Әрбір адам ұзақ және бақытты өмір сүруге армандайды. Сонымен бірге, біз осы мақсатты жүзеге асыру үшін барлық қажетті талаптарды орындап жүрміз бе? Күнделікті өмірімізді талдап көрсек, тіпті де олай емес. Жұрттың көпшілігі салауатты өмір сүруге тырыспайды. Сондықтан да адамдар денсаулығының жағдайы төмендей беретін сияқты.
Басты мәселе – адам денсаулығы ең маңызды және баға жетпес байлық болып саналады. «Денсаулық – зор байлық» дейтін халық даналағы да осы қағиданы дәлелдейді. Өйткені әрбір тұлғаның жан- жақты дамуы мен еңбекке қабілеттілігін оның денсаулығы ғана қамтамасыз ете алады. Денсаулығы жоқ адам өзін қоршаған ортаны танып игере де алмайды, бақыттын тауып, рақатты өмір де сүре алмайды. Белсенді түрде ұзақ өмір сүру – бұл әркімнің басты мақсаты болуы тиіс. Өкінішке орай, қазіргі кезде адамазаттың ғаламдық денсаулығы төмендеп бара жатқандай.
Бүгінгі адамдар жедел уақыт ырғағында өмір сүріп келеді. Сол себепті, олар түкке тұрмас нәрсеге ашуланып, жүйкелерін тоздырады. Сонымен қатар, замандастарымыз асығыс және ретсіз тамақтанады. Орынсыз ызаланып, ұйқысынан айрылады. Мұндай тұрмыстық өмір сүру жолы денсаулығын азайтып, қызмет бабында, оқу орынында және отбасында күрделі жәйттерге ұшыратады. Бұл үрдіс (тенденция) қазіргі кезде аға буынға да, орта буынға да, жас буынға да тән болып кетті. Әсіресе, біздің жастар мұндай жағдайды өте ауыр қабылдайды. Мектеп қабырғасынан кеше шыққан студенттер үшін жоғары оқу орындарындағы оқыту бағдарламасы аса күрделі болып көрінеді. Берілген тапсырмаларды орындау үшін бишара студент ақпарат көздерін табамын деп, таң атқанша оқу құралдарын ақтарып отыруға мәжбүр болады. Мұндай ізденіс үстінде денсаулық мәселесі туралы оның ойлауға да ұақыты жоқ. Шаршаған студент ұйқысын қуамын деп, кофе, немесе басқадай энергетикалық сусындарды өте көп пайдаланады. Әрине, мұндай жұмыс тәртібі кез келген студенттің басында бар. Ашып айтқанда, осының бәрі студент денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ, шектен асқан жұмысбастылықтан адам ашуланшақ болады. Оның жүйке жүйесі бірте-бірте тоза бастайды. Нәтижесінде, студенттердің жұмыс істеу қабілеті төмендейді. Адам ағзасы үйреншікті міндеттерін атқара алмайды. Студенттердің оқуға деген ықыласы да жоғалады.
Көпшлік жағдайда шектен тыс күйгелектік пен ашуланшақтық көпке белгілі темекі тарту әдетіне итереді. Шылым тарту – XXI ғасырдың есірткісі. Статистикалық деректер бойынша адамдардың көбісі темекі тартуды студенттік кездерінде бастайды. Өкінішке орай, дәл осы кезеңдер адам санасының әлі толық қалыптаса қоймаған кезеңі болып табылады.