Аббревиатуралы лексика: құрылымдық-семантикалық және прагматикалық концепт

1955 жылғы Қазақ ССР Жоғарғы Советі жанындағы Терминологиялық комиссияның қаулысына сәйкес қазақ әдеби тілінде орыс тілінен енген қысқарымдардың қазақша үлгілері қолданыстан шығарыла бастады. Сол уақыттары бұл бағыт әдеби тілдің нормасы ретінде танылған. Сѳйтіп мектеп оқулықтарында, ғылыми еңбектерде, баспасөз беттерінде қысқарған сѳздерге мысалдар орыс тіліндегі үлгісі бойынша беріліп келді. Бұл 1957 жылы қабылданған қазақ орфографиясы туралы ережеде одан әрі нақтыланды. Қазақ ССР-і Жоғарғы Советі Президиумының 1983 жылғы 25 тамыздағы қаулысымен бекітілген «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелеріне ѳзгерістер мен толықтыруларда» заңдастырылды. Кабылданған ереже бойынша қысқарған сѳздердің жазылуы да, айтылуы да орыс алфавитінің заңдылықтарына негізделді.

Бүгінгі таңда қысқарымдарды қолдану, зерттеу барысында туындаған көптеген мәселеге осы тарихи әділетсіздіктің себеп болғаны дау туғызбаса керек!

Аббревиатуралардың тіл білімінде зерттелуі

Тіл – күрделі құбылыс. Оны базис немесе қондырма қатарына жатқызуға болмайтындығы ғылымда дәлелденген. Тiл базистен де қондырмадан да әлдеқайда ұзақ өмiр сүретіндіктен де таптық сипатқа емес, жалпыхалықтық сипатқа ие, сол себепті де әркез зерттеуді талап етеді. Лингвистика болса тiл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тiл – қоғамдағы адамдардың өзара пiкiр алысу, қатынас жасау құралы болғандықтан оның зерттеу обьектісі мен шеңбері сол тілді қолданушыларға байланысты кеңейіп не тарылып отырады. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілгеннен бері лингвистикамыздың зерттеу базасы кеңейді. Осы арада тіл мамандарының алдында бірқатар күрделі мәселелер пайда болды. Солардың бірі аббревиатуралар мәселесі.

Қазақ тіл білімінің қазіргі үлкен жетістігінің бірі – тілді танымдық парадигма тұрғысынан қарастыра бастауы деп білеміз. Тілдің ішкі жүйелік талдаудан антропоөзектілік талдауға көшуі XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы тіл білімінің ғылыми ерекшелігінің бірі болып табылады. Бірақ тіл туралы зерттеу жүрген жерде адамтану (антропоөзектілік) мәселесі өзінен-өзі алға тартылады. Ендеше антропоөзектілік мәселесін ХХ-ХХІ ғасыр аралығында ғана қаралды, зерттеуге түсті деу – шарттылық. Бұл мәселе тілдік зерттеу басталған кезеңнен бастап қатар жүреді.

Тіл білімінің ішкі жүйелік талдауы, фонетикалық, морфологиялық, солардың ішінде контрастивті лингвистика жеткілікті, толық жүргізілді деп толыққанды шешім ешқашан айтылмайды. Керісінше, қазіргі уақытта тіл мамандарының алдында зерттеп-зерделенуі тиіс тың тақырыптар мен күрмеуі тоқсан даулы мәселе көп. Солардың бірі аббревиатуралардың лингвистикадағы орны мен оның сөзжасамға, түрленімдік жүйеге қатысын теориялық негізден шығарып көрсете білу болып табылмақ.

Белгiлi бiр тақырыптың жүйесi мен құрылымын ғылыми тұрғыдан талдап түсiндiру және оның даму заңдарын ашып айқындау үшiн алдымен осы бағытта жүргізілген зерттеулерге тоқталып, зерттеліп отырған тілмен туыстас тілдерді салыстыра және сол тілге «жат» тілдермен салғастыра қарастыру керек.

Сөз болып отырған тақырып осы күнге дейін қазақ тілінде көп зерттелмеді. Тек тіл білімінің ішінде жалпылама түрде ғана айтылып келді. Қысқарған сөздер тақырыбы контрастивті лингвистикада қаралу былай тұрсын тіпті бұл бағытта қазақ тіл білімінде ең алғаш кандидаттық дисертацияның өзі тәуелсіздік келгеннен кейін қорғалды. Нақты түрде 1996 жылы қорғалған зерттеуші Н.Алдашевтің «Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарған сөздер» атты кандидаттық диссертациясын [1] ғана кездестірдік. Ғалым өз еңбегінде баспасөз, ресми іс-қағаздар үлгілерін, әдебиет және оқу құралдарын, көркем әдебиет үлгілерін пайдалана отырып тілімізде қарқынды дамып, коммуникативті акті үшін қажетті тілдік элементтердің біріне айналып отырған, дәстүрлі анықтамасы бойынша аббревиатураларды зерттеу обьектісіне алады да қазақ тіліндегі қысқарған сөздердің табиғаттық, функционалдық стильдердегі қызметін, лексикалық-грамматикалық жүйедегі орнын әдеби нормаға, тіл мәдениеті қағидаларына қатысын ғылыми тұрғыда зерделеуге алғышарттар жасайды. Зерттеуші сондай-ақ еңбегінде  қысқарымдардың негізгі түрлерін,  олардың пайда болуына сыртқы тілдік және ішкі тілдік факторлардың қаншалықты дәрежеде ықпал ететіндігін де көрсетеді. Қайткенмен де бұл кандидаттық диссертация болғандықтан мұны  осы тақырыптағы алғашқы ірі көлемді зерттеу деп айта алмаймыз.

Қысқарған сөздерге қатысты қазіргі уақытта да жарияланған еңбектер бар. Соның бірі – ғалым Ш.Құрманбайұлының «Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа атаулар мен қысқараған сөздер» (2009), «Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер» (2013) жеке зерттеулік еңбектері.

Ғалым Ш.Құрманбайұлы аталған екі еңбегінде де баспасөз деректері негізінде зерттеу жасап, өз талдауын тұжырымдаған. Бірінші еңбегінде ғалым заман ағымына қарай 2000 жылдан кейінгі қалыптасқан, енген атулар мен баспасөз беттеріндегі қысқарымдар жайын, олардың шығу негізін жалпы сипаттап өтсе, екінші еңбегінде 2009 жылдан бергі баспасөз беттеріндегі қысқарымдарды саралайды, олардың жазылу ретін көрсетеді және тізімін береді. Еңбек жеке зерттеулік түрінде жазылғандықтан, қысқарымдардың тізімін сөздік түрінде тануға болмайды. Сонымен бірге олар жалпы қазақ тіліндегі қысқарымдар емес, белгілі бір кезеңді ғана қамтитын қысқарымдар болып табылады.

Қозғалып отырған тақырып түркі тілдерінде де қарастырылған. Қысқарған сөздер тақырыбында әр жылдары  өзбек тілінде З.Аликулов (1976), башқұрт тілінде С.Н.Мұратов(1961), әзірбайжан тілінде М.Адилов(1986), татар тілінде Э.Ахунзянов зерттеді. Осы арада бұл мәселе басқа түркі тілдерінде қазақ тіліне қарағанда ертеректе зерттелгенін байқаймыз.

Ағылшын, неміс, орыс тілдерінде болса қысқарған сөздер мәселесі тыңғылықты зерттелді. Тіпті аталған тілдерде аббревиатуралардың танымдық (когнитивтік) және прагматикалық  бағытындағы ерекшеліктері жеке зерттеу нысанына айналып үлгерді. Бұл ХХІ ғасырда қарқын ала бастады. Ағылшын тілінде қысқарымдарға зерттеу жүргізген ғалым О. Костерина өзінің «Лексические сокращения в современном английском языке (структурный и прагматический аспект)» (2005) атты кандидаттық диссертациясы авторефератында [2]  біз жоғарыда атап өткен бағытта Горшунов (1999,2000), Цегельник (2002,2003), Шевелева (2003) сияқты т.б ғалымдар зерттеу жүргізгендігін көрсетеді. Соңғы жылдары  (2010)  неміс тілінде аббревиатураларға прагмастилистикалық зерттеуді Л.Иванова жүргізді. Ғалым «Структурно-семантические и функционально-прагматические особенности отаббревиатурной лексики» атты кандидаттық диссертациясында [2]  4500 ден аса қысқарымдармен жұмыс жасайды. (Қазақ тілінде Н.Алдашев 2000, ағылшын тілінде О.Костерина 2200 карточкамен жұмыс жасаған)

Қазақ тілінде қысқарған сөздерге прагмастилистикада көңіл аударылмай келді. Бұл мәселе де «жалпылама» түрде айтылып ғана келгені рас. Сонымен қатар, қысқарған сөздерді қолданудағы «дағдарыстарға» да баса назар аударылмады, мұның бәріне қысқарымдардың «әуел басынан» лингвистикада баса назар аударылып зерттеле қоймағандықтан болуы керек.

