Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім 

  1. Мағжан – философ ақын
  2. Мағжан Жұмабаев қазақ тарихындағы ұлы тұлға
  1. Мәдинеті зор ақын – Мағжан
  2. Жұмабайұлы қазақ әдебиетіне психологиялық талдау әдісін енгізді
  1. Жақсының аты өшпейді

Зерттеу мақсаты:

          Мағжан Жұмабаевтің өмір жолы мен шығармашылығын зерттей отырып, ғылыми деректерге сүйене оьырып, әдебиет зерттеушілердің еңбектеріне көз жеткізіп, жинақталған мәліметтерді көпшілікке таныстыру.

Зерттеу міндеттері:

-Мағжан Жұмабаев туралы кең көлемде түсініктер қалыптастыру;

-Шығармашылығына тоқталып өту;

-Өмір деректерімен таныстыру;

Зерттеу объектісі:  Кітап, кітапхана, ғаламтор, мектеп

Зерттеу пәні:  Гуманитарлық

Зерттеу әдістері: талдау,жинақтау, пікірлесу, саралау.

                    « Мағжан Жұмабаев – қазақ тарихындағы ұлы тұлға »

                                       атты ғылыми жобасына

 

 

                                                 Пікір 

Сиябек Бекарыстың «Мағжан Жұмабаев – қазақ тарихындағы ұлы тұлға» шығармашылық жұмысында Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылық қызметіне зерттеу жүргізіп, жинақтаған.  Ақынның азапты өмір қырларын айқындап көрсете білген.

Мағжан Жұмабаев туралы жарыққа шыққан баспасөз материалдары мен өзі жайлы жазылған естелік кітаптарынан оқып, ондағы шығармашылық жұмыстарын зерттеген. Ол кісі жөнінде жинақталған баспа материалдармен танысқан, көптеген мәліметтер алып жинақтаған.

Бұл әңгімелер нақты дәлелмен дәлелденіп айтылған. Студент баспасөз беттерінен, ғаламтордан жинақталған материалды өңдеп, өз бетінше ой қорытып тұжырым жасаған.

Оқыса бала деген сұнқар болар,

Жүзден жүйрік, мыңнан да тұлпар болар.

Қиыр ұшып, қиыннан тоят тілеп,

Көрінген жан құрметтер, іңкәр болар.

Ш.Бөкеев         

                                       Кіріспе 

Қазақ даласының тарихында елеулі із қалдырған ұлы адамдар қаншама? Солардың бірі Мағжан Жұабаев атамыз. Ол кісі « Алаш » қозғалысының қайраткері ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі,соңында өшпес із қалдырған ұлы тұлға. Мен бұл кісінің өмір дерегіне сүйене отырып, ғылыми зерттеу жұмысымды жаздым.

Мағжан Жұабаев өте қарапайым, еңбек сүйгіш, елім деген нығыз жанашыр жан болған екен. Ол кісі қайда жүрсе де, елін, халқының сауаттылығын, білімділігін арттыруға ерекше үлес қосқан ағартушы, ғылым, аудармашы. Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұабай ауданы Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Ол өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап, ақтық демі біткенге дейін ұлт азаматтық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі еткен жан. Жұмабайұлы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтеріп, халқын өнер білімге шақырған.

Қазақ әдебиетінің дамуына аянбай ат салысқан тұлға екенін іздену барысында білім. Қазіргі жаһандану заманында елбасымыз келер ұрпақтың саналы болып өсуі үшін көп кітап оқуы керек екендігін айтып келешекте түбегейлі қолға алып жүзеге асыратынын да айтып жүр. Жүз кітап жобасы арқылы әлемнің ең үздік кітаптарын жинақтап жас ұрпаққа тарту етпекші. Ал өзіміздің әдеби қаймақтарымызды одан да жоғары қойып, рухани жаңғыруды қолға алып жатқан қазіргі заманда мен де Мағжан Жұабаев туралы зерттеп өз үлесімді қосқым келді.

Негізгі бөлім

2.1 Мағжан – философ ақын

Жұмабайұлы – философ ақын. Ақынның философиялық көзқарасы өз өлендерінде жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік тәрізді қарама-қайшылықты философиялық ұғымдарды шебер шеңдестіре білуінен байқалады.

