Белгілі педагог В.А. Сухомлинский айтқандай: «ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фонтазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды!».

Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда. Олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтары дамытады.

Ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал болып табылады. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.

Ойын технологиясы – оқу–тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әр түрлі  ойындарды  қолдануды көздейтін дидактикалық жүйе.

Адам әрекетінің еңбек, оқу сияқты негізгі түрлерінің бірі – бұл ойын. Ойын барысында тұлғаның мінез құлқын өзі басқаруы жетіліп, қалыптасады. Отандық педагогика және психология ғылымдары саласында ойындық әрекет бағдарламасын К.Ушинский, П.Блонский, С.Рубинштейн, Д.Эльконин, шетелде З.Фрейд, Ж.Пиаже және т.б.жасады. Олардың еңбектерінде тұлғаның даму сатыларында, негізгі психикалық қызметтері дамуындағы, тұлғаның өзін-өзі басқаруы мен

өзін-өзі билеуіндегі, әлеуметтену үрдісінде – адамның қоғамдық тәжірибені пайдалану және игерудегі ойынның рөлі зерттеліп, негізделген.

Ойынның негізгі мақсаты — баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды  өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен  тіл байлығын  арттыра түсуге түрлі дағды мен  шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.

  • Ойын технологиясы төмендегі міндеттерді шешуге бағытталуы қажет:
  • Тәрбиелік: өз беттілікке, жігерлі болуға, ұйымшылдыққа, комуникативтілікке тәрбиелеу.Дүниетанымдық, эстетикалық, адамгершілік көзқарастарды қалыптастыру
  • Әлеуметтендіруші: қоғамдық құндылықтар мен ережелерге үйрету.Әлеуметтік ортаға бейімдеу.Өз – өзін реттеу және қарым – қатынас жасай білуге үйрету
  • Дамытушылық: есте сақтау, зейін,тілін,ойлау қабілетін дамыту. Қиял, шығармашылық қабілеттерді дамыту.
  • Дидактикалық : ой – өрісін,танымдық әрекетін, еңбек дағдыларын дамыту.

Ойынның ерекшелігі

Балалардың қоршаған өмірді: адамдардың қимылын,  іс–әрекеттерін  бейнелеуі. Ойыфнда бөлме, теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға  ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.

Балалар  ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында  өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін  бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.

Ойында бейненің, ойын әрекеті мен сөздің  ұштасуымен  өзара  байланыстылығы.  Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс–әрекетімен, сезімімен тыныстайды.

Ойын түрлері:

   Рөльдік ойындар
Сюжеттік ойындар

Топтық ойындар

Іскерлік ойындар

Дидактикалық                 ойындар
Психологиялық ойындар
Қимыл – қозғалыс
ойындар

Логикалық ойындар

Дидактикалық ойындар – оқытудың маңызды құралы. Дидактикалық ойындар-оқыту мақсатын жүзеге асыруға арнайы арналған ойындар.
Дидактикалық ойындар байқампаздық, елестету, есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, сенсорлық бағдарын дамытады. Оның мақсаты: Жаңаша білім беру мазмұнына көшу, нақты іс-әрекет жүргізу, ізденушілікпен жұмыс істейтін оқушы тәрбиелеу.
Міндеттері: Оқушының қызығушылығын арттыру, Іскерлік ойындар ұйымдастыру, Теория мен практиканы ұштастыру. Дидактикалық ойын түрлері төрт түрге бөлініп қарастырылады:  тапқырлық,  ізденімдік,  рөлдік,    іскерлік.

Тапқырлық ойындар — оқушылардың  логикалық ойлауын  қалыптастыратын, әрбір тапсырмада жауаптардың   варианттары берілген,  соның арасынан дұрыс жауапты табуды қажет ететін ойын түрі. Тапқырлық ойындардың негізгі ерекшелігі: мұнда тапсырмалардың  дайын жауаптары  беріліп,  оқушылар игерген білім деңгейлеріне қарай  тапсырманы орындауы керек. Тапқырлық ойындар өтілген сабақты түсіндіруде, жаңа сабақты  бекітуде пайдалануға болады.