Аббревиатуралардың семасиологиядағы кейбір мәселелері

Қазіргі қазақ тілінде аббревиатуралардың белгілі-бір категориялық көрсеткіштерін ескере отыра оларды арнаулы лексика құрамына жатқызуға болады.  Арнаулы лексика дегеніміз «қоғамдағы өзара ыңғайлас әртүрлі әлеуметтік топтардың мамандығына, қызметіне, шұғылданатын кәсібіне байланысты қалыптасқан сөздері мен сөз қолданыстары(сөйлемше я сөз тіркестері)» [15. 153-б.] Шын мәнінде аббревиатуралар ғылым, мәдениет, публицистика секілді т.б салалардың бәрінде де қолданысқа ие болғанымен оның қолданысы шектеулі деп айтуға да болады. (Сөйлесім барысында аббревиатуралардың қолданыла бермеуі прагмастилистика мәселесіне жатады) Арнаулы лексиканың бір саласы кәсіби терминология  ережесіне сай  аббревиатуралар «…арнаулы ұғымдар мен зат атауларын дәл білдіру үшін жасалған (қоюмен беліледік Н.Б) сөздер мен сөз тірестерінің жиынтығы» екені де анық. [15. 153-б.]

Біз арнаулы лексика дегенде оны тек белілі-бір кәсіпке ғана қатыстылық шартымен шатастырып алмауға тиіспіз. Аббревиатуралардың ерекшелігі де осында. Олар бір ғана емес барлық кәсіптерде де қолданысқа ие. Мұны аббревиатураларды арнаулы лексикаға жатқызбаудағы дифференциация (айырмашылық) деп қарау дұрыс емес.

Арнаулы лексика дегенде ойға оралатыны термин сөздер екені дау туғызбайды. Аббревиатуралар да терминдік қасиетке ие. Мысалы, см., м., * (көбейту белгісі), +, : (бөлу белісі кейде / түрінде кездеседі) сияқты аббревиатуралар жаратылыстану ғылымында кеңінен қолданысқа ие. Сонымен қатар, көптеген аббревиатураларда да терминдердегі сияқты стильдік эмоциялық мән болмайды. Терминдермен бірге аббревиатуралардың мағынасы да әрқашан тұрақты болады. Яғни, аббревиатуралар мен терминдердің лексикалық мағынасында эмоионалды-экспрессивті реңк сияқты күрделі мағына жоқ.

Сол сияқты аббревиатуралардың ресмилігі, терминге қатысы жайлы Н.Алдашев мынадай орынды пікір білдіреді: «Қысқаpғaн сөздер – ғылыми стильге ең қажетті тілдік элементтсрдің бірі. Ол ғылыми әдебиетгерде орын үнемдеу арқылы пікір-тұжырымды мол қамтуға, айтылатын ойдың шұбалаңқы емес, тиянақты болуына кѳмектеседі. Ғылым тілі қысқарымдарын «қазақыландыру» бағыты кѳкейкесті емес. Оның бір себебі – ғылыми әдебиетгердің салалық бағытты көздейтіндігі  (мамандардың шағын тобына арналатындығы), екінші себебі – ғылыми стильде қолданылатын шартты қысқартулардың интернационалдық қысқартулар екендігі,  яғни ғылыми әдебиеттің мазмұнының дүниежүзілік арнаулы мамандарға түсінікті болуын ескеру кажетгілігі» [1.19-б.]

Аббревиатуралардағы мағына тұрақтылығы дегеніміз оларда (аббревиатураларда) грамматикалық форма болмайтындығының көрсеткіші. Себебі, грамматикалық форма дегеніміз «грамматикалық мағына мен грамматикалық тәсіл бірлігі, грамматикалық мағына мен грамматикалық тәсіл арақатынасының көрсеткіші» [17. 228-б.] Грамматикалық мағына дегеніміз болса лексикалық мағынасына қосылған үстеме мағына емес пе? Аббревиатуралар болса қосалқы мағынаға ие бола алмайтындығын жоғарыда көрсеттік.

Осы жерде басын ашып алар тағы бір мәселе бар. Біз жоғарыда арнаулы лексика құрамына белілі-бір категориялық көрсетішке ие сөздер мен сөз тіркестері жатады дедік. Ал, аббревиатуралардың кейбір түрлерін (ҚР, партбилет, ІІМ, агроөнеркәсіп, техқызметкер, ҚазҰУ т.б) сөз тіркестері қатарына жатқызуға болады ма? Олардың синтаксистік қызметін қандай жолмен анықтаймыз? Партбилет осы тұлғасында бір ғана мағынаны беріп тұрғанымен тарамдалған түрінде партиялық билет болады да сөздердің бір-біріне бағыныңқылығы айқын көрініс табады және анықтауыш+бастауыш ретінде талдауға түсуі де ықтимал. Ұршығынан ұстатпай үйірілген осы секілді көптеген сұрақ бүгін ғана туындамады.

Өткен ғасырдың 70-ші жылдарында жарық көрген професор Т.Сайрамбаев «Күрделі сөз тіркестерінің кейбір мәселелері» атты еңбегінде [16.] қысқарған сөздер негізі сөз тіркесіне ұқсас деген пікір білдіреді де бүй дейді: «Қысқарған сөздердің мынадай төрт түрі бар. 1. КПСС. 2. Партбилет. 3. КазГУ. 4.Обком. Бұлар кемінде екі немесе одан да көп сөздерден қысқартылып, бір-ақ ұғымды береді. Ал оларды толық жазатын болсақ, облыстық комитет, партиялық билет т.б сөздер біріне-бірі бағыныңқы-басыңқы тіркесте жұмсалған сөз тіркестері дер едік. Енді сол сөздер айту мен жазуды ықамдап үнемдеуе байланысты  қысқартылып, сөз тіресінің бір-ақ сыңары қызметінде жұмсалатын дәрежее ие болды. Сонымен, қазірі кездегі қысқарған сөздер де, тарихи жағынан алғанда, сөз тіркестері негізінде пайда болған.

Сонымен қысқарған сөздер:

  1. Тілдегі арнайы сөз тіркестері болатын сөздердің негізінде пайда болған.
  2. Бірақ бұрын еркін сөз тіркестері болғанымен, енді түрлі формада қысқаруының нәтижесінде сөз тіркесі формасынан бүтіндей өзгеріп, бір-ақ сөздің мағынасын береді.
  3. Сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметін атқарады.
  4. Сөз тіркесінің бір сыңарының қызметінде жұмсалады.» [16. 12-б.]

Ғалым пікірінде аббревиатуралардың сөз тіркестеріндегі қалыптасу жолы, сөйлемдегі орны ғана емес, олардың шығу төркіні де айқын көрсетілген.

Көптеген аббревиатураларда пазиграфиялық құбылыс та байқалады. ЮНЕСКО, НАТО секілді қысқарымдар мен +, -, / секілді белгілер жалпыға түсінікті. «Пазиграфия – ешқандай мемлекеттік шек қойылмайтын, халықаралық сипаты бар таңбалар жүйесі»  [18. 243-б.] десек аббревиатураларда бұл құбылыс кеңінен сипат алатындығы да дау туғызбайды. Интернационалдық аббревиатура қатарына көптеген тілдерде бірдей қолданылатын  ЮНЕСКО, НАТО және МПЛА, ФИФА сияқты т.б жатады. Н.Алдашев ғылым тілі қысқарымдарын «қазақыландыру» қажеттілігі көкейкесті мәселе емес дей келе оның себебін былай түсіндіреді: «ғылыми стильде қолданылатын шартты қысқартулардың интернационалдық қысқартулар екендігі,  яғни ғылыми әдебиеттің мазмұнының дүниежүзілік арнаулы мамандарға түсінікті болуын ескеру кажеттілігі» [1.19-б.] Яғни қысқарымдарда интернационалдық сипат та бет ала бастаған.

2.1 Қазіргі қазақ тіліндегі аббревиатуралар мәселесіне шолу

Лингвистикадан бәріміз білетініміздей, сөз өзінің құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Жалаң сөз негізгі және туынды түбірден тұрады. Ал күрделі сөз кемінде екі түбірден құралып бір ғана зат пен құбылыстың атауы болады. Қысқарған сөздерді зерттеу де осы күрделі сөздер классификациясын танып-білуден басталады.

Күрделі сөздерді классификациялауға К.Аханов, М.Балақаев, А.Ысқақов, С.Исаев, Б Қалиқызы, Р Сыздықова, А.Аблақов сияқты ғалымдар өз үлесін қосқан[1]. Соның ішінде көпшілік А.Ысқақов пен К.Аханов ұсынған классификацияны қолданады. А.Ысқақов пен К.Аханов күрделі сөз қатарына біріккен сөз, қос сөз, сыңарлы бөлек жазылған күрделі сын, сан, зат есімдерді, етістіктер мен қысқараған сөздерді қарастырады.