Мағжан Жұабай ( Әбілмағжан ) Бекенұлы (25 маусым 1893,Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұабай ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1983,Алматы ) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызды өкілі.

Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы ( Петропавл ) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтен ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды.Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар, әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хазфиз Омар  Чайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.

Баспадан 1909жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып , « Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға » деген өлең жазды. 1910 – 1913жылдары Уфа қаласындағы     «Ғалия» медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады.

Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында «Шолпан» атты тұнғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. «Садақ» журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлендерін жариялайды.1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.

«Бірлік» ұйымы жұмысына белсене араласып, «Балапан» қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан,А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, «Қазақ» газетіне өз өлендерін жариялайды.

1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып. Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайлайды. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.

«Алаш» партиясының Ақмола облысының коминтетінің мүшесі болды. «Үш жүз» партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезінде делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.

1918 -1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті.

1919 – 1923 жылдары Ақмола губерниялық «Бостандық туы» газетінде, «Шолпан» «Сана» журналдарда, «Ақжол» газетінде қызмет істеп жүріп,халық ағарту жұмысына белсене араласады.Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы «Батыр Баянды» жазып,жарыққа шығарады.

1923 – 1927 жылдары Мəскеуде Жоғары əдебиет- көркем өнер институтында оқиды.Онда орыс əдебиетін, Батыс Еуропа əдебиетін терең зерттеп, орыс мəдениет қайраткерлері мен жете танысып көпшілігімен достық қарым қатынаста болады.Мəскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады.

1924жылы 24 қарашада Мəскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ  жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Жұмабайұлының 1922 жылы қазанда,1923жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды.

Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды.Бұл қаулы «Еңбекші қазақ» газетінің 1925жылы 14 ақпандағы санында басылды.Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын «Салем хат» деген өлең жазды.

Ол «Тілші» газетінде жарияланды. «Еңбекші қазақ» газетінің 1924жылы 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың  «Салем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына» деген  ескертпемен «Салем сəлем» деген жауап өлеңі басылды.

Жаңа құрылысқа,жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, «Урала айқайламадың» деген кінəмен,тап күресіне бесене араласып, Жұмабайұлы 1927 – 1929 жылы Бура байдан,  одан соң Қызылжар да оқытушылық қызметтер атқарады.

1929 жылы Жұмабайұлы «Алқа» атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптауларымен Мəскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға  кесілді.1936 жылы М.Горькии мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қатады.

Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен əдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады.1937 жылы наурызда Жұмабайұлы Алматыға келеді.Аударма ісімен айналысады.1938 жылы қайтадан қамауға алынып,ату жазасына кесіледі.

2.2 Мағжан Жұмабаев қазақ тарихындағы ұлы тұлға

Ақын тұңғыш өлеңінен бастап əлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық,ұлт – азаттық , демократияшыл бағытты ұстанды.Абай поэзиясының өшпес маңызды бірден танып оны «хакім» деп атады,ұлы ақынның «мың жыл жұтса дәмі кетпес» сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытып Батыс Шығыстың рухани қазынасын сабақтастырып негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты Жұмабайұлы ел ішіндегі əлеуметтік мəселелерді көтерді халқын өнер – білімге шақырады. («Ләззат қайда ?, «Жазғы таң», )

Бірқатар өлеңдерін махаббат тақырыбына арнады («Жас келін»),Зарлы сұлу, Сүйгенім,.Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін Жұмабайұлы ұлт азаттық тақырыбын үзбей толғанды оны өз поэзиясының өзегі етті.Бүкіл халықты тап, топқа жіктемей, Қазақ елін əлемдік мəдени жетістіктерге қол жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі – отаршылдық деген шешімге келеді.

Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің табиғатын тамашалаудан барып қайран жердің ендігі күні не болады деген уайым- қайғыға ұласады, ақыры келіп кіндік қаны тамған нулы, сулы өлкені жаулап жатқан қара шекпенді отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып тұтанды. («Туған жерім-Сасықкөл»).Ақын халқымен бірге күйзеліске, осыдан келіп романтикалық əуенге бөленген жорық идеясы туды («Жарыма»,»Есімде…тек таң атсын», «Жаралы жан», «Мен жастарға сенемін»,тағы басқа).

