1.11.Педагогтың педагогикалық құзыреттілігі және оның құрылымы  

Ұстаздың педагогикалық шеберлігі мен кәсібилігінің айырылмас құрам бөлігі ретінде оның  кәсіби құзыреттілігі саналады.

Құзыреттілік ұғымы адамның қайсы бір қызметті атқаруға дайындығының құймасын сипаттайды. Қазіргі кезде жалпы және жиі кәсіби білім берудің теориясы мен практикасында жиі қолдануда.

А.К.Маркова кәсіби құзыреттіліктің бірнеше түрін бөліп көрсетеді де,олардың болуы адамның кәсіби жетілгендігінің көрсеткіші деп санайды.

  • Арнайы құзыреттілік;
  • Әлеуметтік құзыреттілік;
  • Тұлғалық құзыреттілік;
  • Даралық құзыреттілік;

Педагогикалық қызметтің ерекшелігі тек бір тар мамандық бойынша  құзыретті болуына жол бермейді, оқытушының кәсібилігі кәсіби құзыреттіліктің барлық түрінің біртұтастығымен анықталады.

Кәсіби құзыреттіліктің құрылымын анықтаудың бірнеше жолы бар. Олардың біреуі оқутышының кәсіби құзыреттілігінің құрылымын педагогикалық ептілік жүйесі арқылы шумен байланысты болса, басқасы педагогтың түрлі кәсіби саладағы құзыреттілігіне бөліну құрылымы арқылы анықталады,олар өзіндік білім беру және оқытушылық;тәрбие беру қызметі ғылыми әдістемелік және мәдени – ағартушылық коррекциялық дамытушы қызмет; басқарушылық қызмет.

Педагог қызметінің түріне қарамастан олардың әрқайсысында құзыреттілік екі негізгі компоненттен тұрады:

       1.Оқытушының теориялық дайындығын анықтаушы бөлімдер жүйесі.

       2.Оның кәсіби қызметін іс жүзінде  атқаруға дайындығының негізгі құраушысы болатын ептілік пен дағдылар жүйесі.

«Оқытушы» мамандығын алған педагогтың теориялық  және практикалық дайындығының қорытынды талаптары мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандарттарындағы бітірушінің квалификациясы сипаттамасында көрсетілген.

Педагогтың теориялық дайындығына қойылатын талаптар 

Педагогикалық қызметтің ерекшелігі оқытушыдан жалпы мәдени және ғылыми арнайы психология-педагогикалық білімдер жүйесін меңгеруді талап етеді.Негізгі және орта мектептің оқытушысы түрлі жалпы және кәсіби қызығушылықтары  қосылатын ұқсасатығы оқушылар тобымен жұмыс жасайды.Олармен тұлғааралық қатынастардың құрылуы,тиімді педагогикалық әрекеттесудің болуы және онда кең ой-өрістің, жалпы эрудициялы жастарды ынталандырушы,шығармашылық, рухани бай тұлғаның жетілуі әлеуметтік түрлі саладағы құзыреттілік,әлеуметтік,мәдени,ғылыми техникалық білімдерді жете меңгерудің нәтижесінде қалыптасқанда іске асады.Педагогтың кәсібилігі және педагогикалық шеберлігі,сонымен қатар оның мамандығы беретін пәні бойынша білімінің тереңдігіне байланысты.

Кәсіби қызметтің табысты орындалуы үшін оқытушының жалпы теориялық пәндердің педагогикалық, ғылыми ,әдістемелік және ұйымдастырушылық негіздерін меңгерген болуы керек.

Өзіндік білім алу қызметі саласындағы құзыреттілік еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздерін білу: ізденіс түрлері,ақпараттық өңдеу, сақтау және қолдану,өзіндік жұмысты ұйымдастыру,еңбекпен демалыс режимін сақтау және т.б қамтамасыз етіледі.