Бұл жерде басын ашып алатын бір мәселе бар: қысқараған сөздер қайсы тіл білімінің заңдылығына байланысты бұл классификацияның құрамына енді жане оны ұсынушылардың қандай дәлелі бар? А.Ысқақов күрделі атау сөздердің бір алуандарының әрі қысқартылып, әрі біріктіліп жұмсалу жолы орыс тілінің әсерінен туғандығын, қысқарған сөздер әдеби тілдің жазбаша нысанында күрделі сөздің белгілі бір түрі болып қалыптасқандығын баяндап, осы термин ұғымына тек қана орыс тіліндегі үлгі бойынша жасалған төрт түрлі жолдағы аббревиатураларды жатқызады да «орыс тілінің игі ықпалына орай қазақ тілінің де сөйлеу, жазу дағдысында жиі қолданылатын осындай суреттемелер пайда болды» [11. 124] деген пікір білдіреді. Ғалым Т.Ерғалиевтің де пікірі бойынша қазақ тіліндегі қысқарған сөздер орыс тілінің әсерінен қалыптасқан. Зерттеуі күрделі атауларды құранды атаулар дей келе келесідей пікір білдіреді. «Біріккен сөздер мен қос сөздердің жасалу жолы – түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің де, ежелден қалыптасқан байырғы тәсілі, қысқарған сөздердің құрылу жолы – әдеби тілдің дамып өсуімен байланысты орыс тілінің әсерімен ірен тілдегі жаңа табыс» [21. 45-46]  Жалпы қазақ тілінде қысқарымдардың пайда болуы орыс тілі қысқарымдары арқылы енгені белгілі. Оның бір көрсеткіші ретінде қазақ тілді қысқарған сөздеріндегі қазақ төл сөздерінің жоқтығынан да аңғаруға болады.

Қысқартудың негізгі төрт тәсілінде де (әріптік, буындық, аралас, контракциялық) термин сөздер , кірме сөздер немесе Қазан төңкерісінен кейін пайда болған атаулар мен жаңа сөздер кездеседі. Оларды фонетикада немесе морфологияда сол «кодталған» қалпында талдай алмайсың. Ол үшін сөздің лексикалық мағынасын ашып барып талдау қажет.

Қысқарған сөздер көне заманнан келе жатқан аббревиатура емес. Оның тілімізде көрініс тапқанына бір ғасыр да болған жоқ. Белгілі ғалым Н.А.Баскаков сөзжасамның негізгі үш түрлі тәсілі бар екендігін сөз ету үстінде ХХ ғасырдың бастапқы тұстарынан бастап түркі тілдерінде қысқарған сөздердің алғашқы нышандары бой көрсете бастағанына назар аудартады да, төл тілдің өз мүмкіндіктері арқылы жаңа сөз жасаудың жолдарын санамалап, олардың қатарына сөз қысқарту амалын да жатқызады. Тілімізге енген қысқарған сөздерді қолданудағы «дағдарыс» осы жерден бастау алады. Қазақ тілі заңдылығына да, халқымыздың дүниетанымдық түсінігіне де (менталитетіне) келмейтін құбылысты тіл білімінің сөзжасам саласында қарастыру тілімізге «қайшы заңдылық» тудырды. Осыдан да қазақ ғалымдары бұл салада жаңа бағыт ұстанбай, орыс ғалымдары ұсынған пікір жетегінде зерттеу жүргізуді жалғастыра беруде.

Қазақ тіліндегі сөзжасам теориясын негіздеуші ғалым Н.Оралбаева өз еңбегінде [3] қысқарған сөздер тақырыбында кісі аттарының қысқартылуына көбірек тоқталады: «Қазақ тілінде кісі атын қысқартудың екі жолының өзіндік себебі бар. Мысалы, үлкен адамда сый-құрмет ретінде қысқартудың себебі бар. Қазақ халқының дәстүрінде үлкен кісінің атын атап сөйлеу дөрекілік саналады. Сондықтан да ата, енесіне, туған-туысқандарына келін басқа ат қояды» [3, 73-74-б.] Мұндай сөздер қысқарған белгілі бір көлемде қысқарғанымен (кей сөздер қысқару орнына «ұзаратындығы» да осы тәсілде бар екендігін де ескеру керек Н.Б), табу сөздер қатарына жатпай ма? Келесі қысқартып қолданудың бір жолы ретінде ғалым: «кісі атының, көбіне, бірінші буыны, кейде екі буыны алынып оған -еке, -ақа, -қа, -ке, -а, -е, -ш, -жан, -тай қосылады.» дегенді айтады [3, 73-б.]. Сонда қысқарған сөздерді морфологиялық тұрғыда талдасақ, мысалы, Бәке : -ке морфемасы арқылы жасалып тұрғаны белгілі, бірақ сөз түбірі «Бә» бола ала ма? Бұл сөздің құрамдық, жасалу жолын неге сүйеніп қарастыру керек? Тек қысқарған сөз деп қоя салу дұрыс бола ма? Талдау барысында осы сияқты мәселелер жиі туындауы сөзсіз. Сол сияқты «ауд.» деген суспенсияларды  сол қалпында талдау мүмкін емес. Осы бөлімде тағы бір мәселе мәнін ашып алсақ. Ғалым Н.Алдашев өзінің кандидаттық диссертациясының авторефератынды «М.Хасенованың айтуынша қазақ тілінде қысқарған сөздер бұрында ауызекі сөйлеу тілінде қолданылған /апар, әкел, бүгін, биыл, сексен, тоқсан тәрізді тұлғалар барғам, келгем, барғасын, келгесін, барың, келің тәрізді ауызекі сөйлеу тіліне тән грамматикалық нысандар қысқарту тәсілі арқылы жасалғандар» [1. 11]деп көрсетеді. М.Хасенованің көрсетуіндегі сөздерді қазақ ғалымдары қысқарған деп емес, кіріккен, біріккен сөздер құрамында қарастырады. Басқа де зерттеулере назар аударсақ бұл пікірімізге қарсы шыға келе апар, әкел, бүгін, биыл, сексен, тоқсан секілді сөздердегі құбылыстар қысқарту дегенді тағы да қостайды. «Деректерге жүгінсек, қазіргі қазақ тіліндеі апар, әкел, бүйтіп, сүйтіп, өйтіп, қайтып, биыл, бүгін, бүрсігүні, қыстыгүні, қолқап, аяққап, қарлығаш, асүй, безеубас, аткөрпе, атарба, атсоғар, алжапқы, төсекжапқыш, күнқағар т.б – осылардың бәрі дерлі біріккен немесе кіріккен сөздер деп аталып жүрсе де, шынтуайына келгенде аббревиатура – қысқарған сөздер» [22. 123]   Ғалым көрсеткен сөздер қысқарту тәсілі арқылы ғана жасалмағандығын ескертеміз. Мысалы,  барғам, келгем сөздері морфонологиялық апакопа құбылысына жатады. (Қараңыз  5. 19 б. Н.Б)