Жұмабайұлы шығармашыларындағы романтикалық сарын, əсіресе оның символистік арнада жазған өлеңдерінен айқын көрінеді.Ақын символизмі болашақ пердесін ашатын жаңа мифология туғызды, келешек суретін салу саясатшылардың емес,ақындардың қолында деген сенімге айналды («От», «Пайғамбар», «Күншығыс», «Жаралы жан», тағы басқа ).Ақын дыбысбуын – ның соны үндестік терін тауып, қазақ жырын байыта түсті («Шолпан»).Жұмабайұлы поэзиясындағы құнарлы арнаның бірі – түркі тақырыбы. Түркі халықтарының бірлігі тақырыбы Жұмабайұлы поэзиясының əуелден қалыптасқан алтын арқауы іспетті.

Ақын дүниетанымна Қызылжардағы Бегішев медресесінде оқуы көп ықпал етті.Ол жас өрен жүрегіне түрікке деген бауырмалдық сезім туғызды.

«Шолпан» жинвғындағы «Орал тауы» өлеңінде:

«Қосылып батыр түрік балалары,

Таптатпа, жолын кесіп тізгінге орал», – деп жазды.Ерекше атап өтетін бір жəйт – Жұмабайұлының түрік халқының шет ел басқыншыларына қарсы азаттық қозғалысына үн қосуы. Мұнда реалистік, романтикалық сарындар бір-бірімен астасып,  бірге өріліп отырады.

Түркі тақырыбы қазақ халқының ұлт – азаттық тақырыбына ұласып, отаршылдыққа қарсы күреске алып келді. («Орал тауы», «Алыстағыны бауырым», «Жер жүзінде», «Қазақ тілі», «Тез барам», «Түркістан»,).Сондай- ақ, Жұмабайұлы  «Пайғамбар» өлеңінде «Ғұн – түрктің арғы атасы» десе, «Түркістан» атты өлеңінде «Түркістан – ер түріктің бесігі ғой» деп асқақ рухпен жырлады.

Түрікшілдік сезімі 1919-1923 жылы Мустафа Кемал Ататүрік бастаған түрік халқыныңғ азаматтық соғысына арналған «Алыстағы бауырыма» атты өлеңдер айырықша байқалды. Оның бұл өлеңі Мұстафа Шоқай «Яш Түркістан» журналында (1930 №1) жариялай отырып, оның түркішілдік күресі үшін ең қымбатты және ең пайдалы өлең деп бағалады.

Ол дүниені біртұтас құбылыс ретінде алып, адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде суреттейді. Табиғатсыз, жаратылыссыз адам жоқ. Ал табиғат адамсыз да күн көре береді. Бірақ сана оған бағынбайды, дене бағынса да сезім бағынбайды. Сондықтан ол бұлқынады, серпінеді, үстем болғысы келеді (От).

Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білуде ақын, ең алдымен, ненің болса да мән-мазмұнына үңіледі, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстардың ішкі құпия астарын ұғынғысы келеді. Жұмабайұлының ойынша ақын деген болжап білмес жолға сапар шеккен пір, кейде жын, кейде бала, сол сапарда ол қиындықты қайыспай көтеретін, не дүниені тәрк етіп, бәрінен безінетін жан (“Қиял құлы мен бір ақын”). Ақын Қорқытпоэмасында философиядағы мәңгілік тақырып – өмір мен өлім мәселесін Қорқыт пен ажалдың аңдысуы түрінде суреттейді. Ажал – хақ, сондықтан да өмір жібінің түйінінде өлімді болмай қоймайтын өмір ақиқаты ретінде қабылдау қажет деп санайды ол.

