Менің атам

                                                                        «Аталар сөзі – ақылдың көзі»                                                                                

     Менің атам Шегебаев Қонысбай Әбдрахманұлы 1938 жылы Қарағанды облысы, Жезді ауданы, Жетіқоңыр колхозында дүниеге келген. Әр түрлі қызметтер атқарған, математика пән мұғалімі болған, оқу ісінің орынбасары болған кісі.  Қазіргі кезде Борсеңгір ауылының имамы. 2016 жылы Қазақстан Діни басқармасының шақыруымен Астанада бірінші рет өткізілген Республикалық имамдар форумына делегат болып барып, «Дәстүр және дін» тақырыбында баяндама жасап қайтты. 2017 жылы атам және ауыл тұрғындарының көмегімен мешіт ашты. Мен атамды жақсы көремін, атамның еңбегін бағалаймын. Атам ылғи да бізді, яғни балалары мен немерелеріне, ауыл тұрғындарына адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға нақыл сөздерін айтып жүреді. Жақсы мен жаманды айыра білуді үйретті. Бізге «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген түсінікті қалыптастырып тәрбие беріп келеді. Осындай атам барына қуанамын, мақтанамын. Ұзақ ғұмыр тілеймін. Алла тағалам атама күш – қуат берсе екен деп тілеймін. Менің атам ең жақсы адам.

You May Also Like

Менің әкем-ең жақсы адам, эссе

«Менің әкем-ең жақсы адам!» «Әке – асқар тау, Ана – бауырындағы бұлақ, …

Мұқағали Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім? эссе

Мұқағали Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім? Мұқағали поэзиясы – ұлттық сананы…

Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазу, эссе

І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының…

Heroism that saved the country, Essay

Essay Heroism that saved the country What is a Heroism ? What…