Есептеуіш техниканың даму тарихы және құрлымдары

Ең алғашқы пайда болған есептеу құралы есепшот болып табылады. Кейбір деректерге сүйенсек,есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс-Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған. Бұл құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсті шынылардан, қоладан жасалды. Осындай есепшоттар қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланылып келді. Оның жетілдірілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді. XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізді және логарифм кестесін жариялады. Ал 1761 жылы ағылшын Д.Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Ньютон ұсынған болатын. Соңғы кезге дейін логарифм сызғыштары инженерлердің бірден-бір есептеуіш құралы болып келді, бірақ өткен ғасырдың екінші жартысында пайда болған электронды калькуляторлар оларды қолданудан ығыстырды. 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдың машинасында көпорынды сандарды қосу мүмкін болды. 1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын – арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірілді Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л.Чебышев пен В.Т.Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазіргі қолданыста жүрген калькуляторлардың негізін салды. Арифмометр мен қарапайым калькулятор есептеу жұмыстарын механикаландыру құралдарының қызметін атқарады, бұларда есептеуде адамның өзі әрекеттер тізбегін анықтап басқарады. Есептеуіш техникалардың қарқындап дамуы XIX ғасырдан басталды. Есептеуіш техниканың дамуындағы келесі қадам алдын ала жасалған программа бойынша адамның қатысуынсыз есептеулерді орындайтын құрылғылар жасау болды. Алғашқы программалық басқарылатын есептеу машинасын құрастыру идеясын 1821 жылы ағылшын математигі Чарльз Беббидж өзінің аналитикалық машинасында ұсынған болатын. Беббидждің аналитикалық машинасы – ақпаратты өңдеп қана қоймай, оны жадында сақтап, адамның тікелей араласуынсыз алдын-ала жазылған программамен жұмыс істейтін алғашқы әмбебап құрылғы болатын. Бұл машинада қазіргі компьютерлерде бар барлық негізгі құраушылар: бастапқы сандар мен аралық нәтижелерді сақтауға арналған жад, жадтан алынған сандармен амалдар орындайтын арифметикалық құрылғы, берілген программа бойынша есептеу барысын қадағалап отыратын басқару құрылғысы, деректерді енгізу мен оларды басып шығару құрылғылары болды. Басқару программасы перфокарта деп аталған қатырма қағаздардағы тесіктердің көмегімен кодталды. Бэббидждің идеясы өз уақытынан озық еді. Оның машинасы өте күрделі құрылғы болғандықтан, ол кездегі техникалық мүмкіндік мұны жүзеге асыра алмады. Беббидждің машинасы 1860 жылдары ғана құрастырылып іске қосылған болатын. Осы машинаға қажетті программаны 1846 жылы ағылшынның әйгілі ақыны Джордж Байронның қызы Ада Лавлейс жазды. Сондықтан Ада Лавлейсті алғашқы программалаушы десе де болады. ХХ ғасырда электронды-есептеуіш машиналардың (ЭЕМ) пайда болуына байланысты есептеуіш техника бұрын болмаған жылдамдықпен қарыштап дамып, айналдырған 50 жылдың ішінде күрделі өзгерістерге ұшырады. Сондықтан электронды-есептеуіш машиналардың даму кезеңін белгілі бір кезеңдерге бөлу қалыптасқан. І кезең (1945-1955 жылдар) ХХ ғасырдың бірінші жартысы радиотехниканың қарыштап дамыған кезеңі болатын. Сол кездегі радиоқабылдағыштар электронды-вакуумды шамдармен жұмыс істейтін. Алғашқы электрондық-есептеуіш машиналарды құрастыру үшін осындай электронды-вакуумды шамдар қолданылды. Электронды шамдармен жұмыс істейтін алғашқы электронды есептеуіш машина 1946 жылы Америка Құрама Штаттарында құрастырылды. Дж. Моучли және П. Эккерт деген ғалымдардың басқаруымен құрастырылған бұл машина ENIAC («Electronic Numerical Integrator and Computer» — Электронды санды интегратор және компьютер) деп аталды. ENIAC секундына 300 көбейту немесе 5000 қосу амалын орындай алатын. Бұл сол кезге дейін қолданылып келген Mark-1 секілді механикалық және электронды-механикалық элементтермен жұмыс істейтін машиналардың жылдамдығымен салыстырғанда мыңдаған есе артық болатын. Американдық ғалым Джон Фон Нейман 1946 жылы жазған «EDVAC машинасы туралы алдын-алабаяндамасында» электронды-машиналарды құрастыру мен басқарудың жаңа принциптерін ұсынды. Осы принциптер негізінде 1949 жылы EDVAC (Electronic Discrete Variable Computer) машинасы құрастырылды. EDVAC-тың ENIAC-тан айырмашылығы – онда өңделетін барлық мәлімет ондық сандар түрінде емес екілік сандар түрінде кодталатын және есептеуге қажетті мәліметтер мен оны өңдеуге қажетті программа жадтың бір жерінде сақталатын. Біздің елімізде алғашқы ЭЕМ-дер 1951 жылы — МЭСМ (Малая электронная счетная машина) және 1952 жылдары — БЭСМ (Большая электронная счетная машина) пайда болды. Бұл екі машинаны да КСРО-ның көрнекті ғалымы Сергей Алексеевич Лебедев құрастырды. БЭСМ сериясының компьютерлері сол кездегі ең қуатты компьютерлердің қатарында болатын. Бірінші кезеңнің электронды-есептеуіш машиналары он мыңдаған электронды шамдардан тұратын. Сондықтан олар жүздеген киловатт электр энергиясын пайдаланып, жүздеген шаршы метр жер аумағын алып жатты. Салмағы бірнеше тоннаға дейін жететін. Ал олардың жылдамдығы секундына 20 мың операциядан аспайтын. Бұндай машиналарға программаларді енгізу үшін перфокарталар мен перфоленталар қолданылды. Бұл компьютерлер тек инженерлік және ғылыми есептеулер жүргізу үшін қолданылды. Бұл машиналарға қажетті программалар машиналық командалар тілінде жазылатын. Бұл өте қиын іс болғандықтан программалауға таңдаулы мамандар ғана алынып оқытылатын. ІІ кезең (1955-1965 жылдар) Электронды шамдардан тұратын бірінші кезеңнің электронды-есептеуіш машиналары 50-жылдардың соңына дейін қолданылып келді. 1959 жылдан бастап жартылай өткізгіш транзисторлардан тұратын ЭЕМ-дер дүниеге келді. Транзисторлар электронды шамдармен салыстырғанда әлдеқайда сенімді болатын, олар электр энергиясын көп пайдаланбайтын және орынды көп алмайтын. Ал бұндай элементтерден жасалған компьютердердің жылдамдығы секундына 200 мың операцияға дейін артып, ішкі жадының көлемі де бірінші кезеңнің компьютерлерімен салыстырғанда жүздеген есе көбейді. Бұл компьютерлердің жадындағы барлық мәліметті сақтау үшін магниттік дискілер мен магниттік ленталар қолданыла бастады. Осы кезеңнен бастап Фортран, Алгол секілді алғашқы программалау тілдері пайда болып, программалау тілдері әлдеқайда түсінікті, қарапайым және қолайлы бола бастады. ІІІ кезең (1965-1980 жылдар) 1958 жылы америкалық мамандар өте күрделі технологияны қолдана отырып ауданы 1 см-ден аспайтын жіңішке пластинаға ондаған, кейін жүздеген электронды схемаларды орналастыруды үйренді. Бұларды интегралды схемалар (ИС) деп атады. Интегралды схемалардың пайда болуы компьютерлік техниканың дамуына үлкен әсерін тигізді. Интегралды схемалар компьютерлердің жылдамдығын айтарлықтай арттырды (секундына 1 млн операциядан жоғары), оперативті жадының да көлемі жүздеген мың байтпен өлшенетін болды, компьютерде бір мезгілде бірнеше жұмыс атқару мүмкіндігі пайда болды. Осы кезеңнен бастап ЭЕМ-дерді қолдану аясы да артты. Бұрынғы ЭЕМ-дер тек күрделі инженерлік есептеулер үшін және соғыстық мақсатта қолданылса, ендігі компьютерлер өндірістің барлық саласында: зауыттарда, білім беру мекемелерінде, денсаулық сақтау саласында т.б жерлерде қолданыла бастады. Паскаль, Си, Бейсик секілді жоғары дәрежелі программалау тілдері осы кезеңде пайда болды. Программалау ісі білім беру мекемелерінде кеңінен оқытыла бастады. Алғашқы мәліметтер базасы, жасанды интеллект жүйелері, автоматтандырылған жобалау жүйелері т.б. пайда болды. IV кезең (1980 жылдан бері қарай) Өткен ғасырдың 70-жылдары мини-ЭЕМ-дер жедел дами бастады. Бұл компьютерлер үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда көлемі шағын және бағасы арзан болатын. 1971 жылы американдық Intel фирмасы өзінің микропроцессорды ойлап тапқанын мәлімдеді. Микропроцессор — бір пластинада миллиондаған электронды схемаларды өзара байланыстыратын үлкен интегралды схемалардан жасалды. Микропроцессор компьютерлердің жылдамдығын секундына бірнеше миллиард операцияға дейін арттырды. Микропроцессорды енгізу-шығару, сыртқы есте сақтау құрылғыларымен байланыстырудың нәтижесінде компьютерлердің жаңа түрі – микро-ЭЕМ-дер дүниеге келді. Үлкен интегралды схемалармен немесе микропроцессормен жұмыс жасайтын қазіргі компьютерлер ЭЕМ-дердің IV кезеңіне жатады. Қазіргі ЭЕМ-дердің ең көп таралған түрі — дербес компьютерлер болып есептеледі. Алғашқы дербес компьютер 1976 жылы пайда болды. Apple-1 деп аталған бұл компьютерді американдық Стив Джобс пен Стив Возняк ойлап тапты.

