«Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат»                                                                       

                                                                                  М. Хакімжанова 

І. Кіріспе

Табиғаттағы су. 

Жер бетіндегі ең көп таралған зат – су. Глобусқа қарасаң Жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол – су: мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер. Су – табиғат байлығы.  Тіршіліктің қайнар көзі. Судың тағы бір кереметі ол Жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі.

Табиғатта су сұйық, қатты және газ тәріздес – бу күйінде кездеседі. Егер күн салқындап, температура 0 оС  – тан төмен түссе, су сұйық күйден қатты күйге, яғни қар мен мұзға айналады. Кішкене табақшаға су құйып, бетін ашық қалдырсаң, бірнеше күннен кейін оның босап қалғанын көресің. Табақшадағы су қайда кетті? Ол із-түзсіз жоғалып кеткен жоқ, бір күйден екінші күйге ауысты. Сұйық күйден бу күйіне өтіп, ауамен араласты.

Өсімдік топырақтағы қоректік заттарды суда еріген ерітінді күйінде ғана сіңіре алады. Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Адам, өсімдіктер мен жануарлар да сусыз тіршілік ете алмайды.

Су – тіршілік көзі. Сусыз  тіршілік ететін ағза кездеспейді. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Сондықтан ағзалар денесі 50-ден 90 пайызына дейін судан тұрады. Адам ағзасының бүкіл салмағының жартысынан көбі судың үлесіне тиеді. Ол қанның, ас қорытатын сөлдің, сілекейдің құрамында бар.  Салмағы  70 кг адамның  денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17 кг кемісе, адам халі нашарлайды. Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады. Күн сәулесі қызуынан мұхит, теңіз, көл суы буланып, ауа қабатына барады. Ал өмірде, тіршілікте суды таза күйінде пайдалану үшін сүзгіш құрылғы орнату керек. 

ІІ. Зерттеу бөлімі

2.1. Судың қасиеті

Кейде судың түсін ақ дейді. Солай ма? Оны білу үшін бірнеше тәжірибе жасап көрелік.

  • тәжірибе. Шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құй. Екеуін салыстыр. Сүт – ақ, ал су – түссіз. Таза суды аз мөлшерде алссаң, түссіз. Ал өзен, көл суларының түсі әр түрлі болады.

Су – мөлдір. Оны анықтап көрейік.

2- тәжірибе. Екі стаканның біреуіне сүт, біреуіне су құй. Олардың ішіне қасық сал. Қайсысындағы қасық анық көрінеді. Неге?

Бұл тәжірибеден судың қандай қасиетін байқадың?

Суды иіскеп көр. Иісі жоқ. Олай болса, су түссіз, мөлдір, иісссіз.

3-тәжірибе.   Бірнеше ыдысқа: кесеге, шыныға, стақанға су құй. Осы ыдыстардағы судың пішініне қара. Су қандай пішінге ие болды? Әрбір құйылған ыдыстың дәл өзіндей емес пе? Олай болса, суда тұрақты пішін болмайды. Ол құйылған ыдыстың пішінін алады.

Суды кез келген беті тегіс нәрсеге құйып көр. Ол жан-жағына аға бастайды, себебі ол сұйық. Аққан су түгел жоқ болып кетті ме? Оның орнында дымқыл, сулы із қалды. Су жұғады екен. Бірақ артынша ол да жоқ болады. Кеуіп кетеді. Кез келген затты суға малып алсаң, ол су-су болып шығады. Су жабысқақ. Тасты суға салып ал. Ол да су болып шығады. Жуылған киімді далаға жаяды. Ол біраздан кейін кебеді. Оның бойындағы су қайда кетті? Күн көзі жылуынан су буға айналды. Бу ауаға араласты. Жазда шомылып рахаттанған өзеннің қыста қандай пайдасын көресің? Қыста оның үстінен конькимен сырғанайсың. Бұл мұз қайдан пайда болды? Қысқы суықта су қатып, мұзға айналды.

Су кристалдарында үздіксіз қозғалыс болып жатады. Су толық қатпаған кезде жіңішке «құбырларда» өсімдік сабағы немесе тірі ағзалардағыдай циркуляция орнығады. Әрбір кристалдың өмірі ұзарған сайын, адамның «өмір шырыны» мен жақындығы артады. Адам ағзасына ең пайдалы су – осы. Зерттеулер көрсеткендей жас сәбилер мен жануарлар төлдерінің жасушаларындағы судың құрылымы тіпті ерекше. Егер де 20 мың есе ұлғайтатын микроскоппен қарасақ, қар ұлпасына ұқсас құрылымды көруге болады. Бұл су кластер деп аталады. Ол өте күшті емдік қасиетке ие; жасушалардан токсиндерді шығарады, қартаюды тежейді, т.б.

2.2.  Судың адам өміріндегі маңызы.

Су – керемет, сирек кездесетiн минерал! Ол қатты, сұйық және газ сияқты күйде болатын жалғыз минералдардын бірі. Су – жақсы энергия ақпараттық сақтаушыларының бiрi. Ол адам бойындағы энергияны өзіне сіңріп алатындығы ғылыммен дәлелденді. Барлық малдар және өсiмдiктер, жанды заттар сулардан тұрады: малдар – 75%ке, балық – 75%ке, медуза – 99%ке, картоп – 76%ке, алмалар – 85%ке, қызанақтар – 90%ке, қиярлар – 95%ке, қарбыздар – 96%ке. Адам организм 86% судан тұрады. Су мөлшерi әр түрлi мүшеде, әр түрлі көлемде болады: бауыр – 69%ке дейiн бұлшық еттер – 70%ке дейiн, ми – 75%ке дейiн, бүйректер – 82%ке дейiн, қан – 85% ке дейiн.
Адам баласының бас экологиялық мәселелерi:

  1. экологиялық таза азықтар жоқ
  2. төмен сапалы ауыз сулар, тұрғынның денсаулық жағдайының негiзгi белгiсi,
  3. дәрiгерлiк және әлеуметтiк сипаттың мәселелерiнiң аласа шешiмi.

