Жастар жылының еліміз үшін маңызы зор

Еліміздің жастары – бұл Қазақстанның болашағы. Жастарымызды тәрбиелеп, оларға бағыт-бағдар беріп, нық тұруына қамқорлық танытсақ, бұл еліміздің болашағына, дамуына қосқан сүбелі үлесіміз болмақ.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылдың 5-қазандағы жолдауында биылғы 2019 жылын-Жастар жылы деп жариялау туралы айтып өтті.

Жастар қоғамның бір бөлігі ретінде маңызды рөл атқарады. Сондықтан жастардың жұмыспен қамтылуы, қалаған мамандықтары бойынша білім алуы мемлекетіміздің алдында тұрған мәселелердің бірі. Мемлекет жастарының білім алуы мен еңбек етуі үшін біздің елімізде көп істер тындырылуда. Жастар үшін көптеген бағдарламалар қабылданып, нәтижелі жұмыс істеуде.

Жоғары оқу орнын бітірген әрбір жас маман мемлекеттің қолдауына ие, ел үкіметінің арқасында еңбекке орналасып, баспаналы болып жатыр. Мен еліміздің жас өркені ретінде осы қабылданған бағдарламалардың жүзеге асуы қатты қызықтырады. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша қажетті мамандарға тапшы ауылдық жерлерге барып, сол елді мекеннің дамып, көркеюі үшін еңбек етеді, жаңа пікірлер, ойлар қалыптастырады.Жастар жылының бір пайдасы осы.

Білімді, тәрбиелі ұрпақтың негізі берік отбасы мен мектепте қаланады. Әсіресе бүгінгі оқушы, болашақ жастар білім алу арқылы, өмірінің көп бөлігін мектеп қабырғасында өткізеді. Сондықтанда мектеп бағдарламалары да болашақ еліміздің жастарына серпін беретіндей болғаны жөн деп есептеймін. Назарбаев зияткерлік мектебін көп оқушы мақтайды, сол мектепте білім алғысы келеді. Сондықтан Жастар жылының ашылуы кезінде осы мектептің оқу бағдарламасын басқа мектептерде енгізу туралы сөз қозғалды. Себебі біздің елімізде білімді, қандай да бір ғылыми жаңалықтар ашқысы келетін, әртүрлі ғылыми жобаларын ұсынып жүрген жастар көптеп саналады. Тек сол жастарға қолдау білдіру қажет.

2019 жылды Жастар жылы деп жариялануына байланысты ұйымдастырылған Жастар форумына ел президенті Н.Ә.Назарбаевпен бірге еліміздің түрлі саласында нәтижелі қызмет етіп жүрген жастар, шығармашылық адамдары, көп балалы жастар, жас кәсіпкерлер қатысты. Мені қатты қызықтырғаны еліміздегі  ең жас өнертапқыштардың бірі-Абзал Мырзаштың Жастар форумында Елбасына екі бірдей жобасын ұсынғаны. Жасы мен шамалас Абзалдың үлкен жетістерге жеткеніне қатты қуандым, біз сияқты еліміздің болашақ жас өркен –жастарына үлкен серпін берді деп есептеймін. Абзалдың ұсынған жобалары келесідей: біріншісі-әлемнің кез келген жерінен компьютердің стандартты ағылшын клавиатурасын пайдаланып, қазақша жазуға мүмкіндік беретін қазақ латын әліпбиі. Екінші жобасы-кириллицадан латын әліпбиіне аударатын конвертер бағдарлама. Бұл бағдарлама арқылы қазір кириллицадан латын графикасына  1 минутта 1200 ден астам кітап аударуға болады.

13 жастағы Абзал қазір Қазақ-Британ техникалық университеті ақпараттық технологиялар факультетінің 2 курсында оқиды.

Абзал алған бетінен таймай, мемлекеттің қолдауына ие болып отырса, әлі талай биік жетістіктерге жететініне кәміл сенемін.

Мен еліміздің болашақ жастарының бірі ретінде алға қойған үлкен мақсаттарыма қол жеткізгім келеді. Білімді де тәрбиелі оқушы ретінде мектебімді үздік аяқтап, медицина саласында жоғары білім алу үшін мемелекеттік грант ұтып алғым келеді. Ол үшін жалықпай еңбек ету керектігін білемін. Тынбай еңбектеніп, іздену арқылы адам денсаулығын жақсартудың, аурудың алдын алудың тың жолдарын іздеп табу ойымда бар.

You May Also Like

Тіл –халық тағдыры, эссе

1.Тіл –халық тағдыры.Эссе . Қазақ тілі – батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына…

Үштілділік- болашаққа нақты қадам, эссе

Үштілділік- болашаққа нақты қадам Әр ұлттың өзіне тән тілі, салт-дәстүрі, әдет ғұрпы,…

Әлеуметтік желінің тұтқыны эссе

Әлеуметтік желінің тұтқыны Әлеуметтік желі, ұялы телефон зиянды екенін еңбектеген баладан, қартайған…

Мектеп – кеме, білім – теңіз, эссе

Мектеп – кеме, білім – теңіз Адамның адамшылдығы.. жақсы ұстаздан болады. Абай…