Сұрақтар

  1. Тергеу әрекеттерінің жалпы түсінігі
  2. Тергеу әрекеттерінің түрлері

1. Тергеу іс-әрекеттері — бұл тергеушінің немесе анықтау органының қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына сәйкес жүргізілетін іс жүргізу әрекеттері. Бұл әрекеттер қылмыстық істі объективті және толық анықтау үшін маңызы бар дәлелдемелерді тексеру, қорыту, жинау жолымен фактілі мәліметтерді белгілеуге бағытталады.

2.    Тергеу әркеттерінің түрлеріне мыналар жатады:
1. 
Қарау;
2. 
Тінту;
3. 
Күдіктіні ұстау ;
4. 
Беттестіру;
5.  
Жауап алу;
6. 
Алу;
7.  Тану
үшін көрсету;
8. 
Куәләндіру;
9. 
Сараптама тағайындау;
10. 
Тергеу экперименті;
11. 
Іс болған жерді көрсетуін тексеру;
12. 
Салыстырмалы зерттеу үшін үлгі алу;
13. 
Мәйіт эксгумациясы;
14. Телефон
және басқа сөйлестірулерді тыңдау;
15.
Пошта және телеграф жөнелтілімдерін тыңдау;
16. 
Мүлкін тәркілеу;

Мәйіт эусгумациясы – Қайтыс болуының себебін анықтау немесе мәйіттің ұқсастығына көз жеткізу мақсатымен, жерленген мәйітті көмілген орнынан аршып алу. Мақсатын көрсете отырып (қайтыс болушының жеке басын анықтау, қосымша немесе қайталама сараптама өткізу үшін) тергеушінің қаулысы (немесе соттың ұйғарымы) бойынша жүзеге асырылады. Тергеушінің, куәгерлер мен сот медицинасы саласындағы маманның қатысуымен жүзеге асырылып, тергеу әрекетінің хаттамасын жүргізумен ілесе жүреді;

Беттестіру — тергеу әрекеті, оның барысында бұрынғы көрсетімдерінде  кездескен елеулі қарама-қайшылықтардың себептерін айқындау үшін екі адам көзбе-көз жауапталады. Заңға сәйкес беттестіруге жауап алынушының қорғаушысы, педагог-ұстазы, дәрігер, аудармашы мен заңды өкілі қатыса алады. Куәгерлер мен жәбірленушілерге көрсетім беруден бас тартқаны, жалтарғаны немесе көпе-көрнеу өтірік көрсетім бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындықтары туралы ескертіледі. Беттестіру тергеушінің, прокурордың, соттың бастамасы бойынша не жәбірленуші мен оның қорғаушысының, заңды өкілдерінің, айыпталушының  қузау хаты бойынша жүргізіледі. Беттестіруге шақырылған адамдар тергеушінің рұқсатымен бір-біріне сұрақ қоя алады. Беттестіру хаттамасына қатысушылардың барлығы қол қояды.[1]

Тергеу экперименті – бұл қылмыскерді қылмыс орын алған жерге апарып қылмыстың қалай жүзеге асқанын сұрап білу. Тергеу эксерименті қылмыскер өз қылмысын мойындап келген жағдайда ғана орын алады.

You May Also Like

Етті жұмсарту үшін қолданылатын 5 қулық

Майя тайпаларында ет жемес бұрын, аз уақытқа құмырсқаның илеуіне салып қояды екен.…

Сабын және синтетикалық жуғыш заттаp

Сабын және синтетикалық жуғыш заттаp[өңдеу] Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Сабын —…

Қазақстанның көне қалалары

Қазақстанның ежелгі қалалары Жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс…

Қытай сорпасы

Қажетті өнімдер: 150 г көкөніс сор-пасы, 15 г пияз, 1 ақуыз, талғамыңызға…