85% барлық аурулардың әлемiнде сумен берiледi. Жыл сайын 25 миллион адам сумен тараланатын аурулардан өледі. Адам күнделікті өмірде суды пайдаланады. Ол iшу және азық үшiн оны қолданады, жуыну үшiн, қыстыгүнi – жылыту үшiн.
Бiз судан 80%ке тұрамыз. Су – бiздiң дене құрастырылған бас материал.
Суы адамы үшiн алмастырылмайтын, темiр, газ, көмiр, мұнайға қарағанда бағалырақ жаратылыс байлығы болып табылады.
Адам судан тұрады, сондықтан адам әрекеті суға бағдарланатын жүйені береді; кез-келген сыртқы факторлар, оның ішінде адамдардың бір-бірімен сөйлесуі, ағзадағы сұйық орта құрылымының биохимиялық және құрылымдық өзгеруіне әкеледі. Бұл өзгеріс жасуша деңгейінде жүреді, тіпті ДНК-ның молекулалары бұзылуы да осыған байланысты. Бұл дегеніміз, кез-келген ағзадағы судың молекулалық деңгейінде сақталған жеке бағдарламаның бұзылуы-болашақтағы барлық аурулардың көзі және шығуының нақты себебі. Біз сулы орта арқылы бір-бірімізге оймен, сөзбен, сезіммен әсер ете аламыз. Біз өзімізді және қоршаған ортаны бағдарлауға қабілеттіміз.         Күрт шаршау, себепсіз ашулану, бұзылған көңіл-күй, тіпті көптеген аурулар кері энергоинформациялық әсер береді. Бұл ғылыми тілде психология тәрбиелемекші болып жүрген жанның ауруы. Адам қоғамының әкелгені сол, жұқпалы аурулардың 80 пайызының туу себебі судан деп есептеледі. Өкініштісі, біз табиғаттың тегін тарту етіп жатқан байлығына немқұрайды қараймыз. Жалпы энергоинформациялық ортаның ластануы су құрылымын өзгертетіндіктен, біздің өмірімізге теріс әсер етеді. Бірде әлемде дүрліктірген мынадай оқиға болды, теңіздердегі киттер мен дельфиндер жағаға шығып қалады, су ешқандай өзгеріске ұшырамаған. Ақыры барлық іс мынаған келіп тірелді: қандай да бір сыртқы факторлар әсерінен судың құрамы өзгермесе де, құрылымы өзгереді.

2.3. Судың емдік қаситтері

Адам организмдағы судын пайдалылығы:

  1. Энергия айналымын өзгертуге көмектеседі,
  2. организмға нәрлi затты сiңiруге көмектеседi,
  3. тыныс үшiн оттектi дымдайды
  4. дене ыстығын реттейдi
  5. зат алмасуда қатысады
  6. тiршiлiк маңызды органдарды қорғайды
  7. буындар жағады
  8. организмнан әр түрлi қалдықтарын шығарады

Микроскоппен қанның көп жылдық зерттеулерi организмның құрғатуы, сусыздануы және қанның келесi ашуы қазiргi ауруларды көпшiлiктiң себеі екені дәлелденді. Су буындарды тазарту үшiн қажеттi, барлық органдар мен жүйелер құрылысын маңызды болып келеді  Бiздiң өмiр барлық процесс – бұл кеуiп кетудi процесс: сақтаудың парыздың жанында кез келген көкөнiс және жемiс өз сырт пiшiнi жоғалтатын адам тыржиған да қағырланады. Омыртқаның остеохондрозы – ғажайып мысал, кеуiп қалу омыртқа аралық дисктiң сүйек нәзiк пластинкасының құрғақ сүйекке айналуы.Судағы ересек адамның тәулiктiк қажеттiгi – дене салмақты 1 кг-ға 30-40 грамм. Судағы организмның күн сайынғы қажеттiгi 40% шақты азықпен қанағаттанады, бiз өңге әр түрлi сусындардың түрiнде қабылдауымыз керек. 50% шақтыдан нанда ботқалардағы 80% суға дейiн болатынын көңiл қоймастай емес, етте – 58-67%, көкөнiстер және жемiстердегi – 90% суға дейiн, яғни қурап қалған тағам судаң тұрады.
Адам күніне суды 1, 5-2 литр жоғалтады. Демек соншама оған су iшуi керек.Сонымен қатар суды тек қайнаған түрде ішу керек. Өйткені суда әр түлі зиянды микроорганизмдер болуы мүмкін.

2.4. Судың зерттелуі

1956 жыл. Оңтүстік – Шығыс Азиядағы жаппай қырып жою қаруын жобалау мен жасау әскери институтының жабық зертханасы. Жаңа заманғы бактериялық қару туралы бірнеше сағаттық ғалымдар отырысы басталады. Кенеттен отырыс тоқтатылып, ғалымдар тамақтан улану белгісімен ауруханаға әкетіледі. Уланудың себебін анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізіледі. Ал ғалымдардың ортақ ішкен асы отырыстағы үстел үстіндегі қарапайым ауыз су болды. Осылайша сараптама судың құрамын зерттеумен жүргізілді. Оның құрамы қарапайым Н2О. Бірақ судан басқа себебі анықталмаған қорытынды сараптамаға улану «ауыз судан» деп жазылды. «Нақты белгілі нәрсе – су орта таза немесе лас болсын, тұнық, бейбіт су мен «ашулы», күшті су оны ерекше құбылыстар қатарына қосады. Су ойлай алатын, барлық ғаламмен алмасушы ретінде көрінеді және оның адамзат үшін маңызды жақтары көп. Су бәрімізді өз-өзімізге терең үңілуіміз керектігін ескертеді. Біз өзімізді су айнасы арқылы қарасақ, мәлімет өзі-ақ анықталып, барлық нәрсе бойынша қайта ойлансақ рухани қайта туу болады» – деп айтқан қазақтың данышпаны Ш.Құдайбердіұлы.