Дегенмен, басқа да зерттеушілер әлі күнге дейін Бәке, Жәке, Күлта секілді атауларды қысқарған сөздер деп қарастырады. «Сөз қысқарту тәсілі тілімізде ертеректен келе жатқан құбылыс. Ол қазақ халқының дүниетанымымен, сөйлеу мәдениетімен, әдет-ғұрпымен де байланысты. Қазақ халқына тән сыпайыгершілік, ізеттілік қасиеті кісі аттарын қысқарта отырып оған сый-құрмет, үлкейту, кішірейту мәнін қосады. Бұл дәстүр қазіргі тілімізде де жиі кездеседі. Мысалы: Ахан, Кәке, Бәке, Күлтай, Сәкентай, Жәкеш т.б» [22. 123]  Шын мәнінде бұл кісі аттарын қысқарту тәсілі болса Асан, Алтын, Асқар, Сәкен сияқты есімдер қысқару орнына Асеке, Алтеке, Азконтай, Сәкентай болып ұзаратындығы неге ескерілмейді?! Мұнда сөздердің белгілі-бір тобы ғана қысқарады. Осындай атаулардағы мақсат сыпайыгершілік үшін айтылатындығын қысқарту амалы деп қате түсініп алуды доғаратын уақыт жеткен секілді. Өйткені, сыпайыгершілікті білдіру тек ғана қысқарту дегеніміз емес!  Көптеген ғалым қазақ тіліндегі кісі есімдері Бәке, Жәке т.с.с атауларды қысқарған сөздер қатарына жатқызғанмен, бұл сияқты қаратпалардың қазақ тілінде белгілі бір табу сөз сипатында тұрғанын назарға алмайды. Мұндай ерекшелік басқа халықтың ұлттық дүниетанымында жоқ. Осы арада қазақ тіліндегі қысқарымдарды өзге ел ғалымдары еңбегіне сүйеніп емес, қазақ ұлтының ерекшелігін ескеріп, зерттеу қажеттігін айтқымыз келеді. Себебі тәуелсіздік алғанға дейін қазақ тіліндегі қысқарымдар орыс алфавиті заңдылықтары негізінде ғана қолданылды. Яғни қазақ тілі аббревиатураларының орфографиясы орыс тілінің заңдылығына негізделіп қолданылды. Бұл қазақ тіліндегі қысқарымдардың түрленуіне ғана алып келмей, сондай-ақ лингвистикада қайшы заңдылықтар тудырды. Тарих беттеріне көз жүгіртсек Н.Алдашев [1.] 1955 жылғы Қазақ ССР Жоғарғы Советі жанындағы Терминологиялық комиссияның қаулысына сәйкес қазақ әдеби тілінде орыс тілінен енген қысқарымдардың қазақша үлгілері қолданыстан шығарыла бастағанын жазады.  Бұл бағыт әдеби тілдің нормасы ретінде танылған. Сѳйтіп мектеп оқулықтарында, ғылыми еңбектерде, баспасөз беттерінде қысқарған сѳздерге мысалдар орыс тіліндегі үлгісі бойынша беріліп келді. Бұл 1957 жылы қабылданған қазақ орфографиясы туралы ережеде одан әрі нақтыланды. Қазақ ССР-і Жоғарғы Советі Президиумының 1983 жылғы 25 тамыздағы қаулысымен бекітілген «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелеріне ѳзгерістер мен толықтыруларда» заңдастырылды. Кабылданған ереже бойынша қысқарған сѳздердің жазылуы да, айтылуы да орыс алфавитінің заңдылықтарына негізделді.

Бүгінгі таңда қысқарымдарды қолдану, зерттеу барысында туындаған көптеген мәселеге осы тарихи әділетсіздіктің себеп болғаны дау туғызбаса керек! Қазақ тіліне қысқарымдар орыс тіліндегі тұлғасында қолданылуы өнімсіз екендігі қазақ ғалымдары ғана емес өзге де зерттеушілер айтып өткен. Солардың бірі орыс және қазақ тілін біршама салғастырған Шипова Е.А мынадай түйін жасайды «способ образование имен существительны посредством соращения является в казахском языке – непродутивным, – поэтому он не получил своео развития на азасой почве, несмотря на наличие заимствованных и алькированны наименований из руссоо языка, ср. кальки: СССР-ССРО(Советтік Соиалистік Республикалар Одағы), КПСС-СОКП(Советтер Одағы коммунист партиясы), ТАСС-СОТА(Советтер Одағы телеграф агенттігі), ООН-БҰҰ(Біріккен Ұлттар Ұйымы), ГЭС-СЭС(Су электр станциясы) и т.п» [23. 124]

Қысқарған сөздерді сөзжасам құрамына да, қазақ тілінің ішкі жүйесіне де дайын тұлғасында алып, сонан соң олардың тарамдалған түрін шешіп, қарастырамыз. Қысқарған тұлғасымен қарастырғанда, әріптік (дыбыстық), буындық ерекшелігі сол күйі қалдырылып, жалғанған қосымшасы ғана талдауға түседі. Бірақ жалғанған қосымша (жұрнақ, жалғау) қысқарған тұлғаға шартты түрде ғана жалғанып тұрғаны айтылуы тиіс. Өйткені қысқарған сөздің тарамдалған түрінде соңғы сөзге жалғанған қосымша мүлде басқа болып келеді. Мысалы: ОҚМПИ-дың – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогтік институтының. «Қысқарған сѳздердің әдеби нормаға қарым-қатысы, яғни әріптік қысқартулардың дыбысталуы, айтылуы және олардың қазақ тілі қосымшаларымен түрленуі дербес меселе» [1. 23-б.]

Жалпы алғанда, қысқарған сөз әлем тілдерінде орын ала бастаған құбылыс болғандықтан, бұл ерекшелік «еліміз әлемнің көптеген мемлекеттерімен саяси-экономикалық, дипломатиялық және ғылыми-мәдени байланыстарын қалыптастыруына байланысты қазір қысқарған атаулар бұрыңғыдай тек орыс тілінен ғана алынып отырмағанын, халықаралық қатынастардың нығаюы өзге тілдерден тікелей сөз алмасуға жол аша бастағанын» түсіндіреді [4, 121-б.].

Сондықтан қысқарған сөз тіл маңызын арттырмаса, жоғалтпақ емес. Бірақ бұл тілдік бірліктердің тіл білімінің сөзжасам саласында жаңа аталым тұрғысында алып қарастырылуы – даулы мәселе. Тілшілер Н.Оралбай, Ш.Құрманбайұлы бұлардың сөзжасамда қарастырылуы күрделі тіркестің қысқарған тұлғасымен бір лексема түрінде қолданылуымен түсіндіреді. Дегенмен қысқарған сөздер мәтіндік қолданыс үшін жазба тілде ғана қысқартылып алынады, ал ауызшада оның тарамдатылған толық түрі айтылады. Өйткені қазақ тілінде қысқарған сөздердің көбін ауызша тілде қысқарым тұлғасында айту мүлде ыңғайсыз және жағымсыз естіледі. Сөз қолданысында жатық емес. Ендеше қысқарған сөздердің тұлғасына қарап сөзжасам саласындағы жаңа аталымдық мағына көрсеткіші деп көрсету дұрыс емес. Бұл сөзжасамның жаңа мағыналы сөз тудыру қағидасына қайшы келеді. Олар – бар болғаны мәтінде қолданылатын шартты белгі, шартты қолданыс қана. Ал тарамдалған түрінде күрделі тіркесті атаулар, күрделі тіркесті қолданыстар болып табылады. Талдау жасауда да күрделі тіркес (аналитикалық тәсілмен талданатын) ретінде қарастырылады.

Осы орайда айтарымыз, қазақ тіліндегі қысқарған сөздердің қаншалықты орын алатынын толық тану үшін оның зерттеулік нысанға түсу деңгейін ажыратуымыз керек.

Кез-келген келген тілдегі сияқты қазақ тілінің метатілі даму үстінде. «Метатіл (грек meta – соңы) екінші қатардағы тіл, бұл тілде адамның табиғи тілі (халықтың төл тілі емес Н.Б) «тіл-обьект» ретінде қабылданады» [5, 142-б.]. Метатілдің негізгі зерттеу нысаны – терминдер, т.б. ғылыми аталымдық мәселелер.

Аббревиатуралар метатілдің бір көрсеткіші болып таныла алады. Өйткені қысқарған сөз барлық ғылым саласында бар және терминдік, ғылымдық аталым сипатында болады, сондықтан оларды метатіл аясында да нысанға алып қарастыру қажет. Егер қысқарған сөздер метатіл аясының нысаны түрінде қаралса, олардың бір жүйеге түсетіні анық. Қысқарған атаулар қолданысындағы кемшілік – олардың түрліше қысқартылып алынып, бірнеше нұсқада жарыса жұмсалуы. Осы кемшілік түзелуі үшін қысқарған сөздер жаңа бағытта зерттеуге түсуі керек. Нақтыласақ, егер қысқарған сөздер сөзжасам тұрғысынан қаралар болса, қысқарған сөздер сөздігін жасау ғылыми жағынан орын алуы тиіс. Қысқарған сөздер сөздігін жасау – күрделі мәселе. Бұл арқылы бірдей жазылатын қысқарған сөздер саны сараланып, олардың жасалу заңдылығы жүйеленіп, қысқарған сөздердің сөзжасамда жасалу жолы да қаралып өтіледі. Ал морфология сөздердің құрамын, түрлену жүйесін қарастыратындықтан, қысқарған сөздерді түрленімдік, тұлғажасамдық жағынан қарастыру бөлек мәселе болып табылады.

Бүгінгі таңда аббревиатуралар туралы «Қысқарған сөздер қазіргі қазақ тілінде жаңадан сөз тудырудың дағдылы тәсілдерінің бірі болып қалыптасты» [19.] деген пікір де бар.  Күрделі атауларды ықшамдағанымыз болмаса, олардың мағыналарына өзгеріс қосылмайтындығын ескерер болсақ аббревиатураларды сөзжасам саласындағы жаңа аталымдық мағына көрсеткіші деп көрсету дұрыс емес.

Шынында да «күрделі атауларды қысқартудағы шарттылық жолдары, күрделілік ауқымы, құрылымдық сипаты нақты ережеге негізделіп жүйеленбегендіктен, кейбір олқы тұстардың көрініс беріп қалатыны жиілеп барады» [20. 299-б.] Сол себептен де болса керек күрделі атауларды ықшамдаудағы мақсатымызды сөзжасам әрекетімен ауыстырып аламыз.

