Ойын- балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын- айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Ойынның бірнеше түрлері бар: қимыл- әрекеті, логикалық, ұлттық, рамматикалық, дидактикалық, рөлді- сюжетті. Тиімді қолданылған ойынның түрлері оқытушының түсіндіріп отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыласпен орындайды. Ойын кезіндегі баланың психикалық ерекшеліктері өзгереді, олар ойланады, ерік қасиеті артады, эмоциялық әсері пайда болады, қиял елестері дамиды, белсенділігі артады. Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық әдіс ретінде пайдаланудың маңызы зор. Бала ойын арқылы өзі өмір сүріп отырған белгілі бір әлеуметтік ортадағы норма мен әрекетті қабылдайды. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттермен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау ОТТШМ – балалардың логикалық және абстракты ойлау қабілетін, қиялын дамытып қана қоймайды, оларды зейін қоюға үйретеді. Балалармен жұмыс жасаудағы осы технологияның негізгі құралы педагогикалық ізденіс болып табылады. Мектепке дейінгі балалармен оқу – тәрбиелік іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру қажет, қазақ тілі сабағында ОТТШМ технологиясы бойынша әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолданамыз.
ОТТШМ – ұраны – «Ойдағының бәрін айтуға болады», сондықтан балалар өздері ойлап тауып, өз ойларын жасқанбай айтып, жеткізуге тырысады.
ОТТШМ технологиясы бойынша «Ой шабуылы» әдісінің тиімді әдістердің бірі болып табылады. Бұл әдіс әр түрлі қызметте кеңінен тараған. Яғни, ол балаларға өз пікірлерін айтуға, оны дәлелдеуге, балаларды басқа біреуді тыңдай білуге, басқа адамға баға беруге үйретеді.
Балаларға әр түрлі тақырыптар береміз.
Мысалы: “Ой шабуылы”.
«Егерде … , не болады?»
«… жаңбыр толастамай жауады».
«… адамдар құстар сияқты ұшып
үйренеді».
«… иттер адамдар сияқты сөйлей
бастайды».
«… барлық ертегі кейіпкерлері
тіріледі».
«… су құбырының шүмегінен апельсин шырыны ағады».
Балалар еркін ойлап, осы сұрақтарға жауап береді.
«Ой шабуылының» жемісі психологиялық және талдау белсенділігіне байланысты болады. Егерде бала сұрақ қойса, оған тез жауап бермейміз.
Керісінше, оның ол туралы не ойлап тұрғанын сұраймыз. Оған талқылауға немесе баланың жетекші сұраққа жауапты өзінің тапқанын сұраймыз. Егер бала сұрақ қоймаса, онда қарама-қайшы әдісті қолданамыз. Жауап табу мақсатында, баланы жағдаятқа қоямыз. Бұл ауызша
ойын. Мысалы, «Жақсы–жаман», «жаңбыр – жақсы немесе – жаман»