  • Ресейдегі Мәскеу мемлекеттік университетінің биология факультетінің профессоры, ғылым докторы Владимир Воейков осыған қатысты былай дейді: «Міне, біз жаңа ғана ғылымда орасан батыл қадам жасадық. Біз шындығында суды білеміз деп жүріп, ол туралы түк білмейтіндігімізді түсіндік. Иә, осыны мойындаудың өзі үлкен ерлік, өйткені бұдан кейін адам бойында білуге деген құштарлық пайда болады».
  • Орыс ғалымы А.Одоевский «Европа рационализмі бізді ақиқаттың қақпасына ғана алып келді, бірақ ол қақпаны ашуға қауқары жоқ екенін көрсетті» деген тұщымды пікір айтады.
  • Жапон ғалымы доктор Эмото Масару судың тамшыларын қатырып, фотокамералы өте күшті микроскоппен қарап, зерттеді.
  • Әлем бойынша «Судың жады» тақырыбындағы тұңғыш диссертацияны Ресейлік ғалым С.В.Зенин қорғады. Осы уақытқа дейін судың ұзақ уақыт бойы бір құрылымды түзуі мүмкін емес деген ұстаным үстем болып келді.

                                    2.4.  Су – тіршілік тірегі
Әйтсе де, сыртқы ортаны, суды, ауаны қорғауға заңды түрде шара қолданбайтын бірде-бір мемлекет жоқ. Тіпті теңіз суын қорғау зиянды заттарды шығарудың технологиясын реттеу және қалдықтарды барынша азайту жөнінде халықаралық келісімде жасалған.Бұл шаралар бұлжытпай іске асыру да керек етеді, себебі ауаның, судың топырақтың ластануы ең ақырғы шегіне жетті. Әсіресе бұл проблема халық өте жиі орналасқан өндірістік аудандарда тым үлкен орын алып отыр. Улы заттар бұл орындардан өзен суларымен, теңіз ағыстары және жел арқылы мындаған километр алшақ орналасқан аймақгарға тарап, жер шарының алыс түпкірлерінс қауіп тудырады. Кейінгі жылдарда ластайтын қалдықтардың кәдімгі түрлеріне жерді радиоактивтік заттардың улау қаупі қосылды. Ал оның зиянды әсерлері жердің тек белгілі аймағымен ғана шектелмейді.
Судың ластануына әсіресе өнеркәсіп қалдықтарының қосылуы аса қауіпті. Қалддықтардың химиялық құрамының әр түрлі болуына сәйкес, олардың тигізер әсеріде әр түрлі. Мысалы, мұнай өңдеуден шыққан қалдықтар су бетін үлкен қабықпен жауып, оттектің алмасуын қиындатады. Үй тұрмысында және өнеркөсіпте өте көп мөлшерде қолданылатын синтетикалық детергенттер деп аталатын жууға қолданылатын заттардың әсері де мұнай қалдықтарымен бір бағыттас.Сондай-ақ ол судың оттек бойына сіңіру қабілетін төмендетеді және органикалық заттары ыдырататын бактерияларды құртып, балықтарды улайды. Өңдеу кезінде бөлінетін басқа да өнеркәсіп қалдықтары, мысалы, мырыш, мыс, қорғасынның әр түрлі тұздары мен көмірді кокестеу кезінде пайда болатын фенол, цианидтер негіз ретінде әсер етеді. Енді біреулері (қыш-қылдар мен негіздер) судың электролиттік қасиетімен пайдалы және зиянды микроорганизм-дердің ара қатынасын өзгертеді. Бұл заттардың қайсысы болса да суда бұрын болмаған (немесе аз мөлшерде ғана кездесетін) бейтаныс қосындылар. Сондықтан да олардың ыдырауы суда өмір сүретін организмдерге қауіпті. Суға түскен органикалық заттардың ыдырауы ең алдымен аэробтық (оттекпен тыныс алатын) микроорганизмдердің қаты-суымен жүреді. Бұл ретте көбіне зиянсыз қарапайым заттар тү-зіледі. Әрине бұл процесс органикалық қоспалар белгілі мөлшерде түскенде ғана қалыпты жүретіні белгілі. Суды ластайтын заттардың көлемі артқан сайын оны ыдыратуға өтс көп мөлшерде оттек жұмсалады. Бұл оттектің судағы концентрациясын азайтады және сондай-ақ, ыдырау процесін оттексіз жүргізетін анаэробтық микроорганизмдердің санының артуына жағдай жасайды. Бүл жағдайда түзілетін заттардың сапасы бөлек. Онда метан, аминдер, күкірт және фосфор улы қосындылары пайда болып, су саси бастайды. Оттектің азаюы мен улы қосындылардың көбеюі бірінші кезекте балықтардың қырылуына, онан кейін су өсімдіктердің силеуіне әкеп соғады. Сөйтіп, бұл тіршілік ортасы су біртіндеп кедейленеді.
Ең ақырында судың ластануының зардаптарын адамның өзі және оның шаруашылық қажеттері тартады. Әзірде тұщы су қорының басты көзі өзен болып есептеледі. Ал оларды органикалық және минералдық қоспалардан тазарту өте қиын және қымбатқа түсетін іс. Осы ретте адамның денсаулығына келетін қауіп мөлшері үлкен. Себебі ең соңғы техникалық жетістіктерге негізделген тазарту системалары да суда кездесетін кейбір зат-тардан толықтай тазартады деп айту қиын.
Судың ластануы өнеркәсіп салаларына да үлкен зиян келтіреді. Онда кейбір химиялық заттардың көп болуы суды сүзу қондырмаларына, химия, қағаз жасау және тамақ өнеркәсіптеріне пайдалануға жарамсыз етеді. Сондықтан да мұндай сулар алдымен қосымша өндеуден өтіп, өнеркәсіпке пайдаланылады да, артынан оған тағы да бірнеше улы заттар (жаңа технология негізінде) қосылып, өзенге жіберіледі.
