Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегі

Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» шығармасын 1069-1070 жылдары бастап, 18 ай ішінде жазып шыққан. Бұл шығарманы жазғаны үшін «Хас Хаджиб» атағын алады. С.Малов: «Құтты білікті араб шрифтімен жазылғандығын, сосын сыйлыққа берілетіндіктен ұйғыр жазуына көшірілген» – деген баға береді.  В.Асланов: «Құтты білік – әзербайжан сөздерінің мағынасын ашуға көмектеседі» – деп, өз пайымын берген. «Құтты білік» транскрипциясын алғаш рет В.Томсен және В.Радлов жасаған. Содан кейін түрік ғалымы Р.Арат үш қолжазбаны транскрипциялап, толық текстін жасады. 1947 жылы Стамбул қаласынан І бөлімін, ал ІІ бөлімін 1959 жылы Анкара қаласынан басып шығарды. Орыс тілінде толық аударма  С.Иванов жасады. Ал орыс тіліндегі көркем поэзиялық еркін аудармасын Н.Гребнев жасады. Өзбек тілінде К.Каримов ұйғыр тілінде Шыңжаң ұйғыр автономиялық район академиясы жасады. Малов көне ұйғыр, А.Кононов бұғрахан, А.Щербак қарлұқ тілінде жазылған дейді. Ә.Неджип, Бартольд Жүсіп Баласағұн заманында ұйғыр тілінің болмағандығын айтады.

«Құтты білік» шығармасында әділет бейнесі – Күнтуды, бақ-дәулет бейнесі – Айтолды, ақыл-парасат бейнесі – Ұғдүлміш, қанағат-ынсап бейнесі – Ордгүрміш.

  • бабы. Әзіз уа ұлы тәңірдің құдіреттілігі.

Алла атымен бастадым сөз әдебін,

Жарылқаған жаратқан бір тәңірім.

Қос дүниені анық қолға қаратқан,

Ұқсасы жоқ десең, меңзеп қарайық.

Қандайлығын біліп болмас, халайық.

Хаққа бүтін сенсең, ділді табындар,

Көңілің сенсе – ақылыңды бағындыр.

 

  • бабы. Әлейхим-салам, құдіретті пайғамбар.

Рахымды ием пайғамбарын жіберді,

Кісі ізгісі, ел сарасы жігерлі.

Түнек түнде шамы болды халықтың,

Саған жұртқа нұрын шашты ол жарықтың.

 

Жібек мінез, ақылды аппақ пейілді,

Жаны жомарт, қолы ашық мейірлі.

 

  • бабы. Төрт сахабаның қасиеттері, құдіреті туралы.

Төрт серігі бар еді оның сенетін,

Бірге тұрып, ақыл-кеңес беретін.

Бәрінен де Атық ұлы, ірі де,

Хаққа түзу көңілі де, ділі де.

Сонсоң Фаруқ еді кісі сарасы,

Тіл- ділі сай, халықтың ең данасы.

Үшіншісі – Осман, жомарт, ақылды,

Таңдаулы ер, сақи, кең – мол, асыл-ды.

Әли – сонсоң, жігерлі, мәрт сері ер-ді,

Жүректі, отты, ақыл – ойы кемел-ді.

 

4-бабы. Жарқын жаз, аса қадірлі ұлық Боғрахан қасиеті.

Аты құтты, құтқа толып қос жаһан,

Тұтты әлемді Тауғаш ұлығ Боғрахан.

 

Заман саған берді дәулет, берді таң,

Берсін тәңір тақпен бірге енді бақ.

 

Түркі құты ей, Алла дәулет,бақ берді,

Шүкір ет те, мың есімін жатта енді.

 

5-бабы. Жеті жұлдыз, он екі бұрұх туралы.

Күллі әлемді қалауынша ол жаратты,

Күн мен айды жағып, нұрын таратты.

 

Жасыл көкке шоқ жұлдыздар қадапты,

Қара түнді, жарық күнді жаратты.

 

Үшеуі – су, үшеуі – жел, үшеуі –от,

Үш топырақ, жаһан туған түгел боп.

 

6-бабы. Адамның қадір-қасиеті туралы

Адам хақ жаратты да ескерді,

Оған ақыл өнер, білім, ес берді.