Кез-келген оқытушыға қажетті психология-педагогикалық білім жүйесі төмендегі блоктардан тұрады:

  1. Оқушылар білім және тәрбие берудің негізгі психикалық және психологиялық механизмдерін,педагог оқушылардың жас және даралық психологиялық ерекшеліктері білімдерін меңгеруі қажет.
  2. Педагогикалық қызмет ерекшеліктерінің құрылымын оқыиушы тұлғасына қойылатын талаптарды, кәсіби-тұлғалық өзін тәрбиелеу және өзіндік тану негіздерін білуі.
  3. Педагогикалық процесті құруға қажетті және оған көмектесетін әдістемелік және концептуалды біліидер жүйелерін меңгеруі: білім берудің әлеуметтік құбылыс екенін үздіксіз білім берудегі жалпы және педагогикалық білім берудің орны мен рөлі, білім берудің функциялары,негізгі тенденциялары,бағыты мен дамуы перспективалары; білім беру мен тәрбиелеудің жаңа келістері және т.б жатады.

Оқытушы қызметін атқару үшін оған келесі психология-педагогикалық білімдер негіздерін білуі қажет:

  • Оқу процесінің мазмұңын,оның заңдылықтары мен принциптерін;
  • Оқушылардың оқу қызметінің құрамы және ерекшеліктерін,оны ұйымдастыру тәсілдерін;
  • Меңгеру процесінің психологиялық негіздерін;
  • Оқу процесінің бағдарламасын жасау оқытудың маңызын таңдай білу,оның адекватты формаларын,оқыту әдістері мен тәсілдерін,жаңа педагогикалық технологияларды қолдана білу;
  • Оқу кабинеттерімен қосалқы бөлмелердің жабдықталуына қойылатын талаптар;
  • Оқыту құралдары мен олардың дидактикалық оқытушы мүмкіндіктері;
  • Оқушылардың өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру түрлері,мазмұңы және тәсілдері ,оқыту нәтижелерін тіркеу және бақылау;
  • Өзінің педагогикалық қызметінің диагностикалық тәсілдермен талдауы.

Сонымен қатар оның тілдесудің психология-педагогикалық негіздері туралы түсінігі,ал сынып функциясын атқару үшін тәрбиесінің теориялық негіздері мен тәрбие процесін ұйымдастыру тәсілдерін,өзінің кәсіби қызметінің басқа салалаларындада ғылыми-әдістемелік,әлеуметтік-педагогикалық,коррекциялық дамытушы,басқарушылық сияқты білімі болуф қажет.

      Педагогтың практикалық дайындығына қойылатын талаптар

Педагогтың орындайтын кәсіби функциялары мен қызметінің көп түрі  тізімі оның меңгеруі қажет болатын квалификациялық сипаттама мазмұңында көрінеді.Педагогика мамандығын бітіруші төмендегілерді білу қажет:

  • Орта мектеп оқушыларының оқу процесінің,беретін пәнінің ерекшеліктері негізінде оқушының тұлғалық дамуы мен тәрбиеленуі мәселелеріне бағыттау арқылы жүргізу
  • Білім беру мен оқытуға қойылатын талаптарға сәйкес психология-педагогикалық талаптарды ескере отырып,оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын ынталандыру;
  • Мектептегі әдісьтемелік бірлестіктердің түрлерінде әдістемелік жұмыстар орындай отырып, өзіндік кәсіби квалификациясын көтеру;
  • Сынып жетекшісінің функциясын орындай отырып оқушылардың ата-аналармен байланыста болу,оларға жіне тәрбиесінде көмекші болу;
  • Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі ережелерін орындау,оқу процесінде оқушылардың денсаулығы мен өмірін қорғауды қамтамасыз ету;
  • Ұйымдастырушылық-басқару мәселелерін шешу

Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің негізін оның іс-жүзінде қызметін өзі ұйымдастыруы,оптималды шешімдерін таба білуі,өзін бақылай білуі,нәтижелері,өзінің қызметін жоспарлай білу,ептілігінен,икемділігінен,ақпаратты іздестіру,өңдеу және қолдана білу,оны оқушыларға түсінетіндей формада бейімдей білуі құрайды.

