдік құрал:

Мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, дәйексөздер (цитата), афоризмдер (қанатты сөздер), көркемдегіш құралдар (теңеу, эпитет, метафора), эксперссивті-эмоционалды сөздер қолданылады.

 

Тілдік норма:

Үшінші жақтан жазылады. Ырықсыз етістер қолданылады. Субъективті пікірді білдіретін менің ойымша, біздің, қорытындылай келе, қорыта айтқанда сияқты тіркестер мүлдем қолданылмауы тиіс.

 

Стилі:

Стильдер араласып келеді: ғылыми мақалада да, публицистикалық мақалада да ақпараттық сипат басым болып келеді және екі стиль де қатар көрініс таба береді, тіпті проблемалық мақалаларда көркем әдебиет стилі де қолданылады. Риторикалық сұрақтар қойылып, оған жауап ұсыну арқылы жазылады.

Құрылымы:

1)      Берілген эссе тақырыбынан кілт сөз бен өзекті мәселені белгілеп алады.

2)      Кіріспеде бірінші кілт сөз арқылы тақырыпты ашатын сөйлем жазылады. Екіншіден, эссе тақырыбында белгілеп алған сөз тіркесі арқылы тақырыптың өзектілігіне тоқталады. Үшіншіден, аргументтік эсседе автор нақты позициясын көрсетеді, кейде оны тезис түрінде де бере алады. Әдеби эсседе (нақты бір көркем шығарма аясында) де, басқа да эссе түрлерінде міндетті түрде тезис берілуі керек. Төртіншіден, кіріспеде айтылған ойды қорытушы бір сөйлем немесе негізгі бөлімге өтетін бір сөйлем берілгені жөн.

3)      Негізгі бөлімде автор кіріспеде көрсеткен жеке ойы, яғни позициясын немесе тезисін дамытып жазады. Ол үшін пікір, аргумент (дәлел), мысал, қорытынды ой қағидасын қатаң сақтауы талап етіледі. Әрбір пікір дәлелі, мысалы, қорытынды ойын қоса жеке бір абзацта жазылуы тиіс. Егер авторда бірнеше пікір болса, санамалап береді, әсіресе аргументтік эсседе біріншіден, екіншіден деп келеді. Бірнеше ойды қатар дамыта алады, тек әрбір ойына қатысты дәлелін, мысалын ұсынуды ұмытпау қажет. Деректер кейде автордың пікірін дәлелдеу құралы ретінде де қолданылады. Негізгі бөлімде екі немесе одан да көп абзацтар берілсе, онда міндетті түрде барлық абзацтағы ойды қорытындылаушы сөйлем болуы қажет.

4)      Қорытынды бөлімде (қорытындылай келе, қорыта айтқанда, т.б. тіркесті қолдана отырып) ең бірінші, кіріспедегі позицияны не тезисті перифразамен қайта өңдеп жазғаны дұрыс. Бұл ойды жинақтайды. Сосын негізгі бөлімде айтылған пікірлерінен автор өз шешімін шығарады. Мәселені шешудің өз жолын, ұсынысын анық, нақты көрсетеді.

Тілдік құрал:

Мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, дәйексөздер (цитата), афоризмдер (қанатты сөздер), көркемдегіш құралдар (теңеу, эпитет, метафора), эксперссивті-эмоционалды сөздер қолданылады.

Тілдік норма:

Бірінші жақтан жазылады. Субъективті пікірді білдіретін менің ойымша, қорытындылай келе, қорыта айтқанда сияқты тіркестер қолданылады.

Стилі:

Тек публицистикалық стильде жазылады. Риторикалық сұрақтар қойылып, оған жауап ұсыну тәсілі қолданылмайды.

 

 

You May Also Like

Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келеді? эссе

Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келеді? Шәкәрім Құдайбердиев…

Қыс келбеті, эсселер

М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз. эссе

Артына өшпес рухани мол мұра қалдырған қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі…

My motherland, my Kazakhstan!!! эссе