Жалпы сөйлеу тілі дамымауы бар балалармен жұмыс барысында басты назарға мына бағыттар алынады:

–  Артикуляциялық сөйлеу аппаратының қимыл-қозғалысын белсендіру;

–  Сөйлеу барысынды дұрыс тыныстауды қалыптастыру;

–  Дыбыстарды түзету, машықтандыру және қою;

–  Сөйлеудің әуезділігін, интонациясын қалыптастыру;

–  Фонематикалық есту қабілетін дамыту;

–  Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту;

–  Белсенді және енжар сөздік қорын дамыту;

Сөйлеу тілінің дамымауы әртүрлі деңгейде кездеседі. Алғашында Р.Е.Левина жалпы сөйлеу тілі дамымауын үш деңгейге бөлді. Кейіннен Т.Б.Филичева 4-ші деңгейді сипаттап қосады.

Сөйлеу тілінің жалпы дамымауының бірінші деңгейінде тілдің мүлде қалыптаспауы байқалады. Оларды мылқау балалар дейді. Бұл деңгейдегі балалардың кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынандай болып келеді: былдырлап сөйлейді, жеке дыбыстарға еліктейді, жекелеген зат есім сөздер мен күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланады, сөйлемді былдырлап мүлде түсініксіз етіп үзіп-үзіп айтады, сөйлемде дыбыстар анық айтылмайды, әрі тұрақсыз, құбылмалы келеді. Олар айтайын деген ойын қолдарын ербеңдету арқылы ым-ишара қолданып, ымдап түсіндіруге тырысады.

Лексикалық тақырып: Отбасы.

Мақсаты: Отбасы туралы әнгімелеу, диалог түрінде сойлесу арқылы балалардың тілдерін , сөздік қорларын дамыту, сөздің неше дыбыстан тұратынын анықтап, дыбысты есту арқылы ажырату, ой- өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, жауапкершілікке тәрбиелеу.

You May Also Like

Арал теңізінің экологиялық проблемалары, шығарма

Арал теңізінің экологиялық проблемалары Арал теңізінің экологиялық проблемаларын қарастыру негізінде менің алып…

Картографияның даму тарихы

Картография  – географиялық карталар, оларды жасау және пайдалану туралы ғылым.Картография табиғат пен қоғам…

Фрикаделька және брокколи қосылған сорпа

Қажетті өнімдер: – 300 г дайын фрикаделька-лар; -1 бас пияз; -1 сәбіз;…

Жеңіл және сирек металдарды өндіру процестерінің ерекшеліктері, дәріс

6 дәрістің Жеңіл және сирек металдарды өндіру процестерінің ерекшеліктері Дәрістің конспектісі: Жеңіл…