Аялаған,Астана.

Қазақстан – менің Отаным, өз елім. Мен Отанымды мақтанышпен айта аламын. Қазақстанда әдемі, көрікті қалалар, ауылдар өте көп. Атап айтқанда біздің бас қаламыз Астана – көркіне көз сүріндіретін, заманауи қала. Әртүрлі мәдени орындар бар. Екінші атап өткім келетін қала – Алматы. Бұл қалада әдемі, мәдени орындарға бай. Алып таулары, саябақтары, ойын алаңдары еріксіз өзіне баурап алады. Отанымның тағы да әсем қалалары өте көп. Мұнайлы Маңғыстау, көмірлі Қарағанды, ақ күріші мен мақтасы мол Қызылорда мұның бәрі Отанымның мақтанышы. Қазақстанымның кең дала төсінде қаптаған малы, алтын астық дәні бар. Табиғаты жағынан жер жәннәті деп айтсам да қателеспеспін.
Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Қазақ халқының мәдени мұрасы өте бай. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді. Мұндағы тұратын халықтар бір -бірімен тату, қонақжай.
Мен осындай өркениетті дамыған елде тұрып  жатқаныма қуанамын. Міне, біздің жеріміз осындай кең, сұлу, жомарт. Мен Отанымды құрметтеп, аялап өту үшін жақсы оқып, еңбек етуге тырысамын. Мен Отанымды сүйемін. Қазақ болып туылғаныма және өз Отаныма оралғаныма қуанамын. Қазақстан мәңгі жасасын, еліміз аман,Біздің Отанымыз тыныш болса екен деген тілектемін.

Астана-Қазақстанның елордасы.Ол Есіл өзенінің бойында орналасқан.Астана қаласы бір мың тоғыз жүз тоқсан жетінші жылы Қазақстанның астанасы болып жарияланды.Мұнда көптеген ғимараттар,саябақтар бар.Астананың жанында Қорғалжын қорығы орналасқан.Осы қысқа уақыттың ішінде Астана гүлденген,дамып жатқан қала болды.                                                                      1998 жылы 6 мамырда – еліміз президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусымнан- жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті. Содан бері осы күн Астана  қаласының туған күні ретінде мерекеленеді. «Аялаған,Астана» – деп  айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына  қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың  ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға  егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп  жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылындасыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.

Астана – Қазақ елі болашағының каласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың құрылысы – жас мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған кұбылыс. Ғасырлар бойғы бабалар арманын іске асырып, бас-аяғы төрт-бес жыл да Астана салған мемлекет тарихта болған емес. Адамзат тарихында астанасын жаңғыртқан мемлекеттер жетерлік. Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыкка өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастыктың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойынды ерекше бір асқақ азаматгық сезім билейді. Бұны көру, сезіну де бір бақыт, мандайға біткен бақ емес пе?

Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі – Астанамыз да елдігіміздің жаңа бетгерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман кала – жас қаламыз – өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда. Қазақстан елі мәңгі жасасын, еліміз аман,жұртымыз шыныш болсы деп тілеймін.

You May Also Like

І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жақтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па? эссе

Жаңа әдебиеттің негізгі идеясын қабылдап, оны жырлауға құлшыныс білдірген ақынның бірі –…

Менің туған жерім, эссе

Менің туған жерім «Сенде көктем,сенде алма ағаш гүлі бар, Аспанында аяулы   елдің…

Сүйінбай мен Қатаған айтысы, эссе

«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеулердің көркемдік…

Менің сүйікті ұстазым, эссе