Қазіргі дербес компьютерлер дисплей, жүйелік блок, пернетақта секілді көптеген құрылғылардын тұрады және алғашқы пайда болған дербес компьютерлерге мүлдем ұқсамайды десе де болады. Қазіргі дербес компьютерлердің жұмыс істеу жылдамдығы да осыдан отыз жыл бұрынғы компьютерлермен салыстырғанда мыңдаған есе артты. Егер 1977 жылы пайда болған Apple-2 компьютеріндегі микропроцессордың тактілік жиілігі 1 МГц болса (1 МГц – секундына 1 миллион операция орындайды деген сөз) қазіргі компьютерлерде қолданылатын Pentium-4 микропроцессорларының тактілік жиілігі 3,4 ГГц-ке дейін жетеді. Қазіргі компьютерлердің программалық жабдықтамалары қолданушыларға программалау тілдерін білмей-ақ олармен (компьютерлермен) жеңіл қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Бұны Windows, Macintosh OS секілді танымал операциялық жүйелердің пайда болуымен байланыстыруға болады. Қазір әлемде дербес компьютерлердің жылына миллиондаған данасы сатылады. V-кезең V кезеңнің ЭЕМ-дері деп жақын болашақта пайда болатын компьютерлерді айтуға болады. Ғалымдар болашақтың компьютерлері бүгінгі компьютерлермен салыстырғанда әлдеқайда қуатты, қолданыста ыңғайлы және интеллектуалдық қабілеті өте жоғары болады деп болжамдайды. Бұл компьютерлерге барлық мәліметті қазіргідей пернетақтамен емес, дауыстап командалар беру арқылы енгізіп, олардың адам секілді машиналық «көру», «есту», «иіс сезу» қабілеті болады деп болжамдалуда.

