Ыбырай Алтынсарин шығармаларының  маңыздылығы 

Ыбырай Алтынсарин шығармаларының бүгінгі күнге дейінгі жеткен тәрбиелік мәнінің мазмұны әлі де қолданыста. Міне,  биыл қазақтан шыққан алғашқы педагогтың туғанына 180 жыл толып отыр. Сондықтан Ы.Алтынсариннің  бізге қалдырып кеткен еңбектерін қадірлеп, мәңгі өмір сүруін қамтамасыз ету баршамыздың міндетіміз деп ойлаймын.

Ы. Алтынсариннің ұрпағына қалдырған мұрасы –ұлан-ғайыр. Небәрі жарты ғасырға жуық өмір кешкен ұстаздың өнегелі еңбегі жан – жақты зерттеліп, туған халқының керегіне жарауда. Күні бүгінге дейін мектеп оқушыларының әнұраны іспетті «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңінің өзі неге тұрады?! «Біз болмасақ, Сіз барсыз, үміт еткен достарым»,- деп өзі бастаған оқу – ағарту жұмыстарының алуан қырлы асқарлы істерін, бүкіл ұлт болашағын келер ұрпағына үлкен үмітпен жүктеп, келешектен қуаныш күткен Ұлы ұстаздың тындырғаны көп болса да, түнек құрсауындағы қалың елінің білім нәрінен жаппай сусындатып, ғылым мен өнер үйренуінен армандауымен кеткен.
Ыбырай салған сара жол – бұл күндері қанатын кеңге жайған,тамырын тереңге жіберген, экономикасы мен мәдениеті дамыған тәуелсіз Қазақстан Республикасының білім шаңырақтарында жалғасын табуда. Баяндамамда Ы.Алтынсариннің шығармаларын зерделеу арқылы  жеке тұлғаны қалыптастыруда оның  қаншалықты маңызды екенін көрсету. Мақсаты: Ы.Алтынсариннің шығармаларында айтылған мәселелердің әлі күнде өзекті екендігін айқындау

Зерттеу нысаны: Ы.Алтынсарин  өз шығармалары арқылы жеке тұлғаның бойына қандай касиеттерді калыптастыра алды.

Зерттеудің пәні: Ыбырай шығармаларынан алатын тәрбиенің мәні.

Зерттеудің міндеттері:
 1.Ыбырай туындыларының мәнін көрсету
2. Ыбырай әңгімелерін оқып-талдау арқылы тікелей әсер алу
3. Ыбырай шығармаларының ерекшелігін көрсету
Зерттеудің ғылыми болжамы :
Егер мектепте оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын толыққанды оқытса, онда жеке тұлға бойында адамгершілік-имандылық қасиеттері арта түсер еді, өйткені бүгінгі қоғамға өз-өзіне талап қоя алатын,адамгершілік қасиеттері бойына дарыған,бәсекеге қабілетті тұлға қажет.
Зерттеу әдістері:
* Ділгірлік оқыту әдiсi (талдау, жинақтау, зерттеу);
* Тыңдаушылардың зейiнiн жандандыру әдiсi;
* Тексеру және керi байланыс әдiсi;
* Практикалық әдiс;
* Сараптау әдiс.

