Меркурий ғаламшары

Меркурий – Күнге ең жақын орналасқан планета. Аспанда Меркурийді байқау өте қиын. Ол көбінесе күннің сәулесіне жасырынып қалады. Атмосфераның болмауының салдарынан температурасы күрт өзгереді және бұлт болмайды. Планета күндіз қатты ыстық 400°С және түнде қатты суық 200°С. Меркурий орбитасы кіші юолғандықтан 88 күнде күнді толық айналып шығады. Бұл планетадағы күндік тәулік шамамен жердегі 176 тәулікке тең. Қазақтар Меркрийді «Кіші Шолпан» деп атайды.

Планетада атмосфера жоқ.  Меркурий – беткі қабатын кратерлер жапқан қатты шар. Меркурийдің беткі қабаты құлаған метеоридтерден пайда болған кратерлермен жабылған.

Меркурий  ежелгі римдіктердің құдайы болды. Оның қанатты аяқ киімі болғандықтан тез жүретін. Планета күннің айналасын, осы құдайдың құрметіне оның атын берген.

Меркурий туралы жалпы ақпарат 

Меркурий диаметрі 4880 км, массасы Жердің 0,056 массасындай. 1947 жылы наурыздың 29-да американ ғаламшараралық «Маринер-10» станциясымен 233000-нан 7340 км-ге дейінгі  қашықтықтан алынған суреттер болды. Суреттер арқылы оның Айға ұқсас екенін көрсетті. Кесекөлденеңдері бірнеше метрден 625 км-ге дейін жететін болып келеді. Кейде тарамдалған жарық сәулелері және орталық шағын таулары бар майда және ірі қазаншұңқырлар көрінеді. Сонымен қатар ұзыннан-ұзақ созылып жатқан (200 км-ге дейін) кең (10 км-ге дейін) алқаптар. Жарылған жерлер биіктігі 2-3 км, ұзындығы жүздеген км ірі құламалар төбелері мен биіктігі 4 км-ге жетеді.

Кейбір қазаншұңқырлардың түптері қатып қалған лавамен көмілген, ондайлар тау қияларында да кездеседі. Кейбір жерінде қатқан қалың лава ағындарынан тау шыңдары қылтиып көрінеді. Ірі қазаншұңқырлардан жан-жаққа тараған жарық сәулелер, шамасы, Айдағы сияқты майда қазаншұңқырлардың жиі орналасақан.Тізбегі мен олардың айналасында шашылып жатқан майда дән тәрізді заттар болуы керек. 

Меркурий Күнге ең жақын ғаламшар 

Ғаламшардың қарайған аймақтары қуаң дала деп аталған және оларға Гермес жөніндегі ежелгі грек мифологиясындағы есімдермен байланысты. Меркурий — рим мифологиясы бойынша аталған. Афродита қуаң даласы, Атлант қуаң даласы, Гермес қуаң даласы және т.б. деп ат қойылған. Ай теңізіне ұқсайтын дөңгелек пішінді жеті ойпат тегістік деп аталады. Олардың алтауының көлемдері 600 км-ден 980 км-ге дейін, ал жетіншісінікі — 1300 км-ге жетеді.Ол Аптап жазығы делінеді. Өйткені Күн сәулесінің неғұрлым күшті қыздыратын аймағында орналасқан.

Халықаралық келісім бойынша Меркурийдегі ірі қазаншұңқырларға гуманитарлық ғылым мен өнер саласына еңбек сіңірген қайраткерлердің есімдері берілген.Олардың ішінде Лермонтов, Низами, Пушкин, Репин, Чайковский, Чехов, Шевченко және басқа есімдері бар.

Ғаламшар фазаларының анық ажыратылуы,бет-бедері мен таулары көлеңкесінің анық та айқын көрінуі Меркурийде атмосфераның жоқтығын дәлелдейді.Жерден жасалған радиолокациялық бақылау Меркурийдің ілгері қарайғы бағытта P = 58,65 жер тәулігі мезгілінде бір айналып шығатынын тұжырымдады. Бұл оның Күн төңірегіндегі айналым мерзімінің дәл үштен екісіне тең. Ғаламшардың айналу мерзімі оның жұлдыздық тәулігінің ұзақтығын көрсетеді. Ол күндік тәуліктен күн мен түннің ұзақтығынан немесе екі талтүс аралығындағы уақыттан әжептеуір өзгеше.