ПК-ның негізінен екі түрлі компоновкасы бар: Desktop және Tower
Desktop моделі әртүрлі көлемде болады, мысалы full-size, baby-AT немесе slim-sized аттарымен беріледі. Алайда барлығы компьютердің үстелде көлденең орнатылатын моделін көрсетеді. Tower моделі де әртүрлі болады: mini-tower, midsize-tower, big-tower және т.б.
Егер анықтап қарасаңыз tower қабырғаға тікесінен қойылған desktop.
Tower моделі үстел үстінде аз орын алады, ал үлкен tower iшкi дисководқа қосымша орын ұсынады. ПК-ның қандай моделін алсаңызда (tower немесе desktop) барлық компьютерге жалпы элементтерді аңғарасыз. Бұл ең алдымен бip немесе бірнеше дисководтар, олар иілгіш (гибкий) диск дисководы, CD-ROM дисководы, DVD дисководы, магниттік лента, резервті көшіру құрылғысынан және ауыспалы қатты диск дисководы болуы мүмкін
ПК-ның алдыңғы панелінде Reset кнопкасы бар. Ол негізінен Power кнопкасының қасында орналасады.
Power кнопкасы қоректену блогына келген тоқты жүйелік платаға жіберу үшін қолданылады. Reset кнопкасы ПК-ды қайта жүктеуге арналған, яғни компьютерді өшipiп қайта қocуғa болатын процедура. Бұл салқын қайта жүктеу (холодная перезагрузка) процедурасы деп аталады. (Горячая перезагрузка)-мұнда әрдайым қоректену жүреді, (Холодная перезагрузка) -қopeктенy өшірілгенде жүрeдi. Олардың арасындағы айырмашылық осы электро қоректенгіштің болу немесе болмауымен жүреді. Холодная перезагрузка – бұл кардиналды процесс, мұнда бірнеше жүйелік кэштер немесе жадыда болуы мүмкін берілгендер жойылады және онда кеңістіктен орын алады. Салқын түрде қайта жүктеуде POST (Power-On Self-Test -жүктелу кезінде өзін-өзі тестілеу)орындалады. Ал ыстық түрде жүктелуде сезімтал электронды компоненттерге үлкен қayiп әкелмейді.
ПК-ның сыртқы компоненттерінің идентификациясы
ПК-ның iшкі құрылысымен жұмыс істемес бұрын компьютердің сыртқы бөлігінде орналасқан разъемдармен толық танысайық. Әдеттегідей олардың көпшілігі ПК-ның артқы панелінде орналасқан. Төменде көрсетілген разъемдарды компьютердің артқы панелінен көруге болады:

Тізбектелген (последовательный) порт. Бұл тізбектелген құрылғыларды (яғни тізбектеліп берілетін информациялар биті) қосуға арналған: модемдер, принтерлер және т. б. Параллельді порт. Параллельді принтерлерді және ауыспалы тасымалдағыштағы кейбір сыртқы жинақтағыш түрлерін қосуға арналған. VGA видео порты. Бұл сіздің мониторыңызды қосатын орын. Клавиатура порты. Мұнда сіздің клавиатураңыз жалғанады. Ол үлкенірек АТ-сияқты разъем немесе кішірек РС/2 сияқты разъемдардың біреуінен тұрады. USB порты (Universal Serial Bus). Бұл 127 құрылғы жалғауға болатын 12 МБит/сек. жылдамдықпен мәліметтерді беру мүмкіндігі бар интерфейс.
ПК-дың компоненттерінің ішкі идентификациясы
Ал енді ПК-дің ішкі негізгі компоненттерімен танысайық.
Системалық плата
ПК-дың корпусын ашып, сіз негізгі системалық платаңызды көре аласыз. Егер компьютер корпусы desktop болса, системалық плата оның түбінде орналасады, ал tower модельді болса, қабырғасына тұруызылады. ПК-дың басқа да компоненттері системалық платаға тікелей немесе онда орналасқан көптеген разъемдардың біріне немесе кеңейту картасы арқылы жалғанады.