Педагогтың кәсіби қызметін атқаруға дайындығын әлде-қайда толық көрсететін педагог әрекетінің жүйесі 3-кестеде көрсетілген.

1.12.Педагог қызметінің даралық стилі   

Өзінің кәсіби қызметін атқаруда әрбір педагог мүмкіндіктеріне,ерекшеліктеріне,өзінде әлде-қайда дамыған қабілеттеріне максималды бейімделуге (адаптациялауға) тырысады.

Оқытушының кәсіби шеберлігінің қалыптасуының маңызды шарттарының бірі – өзінің педагогикалық қызметіндегі даралық стилін анықтау.Оны адамның еңбегінің табыстылығын,тиімділігін қамтамасыз етуші,қызметінің тактикасы мен тұрақты мәселелер  жүйесіндегі адамның табиғи ерекшеліктері құрайды(Е.Климов).

Психологтардың зерттеулері педагогтың қызметіндегі даралық стилинің, оның педагогикалық қолы (ізі) көпшілік жағда        йда табиғи қалыптасқан типологиялық ерекшеліктері мен тұлғалық басқа қасиеттеріне байланысты екенін көрсеткен.

Жүйке (нерв) жүйесі күшті және қозғалғыщ болатын педагогтар шешімдерін жылдам,біртума және күтпеген жерден ала білетіндіктен табысты болады.Оларда көбінесе экспрессивтілік,суырып-салмалық,эмоциялық реакцияларында мәнерлілік, сонымен қатар артистілік байқалады.

Күшті, бірақ инертті және тепе-теңдікті жүйке жүйелі педагогтар өз шешімдерін ұқыпты,өлшемді дайындайды,асықпай қимылдап үлкен шыдамдылықпен,педагогикалық жағдайларда терең ойланып,оқушының ішкі дүниесіне үңіліп,содан соң шешім қабылдайды.

Бөліну негізіне қарай педагог қызметінің даралық стилінде түрлі типологиясы болады.Оқытушының педагогикалық түрлі қызметіне қарай стильдер төмендегідей жіктеледі:оөытушы-қызметтің,тәрбиелеуші қызметтің және педагогикалық тілдесудің стильдері.

А.Маркова пікірінше қызмет стильдері,алдымен педагогикалық еңбекке қойылатын талаптың адам мүмкіндіктеріне арақатынасымен анықталады.Педагогтың қабілеті мен кәсібіне қойылатын талаптарына қайшы келмейтін стиль әлдеқайда оптималды болып саналады.А.Маркова және А.Никонова стильдің төрт түрін ұсынған:

  • Эмоционалды-импровизациялық стиль (эис): оқытушы көбінесе оқыту процесіне бағытталған;
  • Эмоционалды-әдістемелік: оқыту нәтижелеріне бағытталғандар;
  • Талқылаушы- импровизациялық:бұл оқушылар, негізінен оқу процесіне үлкен мән береді,сабақты нақты жоспарға сай жүргізуге,материалды,еркін талдауды ұнатады;
  • Талқылаушы-әдістемелік:көбінесе оқыту нәтижесіне мән береді,сабақты,педагогикалық процесті қатаң жоспар бойынша басқарады және білімді бақылауға қайталау мен бекітуге уақыт бөледі.

Э.Костяшкин педагогикалық қызметті жіктеудің басқа стиль типтерін ұсынады: интелектуалды,еріктік,эмоционалды,ұйымдастырушы.

Автордың ойынша,бастауыш сынып оқушыларында көбінесе эмоционалды және ұйымдастырушы,ал орта сыныпиарда еріктік және жоғары сынып оқытушыларында интелектуалды стильдер басым болады.