Мұндай жағдайда, «аббревиатуралардың құрылымдық сипаты нақты қандай ережеге негізделіп жасалуы қажет?» деген сұрақтың туатындығы да заңды. Бірақ, мұндай ережені қалыптастыру мүмкін бе?

Көптеген зерттеушінің еңбектерінде дәстүрлі төрт тәсіл: күрделі атаулардың құрамындағы сөздердің басқы әріптерінің алынуы (ТМД, ҰБТ, ОҚМПИ, ОҚМУ), бірінші сөздің басқы буыны мен қалған сөздердің басқы дыбыстарының алынуы (ҚазҰУ), күрделі атаулар құрамындағы сөздердің басқы буындарының алынуы (Қармет), бірінші сөздің басқы буыны мен келесі сөздің толық алынуы (партбилет, Қазагроөнеркәсіп) – қысқарған сөздердің жасалу жолы ретінде беріліп келеді. Алайда, қазіргі таңда жаңадан қалыптасқан кей аббревиатуралар бұл шарттылыққа бағына бермейді. Мұның өзіндік себептері де жоқ емес.

Бүгінде аббревиатуралардың орфографиясы мен пунктуациясы туралы біршама еңбектерде айтылғанымен олардың жасалу жолы жайлы сөз қозғала бермейді. Қайткен күнде де, тілімізде аббревиатуралардың жазылу үлгісіне ғана емес жасалу үлгісіне де жіті бақылау жасағанымыз жөн. Аталған мәселеге орай зерттеуші Р.Қабдұлбекованың төмендегі пікірін толық бергенді жөн санадық. Ғалым пікірін ескере отыра аббревиатураларға қатысты бірнеше мәселенің шешімін табамыз.

Шын мәнінде буынның қысқартылатыны мысалдармен дәлелденбейді. Қазақ сөзінің (ҚазҰТУ) басқы буыны – Қаз. емес, Қарағандының да, металдың да (Қармет) алғашқы буындары Қар.мен мет. бола алмайды. Яғни, сөздердің басқы бөлшегі /шартты түрде/ алынады екен. Ал соңғы кездері қолданыста белсенділікке ие болған Қазмұнайгаз, Жезқазғантүстімет, ҚазАтомөнеркәсіп, Қазэкспортастық, СолтҚазЭнерго, Қазақтеміртранс, ҚазАгроинновациялар, ҚазТұрмысХимия секілді күрделі атаулардың ықшамдалу үлгілеріне қарсы уәж айта алмайсың. Бұлардың ешқайсысы да дәстүрлі тәсілдер ережесінің талабына сай емес. Қарсы уәждің жоқтығы – қысқарған сөздердің жаңадан жасалған сөз еместігінде. Айтуға ыңғайлау, қолдануға ықшамдау мақсатында күрделі атаулардың шартты түрде таңба қызметін атқаруы сөз қысқартудың басты қағидасы болуға тиіс.Осы тұрғыдан келетін болсақ, сөз қысқартуға қойылатын шарттарды да белгілеп алғанымыз жөн. Әйтпесе, «Жезқазғантүстімет»-тен ықшамдау мақсатындағы қысқартқанымыз – үш-ақ әріп. Осыған байланысты болар, кейбір біріккен сөздерді қысқарған сөздердің қатарына жатқызушылар да өз пікірлерін ұсына бастады Егер күрделі атаулардың бәрін айтуға жеңіл, қолдануға ықшам деген желеумен қысқарта берсек, тіліміздің басты қызметі – түсінісуімізді қиындатып алатынымызды естен шығармайық. АҚ – Акционерлік қоғам, ҚР- Қазақстан Республикасы, ҒА – Ғылым Академиясы деген ұғымды білдіретінін мектеп қабырғасынан оқытып-үйретеді. Бұл күрделі атауларды қысқартудың бірінші тәсілі болып саналады.Алайда осы қысқарту тәсілі қолданыста жеке айтылғанда күрделі атаудың мәнін иелене ала ма? Жоқ. Себебі, бұларды қысқартылған үлгі тұлғасында қосымша жалғап, басқа сөздермен байланысқа түсіру қиынға соғады / ҚР-дың азаматы, ҒА-ның қызметкері, АҚ-тың мүшесі емес /. Міне, осы тұста өзінен өзі ойлануға мәжбүрлейтін сұрақ туады. Басқы әріптерін алу үшін күрделі сөздің құрамындағы компоненттерінің саны кемінде нешеу болуға тиіс? Егер БҚО, СҚО, ШҚО, ОҚО түріндегі қысқартулар болса, олардың қай облыс екендіктерін білеміз. Ал Алматы, Атырау, Ақмола, Ақтөбе облыстарын бір ғана АО тұлғасында бере алмас едік. Сонымен, күрделі атауларды ықшамдаудың бірінші тәсілі, яғни сөздердің басқы әріптерін алу үшін олардың құрамындағы компоненттерінің саны үшеуден кем болмауы шарт. Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі немесе Ұлттық Ғылым Академиясы секілді күрделі атауларды ҚР ІІМ және ҰҒА түрінде басқы әріптерімен ықшамдау көкейге қонады. АҚ формасындағы қысқарған сөздер де сол қоғамның атауынан кейін тіркескенде ғана қолданысқа толық түсе алады. Мысалы: «Тәртіп» АҚ .  Екінші тәсіл бойынша күрделі атауларды ықшамдау құрамындағы компоненттерінің саны үшеуге толмаса, жүзеге аспайды.Бұл тәсілдің бірінші сөзі, негізінен, Мемлекет немесе қала атауларының алғашқы шартты бөлігі /буын болуы міндетті емес/ болады да, қалған құрамдарының басқы әріптері алынады. Осы тұста ескере кететін жайт – Қазақ және Қазақстан сөздерінің ықшамдалу ерекшеліктері. Қолданыс жиілігі жағынан Қазақ сөзі «Қаз.», ал Қазақстан сөзі «Қ» түрінде ықшамдалады: ҚазҰПУ, Қазмұнайгаз, ҚазБелАз, ҚБТУ /Қазақстан-Британ техникалық университеті/, ҚР ҰҒА, ҚР Ұлттық Банкі. Күрделі атауларды ықшамдаудың дәстүрлі үшінші, төртінші тәсілдері айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ.Керісінше, бұл тәсілдердің қатары жаңа ықшамдалулармен толықты. Олар:

– Бірінші сөздің басқы бөлшегі мен қалған сөздердің толық берілуі: Қазмұнайгаз, Қазатомөнеркәсіп, Қазэкспортастық ;

– Бірінші, екінші сөз толық, қалған сөздердің басқы бөлшегін алу: Жезқазғантүстімет, Қазақтеміртранс, Барлау өндіру АҚ ;

– Бірінші, екінші сөздің басқы бөлшегі мен келесі сөздің толық берілуі: Қазагроинновациялар, Еурохимтыңайтқыш, ҚазкоммерцБанк . Көріп отырғанымыздай, қысқарған сөздердің қандай үлгіде жалпы қолданысқа енуі дәстүрлі тәсілдердің аясынан шығып кеткен. Оның қандай үлгіде ықшамдалғандының басты төрешісі күрделі атаулардың өміршеңдігі мен қолданылу жиілігі болып табылмақ.Баспасөз беттерінде күрделі атаудың құрамындағы шылаудың да ықшамдалған үлгісі / БжҒМ- Білім және ғылым министрлігі/ беріліп жүрді. Оған қоса, басқы буын /бұл жерде буын/ мен қосымшадан ғана ықшамдалған қысқарған сөз – зертхана /зерттеухана – лаборатория/ үлгісін жалпы қолданыспен қатар, ғылыми стильге енгіздік. Осы тұста күрделі атауларды ықшамдаудағы мақсатымыз есімізге қайта оралады. Лаборатория – күрделі атау емес. Қайталап айтуға да қиындық туғызбайды. Сондықтан біз оны ықшамдаған жоқпыз. Біз оның қазақша баламасын ғана іздедік. Констракциялық қысқартулар – жалпы есімнің құрамындағы екі дауыссызды селбестіру: теңге тг, дүйсенбі дн, бейсенбі бн,нүкте нк,қос нүктеқн. немесе суспензиялар – жеке сөздердің дауыссызбен аяқталатын алғашқы бөлшегінің алынуы: ауд. аудан, обл. облыс, шығ. – шығарма, даңғ. даңғыл бұлар да күрделі атауларды ықшамдау мақсатындағы үдерістер емес. Контексте немесе арнайы көрнекілікте шартты түрде берілетін белгілер қызметін атқарады. Ал контестік қысқартулар құбылмалы келеді.Бір күрделі атаудың бірнеше ықшамдалған үлгісі кездесе береді. Жаңа үлгідегі Қазмұнайгаз нұсқасы ҚазМұнайГаз тұлғасында да жазыла береді. СолтҚазэнерго және СолтҚазЭнерго нұсқалары қатар қолданылып жүр. Біздің ұсынымыз – жаңа үлгідегі қысқарған сөздердің құрамындағы компоненттерінң бас әріп немесе кіші әріппен жазылуы жалқылық не жалпылық мән иеленуіне қатысты тұжырымдалғаны дұрыс. Мысалы: Қазақстан – Беларусь автозавод бірлескен кәсіпорнын ҚазБелаз (ҚазБелАз емес ) десек жеткілікті. [20.]