Тұщы судың ластануы қоғам алдында тұрған үлкен проблема. Оның зардаптарының тіршілік үшін және адамның өз денсаулығы үшін қаншама ауыр жүк екенін түсіндірудің қажеті жоқ. Сондықтан да қазірде барлық елдерде суды тазарту мәсслесі бірінші басты проблема ретінде саналады. Ал қазақ жеріндегі суларды тазарту проблемасы зор роль атқарады.
Өнеркәсіп қалдықтарымен теңіз сулары да қатты ластануда: негізінен алғанда ол әр түрлі қалдықтарды көметін орынға айналған. Әрине, теңізге түсетін заттардың көлемінен теңіздердің көлемі әлде неше есе артық, онда жүретін физикалық және биохимиялық процестердің нәтижесінде бұл заттар тез арада зиянсыз қалыпқа өзгереді деп айта алмаймыз. Бірақ кейбір теңіз аймақтарының, әсіресе, құрлық жағалауларының қайта ластануы үлкеи зиян келтіретіні белгілі.
Мысалы, Солтүстік Америка мен Европаның әйгілі жаға-жайлары (пляждары) жағалауға жақын орналасқан қалалардың қоқсықтармен ластанатыны белгілі болды.
Теңіз суларының ластануы сонымен бірге суда тіршілік ететін организмдердің ара қатнастарын бұзып, зиянды түрлердің көбеюіне жол ашады. Өзеннің құйылар ағысында улы заттардың артуы тұщы суға уылдырық шашуға шығатын балықтардың көтерілуіне кедергі жасайды.
Егер басқа химиялык заттар теңіз суларында біраздан кейін тазаланады деуге болады, ал басқа қалдықтардын, биологиялық жолмен тазалануы мүмкін емес. Өйткені ластанған суларға қо-сындыларды ыдырататын микроорганизмдер қырылып қалады. Жоғарыда ескерткендей мұнай су бетін үлпек қабықпсн жауып, ауа жібермейді және өте жай ыдырайды. Осы себепті ол барлық мемлекеттерді де ойландыратын ірі мәселеге айналды. Осы уақытта сол үшін танкерлерді жууға жуындыны жағалаудан 50 миль жақынға тегуге тиім салынған. Әйтседе, жағалаулардың ластануы жылдан-жылға артып келсді, себебі мұнай көбіршіктері әдетте толқындармен жағалауға жиналады және кейінгі уақытта мұнай тасымалдау қисапсыз көп мөлшерде өсіп кетті.
Теңіз суларын мұнай қалдықтарымен ластауда негізгі рөлді танкерлер атқарады. Қалдықтар суға кеме резервуарларын жуғанда немесе олар апатқа ұшырағанда қүйылады, әсіресе, ірі танкерлердан күйреуі аса қауіпті. Бұл уақытта суға 200—300 мың тоннадай мұнай өнімдері теңіз суларына ақтарылып, орасан зор алқапқа жайылады. Оның әсері барлық тірі организмдерге бірден қауіпті.
Мұнай қалдықтарынан әсіресе құстар ауыр зардап шегеді. Мұнаймен ластанған суға қонғанда, олардың қауырсындары майланып, жылу ұстайтын және су жұқтырмайтын қасиетін
жоғалтады. Осының нәтижесінде тері астына қан үийды да өліп қалады, Судың мұнай мен ластануынан жылына қаншама құстар қырьшатынын есептеп шығу мүмкін емес. Себебі, олардын көбі ашық теңіздердің үстінде қырылып қалады. Мұның қаншалықты қауіпті екенін мынадан көруге болады. Мысалы, 1996 жылы Ньюфаулендте әрбір миль жағалауда 464 каир өліктері табылған. Егер бұл санға осы себептен өлген тағы басқа он бір түрлі құстардың өліктерін қоса есептесе, бұл шама тағы да бірнеше есе өскен болар еді. Осындай жағдай Атлантика мұхтының екі жағалауында жиі кездеседі, себебі оны көптеген құстар қыста қоныс етеді. Теңіз суының мұнай қалдықтарьшен ластануы суда өмір сүретін сүтқоректілерге де үлкен әсср еді. әсіресе, бұл теңіз қамшатының өміріне тікелей қатынасты. Бұл аңның терісі дүние жүзінде жоғары бағаланады. Біздің қазақ жеріңде бұл аң көп мөлшерде кездеседі. Бірақ оны қалай болса, солай аулауға тиым салынған. Су бетін үлпек жұқа көбікшемен жабатын мұнай қалдықтары микроорганизмдер мен кішірек жәндіктердің де тіршілік негізін, күрт өзгертіп жібереді. Олар түгелдей қырылып қалады.
Теңіз суының мұнай қалдықтары мен былғануы адамға да тікелей қауіпті. Мысалы, осы уақытта асқа пайдаланылатын устрица және моллюскалар денелеріндс рак ауруын туғызатын бензприн сияқты улы заттар жиналатыны белгілі болып отыр. Бұл заттың моллюскалар денесіне қалай жиналатыны туралы биология ғылымдарында белгілі ғылыми деректер осы күнге дейін жоқ. Бірақ, жорамал ретінде оның моллюскалардың денесіне бензприннің жиналу себебі қоректік заттар арқылы келуі мүмкін. Мысалы, су түбіндегі тұнбада мұнай қалдықтарынан пайда болған көптеген қосылыстар бар екені анықталып отыр. Олармен моллюскалар қоректенуі мүмкін. Мұнай қалдықтарының зиянды әрекеттерін болдырмайтын қандай шаралар бар? 1954 жылы Лондонда кемелерді жуған суды шектелген жерден тыс төгуге тиым салған халықаралық келісім шарт жасалынады.
Теңіздегі тіршілік иелерінің байырғы қатынасын сақтаудың басты шарты теңізге ешқандай мұнай жуындыларын төкпеу ғана болуы мүмкін.