Педагогтың жалпы және кәсіби мәдениеті 

         «Мәдениет дегеніміз- өткені әртүрлі,қазіргісі және болашағы да әр түрлі адамдардың бір мезгілдегі болмысы және тілдесуі-мәдениеттер,диалог формалары мен ол мәдениеттердің бірін-бірі туғызуы»,-деп жазады В.Библер.Сонымен қатар «мәдениет-бұл адамның барлық біртұтастығы,өзіне ұмтылған ниеттену деп ұғылған феномен,яғни өзінің рухани шыңы».

А.Белыйлың пікірінше, «мәдениет дегеніміз-ол өмір стилі,осы стильде ол өмірдің өзінің шығармашылығы,бірақ сапасыз емес, сапалы: мәдениет адамның өзіндік сапасының өсуімен анықталады,ол біздің дара «мен»-іміздің және бір мезгілде әмбебапта мәдениеті болған».Демек,мәдениет дегеніміз-бір мезгіоде адамнан тыс және оның өзінде де болатын нәрсе.Бұл ұғымның өзін оны құраушы элементтері: «ғылым», «өнер», «дін», «білім беру» және т.б.деген тізіммен анықтау мүмкін емес.Мәдениет бұл біртұтастық,адам қызметінің көп жағын органикалық біріктірген,сондықтан оны шартты түрдеқоғамдық мәдениет және жекебас,дара мәдениеті болып бөлінеді.Кез келген дәуірдің, халықтық мәдениеті ол сол дәуір адамдарының мазмұнының оларға тән өмір сүру образы мен өзіндік сапасымен байланысты. Сол мағынада ол үнемі бірегей және индивидуалды кез келген мәдениет сипаттамасының басталу нүктесі,оны құрушылардың дүниетанымымен өзіндік сапасы болып саналады,сонымен ,біз бәріміз және әрқайсымыз жеке болып өз кезеңіміздің (дәуіріміздің) мәдениетін құрушы және тасушысымыз.Бір мезгілде біздің әрқайсымыз-әлеуметтік-біртұтас,өзін уздіксіз үнемі дамытушы мәдениетпіз.

Педагогтың кәсіби мәдениетінің  қалыптасуының  негізі ретінде оның жалпы мәдениеті болып табылады,олар:

  • Жан-жақтылықта,ой-өрісінің кеңдігінде,эрудициясында;
  • Жоғары рухани қызығушылық деңгейімен қажеттіліктерінде,адамдармен,табиғатпен тілдесуде,жоғары эстетикалық және мінез-құлықтық қажеттіліктерінде;
  • Ойлау мәдениеті мен тұлғаның эмоционалды мәдениетінде,еңбек мәдениетінде,тілдесуде,құқықтық және экологиялық мәдениетінде және т.б.

Адамның жалпы мәдениеттік негізгі қасиеттерінің бірі – ол әмбебаптығы. «Егер қайсы бір қызметпен шұғылданатын адам тек өз кәсібінде,тар кәсіби дүниесінде ғана қала беретін болса ,біріншіден,ол тұлға ретінде жоғалады,екіншіден,кәсіби диопазоны тарылады,өйткені негізгі сапалар шығармашылықтың жалпы заңдарына негізделген және олар нәрін тек өз саласына ғана емес,аралас салалардан да алады,тіпті кейде тікелей қарама-қарсы қызмет түрінен де пайдаланады».

Сонымен қатар жалпы мәдениет тұлғаның әмбебаптылығын және жан-жақтылығына тірелмеуі,теңеспеуі қажет.Нағыз мәдениетті адамды сипаттау үшін «руханилық» және «интелегенттілік» ұғымдары қолданылады.

