Жаяу Мұсаның Байжанұлының “Ақ сисасын” білмейтін исі қазақ жоқ шығар. Бұл – қазақ топырағындағы теперішті тағдырдан хабар беретін сом туынды. “Ақ сиса” – өз уақытындағы қоғамдық бүлік пен күрестің гимніне айналған атышулы өлең. “Ақ сиса” сияқты әлеуметтік теңсіздікті әшкерлеген өлеңді күні бүгінге дейін халық сүйіп тыңдайды. Ақын, Жаяу Мұсаның өмірін кеңінен зерттеп жүрген Ғалым Жайлыбайдың айтуынша, “Ақ сиса”-жеңілдікті көтермейтін шығарма. Әннің бойында қазақтың қамын жеген қайраткердің басындағы тратегия ғана емес, бүкіл қазақ халқының “әлімжеттік” кезеңдегі жағдайы сипатталған. Бұл өмір бойы тауқымет тартқан ақын-сазгердің елі үшін жанайқайы іспетті. Бірақ Жаяу Мұсаның бұл өлеңі қиянатқа қарсы жазылғанымен, мұнда оптимистік ой-толғамдар бар ма?

Негізінен, бұл өлең оптимистік рухтан туған өлең. Осы өлеңнің тарихына жүгінсек, Бір күні Жаяу Мұса ауылдарының тұсынан өтіп бара жатқанда, Шормановтар астындағы атын тартып алып, өзін көк ала қойдай етіп сабап жібереді. Бірақ Мұса Шормановтар тұқымының мұндай зорлығына жасқанып, жасымайды. Мұса ат орнына қолына таяғын алып, жаяу-ақ ел аралап, ән шырқап жүре береді. Осы жерден Мұсаның оптимистік көңіл-күйін байқауға болады. Оның өлеңінде мынандай жолдар бар:

“Шорманның Мұстапасы атымды алып,

Атандым сол себептен Жаяу Мұса”.

Шормановтар оның атын тартып алып, “Жаяу Мұса” атандырғанымен, асқақ әніне тұсау сала алмайды.

“Жылансын екі басты ел жалмаған,

Қоймаймын, не қылсаңда, айтар сөзім, ” деп Шорман тұқымының зорлық-зомбылығына деген ыза-кектің әсерінен композитордың күрделі шығармаларының бірі екенімен келісесіз бе? Әрине, бұл – теңсіздікке, зорлықшыл, қиянатшыл үстем таптардың іс-әрекеттеріне деген наразылық пен ыза-кектің уытты күшін көрсететін әлеуметтік мәні зор ән. Батыл, сонымен қатар оптимистік рухтан туған бұл ән дұшпанға бітіспес кектіғана емес, шындық пен әділеттіліктің жаршысындай естіледі. Қазақ даласындағы феодалдық тұрмыс жағдайды сынайтын әуезді туынды. “Ақ сиса” әні композитор шығармашылығының биік шыңы.

You May Also Like

Қош келдің, Әз-Наурыз! эссе

Қош келдің, Әз-Наурыз! Наурыз мерекесі дәстүрлі түрде 5000 жылдан астам уақыт бойы…

Махамбет поэзиясында арман, тілек,аңсау сарындары бар екенін дәлелдеп жаз. эссе

Махамбеттей отты ақынның шоқтай түсіретін поэзиясы ұлтына ұран болған, рухы биік поэзия.…

Президент – ел тірегі, эссе

Президент – ел тірегі Эссе Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың…

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз. эссе

Адамзат қоғамының осы уақытқа дейін ұлы құндылығының бірегейі-адамгершілік. Сол адамгершілік атауының тамырына…