Жалпы планетарлық деңгейде су сарқылмайтын ресурстарға жатады. Өйткені оның жалпы планетадағы мөлшері мұхит, атмосфера және құрылықта үнемі жүріп отыратын су айналымы нәтижесінде толықтырылып отырады. Су планетамыздың 70,8% бөлігін алып жатыр. Бүкіл су қорының 97% Әлемдік мұхиттың үлесіне тиеді. Тұщы сулардың көпшілігі (70%) қар және мұздықтар түрінде. Жер асты сулардың еншісіне тұщы су қорларының 23% тиеді.
Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі ластаушылармен: пестицидтермен және химикаттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Өнеркәсіпті елдерде су айдындары мен су қоймаларының ластануы күннен-күнге артуда. Мұхиттардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы бүкіл дүние жүзінде мұнай өнімдерін көптеп қолдануға байланысты болып отыр. Осының әсерінен теңіз шельфтерінде мұнай өндіру, танкерлік флот дамуда. Мұнай өндіру және оны тасымалдау кезінде, құбырларда жиі авариялар болып нәтижесінде мұхит бетінде мұнайлы дақтар жүздеген, мындаған километр жерді ластайды. Су ресурстарына және ондағы тіршілік иелеріне теріс әсер ететін заттардың бірі, өнеркәсіп орындарынан бөлінетін улы органикалық заттар. Мұндай улы заттар өнеркәсіп орындарында, транспортта, коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта кеңінен қолданылуда. Ағын сулардағы бұл заттардың мөлшері әдетте 5-15 мг/л-ді құрайды. Ал осы заттардың шекті мөлшері бар болғаны 0,1 мг/л-ді құрайды. Басқа ластаушылардан: металдарды (сынап, қорғасын, мыс, марганец, қалайы, мырыш, хром), радиоактивті элементтерді, ауыл шаруашылығы егіс алқаптарынан және мал шаруашылығы фермаларынан түсетін улы химикаттарды атауға болады. Металдардың ішінен су қоры үшін ең қауіптісі сынап, қорғасын және олардың қосылыстары. Су қорларының ластануының бір түрі – жылулы ластану. Өнеркәсіп орындары, электр станциялары су айдынына жылы суларды жиі төгеді. Бұл өз кезегінде су температурасының көтерілуіне алып келеді. Судың температурасы көтерілгенде онда оттегі мөлшері азайып, судағы лас қосылыстардың улылығы арта түседі де биологиялық тепе-теңділік бұзылады. Лас суда температураның көтерілуімен ауру қоздырғыш микроорганизмдер мен вирустар жылдам көбейе бастайды. Сосын ішкен су арқылы организмнің ішіне түсіп әртүрлі аурулар тұдыруы мүмкін.
Жер асты сулары көп аудандарда тұщы сулардың көзі болып табылады. Алайда соңғы кезде адамның шаруашылық тіршілігі барысында көптеген жер асты сулары да ластануда. Адамзат өз қажеті үшін тұщы судың орасан көп мөлшерін пайдаланады. Негізгі тұтынушылар – өнеркәсіп орындары және ауыл шаруашылығы. Сондай-ақ тұщы суларды көп пайдаланатын салаларға – тау-кен орындары, химия, мұнай химиясы, қағаз- целлюлоза, тамақ өнеркәсіптері жатады. Бұлардың еншісіне бүкіл өнеркәсіпке жұмсалатын судың 70% келеді. Қазіргі таңда адам коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі үшін ас суды көп пайдалануда. Қолданатын судың мөлшері аймаққа, өмір сүру деңгейіне байланысты адам басына шақ қанда 3 литрден 700 литрге дейін келеді. Өткен 50-60 жыл ішіндегі суды пайдалану мәліметтеріне сүйене отырып, жыл сайын суды пайдалану артып, табиғат үшін орны толмайтын судың мөлшері 4-5%-ды құрайтыны есептелген. Суды пайдалану және ысырап ету осы қарқынмен жалғаса берсе, халық санының өсуіне және өндіріс орындарының дамуына байланысты 2100 жылға адамзат тұщы судың бүкіл қорын тауысуы мүмкін. Қазіргі кездің өзшде тұщы судың жетіспеуі, су ресурстары жеткілікті жерлердің өзінде де байқала бастады. Тұщы сумен қала халқының 20%, ауыл халқының 50% қанағаттандырылмай отыр. Сумен қамтамасыз ету Қазақстанда аумақтар бойынша біркелкі таралмаған. Сумен тек Шығыс Қазақстан облысы ғана жақсы қамтамасыз етілген (290 мың м3/1 км²). Ал Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстары сумен жеткіліксіз қамтамасыз етілген. Жалпы Қазақстан бойынша табиғи су ресурстары туралы мәліметті 9 естеден көруге болады. Мыңжылдық даму мақсаттарының есебі бойынша, Қазақстан халқының басым көпшілігі ауыз судың сапалы көздерін пайдалану, сумен жабдықтау мен санитарлық қызмет көрсетуді қаржыландыру жағынан дәреже-деңгейі темен күйде қалып келеді. Республикада су құбырлары желісінің 70% жұмыс істемейді және 23% санитарлық-гигиеналық талаптарға сай емес. Жұртшылықтың лайланған ашық ауыз су көздерін, өзен-көл, арық, құдық суларын пайдалануынан жыл сайын жұқпалы аурулар, сүзек, сары ауру, тырысқақ пен ішек, асқазан аурулары өршіп бара жатыр. Мысалы, Атырау облысы тұрғындарының 20% кермек татыған су ішіп, арық суларын пайдаланады. Таза сумен қамтылған делінетін Алматыдағы су жүйелерінің 70% тұрмысқа жарамсыз. Судағы химиялық және улы заттардың мөлшерін Мемлекеттік стандарт (ГОСТ) реттеп отырады. Олар – бериллий, молибден, селен иондары және кейбір синтетикалық және радиоактивті заттар. Бұл заттардың әрқайсысының шекті конңентраңиясы да әртүрлі. Әдетте, миллиграмның мыңнан, он мыңнан бір бөлігі. Мысалы, мышьяктың шекті мөлшері – 0,05 мг/л, селен – 0,001 мг/л. бериллий – 0,0002 мг/литр. Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қызмет бүкіл орталық су жүйесіндегі: су сақтау қоймаларында, оның жүйеге түсер жерінде, бөліну жүйесінде судың сапасы үнемі бақылап отырады. Егер су құбыры жүйесі 10 мың адамға қызмет көрсетсе Мемлекеттік стандарт (ГОСТ) айына 2 рет, 100 мың адамға – айына 100 рет, 100 мыңнан аса адамға – айыңа 200 үлгі алып бақылап отырады.