 

Білік берді – адам бүгін жетілді,

Ақыл берді – талай түйін шешілді.

 

Күллі ісіңді ақылыңмен баптағын,

Уақытыңды біліміңмен сақтағын.

 

7-бабы. Тіл өнерінің қасиет сипаты мен пайда зияны туралы

Тіл – арыстан есік баққан ашулы,

Үй иесі, сақтан, жұтар басынды!

 

Тілімнен көп жафа шектім, есебім,

Бас кесілмес үшін тілді кесемін.

Көп сөйлеме, азайт бірер түйірін,

Бірер сөзбен шеш түмен сөздің түйінін.

Қос нәрсені шалмас қарттық құрығы,

Бірі – ізгі сөз, бірі – ізгі құлығы.

8-бабы. Кітап иесі өз құзіреті туралы.

Ақыл керек ерге жаһан бастауға,

Ақыл, жүрек керек елді ұстауға.

Ақылымен тұтты әлемді ұстаған,

Білімімен биледі елді нұсқаған.

Қай кез болсаң, бұл күнде де, бұрын да,

Білімдіге тиді, билік орында.

Ел бұлғаң білімімен оңалар,

Ер кемісе білімімен жоғалар.

9-бабы. Ізгілік қылмақтың жақсылығы, пайдалары.

Егер қолын ұзын болса – халыққа,

Ізгі қылық, ізгі сөзбен жарылқа.

Тірі өлер, ақыры жер жастанар,

Жақсы кісі өлсе, жақсы ат қалар.

Тірі өледі, төсеніп жер-жастығың,

Аты өлмейді, өлсе де өзі жақсының.

Жақсы болсаң, атың жақсы мақталар,

Жаман болсаң, ай ер, сөгіп, датталар.

10-бабы. Білік, ақылдың қасиеті, пайдасы.

Ақылдыға лайық, құрмет жүгініс,

Ақымақ жан топырақ қой бір уыс.

Көрсең бағып, мына бір сөз жаңылтпас,

Онсыз надан өзін-өзі жарытпас.

Қарап тұрсаң, күллі сөздің рәсімін,

Ақыл, білім – ең асылы, әсілі.

Білім күтпе қызба адамнан, тасырдан,

Ашулы адам адасады ақылдан.

Біліктіні тыңда, ақылдың бұлағы,

Білімді сөз – шырын, жанның құнары.

11-бабы. Кітапқа ат қойылуы мен қарттық.

Кітап атын «Құтадғұ білік» қойдым,

Құтын тұтсын оқушым білікті ойдың.

Жазған кітап сөйлеген сөздеріммен,

Екі дүниені ұстауды көздедім.

Асқан адам қырықтың қырқасынан,

Айырылар жастық шақ сырласынан.

Өткен – өтті… Жыла, өкін…

Бәрібір, құл.

Енді қалған аз күннің қадірін біл.

12-бабы. Сөз басы. Күнтуды еліктің сөзі.

Данышпан бек бар еді жаһан басы,

Жасады ұзақ, жасарды ғалам жасы.

Ол – Күнтуды әлемге аты мәлім,

Даңқы мәлім, заты мен құты мәлім.

Білікті бек, ойы ұшқыр, ғадал еді,

Жаманға өрт, жауына тажал еді.

13-бабы. Айтолдының Күнтудыға келуі.

Айтолды атты бар еді бір ер кісі,

Даңқын естіп келді елбасын көргісі.

14-бабы. Айтолдының Еліктің қызметін келуі.

15-бабы. Айтолдының Елікке өзі дәулетін екенін айтуы.

You May Also Like

Пайдаланушы интерфейстің құрылымы мен жіктелуі

Пайдаланушы интерфейсінің дизайнында шартты түрде декоративті және белсенді құраушыларға бөлуге болады. Декоративті…

Асшаян мен картопты сорпа

Асшаян мен картопты сорпа Қажетті өнімдер: 100 г картоп езбесі, 40 г…

Қой етінің пайдасы?

Қақақтың халық емінде ерте заманнан бері төрт түліктің бірі қойдың терісі, өкпесі,…

Тергеу әрекеттері

Сұрақтар Тергеу әрекеттерінің жалпы түсінігі Тергеу әрекеттерінің түрлері 1. Тергеу іс-әрекеттері —…