Тәуелсіздік туралы эссе .

Тақырыбы:    Тәуелсіздік-менің бақытым, менің болашағым.

Тәуелсіздік – халықтың үні, ұлттың тілімен діні. Тәуелсіздік – халықтың тойы, елдің тойы. Тәуелсіздік – ең алдымен  халқымыздың бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. «Тәуелсіздік» деген сөздің мағынасы қандай терең, астары қандай кең десеңізші!Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман, ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Бір ғана сөз бейбітшілік, бақыт, сәттілік, достық, сыйластыққа жетелейді, жаныңа жылылық пен дербестікті ұялатады.Шыңын мәңгі қар басқан биік таулары, сарқырай аққан өзендері, мөлдір сулы көлдері, шет-қиыры көзге көрінбейтін жазық далалары,қойнауында ұлан-асыр кен байлықтары тасып жатқан қуатты өлке, құт-мекеннің мәртебесі жоғары, тұғыры биік. Еліміздің Отан болып қалыптасу жолында  халқымыздың  даналығы  ерлігі  қайтпас қайсарлығы жатыр емес пе? Еліміз талай қиын қыстау кезеңдерден өтіп бүгінгі күні  әлем таныған терезесі ешкімге тең келмейтін жеке тәуелсіз мемлекет атанып отыр. Бірақ бұның барлығы бізге ақ пейілді аналарымыздың көз жасы мен ержүрек батыр азаматтарымыздың бағасына татиды. Ата-бабамыздың маңдай терімен, төгілген қанымен келген тәуелсіздігіміз , біздің-басты байлығымыз. Біздің кешегі өткеніміз де, келер күніміз, болашағымыз да туған жерімізбен тікелей байланысты. Әр халықтың ұлттың өз отаны, туған жері болады. Біздер Отанға деген сезімімізді сөзбен жеткізіп бере алмаймыз. Себебі Отанға деген сезім шексіз, ұлы болады. Біз үшін, Отан үшін, ата- бабаларымыз тәуелсіз мемлекет болуымыз үшін ,қаншама күш қуатын кеткізіп еңбек етті. Және де біз өзіміздің тәуелсіздігімізді алып, дербес мемлекет атандық.Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз,Өзбекстан, туралы айтарымыз да, мақтанарымыз да көп.Сол үшін  мен тәуелсіз Отанымыз жайлы тоқтамақпын.           Отан –  бұл барлық адамдарда болатын ұлы сезім. Отан дегенде әр адамның есіне өзінің  туылып өскен, кіндік қаны тамған жері есіне түседі. Дүние жүзінде қанша халық ,қанша ұлт болса әр қайсысының өзінің туған жері ,өзінің Отаны болады.  Адамдар өз  Отанына деген сезімді сөзбен  жеткізіп бере алмайды, себебі Отанға деген сезім тым биік ,тым ұлы сезім  болып табылады. Біз қайда жүрсекте өз Отанымызды ұмытпауымыз керек.                                                     Отан… осы бір қасиетті ұғымның біздің халқымыз үшін мағынасы өте тереңде.  Өзбекстан – менің туып өскен, кіндік қаным тамған жерім-Отаным. Мен Өзбекстанда туылдым, білім алып жатырмын және де мен өз Отаныммен мақтанамын.   «Туған жер-ай, күнім де сен, дінім де сен, тағдыр сендей сүйесе, сүрінбес ем»,-деп қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан Қадыр Мырза Әли атамыз айтқандай, туған жер десе жүрегіміз елжіреп, өне бойымызда сөзбен жеткізе алмайтындай сезім пайда болады. Кең пейіл, құшағы кең туған жеріміз туралы сөз қозғалғанда тыпыршып мақтауға дайын тұратын халықпыз. Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз,Өзбекстан, туралы айтарымыз да, мақтанарымыз да көп.  «Мектеп-өмір мен өлім мәселесі, болашақ мәселесі.  Бұл мәселені мемлекет, үкімет және әкімдердің өздері шеше алмайды. Бұл жұмыс, бүкіл қоғамның борышы болуға тиіс. Мектепті өзгертпей, жеке тұлғаны, қоғамды өзгерту ге болмайды»,- деді мемлекет Басшысы.Біздің еліміздің Президенті әйгілі француз жазушысы Виктор Гюгоның дана сөзін мысалға келтірді: «мектеп ашқан адам – ол түрмеге жабылғандай үкім». Бұл не деген сөз? Мектеп, білім, тәрбие бар жерде балалар жаман жолмен жүрмейді, қылмыс жасамайды. Сондықтан түрмелерге қажеттілік жоқ.Біздің елде түрмелер жабылып, тұтқындар саны тұрақты түрде қысқарып жатқан жерде жаңа мектептер ашылып, қазіргі мектептер жаңа уақыттың талаптарын ескере отырып түбегейлі жөнделуде. Атап айтқанда, бұл пікірді соңғы үш жылда 11 жылдық білім беру жүйесі қалпына келтіріліп, көптеген мектеп қайта салынды.Сонымен қатар, біздің ұлы ғұламамыз — Мырза Ұлықбек және Мұхаммед Харезми атындағы балалар мектептері, «Темірбектер мектебі», президенттік мектептер, жеке мектептер сияқты жаңа және заманауи үлгідегі білім беру орталықтары құрылды. Мұның бәрі Отанымыздың бақытты балаларына білім беру мен тәрбиелеу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Келесі үш жылда ел Президентінің бастамасымен түрлі саладағы шығармашылық мектептері құрылды. Өз кезегінде, өнерлі балаларды барлық жақтан қолдап жатырғандығын көрсек,жүректерімізге қуаныш сезімін ұялатады. Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді.Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында.                                                                                                  Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Өзбекстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолымызда,яғни жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез-келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беру керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ. Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқылануы- оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындағын аңғартады.

Қорытындылай келе, мен осындай елде туып-өскенімді мақтан тұтамын. Басқалардың қолы жете бермейтін тәуелсіздіктің бізге келгені-үлкен мақтаныш, дәреже, бақыт.Бүгіндері Өзбекстан  Республикасы тәуелсіз, еңсесі биік, басқа дамыған мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең егеменді мемлекет болып қалыптасты. Ата-бабамыздан қанмен берілген өжеттік, қайсарлық сияқты қасиеттер болашақ ұрпақты да тек алға, жаңа белестерге жетелейтіні анық. Шығыстан алтын күн нұрын төгіп, еркіндіктің самалы ескен осы кезеңнің баянды болатынына кәміл сенемін.  Еліміздің Президенті  Ш.М.Мирзияев  атап өткендей: « Өзбекстан- білім, ғылым, әлеует, заманауи кадрлар мен жоғары технологиялар саласында әлемдік ауқымда бәсекеге қабілетті болуы тиіс». Тұғырың биік,мәңгі болсын тәуелсіздігім!

You May Also Like

Великий поэт-Абай Кунанбаев, эссе

Великий поэт-Абай Кунанбаев Абай Кунанбаев – великий поэт, гордость казахского народа –…

Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз, эссе

Қазақ әдебиетіндегі көпетеген поэмаларда кейіпкерлерден болашағымызға улгі етерлік қасиеттері мен өзіміздің бойымыздан…

Наурыз мерекесі эссе

Наурыз мерекесі Наурыз — шығыс елдерінің бүкіл халықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні.…

Менің кәсіби дамуым-жетістікке жетер жолым, эссе