2.6. Суды тазалаудың жаңа технологиялары.

Ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі бағыттарының бірі – қайта өңдеп пайдалану, тазалаудың жаңа технологияларын қолдану, ұйымдастыру шаралары. Суды қайталап (екінші рет) пайдалану өнеркәсіп орындарында әртүрлі технологиялық процестерде қолданылады. Қазіргі таңда суды тазалаудың жаңа: физикалық, химиялық, биотехнологиялық әдістері қолданылады.    Физико-химиялық әдістерге радиаңиялық, ион алмасу, тотығу- тотықсыздану және т.б. әдістер жатады. Радиациялық тазалауда иондалған сәулелену әсерінен улы заттар залалсызданады. Ион алмасу арқылы тазалауда суды тек ластатқыштардан ғана тазартып қоймайды, сондай-ақ қайта пайдалану үшін бағалы химиялық қосылыстарды жеке іріктеп, жинап та отырады. Бұл әдісте астаушылармен ион алмасу реакциясына түсетін иониттер (балшықты минералдар, фторапатиттер, ион алмасу шайырлары) қолданылады. Ақпа сулар – бұл өнеркәсіпте және тұрмыста пайдаланғаннан шыққан сулар. Ақпа суларға сондай-ақ ғимараттар салынған территориядағы жаңбыр, нөсер сулары да жатады.
Ақпа суларда адам организміне қауіпті көптеген органикалық және минералдық зиянды заттар болады. Сондықтан ол суларды сүзу, тазалау орындарында, биологиялық тоғандарда және т.б. жерлерде залалсыздандыру және тазалау қажет. Химиялык (реагентті) тазалау – бейтараптаудан (нейтрализация) және тотығу-тотықсызданудан тұрады. Бейтараптау – сілтілердің әсерімен ерітіндінің қышқылдық қасиетін жоюға, ал қышқылдармен ерітіндінің сілтілік қасиетін жоюға алып келетін химиялық реакция. Кез-келген тотығу- тотықсыздану реакциясы сол мезеттегі кейбір компоненттердін тотығуының, кейбіреулерінің тотықсыздануының нәтижесі. Кең тараған тотықтырғыштарға: оттегі, ауа, озон, хлор, гипохлорит, сутегі қос тотығы, ал тотықсызданғыштарға – хлорит, темір сульфаты, гидросульфит, күкірт диоксиді, күкірттісутек жатады. Биохимиялық тазалау – аэробты және анаэробты биохимиялық тазалау дан тұрады. Аэробты биохимиялық тазалау – өндірістік және тұрмыстық пайдаланылған сулардың микроорганизмдер әсерінен тотығуы нәтижесінде (оттегінің қатысуымен ) органикалық заттарын минералдау. Анаэробты биохимиялық тазалау оттегінің жоқ немесе жеткіліксіз жағдайында жүреді. Бұл жағдайда судағы оттегінің көзі ретінде құрамында оттегі бар аниондар қызмет етеді. Суды залалсыздандыру – судың ауру тудырғыш микроорганизмдерден (оба, тырысқақ, іш сүзегі, жұқпалы гепатит т.б.) тазалануы. Көптеген жылдар бойы ішетін суды хлордың к өмегімен залалсыздандырып келді. Алайда, полихлорлы бифенилдердің улы екені, олар көбіне майлардың құрамында кездесетіні белгілі боды. Тотыға отырып, олар өте улы диоксинді түзеді . Қазіргі кезде суды озонмен өңдейді. Әртүрлі, сондай-ақ суғару мен топырақты тыңайтуға пайдаланатын ақпа сулар да адамдар мен жануарлар үшін қауіпті болып, топырақ құнарлылығы мен өсімдіктердің өсуіне, дамуына және ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасына теріс әсер ететін патогенді микроорганизмдердің көзі болуы мүмкін. Аурудың жұғу қауіптілігі топырақ пен өсімдіктерге ақпа сулардан келіп түсетін патогенді микроорганизмдердің тіршілік ұзақтығына байланысты. Тіпті тамақ өнеркәсібінде жұмыс істейтін жұмысшының қол жуған суы да микробиологиялық санитарлық бақылаудан өтеді. Бақылау жұмыс басталар алдында жүргізіледі. Бұл жағдайда қолдағы микроорганизмдердің жалпы саны мен ішек таяқшасы тобына жататын бактериялардың бар-жоғы анықталады. Судың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің өзгеруі салдарынан, оның табиғи тазару және жаңғыру қабілетінің азаюынан су ресурстарының жағдайы өзгереді. Сондықтан барлық су ресурстары ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғалуы тиіс. Олай болмаса, табиғи жүйенің экологиялық тұрақтылығы бұзылып, халықтың денсаулығы нашарлап, балық қорлары азаюы және сумен қамтамасыз ету нашарлауы мүмкін.