Микропроцессор
Микропроцессор системалық платаның ұяшығына немесе слотына орналасады және ол компьютердің миы деп есептелінеді. Ертеректегі 486 модельді компьютерлерде микропроцессорлар системалық платаға жабыстырылып шықты. Көптеген ертедегі микропроцессорлар квадрат тәрізді формада болды. Алайда Pentium ІІ-ден бастап Іntel компаниясы микропроцессорларды VHS видеокартасынан кішірек контейнерларға орналастырып шығарды. Pentium ІІ процессорының ерекшелігі CPU бар контейнер системалық платаның ұяшығына орналаспайды. Pentium ІІ және одан кейінгі модельдер системалық платаға арнайы осы процессорларға арналған слоттар арқылы жалғанады. Микропроцессорлар компьютерге енгізілген программалардағы командаларды орындайды, мысал ретінде 80486, Pentium, Pentium Pro, Pentium ІІ, Pentium ІІІ және қазіргі таңдауы Pentium ІV микропроцессорларын айтуға болады. Көп жағайларда микропроцессор радиатормен жабылып тұрады. Радиатор микропроцессор бөлетін жылуды төмендетуге қолданылады.

Жады
Сіздің компьютеріңіздің жадысы (немесе RAM) SІMM модульді болуы мүмкін (Single Іnline Memory Module – жады микросхемасының бip ретпен орналасқан модулі). SІMM системалық платадағы слотқа орналастырылатын, ұзындығы шамамен 10.5 см болатын электронды модуль. Қазipгi жаңа компьютерлерде SІMM модулі DІMМ-мен (Dual Іnline Memory Module -жады микросхемасының екі қатармен орналасқан модулі) орын алмастырылған. Осы екі түрлі жады модулін салыстырсақ DІMM SlMM-ның үлкейтілген түрі деп айтуға болады. Жады көлемі мен дискілік кеңістік бір өлшеммен (МБайт) өлшенгенімен бұл екеуін шатастыруға болмайды. ПК-да жады программаларды және уақытша информациялардың мазмұнын жіктеу үшін, ал дискілер файлдарды ұзақ сақтау үшін қолданылады.

Дисководтар
Әдетте ПК екі түрлі дисководтан тұрады. Иілгіш (гибкий) диск (FDD- floppy disk drive) және қатты диск (HDD- hard disk drive) дисководтары. Алғашқыда иілгіш дискілер дисководы сыйымдылығы 160 КБайт болатын 5.25 дюймдік дискеталармен жұмыс істеді. Нәтижесінде көрсетілген дискета сыйымдылығы 1.2 МБайтқа жетті және олар 3.5 дюймдік дискеталармен алмастырылды. Одан кейін сыйымдылығы 720 КБайттан 1.44 МБайтқа дейін өсті. Бұлар қазір де тұтынылуда. Қазіргі таңда барлық ПК-лер 3.5 дюймдік дисководтармен қамтылған. ПК қатты дискілермен 1984 жылдан, яғни ІBM өзінің алғашқы PC/XT моделін шығарғаннан бастап қамтылған. Қатты дискілер ПК-дың кез-келген ішкі бөлігінен орын алуы мүмкін. Олар қара немесе күміс түстес сұр ленталық кабель жалғанған 1 дюймдік қалыңдықтан аспайтын корпустан тұрады. Қатты дискілер әдетте ПК-дың ішінде орналасады және сырттан көрінбейді.