Ұзақ күнде ғаламшардың экваторлық аймағының беті 480 С-қа дейін, ал қоңыржай аймағында — 340 С-қа дейін қызады. Түнде ғаламшар беті — 180 С-қа дейін суиды.

Меркурийдегі магнит өрісі Жердікінен 150 есе аз екені анықталды. Магнит өрісінің болуы ғаламшардың орташа тығыздығымен астаса отырып, онда тығыз темір ядросының бар екенін дәлелдейді. Оның кесекөлденеңі ғаламшардың 0,75 диаметріндей. Яғни 3660 км шамасында. Ғаламшар қыртысының қалыңдығы 600 км-ге жақын. Ғаламшар радиосәулесі көп емес.

Меркурий ғаламшары жайлы сандық деректер:

Үлкен жарты ось – 57 909 068 км

Орбиталық эксцентриситет – 0,20530294

Синодтық кезең – 115,88 күн

Орбиталық жылдамдығы – 47,87 км/с

Орташа аномалі – 174,795884°

Алға құлауы – 3,38° (о. с. э.)

Бойлық шығыс торабы – 48,330541°

Серігі – жоқ

Физикалық сипаттамалары

Орташа радиусы – 2439,7 ± 1,0 км

Бетінің ауданы – 7,ос 48Ч107

Қысу < 0,0006

Көлемі 6,ос 083Ч1010

Массасы 3,3022Ч1023 кг

Орташа тығыздығы 5,427 г/смі

Экватордағы ауырлық күші 3,7 м/сІ

Екінші ғарыштық жылдамдық 4,25 км/с

Айналу кезеңі (өз осінің айналасында) 58,646 күн

Айналу жылдамдығы на экваторе 10,892 км/сағ.

Көлбеу айналу осі планетаның 0,01°

Төмен түсу 61,45°

Температура

Ең Төменгі 100 К (-173 °C)

Орта 340 (67 °C)

Максималды 700 (427 °C)

Атмосфераның құрамы

31,7 % Калий

24,9 % Натрий

9,5 %, Оттегі

7,0 % Аргон

5,9 % Гелий

5,6 %, Оттегі.

5,2 % Азот

3,6 % Көмірқышқыл газы

3,4 % Су

3,2 % Сутегі

Еуропалық-жапон аппараты Меркурий ғаламшарын зерттеу үшін сапарға аттанған.  Бірлескен құрал француз Гвианасындағы ғарыш айлағынан ұшырылды. Ол Күн жүйесіндегі аз зерттелген әрі ең кіші ғаламшарға жету үшін 7 жыл үзіліссіз ұшып, 9 триллион шақырым жол жүруі тиіс. Ал ұзақ сапар барысында Жерді бір рет, Шолпанды 2 мәрте, ал Меркурийді 6 рет айналып өтуі керек. 2026 жылы белгілі жерге жеткен соң алдымен ғаламшардың магниттік өрісін зерттеу үшін жапон зондын жібереді. Содан кейін өзге мәліметтерді тексеруге еуропалық құрал кіріседі» – деген мәліметтер бар.

You May Also Like

С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасау, эссе

С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни…

Бүгінгі бақытты балалық шақ – ертеңгі қуатты Қазақстан ! эссе

Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шағымызды өткізіп жатырмыз. Ата – бабаларымыз…

Мамандығым – мәртебем, эссе

«Мамандығым – мәртебем!» «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен…

Сепсис. Клиникалық көрінісі, диагностикасы, емдеу әдістері. Бет тамырының медиастениті, тромбофлебиты. Клиникалық көрінісі,диагностикасы, емдеу әдістері, ЭССЕ

Сепсис. Клиникалық көрінісі, диагностикасы, емдеу әдістері. Бет тамырының медиастениті, тромбофлебиты. Клиникалық көрінісі,диагностикасы,…