Қысқарған сөздер мәселесін  талқылауда айта кетер тағы да бір жәйт бар. Атақты ғалым Қ.Жұбанов қысқарған сөздерді «қиюлы сөздер» деп қарастырып  өзінің қазақ тілінің програмасына (1936 жылы жеке кітапша болып та шыққан Н.Б)  оларды буын қиюлы, әріп қиюлы, аралас қиюлы сөздер деп бөледі[6. 310] аббревиатураларды А.Ысқақов және Т.Сайрамбаев аббревиатураларды 4-ке бөледі деп жоғарыда айтып өттік. Қазақ тілінде Қ.Жұбанов қысқарымдардың үш тәсілін атап өтсе,  күрделі атау сөздер төрт түрлі жолмен қысқарады дейді.  Н.Алдашев оның жасалу жолы бойынша 6 тәсілін, сыртқы тұлғасы бойынша 4  тәсілін, әдеби тілдегі орны бойына 2 тәсілін көрсетеді. Б.Қасым болса қазіргі қысқарымдардың қалыптасуын екіге бөліп қарастырылады:

« 1.  Ғылыми-техникалық, қоғамдық-саяси терминжасамда, мекеме, ұйым аттары;

  1. Мамандықты, қызметті және лауазымды білдіретін қысқарымдар» [24. 130]

Келтірілген пікірлер мен бүгінгі таңдағы Ш.Құрманбайұлы жинақтап көрсеткен қысқарған сөздерді, жаңа қысқарымдарды басшылыққа ала отыра  біз қазіргі қазақ тіліндегі қысқарған сөздер түрлері мен жасалу жолы мен сыртқы тұлғасы бойынша 8–ге бөлінеді деген пікір келтіреміз. Олар мыналар:

  1. әріптік аббревиатура – күрделі атаулардың құрамындағы компоненттердің бастапқы әріптерінің алынуы.
  2. Силлаба-аббревиатуралар – күрделі атау құрамындағы сөздердің бастапқы буынының алынуы.
  3. Силлаба-әріптік аббревиатуралар (аралас қысқарту) – күрделі атаудың құрамындағы компоненттердің бірінің әріптік, екіншілерінің буындық ықшамдалуы немесе буындық-әріптік қысқартуға ұшыраған компонентке үшінші компоненттің толық қалпында жалғануы
  4. Контракциялар – жалпы есімнің, терминнің құрамындағы екі дауыссыз дыбыстың селбесуі арқылы жасалған қысқарым түрі.
  5. Суспенсиялар – жоғары жиілікпен қолданылатын кейбір аталымдардың алғашқы буыны кесіліп алынып (шартты түрде) соңғы дыбыс дауыссызға аяқталуы тиіс қысқарым.
  6. Криптонимдер – таңбалар көмегі арқылы қысқарған сөздер. Олар үшке бөлінеді: Нүкте арқылы; 2. Дефис арқылы; 3. Бөлшектік белгі ( /) арқылы;
  7. акронимдер –  күрделі атаулар сыңарларының алғашқы буындарын сазды образды, экспрессивті мазмұнда құрастыру арқылы жасалған қысқарым.
  8. Графикалық аббревиатуралар – сөз мағынасы таңба ретінде берілген қысқарымдар
  9. Социолект – белгілі бір ортада ғана (әлеуметтік желілерде) қолданысқа ие «диалекттер»

2.2  Аббревиатураларды контрастивті лингвистикада қарастыру

Біз талдаған мәселелер – дүниежүзі тілдеріндегі құбылыстың орыс тілі арқылы енуіне қатысты туындаған ойлар. Қазақ тіліндегі қысқарымдар орыс тілімен контрастивті лингвистикада біршама салғасытырылды. Ал ағылшын тілінің нақ өз ішінде пайда болып отырған қысқарған сөздерді салғастырып қарасақ, бірнеше тілдік ерекшелікті тануға болады. Ағылшын тілінде қысқарған сөздің түрі көп кездеседі. Сондықтан олардың өзін жасалу ерекшелігіне қарай топтауға болады:

1-түрдегі қысқарым: sister = sis, telephone = phone, doctor=doc, т.б. Бұл – буындық қысқару түрі.

2-түрдегі қысқарым: аmerasian=аmerican+аsian (америка-азиаттық адам), botel=boat+hotel (кемедегі мейманхана), fruice=fruit+juice (жеміс шырыны). Бұлар екі сөздің буындық қысқаруынан бірігіп жаңа тұлғажасамдық күрделі сөз құрайды. Қазақ тілінде мұндай тұлғалар бірігу амалының кірігу жолы (кіріккен сөз) болып табылса, ағылшын тілінде бұлар қысқарған сөздер ішіне еніп отыр.

3-түрі – цифрлық қысқарым. Цифрлық технологияның дамуымен жаңа цифрлық тіл де пайда болды, бұл ағылшын тілінің әсерінен қазақ тілінде де орын ала бастады. Бірақ олардың қолданыс аясы әлі тар. Негізінен әлеуметтік желіде қолданылады: CYO= see you online (желіде көрісеміз), FOAF= friend of a friend (достар бір-бірі үшін…) , DIKY= Do I know you? (Мен сені танимын ба?)

4-қысқарым түріслэнгтер. Бұл ағылшын тілінде көп уақыттан бері қолданылып келеді. Жиі қолданылатын сөздер жазуда да, айтуда бір деңгейге түсіп кетті. Мысалы: Want to=Wanna, Give me= Gimme, Got to= Gotta, Going to=Gonna.

Слэнгтердің ішінде дыбысталуына байланыста қысқарған сөздер де бар. Олар көп жағдайда сол дыбысталған қысқарым түрінде жазылады: «Dollar [‘dↄlә]» [7.71]=Dolla, «little [‘li’tl]» [7.181]  = lil’, «about [ә‘bout]»[7.8]= ‘bout. Қазақ тілінде болса сөздердің дыбысталуындағы қысқару олардың жазылуына әсер етпейді. Мәселен «түрікмен [түр’кмен]»[8.654], «мойны озу [мойн’озұу]» [8.464] Бұл қазақ тілінің орфоэпиялық және орфографиялық заңдылығына байланысты. Бірақ тілімізде морфонологиялық  құбылыстар бар. Мәселен, қазақ тілінің лингвистикалық түсіндірме сөздігінде [5] «Барамын-барам», «келемін-келем», «барғанмын-барғам» сияқты сөздерде соңғы буын түсіп қалатындығын көрсетеді.  Сонымен қатар, тілімізде гаплологиялық құбылыстар (бұл күн-бүгін, алып кел-әкел) бар екендігін айта кеткен жөн.

5-қысқарым түрі– графикалық қысқарту (Graphical shortening): street= St., Mister=Mr. , Doctor= Dr., page=p., gram=gm.

Қазақ тіліне графикалық қысқарған сөздер ағылшын тілінен енгені көрінеді: кг, мг, мл, дц, т.б.

6-қысқарым түрілатинизмдер: ante meridim=a.m. (түстен кейін) , example gratia= e.g (мысалы) , id est = i.e (яғни). Қазақ тілінде де осы тәсілмен қысқарған сөздер қалыптасқан: тағы басқа – т.б., тағы сол сияқты –т.с.с.

7-қысқарым түріапстрофтық қысқарым. Ағылшын тілінде көмекші және модаль етістіктер апстрофпен (‘) қысқарады: do not=don’t, are= ‘re, have=’ve. Қазақ тілінде апострофтық қысқарту кездеспейді.

8қысқарым түріакронимдер ішіндегі математиалық қысқарымдар: &=and, 24/7=around the clock, 404= I do not know.

