Сиыр басындағы қызыл тақия

Тұр-тұрдан хабар келсе , ұйқыдан маза кетеді демекші таңғы 7де анам мені оятты. Тұрғым келмеседе бала күлкіге тоймас, жаман ұйқыға тоймас есіме түсіп, жып-жылы үлпілдеген төсектен лажсыз көтерілдім.Киініп, жуынып болған соң, ас үйге аяңдап, дастархан үстіндегі тамақты көріп, ет дегенде, бет барма деп оны соғып алдым.Көзді ашып жұмғанша, а деп ауыз ашқанша сабаққа баратын уақытта болып, екінің бірі, егіздің сыңарындай қылып інім екеумізді әкем мектепке әкеліп тастады.Қағанағым қарқ, сағанағым сарқ болып отырғаныммен, асығып жүріп үйге дене киімімді қалдырыппын. Қыз қылығымен көпке жағады деп, менің еркелей айтқан сылтауымды ағайымда күле қабылдады. Бұл сәттілігім тәттілікке ұласып сабақта лезде аяқталды.Әдепті жігіт – қылықты қыз болып,  Дарын екеуміз үйге қайтуға бет алдық.Бір кезде Дарынды не сайтан түрткенін білмеймін, менің басымдағы тақияны ала салды да, келе жатқан сиырдың мүйізіне іле салды. Не жыларымды, не күлерімді білмей мен тұрдымда қалдым аңқайып. Ол болса күліп жатыр,ал сиыр менің тақиямды киіп алып кетіп бара жатыр. Жақсы адамның ашуы шәй ормал кепкенше дегендей менің ренішім тез басылды.Адамның жүрген жері-Гүлстан деп  екеумізде ауылды басымызға  көтере күліп, сиырды қуалай бастадық. Мақсат бір-ол тақияны алу. Біз жүгірген сайын, сиырда қашады. Сиыр қуған тойға жолығады дегендей, сиырды қуалай- қуалай үйгеде жақындап қалыптық. Бір әттеген-айы ақыры менің тақиям сиырға естелік болып кетті. Есесіне Дарын ертесі маған судай жаңа тақия әперетін болып, уәде етіп ол кетті. Мен үйге келіп, еңбек ептілікті сүйеді деген оймен анама көмектесіп, Кітап ғалым, үнсіз мұғалім деп сабақ оқуға кірістім. Сабағымды аяқтай сала,сіз-біз болып отбасымызбен кешкі серуенге шықтық.

Ең бастысы ертесі  Дарын сөзінде тұрып маған әппақ қардай әдемі, үлпілдеген тақия силады. Ал мен мәзбін. Мен оның жігіттік сөзінде тұра білетін қасиетіне шынайы риза болдым.

You May Also Like

Балалардың ойлау мен сөйлеу қабілетін ойындар арқылы дамыту

Ойын- балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын- айналадағы дүниені танудың тәсілі.…

Ет және ет өнімдерін өңдеу, ашық сабақ

Басты шалқан пияз

Басты шалқан пияз  Басты пияз. Пияздың ең көп тараған түрі — басты…

Мәтінмен жұмыс – функционалдық оқу дағдыларын дамытудың негізгі тәсілі

Тақырыбы: Мәтінмен жұмыс – функционалдық оқу дағдыларын дамытудың негізгі тәсілі Ұстаздық қызметтің…