Кеңейту картасы
Кеңейту картасы ( немесе интерфейс картасы ) компьютерге әртүрлі құрылғыларды жалғауға мүмкіндік беретін электронды плата. Кеңейту картасының түрлері өте көп. ПК-ға кеңейту картасын орнату үшін системалық платаның бір слотына орналастырып қояды.
Ескерту: Кеңейту картасын компьютер қосылып тұрғанда қосуға немесе ажыратуға болмайды, өйткені картаңыз немесе системалық платаңыз істен шығуы мүмкін.
Кеңейту картасының ең түпкі өкілі видеокарта. Ол компьютерге мониторды қосуға арналуан. Егер ПК- дың мониторының артын қарайтын болсаңыз ол кеңейту картасының бір разьемына қосылып тұр. Бұл сіздің компьютеріңізді видеокартасы.

Кейбір ПК- да видеосистеманың электронды схемасы тікелей системалық платаға орналасқан. Бұл бөлек видеокартаны қажет етпейді. Оны мына төмендегі суреттен көре аласыз.

Кеңейту картасының мынадай түрлерін орналастыруға болады:
1. Ішкі модемдер. Басқа модемдермен телефон арқылы байланыс жасауға арналған.
2. SCSІ карта (Small Computer System Іnterfase – кіші есептеу жүйесінің интерфейсі).Компьютерге сканер және сыртқы дисководтар тәрізді SCSІ құрылғыларын жалғауға арналған.
3. Желілік карта – ПК- ді локальді желіге қосуға арналған.

Пернетақта (Клавиатураkeyboard) — 1) компьютерге мәліметтер мен командаларды енгізуге арналған құрылғы. Олпернелерден тұрады, оның көмегімен сандық және мәтіндік ақпараттарды немесе түрлі командаларды енгізуге болады. Пернені басқанда, осыған сәйкес жазылған символ немесе басқа амал орындалады. Қазіргі кезде көптеген компьютердің пернетақталары 101 пернеден, бірнеше жарық индикатордан тұрады.

Трекбол, шар (Trackball, Tracker- ball) — кішкене шары саусақтармен бү- ралатын төңкерілген жүгірткі (тышкан). Жүгірткі орнына колдануға арналған енгізу қүрылғысы. Пернетақтада немесе пернетақтаға жақын жердегі қорапта орнатылған кішкене шарды қолмен айналдыра отырыпэкран бетінде көрсеткішті жылжы- туға болады. Трекболмен жүмыс істеу үшін тегіс жөне таза беттің қажеті жоқ.

 

Джойстик (ағылш. Joystick) – экран курсорымен басқарылатын және берілген тапсырманың графикалық жүйедегі координатасын көрсетуге арналған иінді манипулятор. Компьютерлік ойындарда тышқанның орнына қолданылады. [1] 

Сканер Компьютерге мәтінді немесе бейнені енгізу жиі кездеседі. Көп жағдайда мәтінді енгізу пернетақтаның көмегімен жүзеге асырылады, бірақ бұл көп еңбек пен уақытты қажет етеді. Қолданушылар қазіргі кезде сканер құрылғысын пайдаланады. Сканер – электронды механикалық құрылғы. Сканерді планшетті, барабанды және қолмен басқарылатын деп бөлуге болады. Планшетті сканер бейнені оригиналдан ғана сканерлейді. Барабанды сканер факсте қолданылса, ал қолмен басқарылатын сканер оригиналды кез-келген бағытқа айналдырады. Сканерді қолданушылар өз үйінде де қолдана алатын деңгейге жетті. Саудада сканерлердің түрлі модельдері кездеседі. Олар бағасымен, программамен жабдықтауымен, интерфейсімен және технологиясымен бір-бірінен айрықшаланады.

Сканер Жұмыс істеу принциптері Барлық түрлі сканердің жұмыс істеу принциптері бірдей. Сканерленетін объект фотоқабылдағышқа келіп түседі. Түрлі-түсті сканердің ақ-қара түстен еш айырмашылығы жоқ.

