Күнделікті өмірімізде жетістік, жетістікке жеткен адам кім? деген сұрақты өзімізге көп қоямыз. Жетістікке барлық адамдар болмаса да көпшілігі жеткісі келеді. Жетістікке жету туралы Шығыс және Батыс мәдениетінде әр түрлі түсініктер қалыптасқан.

Батыс мәдениетінде – бұл мақсатқа жету мәдениеті, адам іс әрекет жасау керек, яғни ертеңгі жаңа асуларды алу үшін сен дәл қазір іс әрекет жасау керексің дегені. Мақсатқа жету дегеніміз құмарлық, жеңіске жетіп, жаңа асуларды алуға деген құлшыныс, оның рахатына бөлену. Нағыз жетістікке жеткен адамның өмірін құрайтындар осы. «Жетер, күттік – енді қимылдау керек!» деген оның, яғни жетістікке жеткісі келетін адамның ұраны.

Қазіргі таңда көптеген жетістіктерге жетіп, тіпті жеке бизнесін ашып үлгерген  Ресейдегі кәсіпкерлердің бірегейі жайлы сөз қозғамақпын. Ол –Михаил Гуцериев. Менің ойымша ол «бизнес» атты ойынның барлық қыр-сырын білетін жақсы ойыншы секілді. Саралап қарасам оның әрбір жасаған іскерлік іс-әрекеттері жеті рет өлшеніп бір рет кесілген іспетті көрінеді. Өзінің 61 жыл өмірінде Михаил көптеген қызметтерді атқарған. Бір таңғалатыным қай істі бастаса да жеңіске жетіп түптің түбінде қалағанын алатыны. Бұл жерден ұғатыным оның құрған жоспарының нақтылығы мен дәлдігі алдағы өмірімде кәдеге жарайтын секілді. Михаил Гуцериевтің бизнесіне келер болсам, ол бизнестің бағытын таңдауда қателеспеді деп ойлаймын. Себебі оның айналысып отырған «Мұнай-бизнесі» және «Медиабизнесі» екеуіде ХХІ ғасырда өте көп сұранысқа ие және актуалды. «Заманына сай адамы»- демекші оның бұл таңдауы өте тиімді стартап болды деп ойлаймын. Михаил Гуцериев көптеген кәсіпкерлер үшін үлгі боларлық тұлға, дәл осындай адамдар алға ұмтылуға жаңа серпіліс береді. Сондықтан оның бизнесіне қатысты пікірім оң.

Егер  менде Михаил Гуцериев секілді келешекте бизнес сферасында өз орынымды тауып жатсам, мен өз бизнесімді дамыту үшін мына ережелерді ұстанушы едім:

  1. Алдыма мақсат қою;
  2. Кәсібімнің дамуы үшін түрлі жолдарды қарастыру;
  3. қадамымды анық басу;
  4. Қандай қиыншылық болмасын алға ұмтылу;
  5. Қорқып, күмәнданбау;
  6. Тек жаңашылдыққа ұмтылу ;
  7. Басқалармен кеңесу арқылы кәсібімнің кемшілік тұстарын жөндеуден ұялмау;
  8. Тәуелсіз болуға ұмтылу;

Осыған сүйене отырып айтарым, тұлғаның дамуы қандай сферада болмасын толығымен үйлесімділік табуы қажет. Ішкі бастаулар сыртқы дамуды анықтайды, тартады. Жетістікке жету неден басталады? Әлемдегі ең атақты бизнесмен, миллиардер Уоррен Баффеттің ережелеріне сүйенсек, ең бірінші тұлғаның өзінен басталады. Яғни менде бизнесім үшін, өз-өзімді өзгертуге, жетілдіруге дайынмын дегім келеді.

«Тамшы – тас теседі» деген сөз бар. Яғни, тырсылдап тынымсыз таматын кішкентай тамшы гранит тасты тесіп, қақ айырады. Сол сияқты түрлі идеялар мен бизнестегі табыс кімнің болмасын күнде жасайтын тынымсыз еңбегінен  бастау алады. Сондықтан «Бизнес» атты ойыннан шығып қалуды қаламасаң жақсы ойыншыға  қарап бой түзеп, аянбай еңбек етуің қажет.

You May Also Like

Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы, эссе

Эссе Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы Әл Фараби саяси пікірлерінің бірін «Қайырымды…

Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз. эссе

Тәуелсіздік — халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік — халықтың тойы,…

Весна, эссе

Эссе Весна Моё любимое время года – это весна. Это пора, когда…

Кемпірқосақ қалай пайда болады? эссе

Эссе Тақырыбы: Кемпірқосақ қалай пайда болады? Мазмұны:                                                                                                                                                        І. Кіріспе: Кемпірқосақ – аспан…