9-қысқарым түрі – инициализмдер: AGM, CEO, ASAP т.б. Бұл түрі қазақ тілінде де қалыптасты: ҚР, ҰБТ, ҚХР, т.б

Ағылшын тілінде  зерттеуші О.Кастерина өзінің кандидаттық диссертация авторефератында [9]  қысқарған және жаңа сөздіктерді пайдалана отырып арнайы зерттеу жүргізу барысында аббревиатуралардың жасалу тәсілін келесідей топтастырады: «частичносокращенных сокращений , инициально-словных, слоговых (апокопа, аферезис, синкопа,стяжение),сложнослоговых, сращений(телескопов или накладок, инихщально-слоговых,буквенных, акронимов, совпадающихпо форме с уже существующими словами, акронимов, несовпадающих по форме» [9. 13] Сондай-ақ ағылшын тілінде қысқарған  сөздер ықшамдау мақсатында ғана емес, қарым-қатынас үшін де қолданып, оларды «Механизм эвфемизации и табуирования» деп атайды. «Эвфемизмы употребляются для завуалирования уничижительной поотношению к коммуниканту лексики, которая апеллирует к его умственныспособностям, а так же «скрывает» употребление некорректных сравнений:AFCPS< Any Fool Can Plainly See,WAG< Wild Ass Guess, AYSOS< Are YoStupid Or Something, LLAL< Laughing Like A Lunatic.Эвфемизмы маскируют лексику, несущую некорректное отношение к возрасту коммуниканта: OL< Old Lady, ОМ< Old Man, XYL< Ex Young Lady, физическим недостаткам: NTTFLS<Not Till The Fat Lady Sings, расовой, половой и этнической принадлежности:НАВ< Hot Asian Babe, ВАР< Black American Princess» [9, 16]. Біздің мұнан байқайтынымыз, ағылшын тілінде сөздер тек ықшамдалу мақсатында ғана емес белгілі бір ұлттық таным ретінде қолданылуы. Яғни, қазақ тілінің танымынан пайда болған (шартты түрде айтудамыз Н.Б) табу сөздердің орнын ағылшын тілінде қысқарған сөздер алмастырған. «Механизм мелиоративности и пейоративности» «механизм эстетичности» секілді тақырыптар О.Костерина еңбегінде жеке зерттеледі.

Орыс тілінде болса Мәскеу фонологиялық мектебінің негізін салушы ғалымдардың бірі А.А.Реформатский болса өзінің 1967 жылы жарық көрген «Введение в языковедение» атты еңбегінің [10] грамматика бөлімінде «Сложения» тақырыбы аясында күрделі сөздерге баса назар аудартады да, күрделі сөздердің жасалуы санскрит, көне грек және латын тілдерінде «шебер» жасалғандығын айтады. Ал ғалым Н.Алдашев «1960-1970 жылдарда орыс тіл білімінде екі мәселе кѳзге түседі, оның бірі кысқарған сѳздердің әдеби тілдің сѳздік құрамындағы орнын және екіншісі қысқарған сѳздердің грамматика саласына, сөз тудыру жүйесіне қарым қатынасын, анығырақ айтқанда, қысқарған сѳздердің дербес, жеке сѳз екендігін ажырату жағдаяты» – [1, 7] деп көрсетеді. Сондай-ақ қысқарымдар қазақ тіліне 1920 жылдан кейін енгендігін ғалым түкі тілдеріндегі қысқарған сөздердің зерттелуі, ғылыми тұрғыдан тұжырымдалуын қарастыра келе: «Түркі тілдеріндегі қысқарған сөздер негізінен орыс тілінен енген аббревиатуралар» деп көрсетеді.[1. 9 б] Бірақ біз мұнан қазақ қысқарымдары тек ғана орыс тілінен енген деген қорытынды шығармауымыз тиіс. Бүгінде ағылшын тілінен де қысқарған сөздердің көптеп енуі байқалады. Орыс тілінде де қысқарған сөздердің өзіндік орны бар, алайда ағылшын тіліндегідей орасан зор маңыздылықты алмайды.

А.Ысқақов орыс-қазақ тілдеріндегі қысқарған сөздердің ұқсас тұстарын көрсетеді: «Орыс тілінде де, қазақ тілінде де құрамындағы сөздерінің толық түрінің де, қысқарған түрінің де тіркесу реттері бірыңғай келетін сөздер, мысалы: ҚазССР, ҚазМИ, Обком…. Орыс тіліндегі сөз тіркесу заңына лайық қысқарып, қазақ жұртшылығына түсінікті болып енген сөздер: ССРО, СОКП, ЧТЗ, ХТЗ, АЗТМ, колхоз» [11. 124]

Орыс тілінде аббревиатура термині графикалық қысқарымдарға қатысты айтылмайды. Яғни, бұл тіл үшін тек лексикалық қысқарым (біз қазақ тіліне  ұсынған классификацияның №1,2,3,7 түрлеріне сәйкес)  – аббревиатура болады да см, г-н, м. Секілді қысқарымдар графикалық қысқарым деп саналады.

Аббревиатуралардың түрі:

  1. әріптік (оқылғанда әріппен оқылады) :МЧС, АКБ, СП, МК
  2. дыбыстық (оқылғанды дыбыстар шығады) :ГОСТ, ГАИ, ТЭО
  3. әріптік-дыбыстық ( оқылғанда қысқарымның бір бөлігі дұрыс дыбысталады да қалған бөлігі оқуға келмейді) : ГУВД, ТОО, НИОПИК
  4. буындық қысқарым (сөздердің буынынан құралған қысқарым): главбух, техред, завгар
  5. бір буын мен келесі сөздің толықтай дыбысталуы : рембаза, хозрасчет
  6. кірігу : зам., зав., спец.
  7. Телескопиялық қысқарым (сөздің алғашқы және соңғы буынының қысқаруы) : рация – ра /диостан/ция, бионика-биология и электроника

Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі аббревиатуралардың кей түрлерін жазу барысында септелу, көптелу, жіктелу жүйесінде салғастырып қарасақ әр тілдегі аббревиатуралардың өзіндік ерекшелігі байқалады.

А.с.

І.с.

Аббревиатуралардың прагмастилистикалық дифференциациясы

Лингвистикалық прагматиканың қызметі субьект пен адресаттың өзара қарым-қатысынан туатын мәселелер болғандықтан,тілімізде қысқарымдарды бұл бағытта қарастырмай өту – қазақ тілінде қысқарған сөздерді қолданудағы «дағдарыстың» бір көрінісі.

Қазақ тілінде аббревиатуралар қолданысының жайы әлі толық шешімін таппай отыр. Бұл қазақ тіл білімінде терең зерттеле қоймаған, тіл мамандары тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбей жүрген мәселенің бірі екендігін аңғартады. Бұған қатысты бір ғана дерек айтсақ та жеткілікті. Көптеген әріптік, буындық қысқарым үндестік заңына бағынбайды:ӨРҰ, СӨҚ, ҒӨО, СӨСҚҰО, ТҮРКСОЙ, СтепЛАГ, Қазақтелеком, т.б Қазір қысқарған сөздердің қай салада болмасын көптеп кездесуі олардың жасалуы мен қолданысын бір ізге түсіру, лингвистикалық сараптамадан өткізу, жаппай қолданысқа ұсыну қажеттілігін тудырады. Осы қажеттілік шешімін таппаса, тілдің жазбаша, ауызша қолданысы үшін қысқарған сөздер тіл білімінде күрделі мәселе болып қала береді.

Семиотиканың негізін салушы, американдық философ Чарльз Уильям Моррис (1901-1979) енгізген «прагматика» термині ХХ ғасырдың 60-70-жылдары ғалым Ч.С.Пирс (1839-1914) идеясымен лингвистиканың жеке бір саласы ретінде қарала бастағаны белгілі. Бұл – үлкен жетістіктің бірі. Өйткені тіл мен ойлау секілді мәселелер сол уақытқа дейін жалпы тіл білімі, соның ішінде синтаксис саласында қарастырылып келді. Ал қысқарған сөздер тіл мен ойлау  мәселесінде адамның абстрактылы ойлау жүйесінің тілмен тікелей байланысын анықтауда  да зерттеу нысанына түседі.  Осы бағыттағы зерттеуде көп мәселе алға қойылады, соның бірін зерттеуші Ш.Құрманбайұлы өз еңбегінде орынды көрсетеді: «…әріптік қысқарту барысында қазақ тіліндегі дыбыстар тіркесі сақталмаған. Дыбыстар үндестігі бұзылғандықтан, тіліңді қанша бұрасаң да айтуға келмейтін қолайсыз атаулар пайда болған. Әр басқа ұғымды білдіретін күрделі атауларды бір ғана қысқарған сөзбен беруді де орын алып жүрген кемшіліктер қатарына қосуға болады.(Қоюмен белгіледік Н.Б)  Мысалы, Халықаралық кәсіпкерлер ұйымын да, Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйымды да ХҰ, Еуропалық Кеңес те, Еуропалық Комиссия да ЕК түрінде қолданылып келеді»[4,123-124] Мұны модальды семантикалық категория бойынша түсіндірсек «айтылған сөз бен болмыс арасындағы қатынас түрлері және хабардың әртүрлі қабылдануын көрсетеді» [5. 145] Демек қысқарған сөздер әрі семиотикада да бірізге түсуі үшін осы бағытта зерттелуі керек.