Қазіргі функционалды сканерлер 2 бөлімнен тұрады:

Светодиодтар – энергияны аз тұтынады. СІS-сканерінде қолданылады. Қазіргі сканерлерде 3 түрлі светодиодтар жоғарғы жиілікте пайдаланылады. Сканерленетін бейненің сапасы оның түсінің қанықтылығына және динамикалық диапазонға байланысты. Сканерлердің сыртқы айырмашылықтары – сканерді компьютерге жалғайтын интерфейс. Қазіргі кезде интерфейстердің көптеген түрлерін кездестіруге болады. -LPT – бұл берілген сканер интерфейсі компьютердің параллельді портына принтердің орнына жалғанады. Бұл қосылу типінің көптеген кемшіліктері бар. Сканермен жұмыс істеу барысында принтерге қосылу өте қиын. Бұл мәселені SPP стандартты режимімен шешуге болады, бірақ сканер мен принтердің жұмыс істеу жылдамдығы төмендейді. – SCSI – бұл ескі қосылу әдісі. Компьютер мен сканер арасындағы байланыс арнайы кеңейтілу платасы SCSI интерфейсі арқылы жүзеге асырылады. Бұл интерфейстің жоғары жылдамдықта болуы жоғары сапалы сканерлеуді қамтамасыз етеді. – USB – қазіргі кезде қолданылатын бастапқы қалыпта сканерлейтін интерфейс. Мәліметтердің берілуіне аса жоғары жылдамдықты қажет етпейді. – FireWire қымбат, бірақ перспективті интерфейс. Мұндай сканер комплексінде 3 портты FireWire контроллері болады. Сканерден бөлек компьютерге басқа құрылғыларды да жалғай беруге болады (мысалы, цифрлы камера). Барабанды сканерді факс жіберу үшін қолдануға болаv «салқын» катодты лампа – өте ұзақ уақыт қызмет көрсетеді (5-тен 10 мың сағат), төмен жұмыс температурасы энергияны көп қажет етеді. v «ыстық» катодты лампалар – бірдей спектрде сәуле береді, аз уақыт қызмет көрсетеді (шамамен 1 000 сағат). Сканер жұмыс істеп тұрғанда лампа өшірілмеуі керек. v газоразрядты лампалар – жоғары сәулелі жылдамдықпен жұмыс істейді және ұзақ уақыт қызмет көрсетеді, бірақ энергияны көп тұтынады. v1.Пластмасса корпусындағы сканерлейтін механизм, 2.Программалық бөлігі – TWAIN драйвері. Ол тек сканермен ғана емес, басқа программалармен және ОЖ-мен түгелімен байланыстырады. Сканер компьютердің стандартты құрылғысы емес, сол себепті оған драйвер орнатылады. Әр модельдің өзінің драйвері болады. Сканерлерде стандартты драйвер болмайды. Планшетті сканер тікбұрышты формада пластмассадан жасалады. Корпустың ішкі жағында қозғалмалы каретка орналасқан. Сканерде түстердің 4 типі қолданылады:

Принтер (Printer) – 1) баспа құрылғысы; 2) Windows NT жүйесінде — баспа құрылғысы мен қолданба арасындағы программалық интерфейс.