2.3  Мәдениеті зор ақын – Мағжан

Жұмабайұлы қазақ лирикасыныңсыршылдығын тереңдетті, адамның нәзік сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның, әсіресе, махаббат лирикасына тән (“Сүй, жан сәулем”, т.б.). М.Жұмабаев – әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі (“Айда атыңды, Сәрсембай”, “Шойын жол”). Ол техикалық прогреске қарсы болған жоқ, оның ұлттық-мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Техника жетістіктерін қызыға жырлай отырып, туған жердің әсем табиғатынан айырылып қалмауға үндеді.

2.4 Мағжан поэмалары

Жұмабайұлы қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам жанының, психологияәлемінің құпия сырларын, иірімдерін, дамудиалектикасын шеберлікпен кестелеп өрнектей білді. Жұмабайұлы поэмаларына лирикалық тереңдік пен эпикалық кең құлаштылық бірдей тән.

Жеке адам мен ұлт тағдырын драм. сюжетте үйлестіріп, көркемдік зор қуатпен жырлай білді (“Батыр Баян”, “Оқжетпестің қиясында”, “Қойлыбайдың қобызы”, “Өтірік ертегі”, “Шын ертегі”).

Ақын шығармашылығының үлкен бір арнасы – халыққа білім беру, педагогикасаласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап “Педагогика” (1922,1923), “Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні” (1925) еңбектерін жариялады. Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваевтуралы зерттеу еңбектер жазып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға жәрдемдесті.

   2.5 Жұмабайұлы қазақ әдебиетіне психологиялық талдау әдісін енгізді.

Жұмабайұлы  аударма саласына үлкен мән берді. И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В. Кольцов, М.Ю. Лермонтов, А.А. Фет, И.И. Дмитриев, И.П. Мятлов, А.А. Блокөлеңдерін, А.М. Горький, В.В. Иванов, Д.Н. Мамин-Сибиряк, т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударды. Таңдаулы прозалық шығармалар аударумен қоса М.Жұмабаев“Шолпанның күнәсі” әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді.           Қайтыс болғаннан кейін. Кеңестік жүйенің қуғын-сүргінінің құрбаны болған Мағжан есімін ақтау ісі 1958 жылы қолға алынды. Осы жылы ресми комиссия құрылып, ақынның таңдамалы лирикаларын жариялау жөнінде ұйғарым жасалды. Бірақ одан нәтиже шықпай, Мағжан шығармалары басылмай қала берді.

1960 жылы Түркістан әскери окр. әскери трибуналының алқасы шешімімен М.Жұмабаев толығымен, біржола ақталды. Мағжан есімі ақталса да ол жөнінде Қазақстан Жазушылар одағы мен ғылыми мекемелерге хабарланбады. Осылайша, Қазақстан халқы ұзақ уақыт бойы М.Жұмабаев шығармаларымен жете таныса алмай келді.

Түркияда ақын кітаптары жарық көргенімен, олар қазақ оқырмандары қолына тимеді. 1969 жылы Мағжанмен қызметтес, таныс болған адамдар Мағжанды ақтау, шығармаларын жариялау керектігі жөнінде Қазақстан басшыларына хат та жолдаған болатын.

Бірақ Мағжанның шығармалары 1989жылы ғана қайтадан жариялана бастады.1995 жылдан М.Базарбаев, С.Қирабаев,Х.Абдуллин, Ш.Елеукенов, Б.Дәрімбет,Шөмішбай Сариев бастаған ғалымдар тобы Жұмабайұлының 3 томдық шығармаларын шығаруды қолға алды.[1]

Мағжан Жұмабаев шығармашылығын тереңірек зерттеу еліміздің егемендік алуынан бергі кезеңде ғана нақтылы жолға қойылды. Мағжан есімін мәңгі есте қалдыру бағытында да біршама жұмыстар атқарылды. Алматы және Петропавл қалаларында бір-бір көшеге Мағжан Жұмабаев есімі берілді. Петропавл қаласында және ақынның туған ауылында ескерткіш қойылған. Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Булаев ауданы Мағжан Жұмабаев ауданы болып аталды (2000).[2]

Ақынның 100 жылдық мерейтойына арналып 1993 жылы ашылған. Ол Мағжан Жұмабаев аудандағы өзінің туып-өскенСарытомар ауылында орналасқан. Мұражай бұрынғы Мағжан Жұмабаев атындағы кеңшардың мектебінде. Ондағы жиналған қорлар мен материалдар ақынның шығармашылық өміріне арналған. Құжаттардың көшірмесіАлматы, Петропавл, Омбы қалаларында және кейбір аудандарда сақталған. Мұражайдың жалпы аумағы 60м2.