2.7. Таза минералды су

«TASSAY» суының құрамында бөтен қоспалар және микроағзалар жоқ, себебі «TASSAY» суын өндеу барысында жоғарғы технологиялық жабдық қолданылады. Бұл жабдық табиғи жер асты көзінен шығарылатын суды сүзгілеу және залалсыздандыру, ыдысқа ауамен байланыспай құюға мүмкіндік береді. Дәл осы технология тұтынушыға табиғат қойнауынан шыққан табиғи суды жеткізуге мүмкіндік береді. «Тассай» нағыз ауыз суы қосымша минералданбайды. Оның құрамындағы кальций және магний тұздарының оңтайлы қалыптасуы сүйек тканьдерін және жүрек тамыр және жүйке жүйесін қатайтуға лайықты келеді.

«Тассай» суының мінсіз сапасын көбісі өндеу көздерінің қасиетті орындарға жақын орналасуымен байланыстырады. Осында, көне Сайрам қаласында әйгілі пайғамғар Қожа Ахмет Йассауи дүниеге келген, осы жерге бүгінге дейін Түркістанға аттанған қажылық жасайтындар кіші Қажылық етеді.Сіз күніне қанша стақан таза су ішесіз? Сіз білесіз бе, егер сіз тек қана шай, кофе немесе сусын ішсеңіз және судан толық бас тартсаңыз, онда өзіңіздің ағзаңызға зардап тигізесіз. Күніне адам 3 литрден кем емес нақты таза су ішуге тиіс. Барлық сусындарды және шырындарды ағза тамақ ретінде қабылдайды, оларды суға айналдыру оған өте қиын болады, нәтижесінде біз сусызданамыз және денсаулығымызға зиян келтіреміз.

Әрқашан біз үйде су құбырындағы суды пайдаланамыз, бірақ, оны тек қайнатқан соң немесе тұндырған соң ішеміз. Әрқайсымыз талай рет шүлмектегі судың хлор иісін немесе ащы дәмін сезетін – бұл суды тазалаудың нәтижесі. Су құбырындағы суды бактерияларға қарсы химикаттардың және хлордың әсеріне ықпал етеді, олар барлық тірі ағзаларға қауіпті у және күшті аллерген болады.

Сонымен қатар, судың сапасын тот басқан құбырлары бар ескі су құбыры нашарлатады.

Қорыта келгенде, біз су құбырындағы сумен бірге, тазартудан кейінгі онда қалатын көп мөлшердегі химиялық байланыстарды ішеміз және көбінесе бұл байланыстардың көбісі ағзадан шықпай ұзақ уақыт іште қалады. Медициналық зерттеулер көрсеткендей, бұл байланыстар бүйректе, бауырда, өт қабында тастардың жиналуына және қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеледі.

Сол себепті адамдардың көбісі шөлмектегі ауыз суын тұтынуды қалайды да, су құбырындағы судан бас тартып, оны тұрмыстық қажеттіліктерге ғана пайдаланады. Өйткені шөлмектегі ауыз суын ішкен тек қауіпсіз ғана емес және пайдалы.

Қазақстанда үш жүзден астам шөлмектегі су өндірушілері тіркелген. Мемлекеттік эпидемиологиялық бақылаудың соңғы мәліметтері бойынша барлық өндірушілерден тек 2,6% ғана санитарлық ережелері мен нормаларына жауап бермейді. Сонымен, Қазақстандағы шығарылатын су негізінен сапалы екенін айтуға болады. Дегенмен, жақсы сауда белгілерінің арасында да үздіктері де бар, соңғы бірнеше жылда Қазақстан нарығында алдыңғы қатарларында «TASSAY» табиғи ауыз суы орын алады.

«TASSAY» суы экологиялық таза өнім беделін иеленеді. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданындағы көркем және экологиялық таза Тассай шатқалындағы орналасқан Тянь-Шань тау бөктерінің жер асты қойнауынан өндіріледі.

«TASSAY» суының тұздық құрамы – 0,2 г/л, бұндай оңтайлы минералданған су негізінде кездеспейді. Бұл табиғат өзі жаратқан ерекше су. Өзінің құрамының арқасында «TASSAY» суының дәмі ұнамды және оны шөл қандырумен қатар, күнделікті тамақ пен сусындарды әзірлеуге қолдануға болады. Сонымен қатар, ол тұз жиналу салдарынан туған аурулары бар ағзаға жақсы ықпал етеді.

2.8. Тұтынылатын судың сапасы.  

Су! Бұл өмірдегі ең маңызды әрі қажетті зат. Біз ол туралы не білеміз, біз оның біздің өмірімізге не алып келетіні туралы ойландық па? Қандай су ішу керек? Адам ағзасында ең маңызды сұйықтық болып табылатын ол адам ағзасында миниралды заттарды, дәрумендерді, амин қышқылдарын қорытады. Ағзадағы метаболиялық үрдітердің өтуі үшін судың мәнін және адам ағзасының көп бөлігі судан тұратынын ескере отырсақ, биологиялық бірлігін сипаттайтын судың ерекшелігі мен қасиетіне қызығушылық пайда болады.

Судың физикалық-химиялық және биологиялық қасиеті:

  • Судың тазалығы: эко және био көрсеткіштер
  • Беткейлік қысым – судың мембрананың ішінен өту мүмкіндігі қабілеті
  • Қышқылды-сілтілік тепе-теңдігі – рН белгісі
  • Тотықтырғыш-тотығу әлеуеті – судың заряды
  • Су құрылымы: Су молекулалары орналасуының құрылымдық – кристалдық үлгісі
  • Судың ақпараттық зердесі
  • Минерализация – микроэлементтердің саны мен әр түрлілігі
  • Судың қаттылығы – оны анықтайтын тұздар концетрациясының бар болуы

ІІІ. Қорытынды

Судың да сұрауы бар.