Принтер[2] (ағылыми prіnter) — мәтіндік не графиктік ақпаратты қағазға, пластикке шығаруға арналған құрылғы, ЭЕМ-ның ақпарат басып шығаруға арналған перифериялық құрылғыларының бір түрі. Баспа таңбаларын басу әдістеріне қарай Принтерлер матрицалық, сия құюшы ағыстық, (струйный), лазерлік, жарықаласыдиодтық, жылулық, сублимац., т.б. болып бөлінеді. Принтердің негізгі техникалық сипаттамаларына оның айыру қабілеті, басу жылдамдығы, материалдардың шығындылығы, фото басу мүмкіндігі, т.б. жатады. Айыру қабілеті бір дюймге келетін нүктелер санымен (қысқаша dpі) анықталады. Ағыстық П-лерде бұл шама 600 dpі-ден 4800 dpі-ге дейін, кейбір модельдерде одан да жоғары болады. Лазерлік, жарықаласыдиодтық принтерлердің айыру қабілеті әдетте 600 — 1200 dpі болады. Шығындылығы мен басу жылдамдығы жағынан лазерлік және жарықаласыдиодтық принтерлер ағыстық принтерлерден тиімдірек. Матрицалық принтерлердің шығындылығы аз болғанымен, басу сапасы, жылдамдығы жағынан жоғарыда айтылған принтерлерден нашар.

Плоттер (ағылш. plotter — график салушы) — суреттерді, сұлбаларды, сызбаларды, карталарды, т.б. графикалық ақпараттарды өте жоғары дәлдікпен қағазға, калькаға, т.б. автоматты түрде түсіретін құрылғы. ЭЕМ-нда, автоматты жобалау, автоматты өлшеу жүйелерінде, картографияда, т.б. графикалық ақпаратты шығарушы құрылғы ретінде қолданылады.

 

Модем (ағылш. modem, modulator-demodulator) — сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыратын және керісінше амал жасайтын электрондық құрылғы.

Деректерді әр түрлі арқаулар арқылы, мысалы телефон сымы арқылы немесе радиосигналдар түрінде беруге болады. Телефон сымы арқылы аналогтық сигналдар деп аталатын импульстарды беруге болады. Аналогтық сигналдар шуыл немесе электрлік-магнитті импульстар түріндегі кедергілердің әсеріне ұшырауы мүмкін.

Дыбыстық сигналдар дерек берудің едәуір жаңа әдісі болып табылады, онда дерек беру және қабылдау үшін екілікті пішім қолданылады (нөлдер мен бірліктер тізбегімен жұмыс істейтін кодтау/кодты ағыту жүйесі). Дерек беру мен қабылдау үшін компьютерлерде дәл осы пішім қолданылады. Алайда сандық сигналдарды телефон желісі арқылы беру мүмкін емес. Сондықтан телефон сымы арқылы дыбыстық сигналдарды берер алдында оларды аналогтық сигналдарға айналдыру керек. Және тиісінше деректі қабылдаушы жақ алынған деректі сандық сигналдарға айналдыруға тиіс. Модем осындай айналдыруды жүзеге асырады – сандық пішімнен аналогтық пішімге және керісінше.

Басқа компьютерге хабар жіберу кезінде модем шығару құрылғысы рөлін атқарады. Ал сіздің компьютеріңізге хабар келген кезде, модем енгізу құрылғысы ретінде жұмыс істейді. модем сыртқы немесе жүйелік блокқа кірістірілген болуы мүмкін. Сыртқы модемдер – бұл сым арқылы жүйелік блокқа қосылатын модемдер.

Модемдер сондай-ақ компьютердің жүйелік блогына кіріктірілген болуы мүмкін. Мұндай модемдер Ішкі модемдер деп аталады

Колонка/наушниктер – дыбыс шығаруға және естуге арналған арнайы дыбыстық құралдар.

You May Also Like

Төтенше жағдайларда қорғау

Төтенше жағдай – тек ғана бір адамның қаза табуы емес, жалпы елге,…

Сәбіз жайлы қызықты мәліметтер

Сәбіз жайлы қызықты мәліметтер. Сәбіз бүкіл елде таралған өнім. Ол пайдалылығымен ғана…

Лаваштан жасалған орама. Дайындалу тәсілі

Қажетті өнімдер: – 300 г тауық еті; -4 бас пияз; -100 г…

Мамандығым бойынша елге тигізер пайдам

Жобаның тақырыбы: Мамандығым бойынша елге тигізер пайдам. Жобамды бастамас бұрын айтарым, бұл…