Жылыой ауданның тумасы Абдулла Әбдірахманов – сталиндік репрессия жылдарының көрі тірі куәгері. Жасы 90- нан асқан ақсақал әлі тың, айтары да мол. Алайда ең бастысы оның соғыстан кейін сталиндік лагерлерде қазақтың біртуар зиялысы Мағжан Жұмабаевпен бірге отырғанын біреу білсе, біреу білмес.

Ұлы ақынның Атыраулық қартқа айтты дегеніне мән берсек алғашқы жазасын өтеп келген Мағжан Жұмабаевтың қолтығынан демеп, қайта жұмысқа орналасуына осы Сәбит Мұқанов себепкер болған. Бірақ … ол тек тұзақ болғанға ұқсайды.

-Алдымен сен жаман ойыңнан арылып, түзеліп келіпсің деп жұмысқа алды. Бірақ бір күні «мына шіріген жұмысқа, тағы шіріп жатыр» деп НКВД-ға ұстатып жібереді. Мұны да маған есіл азамат өзі айтқан,- дейді ақсақал. Бұдан бөлек Мағжан Мұқановтан өзге қазақ зиалыларына қырғыйдай тигендердің қатарына Қазақстанның бұрынғы жетекшісі, 30-шы жылдардағы ОГПУ-НКВД органдары қызметкері Жұмабай Шаяхметов мен ақын

Асқар Тоқмағамбетов деген кісілердің есімдерін атаған. Әрине, бұл екі тұлға жайлы Қазақстандағы қоғамдық пікір әзірге жағымды.

Қария өзіне Мағжан Жұмабаевтың бір кішкене блокнотын аманат қылып бергені айтады.

-Маған  осы блокнотты Алматыданмын деген қазақ көрсең қолына ұстатарсың деген еді, бірақ мен оны ұрлатып алдым. Оның ішінде жартысы жадитше, жартысы қазіргі қарыптермен жазылған еді.Сауатым болмаған соң дұрыс оқи алмадым, – дейді ол.

Абдулла қарттың айтуынша, Мағжан Жұмабаев 1948 жылы жазасын өтеп (10жылын ) босап шығуы керек екен. Қария оның Сусуманға дейін Сібірде басқа лагерьде болып келгенін де өзінен естідім дейді. Бірақ сол лагерьде жүрген кездері өзара төбелескен екі тұтқынның біріне болсын, арыз жазып беремін деп айыпты болып, үстіне тағы жыл жамалған.

-Мен оның денесінің 3-4 адаммен бірге күреліп тасталғанын көрдім. Бұл 1951 жылдың қаңтар айы еді. Қазақтың зиялы ұлы осылайша көмусіз Сусуманскдегі Берелех поселкесінде қалды. Ақынның аштық пен цингадан зардап шеккен денесі тұлып болып ісіп кеткен. Өмірінің соңғы сағаттарында аяқ баса алмай еңбектеп қалды. Ал гол туралы мен кейіннен 1938 жылғы наурыз асып өлтірілген дегенді естідім. Бұл қате дерек, -деп әңгімесіне нүкте қойды Абдулла қарт. Қария сарғайып кеткен ескі құжаттарын, босатылғаны жөніндегі анықтамасын көрсетіп, әңгімесін айтып отыр. Мен естіген мәліметіме қайран қалғандықтап өз-өзіме келе алар емеспін.Осы уақытқа дейін Мағжан Жұмабаевтың өмірінің ақыры жайлы тарихи деректер басқа ақпаратты көлденең тартады. Ол 1929 жылы ұсталып, 1930 жылы 4 сәуірде ОГПУ Коллегиясының шешімімен ату жазасына кесілген. Артынан ол үкім 1931жылы 13 қаңтарда бұзылып, он жылға концлагерьге жіберіледі. Бірақ кейін М.Горькии мен оның жұбайы Е.Пешкованың көмегімен ( Мағжан Жұмабаевтың өтініші хатты бойынша ) үкім жеті жылға шегеріліп, 1936жылы босап шығады. 1937  жылғы қайта тұтқындалып, 1938 жылдың 19 наурызында атылады….