Руханилық – тұлғаның сапасы мен өзіндік сапасының сапалық сипаттамасы,күрделі білім оның біртұтастылығымен ішкі гармониясының көрсететін өз шеңберінен шыға білу қабілеті және қоршаған әлеммен өзінің қарым-қатынасын гармониялау.Ол тек білімділікпен,мәдени қажеттіліктермен қызығушылығымен кеңдігі тереңдігімен ғана емес,сонымен қатар рухтың үнемі тоқтамай еңбек етуін,жұмыс жасауын,дүниені тау және өзін ойлау,жетілдіруге ұмтылу,өзінің сапасын кеңейтумен анықталады.Бұл тұлғаның ерекше эмоционалды күйі деп те қарастырылуы мүмкін,өйткені мұнда жанның нәзік қимылдарының көрініс алуы ,жоғары рухани күйлерге ие болу қабілетімен және адамның қоршағанның барлығын,әсіресе адамдар арасындағы нәзік рухани қарым-қатынастарды адамдарға сезімдік,бауырмашыл қатынасы негіздерінде құруы,адамның  рухани дамуымен аман-есендігіне қамдануы.

Рух лат.spiritus- жіңішке,ауа,желпіп өткен жел,тыныс деген мағына тегін емес шығар.Е.Артомавова «рухани мәдениетпен» «руханилық ұғымдарды» синонимдік ұғымдар емес дей келе тұлғаның рухани мәдениеттілігінде оның руханилығын байқататынын көрсетеді,ал рухани оқытушының даралық мәдениетін дамыту мақсаты болып табылады.

Интеллегенттік мәдениеті адамның сипаттамасы ретінде оның жоғары білім немесе интеллектуалды кәсіп иесі болу түсінігін қалыптастырмайды.

Интеллегенттік тек білімділіккте ғана емес,ал басқаны түсіне білу қабілеттілігінде.

Ол мыңдаған ұсақ-түйектерде байқалады: сыйластықпен айтыс-тартыс жүргізе білуде,білдірмей,сездірмей басқаға көрсетпек көрсету,табмиғатты қорғау;тіпті дастарханда өзін кішіпейілділікті ұстай білу,төңірегін заттармен,темекі қалдығымен,жаман сөздермен және т.б ластамау.

Кәсіби-педагогикалық мәдениет тұлғаның жалпы мәдениеті тілінде құрылатын,кәсіби қызметке және тұлғасымен педагог тұлғасының мәдениетіне,қоғамның педагогикалық мәдениетіне бағытталып кескінделген және «жалпы адамзаттық идеялар жүйесін,кәсіби-құндылықтар бағытталуы мен тұлға сапасын танымның әмбебап тәсілдері мен педагогикалық қызметтің гуманистикалық технологияларын көрсетеді».Педагогикалық білім  берудегі культуралогиялық келісі,кәсіби-педагогикалық мәдениеттің қалыптасуының және оның кәсіби қалыптасуының нәтижесі ретінде оқытушының даралық,шығармашыдлық күшін педагогиканың қызметте қолдана алатын құралы деп құрастырылған.

Оқытушының әдістемелік мәдениеті– әжептеуір күрделі тұлғалық білім беру.Бұл оқытушының педагогикалық философиясында,педагогикалық концепциясында  оның педагогикалық көзқарасы ,қызметінің мақсаты мен мазмұнының анықтаушы негізіг педагогикалық идеяларымен принциптер жүйесі ретінде көрсетілген.

Педагог концепциясы негізінде адам мазмұны туралы ұғымдар жүйесі оның міндеті,қалыптасуындағы кәсіби білім көрудің орны мен рөлі,педагогикалық қызметтің жалпы және өзі үшін мақсаты мен міндеттері жатады.

Педагогтың әдістемелік (методологиялық) қызметі төмендегі кезеңдерден тұрады:

You May Also Like

Киелі Қазығұрт, өлең

Кәсіптік – қолданбалы дене дайындығы

Кәсіптік – қолданбалы дене дайындығы Жоспар. Қолданбалы дене мәдениеті Дене мәдениеті және…

Алаш зиялыларының өмірі, қызметі, шығармашылығы

Кіріспе Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! бол қазақ! Шын бақытқа жеткізетін жолда ұзақ, …

Сиыр басындағы қызыл тақия

Сиыр басындағы қызыл тақия Тұр-тұрдан хабар келсе , ұйқыдан маза кетеді демекші…