«Қазақ хрестоматиясындағы» шығармалардың жеке тұлғаны қалыптастырудағы мәні қандай деген сауалға жауап іздесек.
Жеке тұлғаға дұрыс тәрбие беруде «Қазақ хрестоматиясының » алатын орны ерекше. Қалай болғанда да жастарғдың дүниетанушылық көзқарасын кеңейтіп,  дұрыс тәрбие беру үшін «Қазақ хрестоматиясының» бүгінгі таңда   мәні зор. Сондықтан да ол талай жылдар бойы талай рет басылып, мектеп оқушыларына ұсынылып келеді.   Бұл кітапқа енгізілген  әңгімелер: еңбек сүюшілік,  оқу, өнерге ұмтылушылық,  Отанын-елін сүюшілік, талапшыл да жігерлілік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, тағы басқа  осылар тәрізді жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуге керекті мәселелерді қамтиды. Бұларға жалқаулықты, қиянатшылдықты, надандықты, сотқарлықты қарсы қойып, жастардың мұндай әрекеттерден аулақ болуына жол     көрсетті. Мысалы, Хрестоматияға енгізілген өлең, әңгімелердің балалардың жасына, сана-сезіміне лайықталынып, педагогика ғылымының міндетті түрде тәрбиешілерден талап ететін әдіс мәселесінің берік сақталынуы    өз алдына, сонымен қатар жоғарғы аталып өткен оқу, еңбек, талап, мейірімділік, тағы басқа тақырыптарға арнаулы, қолға таяқ ұстатқандай әңгімелерді әдейі, саналы түрде таңдап алғандығын да көрмей кетуге болмайды.
Оның «Хрестоматиясының» бірінші беттерінен-ақ балаларды оқуға, өнерге, ұқыптылыққа, тазалыққа, мейірімділікке   шақырған әңгімелер мен өлеңдер жиі кездеседі. Мәселен, ол «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңінде жастарды білім алуға, өнер үйренуге шақыра келіп, білімді адамның сана-сезімі жоғары, ілтипатты, өнегелі болатынын, адам білім арқылы ғана мақсатка жететіндігін, өзінің келешектегі жақсы тұрмысын   қамтамасыз ете алатындығын, сөйтіп оқыған адамның өмір сүруі де,   еңбек етуі де анағұрлым жеңіл және көңілді, сергек болатынын сөз етеді.
Алтынсарин әңгімелері мен өлеңдерінің негізгі идеясы. Кітаптың    беташары  оқуға шақырудан    басталып,  оның әлеуметтік  мәнін түсіндіру болса, сонымен қатар негізгі тақырыбының бірі – еңбек.
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде, ең кішкентай жәндіктердің де өмір, тіршілік үшін тыным    таппай еңбек етіп жүретінін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді.   Қарлығаш,   өрмекші құрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа дейді. Мысалы, Ыбырайдың «Әке мен бала»- деген шығармасында осы  мәселе қарастырылады.
Ы. Алтынсаринің тәрбие жөніндегі негізгі тақырыбының бірі – талап. Талап етіп талпынбаса, адам   баласы ешбір алға баспаған болар еді.   «Талапты ерге нұр жауар»-деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған пікір. Жастық шақ – жігер, қайраттың толы кезі. Бойдағы жасырын талант, өнерлерін жарыққа шығарып қалатын кез де осы. Ол үшін талап керек. Әр нәрсені де жігермен істе, өзіңнің не нәрсеге қабілетің,   ыңғайың бар, қолыңнан не келеді, соны жақсы біл, қай өнердің соңына түссең, әрі өзіңе, әрі қоғамға пайда келтіре аласың,  талаптан да таңдап ал дейді. Кейде талаптың, жігердің жоқтығынан жап-жақсы өнердің жарыққа  шықпай кетуі де мүмкін. Сондықтан өз талабыңмен өрге шық дегенді айтады. Міне, Ыбырай «Талаптың пайдасы»- деген әңгімесінде өзінің осы пікірін, негізгі идеясын жеткізіп бере алды. Ыбырай Алтынсарин шығармаларында көтерілген екінші бір өзекті мәселе: жастарды түрлі жақсы қасиеттерге баулу, жаман қасиеттерден жирендіру мәселесі. Ы. Алтынсарин өз шығармаларында жасөспірімдерді адамгершілік қасиеттерге баулып отыру – мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті деп дұрыс түсінді. Осы идея – Ы. Алтынсарин әңгімелерінің негізгі арқауы. Осындай психологиялық мәнге толы әңгімелердің жас өспірімдер үшін тәрбиелік мәні аса зор. Мәселен «Аурудан аяған күштірек» деген әңгімеде адамның шыдамдылық, төзімділік сияқты тамаша ерік-жігер қасиеттері, олардың сыр-сипаты сөз.  Сондықтан оның көптеген әнгімелерінің идеясы, Абай айтқандай, «Еңбек етсет ерінбей, тояды  қарның тіленбей» деген қағиданың төңірегіне топтасқан.
Мектеп оқушыларына арнап   оқу құралдарын, бағдарламалар, нұсқау хаттар жазды. Ол мектеп кітапханаларының физикалық, химиялық, астрономиялық құралдарымен жабдықталуына, оқушылардың түрлі ғылым мен өнер саласындағы жаңалықтарды біліп отыруына үлкен мән береді, Ыбырай шәкірттерді әр кезде әр түрлі әдіспен және әр түрлі оқулықтармен оқытуға барынша қарсы болды. Ол қандай пәннің болмасын ғылыми негізде оқытылуын оның жасөспірімдердің ақыл-ойы мен сезім дүниесіне әсер ете алуының маңызы аса зор екендігін баса айтты.
Адамгершілік мінез-құлқына баулитын кейбір шығармаларына тоқталсақ:

Тәрбие бағу-қағудан басталады

Оқушыларды неге тәрбиелейді?
1 «Әке мен бала» әңгімесі «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың,азға қанағат етпесең,көптен құр қаларсың», – дейді.
2 «Асыл шөп» әңгімесі -Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты «сабыр» деген, -дейді.   Сабырлылық, шыдамдылық, төзімділік, ұстамды болуға   үндейді.
3 «Бақша ағаштары»әңгімесі Тәрбие бағу-қағудан басталады деген ойды меңзейді. Тәрбиелі болуға, адамгершілікке, үлкенді сыйлауға үйретеді.
4 «Байұлы»әңгімесі «Батаменен ер көгереді», «Баталы ұл арымас» – деген халық қағидаларының өміршеңдігін әңгімеге арқау етіп, жастарды қайырымды, ізгі жүректі болуға, жоқ-жітік, жетім-жесірге қамқоршы болуға үндейді.
5 «Алтын шекілдеуік» әңгімесі «Не нәрсенің де құр сыртына қарап қызықпа, асылы ішінде болар»
6 «Тәкаппарлық »әңгімесі Кішіпейілділіктен опық жемейсің, тәкаппарлық ұятқа қалдырады.
7 «Мейрімді бала», «Шеше мен бала», «Аурудан аяған күштірек» Мейірімділік, рақымды болу, адамға жаксылык ету, төзімділік сияқты жақсы қасиеттерге баулиды. Бала әке-шеше алдында өзінің мәңгі қарыздар екенін сезінуі керек.
«Ыбырай Алтынсарин шығармаларының   маңыздылығы» тақырыбындағы жұмысымда   жеке тұлғаны қалыптастырудағы анықталған мәселелер: Біріншіден, әр халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерінен хабар беру принципін көздей отырып, тұлғаны өмір сүрген қоғамына қатысты халықаралық қатынасқа бейімдеу.
Екіншіден, жеке тұлғаны адалдыққа, еңбекке, ұқыптылыққа, талаптылыққа тәрбиелеу, адамгершілік жақсы қасиеттерді олардың бойына дарыту арқылы адами мінез-құлықтарын өздері игере алуларын ойластырған.

Үшіншіден, жастардың, әсіресе, мектеп оқушыларының түсінігіне жеңіл, тілі жатық әңгімелерді беруімен бала түйсігін жүйелілікпен қалыптастыруға тырысқан.

Қорыта айтқанда, Ы.Алтынсаринның өз халқын оқуға, өнерге үндеуі надандыққа, зұлымдыққа қарсы шығуы, сол кезде әлеумет өміріндегі теңсіздіктің бетін ашып, өмір шындығын көрсетуі, жастарды жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуі оның творчествосының халықтық жағы десек, қазақтың қазіргі ержеткен проза жанрының және балалар әдебиетінің ең алғашқы негізін салушы болды. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин рухани-  адамгершілік білім беруді   ту етіп ұстады   және қазіргі таңда да   жалау етіп желбіреп өз  мәні  мен  мағынасын  жоғалтпады .

Ыбырай Алтынсариннің   шағын   әңгімелерін өзімнің кәсіби және   жеке өмірімде кеңінен қолданамын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Сиыр басындағы қызыл тақия

Сиыр басындағы қызыл тақия Тұр-тұрдан хабар келсе , ұйқыдан маза кетеді демекші…

Әнші болғым келеді

Әнші болғым келеді… Менің әжем әнді жақсы айтатын. Жан тартпаса да, қан…

Қазақстандағы халықаралық туризмнің даму тарихы

Белгілі қазақстандық туризм зерттеушісі В.Н.Вуколов айтқандай, Қазақстандағы туризм дамуы өлкетану негізінде дамыған.…

Ұңғыларда парафин шөгінділердің алдын-алу және оларды жою есептері

2  Ұңғыларда парафин шөгінділердің алдын-алу және оларды жою есептері.         2.1 Қабатты…