Абдулла қарттың бұл әңгімесін ерте естімегеніме өкіндім. Оған шүбә келтіруге де құқым жоқ. Абдулла ақсақал 1953 жылы Сталиннің көзі жұмылған соң айдаудан босатылды. Бірақ сонау Магаданнан еліне тек 1954 жылы жетеді. Содан бері 80- ші жылдардың басына дейін Ембікегіштерінде еңбек етті.

Бүгінде Абдулла қартың 14 баласы, он шақты немере, шөбересі бар.

Астана. 3қазан. Baq.kz-ден жазады тілшілер.

Астандағы Ұлттық академиялық кітапханада қазақ классигі Мағжан Жұмабаевтың татар тіліне аударылған өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті.

Райхан Жұмабаева, Мағжан Жұмабаевтың немере қарындасы (інісі Қалижанның қызы)

Қорытынды

Мен Мағжан Жұмабай өмірі мен шығармашылық қызметін зерттеуді жүргіздім. Мағжан Жұмабай Бекенұлы туралы жарыққа шыққан баспасөз материалдары мен өлеңдерін оқып, ондағы шығармашылық жұмыстармен таныстым.Бұл менің ғылыми жұмысты орындауыма көп көмегін тигізді.

Сондай- ақ №15 М.Жұмабаев атындағы мектепке барып ол кісі туралы біраз деректер жинадым. Сонымен қатар қаламыздағы орталық кітапханаға барып, оның кітаптарын және жинақталған баспа материалдармен танысып біраз мәліметтер алдым.

Қорытындылай келе айтарым, Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздардың бірі әрі бірегейі . Ол артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен. Жарты ғасырдан аса оның есімін де, шығармаларын да атай алмай келген халқы көп жылдардан кейін ғана ұлы ақынмен сағына қауышқан.Небәрі 44жыл ғұмыр кешкен Мағжан Жұмабаев өзі өмірден өтсе де артына өлмес мұрасын қалдырды.

Бүгінде Мағжантану ілімі ұлттың рухани-мәдени құндылықтар қатарында.

Қазақ әдебиетінің сарқылмас қазынасына айналған ұлы суреткердің шығаршашылығын көптеген ғалымдар зерттеп, ғылыми еңбектер, оқулықтар жазды. Филология ғылымдарының докторы, профессор Шериздан Елеукенов, Мағжантану жолында сүбелі еңбек етіп,осысаладағы ізденісі үшін мемлекеттік сыйлыққа ие болған екен.

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте – бұлт, жерде желмін гулеген,

Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар? – деп жырлайтын қазақтың қайсар ақынын зерттеу мен үшін болашаққа үлкен үміт сыйлайды.

Ұсыныстарым:

1.Қаламыздан «Мағжан» мұражайы ашылса;

2.Әр жыл сайын колледжде «Мағжан оқулары» байқауы ұйымдастырылса;

3.Кітапханаға көмек ретінде Мағжан кітап қорын жинауға студенттерді ұйымдастырып қатыстырылса.

You May Also Like

Математика менің өмірімде, ғылыми жоба

Ғылыми жоба: «Математика менің өмірімде». Математикамен бала күннен бастап қоректеніп, оның бұлтартпайтын дәлелдемелерін…

Газдалған судың пайдасы мен зияны, ғылыми жоба

Кіріспе           Су – тіршілік көзі . Адамзат ықлым заманнан бері шөл…

Қазақ әдебиетіндегі ақын-жыраулар поэзиясындағы «жалған дүние» концепциясы, ғылыми жоба

Тақырыбы : Ақын-жыраулар поэзиясындағы «жалған дүние» концептісі  Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және…

Компьютерлік ойындардың пайдасы мен зияны, ғылыми жоба

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Компьютерлік ойындардың пайдасы мен зияны Бағыты: Информатика Орындаған:   Жетекшісі: …