Ауыз су міндетті түрде таза болу керек және құрамында хлор мен оның табиғи қоспалары, ауыр металды тұздар, нитраттар, нитриттер, пестицидтер, бактериялар, вирустар және басқалары болмауы қажет.

Су биологиялық тұрғыдан қол жетімді, тез сіңетін болу қажет, яғни су молекулаларының арасындағы беткейлік қысым (БҚ) деңгейі аса үлкен болмау керек. БҚ су молекулалары арасындағы тіркесу күшін, сонымен қатар сұйықтық бетінің пішінін анықтайды. Мысалы, ҮК күшінен тамшы, шабындық, жіңішке ағыс және т.б. пайда болады. Сұйықтықтың буға айналуы молекулалардың  тіркесу күшіне байланысты болады. Су құбырының суында ҮК-73 мН/м, қанда-53 мН/м бар,ал ішкі және жасушаның сыртындағы суда шамамен 43 мН/м болады. Төмен беткейлік қысымды су биологиялық тұрғыдан қол жетімді. Ағзадағы сұйықтықтың электролиттік  құрамын қуаттау үшін су нашар минералданған болуы керек. Судың қаттылығы орта болуы керек. Жасуша үшін тым жұмсақ және тым қатты су бірдей қолайлы. Су аз сілтілі болуы қажет.  Негізгі тіршілік  аз сілтілі ортадан тұратындықтан, бұл ағзадағы сұйықтықтың қышқылдық-сілтілік тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік береді. Осы орталардың сілтілігін төмендету кезінде биохимиялық үрдіс өзгереді, ағза қышқылданады. Бұл аурулардың пайда болуына әкеледі. Су құрылымдалған болу керек. Ағзадағы барлық су құрылымдалған, соымен қатар бүлінбеген жемістер мен көкөністердегі суда құрылымдалған. Кез келген тірі ағза, өсімдік өзінің тіршілік әрекетінде сырттан келген суды құрылымдауға тырысады. Осы кезде көп энергия жұмсалады.

Су молекулалары орналасуының құрылымдық – кристалдық үлгісі

Су туралы  жағымсыз ақпараттар аз болуы керек. Жасушаға берілген жағымсыз ақпарат оның биоэнергоақпараттық сипаттамасын бұзады (судың емдік қасиеті мен оны ұзақ сақтау сыры  «киелі негіздерден», «Зам-Зам-Су»).

Теңіздер мен мұхиттардың экологиялық мәселелері бойынша Денсаулық сақтаудың Дүниежүзілік Ұйымы консультантына, академиктер Коротков, В.А. Ткачев, В.П. Казначеев және бірнеше ғалымдар қатарына, судың энергетикалық құрамын терең зерттегені бойынша тез қату кезінде судың кристалдық құрылымын зерттеп, суретке түсіріп алған, Брюс Хэлстедке, Цюрихке (Швейцария) шебер энергия Әлемдік  институтын ашқан Эмот Массардың арқасында біз судың тек адамға ғана емес, оның эмоционалдық жағдайына  ерекше қатты әсер ететінін білдік. Осыған байланысты қорытындылай келе, біз жеткілікті деңгейде және сапалы – бұл таза құрылымдалған «жанды су» – газдалмаған, минералсыз, қайнатылмаған  ауыз суды ішудің барлық мәдениетін үйренуді ұсынамыз, күніне аз дегенде 1,5-2 литр бір жұтымдап ішу (шәй, кофе, компот т.б. қоспағанда). Таза, жанды су, табиғи тағам, күнделікті физикалық белсенділік, ағзаны физикалық және рухани тазарту-осының бәрі адамның негізгі салауатты өмір салтын сақтайды!

Біздің мемлекетіміз суды қорғайды. Зауыт, фабрикалардан шыққан қалдықтарды суға ағызуға тыйым салынған. Олардың қалдықтарын тазартатын арнайы түрлі қондырғылар бар. Сен де үйдегі су шүмегінің ашық қалмауын қадағала. Суды үнемдеп пайдаланған жөн. Мектеп оқушылары ауыл маңындағы және арықтармен ағатын кішірек суларды күн көзінен көлеңкелеп суын сақтауын үшін жағасына ағаш отырғызады, шөп егеді. Қоқыстан тазалап, қорғайды. Сен де осындай жұмыстарға қатынасып, өз үлесіңді қос.

«Сулы жер – нулы жер» дейді. Ну дегеніміз – қалың тоғай. Сен тіршілікке қажетті бес жағдайдың бірі су екенін білесің. Су бар жерде тіршілік бар. Мұхит, теңіз сулары өте ащы. Сондықтан оны адам, жануарлар және өсімдіктер пайдалана алмайды.

You May Also Like

Балдыркөк сабағынан жасалған салат

Қажетті өнімдер: – 300 г балдыркөк сабағы; – 300 г қияр; –…

курстық жұмыс қысқарған сөздер және оның сөзжасамға қатысы

 Аббревиатуралы лексика: құрылымдық-семантикалық және прагматикалық концепт 1955 жылғы Қазақ ССР Жоғарғы Советі…

Емдік туризмдегі СПА технологиялар

Мазмұны: Кіріспе SPA технология туралы жалпы түсінік SPA пайда болу тарихы SPA…

Жарнама жасаудың 15 ереже жүйелігінің тәртібін талдау

СОӨЖ  Тақырыбы: Жарнама жасаудың 15 ереже жүйелігінің тәртібін талдау Алматы 2014ж. Туризм…