Осы тәрізді кемшіліктер адресат пен адресант арасында да түсініксіздік туғызады. Тіпті қысқарған сөздерді ауызекі тілде дұрыс қолданбаса, сөйлеу әдебінің бұзылуына әкеп соғады («Сіз ҚР [Қы-Ры]азаматысыз ба?» деп сұрау оғаш естіліп, құлаққа түрпідей тиеді және ұлттық дүниетанымға, функционалдық стильдердің классификациясы нормаларына қарама-қарсы. Осы жағдайда қысқарымдар «тарамдалған» нұсқада қолданылады).Өйткені сөйлеу әдебі жалпы адамзаттың әдеп құндылығын, ұлттың этикалық алғышарттарын өзіне тірек етеді. «Тіл мәдениеті сөз дұрыстығы, сөз дәлдігі, сөзді көркем, әсерлі, әсем етіп жеткізу ұстанымдары, яғни коммуникативтілік қажеттілік пен эстетикалық бағдар ауызекі сөйлеу стильінің прагматикасын қамтиды» [12, 57].

Келесі мәселе – әлеуметтік желілердегі қысқартылып жүрген сөздер. Рахмет-раха, Спасибо-спс, және – &, не істеп жатырсың – нестеп, нормальный-норм, стипендия-стипуха, мама-махан, папа – пап секілді сөздер туындаған. Қазақ тілінде жаргондар деп көрсетіледі. Кейде «арго», «сленг» сияқты терминдермен алмастырады. Ал өзге тілдерде бұларға социолект деген термин берілген. «Молодёжный сленг – социолект (англ. sociolect, от лат. Societas – общество и диалект), социальный диалект – групповые речевые (в первую очередь лексические и стилистические) особенности, характерные для какой-либо социальной группы (профессиональной, возрастной, субкультуры)» [13, 9] 

ІІІ. Қорытынды

Ойымызды тұжырымдасақ,  қысқарған сөздер дегеніміз көп жағдайда графикада ғана пайдаланылатын  күрделі тіркесті қолданыстардың ықшамдалған тілдік бірліктері, шоғыры. Тағы да бір байқағанымыз шартты таңбалар арқылы қысқарған көп қысқарымдардың(см, мм, т.б, т.с.с, кв ) тек жазу жүзінде қолданылуы. Өйткені тілімізге үйреншікті болып кеткен әріптік қысқарымдарды (ҰБТ, АҚШ, ЮНЕСКО)  сөйлеу үстінде пайдалана береміз.

Жұмыста ағылшын, орыс тілдеріндегі қысқарымдардың жасалу жолы көрсетіліп олар қазақ тілімен салғастыра қаралды. Қысқарған сөздердің тұлғасына қарап сөзжасам саласындағы жаңа аталымдық мағына көрсеткіші деп көрсету дұрыс еместігі де, оның алғышарттары да көрсетілді.

Сондай-ақ прагмастилистикада қысқарымдардың біршама мәселесі көтерілді. Жалпы қысқарған сөздердің әр тілде өзіндік орны бар. Кірмеліктің нәтижесінде қазақ тілінде қысқарған сөздер көбейіп келеді. Бұл бірліктердің прагмастилистикада да зерттеу нысанына түсуі белглі бір жағдайда оң шешімін берері сөзсіз. Осы бағытта зерттеу жүргізу барысында терминология комитетінде қысқарған сөздер сөздігін жасау қажеттілігі де туады. Ағылшын, орыс, қытай тілдерінде аббревиатуралардың прагмастилистикасы секілді мәселелерга арналып бірнеше диссертациялар қорғалды. Ал қазақ тілінен қысқарған сөздер тақырыбына арналған Н.Алдашевтың 1996 жылғы кандидаттық диссертациясын ғана нақты атай аламыз. Ғалымдар алдында осы бағытта зерттеу жүргізу мәселесі бір арнаға түсуі тиіс.

Сонымен қатар жаңа терминдер ұсынылып олардың өзге тілдердегі қолданысы да көрсетілді. Акроним, криптонимдер Н.Алдашевтың кандидаттық диссертациясында толық баяндалғандықтан бұл тақырып аясына кеңінен тоқтала қоймай қысқарымдардың жалпы мәселесін көтеруді мақсат тұттық.

Барлық талдауларды қорыта келе мынадай пікір білдіреміз  қазақ тіл білімінде көп мәселені қарастыруда, тілдің ішкі заңдылығына қарамай, орыс, басқа шет тілді еңбектердегі теорияны негізге алу жиі кездеседі. Бұл шет тілді ғалымдардың еңбегін жоққа шығару деген емес, тек қазақ тілін зерттеуде өз өзегін негізге алып, тілді ұлттық дүниетаным көзқарасында қарастыруды жолға қоюда белгілі бір ретте қарсылық тудырады. Сондықтан да қысқарған сөздер мәселесінде осыны да ескеру қажет.

Әдебиет тізімі

  1. Алдашев Н.М. Қазірі қазақ тіліндегі қысқараған өздер//Канд. дисс.авторефераты. Алматы,1996. – 25 б.
  2. Иванова Л. Структурно-семантические и функционально-прагматические особенности отаббревиатурной лексики. Барнаул: Типография Алтайского государственного университета – 2010. 16 с.
  3. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөз жасамы: Оқулық. Алматы, 2001. –
  4. Құрманбайұлы Ш. Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа атаулар мен қысқараған сөздер. Астана, 2009. – 256 б
  5. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. Алматы: Сөздік-Словарь, 1998. – 304 б.
  6. Жұбанұлы Қ. Қазақ тіл білімінің мәселелері/Құраст.: Ғ.Әнес.Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2013. -640 б.
  7. Ағылшынша-қазақша сөздік. Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006.
  8. Орфоэпиялық сөздік. Алматы: «Арыс» баспасы, 2007.
  9. Костерина О.Н. Лексические сокращения в современном английском языке (структурный и прагматический аспект)//Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата филологических наук. Санкт-Петербург, 2005. – 23 с.
  • Реформатский А.А. Введение в языковедение. – Москва, 1967. -542 с.
  • . Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. -2 басылымы. Филология факультеттері студенттеріне арналған оқулық. –Алматы: Ана тілі, 1991. -384 бет.
  • Әлкебаев Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы: Оқу құралы.2-бас. Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 258 б.
  • Масловец П.С. Употребление сокращённых слов в речи старшеклассников. Белая Церковь, 2011. – 26 с.
  • Құрманбайұлы Ш. Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер. Алматы, «Баспалар үйі» АҚ-ы. 2013. – 296 б
  • Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Оқулық. – Алматы, 2006. – 264 бет
  • Сайрамбаев Т. Күрделі сөз тіркестерінің кейбір мәселелері. – Алматы, 1976. – 70 бет
  • Хасенов Ә. Тіл білімі (Оқу құралы), 2-басылуы. –Алматы, 1996. – 416 бет
  • Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2005. – 440 бет
  • Әбуханов Ғ. Қазақ тілі, Алматы: Мектеп, 1982, – 282 б.
  1. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция еңбектері. 1-бөлім. – Алматы: Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2011.- 362 б.
  • Т.Ерғалиев. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөз таптарының мифологиялық құрылысы. – Алматы, 1963
  1. ҚазҰУ хабаршысы. –Алматы, 2006 №8-9(98-99)
  2. Е.Н.Шипова. «Способы словообразования имен существительных в русском языке и казахском языке» Автореферат дисс. Кандидата филолог. Наук. Алма-ата, 1953
  3. Б.Қасым. Күрделі зат атауларының мағыналық құрылымы және сөзжасамдық үлгілері. –Алматы, 2000

Тақырып бойынша жарияланған мақалалар тізімі:

  1. «КОЗЫБАЕВСКИЕ ЧТЕНИЯ – 2015: перспективы развития науки и образования»: материалы международной научно-практической конференции. Т.3. – Петропавловск: СКГУ им. М. Козыбаева, 2015. с. –
You May Also Like

Электрохимиялық кернеу қатары

Электрохимиялық кернеу қатары Мақсаты: -металдардың электрохимиялық кернеу қатары жайлы мағлумат; -металдардың химиялық…

Жстд бар балалардың сөздік қорын дамыту

 Жалпы сөйлеу тілі дамымауы бар балалармен жұмыс барысында басты назарға мына бағыттар…

Иммунология даму тарихы. Иммунитет теориясы

Иммунология даму тарихы.Иммунитет теориясы. Жоспар: І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім Иммунология анықтамасы Иммунологияның дамуына…

Сүйелді кетірудің тәсілдері

Сүйел – вирусты дерт болғандықтан науқаспен қарым-қатынаста тез жұгады. Балалар мен жастарды…