Ізденімдік ойындар – оқушыларды өздігінен ойлауға, меңгерген білімін жүйелеп, жинақтауға, жаңа білімді меңгерту барысында белгісізді іздеуге  дағдыландыратын ойын түрі. Ізденімдік ойындар барысында  оқушылар проблемаларды өздері шешуге талпынып, тапсырманы әр түрлі амал– тәсілдерімен орындауға үйренеді. Ізденімдік ойындарға: жұмбақтар,  сөзжұмбақтар,  жаңылтпаштар жатады. Ізденімдік ойындарды жаңа  материалдарды  өту кезінде қолданған тиімді.

Рөлдік ойындар – оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға, олардың жаңашыл ойлар мен тұжырымдар жасау қабілетін жетілдіруге арналған ойын түрі. Рөлдік ойындар оқушылардың елестету, қиялдау қабілеттерін  ұштауда ерекше қызмет атқарады. Бұл ойын барысында оқушылар өз пікірін айтып, дәлелдеуге, тілдік қарым-қатынасқа еркін түсуге үйренеді. Рөлдік ойындар оқушылардың  сөздік  қоры мен тілін дамытады, оқушыларға айтар  ойын жоспарлауға, автор ойын  жалғастыруға, өзге  адамның пікірін  бағалауға үйренеді.

Іскерлік ойындар – оқушылардың  түрлі жағдаятта дұрыс  сөйлеуін қалыптастыратын, диалогтық және монологтық сөйлеу үлгілерін жетілдіретін, көшбасшылық  қабілеттерін дамытатын ойын түрі. Іскерлік ойындар барысында   оқушылар шығармашылық жұмыс істеуге және дұрыс шешім қабылдауға үйренеді,  басқа жолдастарының  сөзіне дұрыс қарауға, олардың пікірін  бағалауға төселеді.   

Ойын кезінде – баланың бойында ұйымдастыру қасиеттері
қалыптасады:
ойлау, сөздік қор,
сауаттылық, тапқырлық,
шыдамдылық,  өжеттілік , байсалдылық, әдептілік.

Есіңде сақтап қал ойыны
Тапсырма: Cтуденттер кестеде берілген сандарды 1 минут қарап, есте сақтайды. Кейін қайта жаңғыртады.

Ойлан…..

Тапсырма: Анаграммаларды шешу.

 Мтекіетүнсі

Нояогилехт

 Нақтаға

 Келурисапб

 Қдактиыдлқаи

 Аұтжмымарды

 Лұықсыр

 Мдсқарынцтопесы   

 Гқоиклыла

 Жюкіттес

Қорытынды

Я. А. Коменский «Ұлы дидактика» деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі  жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атайды. Бұл кезеңдерде балалардың нақты, түсінікті  ана тілінде  білім беру керек. Сонымен қатар білім балалардың есінде қалатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін жеңілдетудің  бірден-бір құралы ретінде «ойынды» ойнатуға болады.

Яғни, Я.А.Коменский оқушыларға оқу әрекетін жеңілдетуге өз жәрдемін тигізетін бұл – ойын деп есептеген.

You May Also Like

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің типі мен көрсеткіштері

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің типі мен көрсеткіштері. Экономиканың кез келген түрінде ұлғаймалы ұдайы…

AMBI жүйесінің ішкі жүйелік интерфейсі, курстық жұмыс

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС КЖ. 5В070400.13.3.62.17 ТЖ  Пәні Компьютерлік жүйелердің интерфейсі Тақырыбы AMBI жүйесінің…

Қазақтың халық шығармашылығы – бала тәрбиесінің құралы

Қазақтың халық шығармашылығы – бала тәрбиесінің құралы. Тәрбиенің қалыптасып дамуында халық шығармашылығы…

Есекжемге сүйелшөп пайдалы

Сүйелшөп (чистотел) – адам ағзасына пайдалы емдік өсімдіктердің бірі болғандықтан тамыры, сабағы…