Тәуелсіздік дәуірі

Тәуелсіздік – жекеменшік  еркіндік. Кім де болса еркіндікті қалары анық, сан жылдар ата – бабамыз арман еткен тәуелсіздіктің тәтті жемісі біздің өмір сүріп отырған алтын ғасырымызға бұйырған тәтті сый деп білемін. Себебі, әлемнің бар асылын , жақсысын, байлығын жинасақта, бір ақ күндік бейбіт күнге жетпес деп есептеймін. Мен үшін тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген күн.

Тәуелсздік таңдайдағы тәтті ұғым. Иә, тәуелсіздік біздің егемен еліміздің ең үлкен мақтанышы. 1986 жыл, желтоқсан ызғары деген сәтте есіңе не түседі соны елестетіп көрші. Қиын жағдаймен алынған қанды жеңіс дер едің, әрине, олда дұрыс шығар, дегенмен де «Мен қандай әрекет жасар едім?» деген сұрақты өзіңе көріп қойдың ба? Әрине, жоқ. Демек, айтарым тәуелсіз елміз деп мақтанғанда масқарамыз, бірақ тәуелсіздік сөзінің астарын түсінер адам аз. Қаншама адамдарды байқадым дәл 16 желтоқсан күні қолдарына шарап алып, тәуелсіздік күнін атап өтейік деп жүрген. Бірақ неліктен олай жасайсыздар? Бұл сіздерге тойлайтын мереке емес, ойлайтын мереке, одан да еркіндік жолында қаза болған адамдар артынан құран бағыштап, жеті шелпегімізді пісіріп, Жаратқаннан алаштың айы, күні мәңілік күлуін неге сұрамаймыз? Осы менің көкейімдегі ең маңызды сұрақтардың  бірі.

Тәуелсіздік – бабаларым аңсап кеткен жеңіс, ұрпақтарының қолы жете алған киелі кезең. Еліміз – тәуелсіздіктің бесігінде тербелгеніне міне жиырма тоғыз жыл өтті. Осы уақыт аралығында егеменді еліміз етек жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына керемет елдердің бірі бола алды. Тоқсан бірінші жылы ел тәуелсіздігін алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына республика болып, тәуелсіз болғанын қалаған ел Түркия біздің қуанышымызға ортақтасқан еді. Демек, біздің еркін болғанымызды басқа елдерде шын жүректен қалайды деген сөз.

Әлемде екі жүз қырыққа жуық мемлекет болғанымен, оның ішінде күні бүгінге дейін басқа мемлекетке бағынышты өмір кешіп, тәуелсіздігін алмағаны қаншама! Сонау 1776 жылдың 4 шілдесінде Америка Құрама Штаты құрылып, тәуелсіздік декларациясын қабылдады, ал осы кезде қазақ халқының тағдырына егеменді ел болу үшін жоңғар, қалмақтармен соғысу жазды. Бұл күндері Қазақстан – егемендігін алған жас мемлекет, алайда, оның үш мың жылдық тарихы бар қасиетті ел екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Сол уақыттан бері қазақ халқы егеменді ел боламыз деп талай тар жол тайғақ кешті, сондықтан мен тәуелсіздікті таусылмас тарих деп білемін.

Қорыта айтқанда, өз ойымды өлең шумақтарыммен жеткізсем деймін:       Қазақтың қасиетті мұнарасын,

Енді ешқандай қайғы бұлт торламасын.

Алаштың бостандығы мәңгілік боп ,

Алла өзі сақтаса екен Нұр ағасын.

Қайраттар Отан үшін отқа түсіп,

Ерболдарда алыпты сыбағасын.

Ляззат пен Сәбирадай азап шегіп,

Қазақтың арулары жыламасын!

Қазірге таңда Жаратқаннан сұрайтын жалғыз тілек: қазақтың күні күлсін, айы күлсін, қазаққа тәуелсіздік мәңгілік боп, көрсетпесе екен тағдыр қайғылысын.

You May Also Like

Жаяу Мұсаның қиянатқа жазылған “Ақ сиса” өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңдар, эссе

Жаяу Мұсаның Байжанұлының “Ақ сисасын” білмейтін исі қазақ жоқ шығар. Бұл –…

Жас астроном эссе

Жас астроном Әлемнің   құрлысы жайындағы алғашқы түсінік. Ертедегі әлемнің құрлысы жөніндегі түсінік…

Жетістікке жету, эссе

Күнделікті өмірімізде жетістік, жетістікке жеткен адам кім? деген сұрақты өзімізге көп қоямыз.…

Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазу, эссе

Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік…