№6 Зертханалық жұмыс 

БҰРҒЫЛАУ ҚҰБЫРЛАР ТІЗБЕГІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Жұмыстың мақсаты: бұрғылау құбырлар тізбегін түзуші элементтер мен олардың атқаратын міндеттерін студенттерге оқытып үйрету.

6.1 Бұрғылау құбырлары тізбегі туралы мәлімет

Бұрғылау құбырлары тізбегін жұмыс істеу жағдайы мен түріне қарай бір-біріне жалғастырылған элементтерден тұратын механика-гидравликалық жүйе ретінде қарауға болады.

Бұрғылау құбырлары тізбегінің бұрғы қашауының жұмысы мен ұңғы оқпанының бағытына тигізетін әсері өте зор. Сондықтан бұрғылау құбырлары тізбегі құрамын дұрыс жобалау  керек. Ол үшін олардың атқаратын міндеттерін жете білу қажет.

Бұрғылау құбырлары тізбегінің негізгі элементтері: болаттан жасалған бұрғылау құбырлары, жеңілдетілген, ауырлатылған бұрғылау құбырлары, әртүрлі аудармалар, тіктеуіштер мен кеңейткіштер, кері клапандар, жетекші құбыр, центратор, калибратор, амортизаторлар, сүзгілер, маховиктер қорғаушы сақиналар. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән атқаратын белгілі міндеті бар. Оларды керекті жерінде қолданбау бұрғылау жұмыстарын шиеленіс пен апат жағдайларына әкеліп соқтырады.

6.2 Бұрғылау құбыры тізбегінің атқаратын міндеттері

Бұрғылау құбырлары тізбегі жер үсті мен ұңғы түбіндегі жабдықтарды жалғастыра отырып, төмендегідей міндеттерді атқарады:

  1. Бұрғылау қондырғысы жетегінен тау жыныстарын бұзушы аспапқа (қашауға) айналым береді;
  2. Бұрғылау сұйықтарын қашауға, ұңғы түбіне түптік қозғалтқыштарға жеткізуші канал;
  3. Түптік қозғалтқыштардың реактивтік моментін қабылдайды;
  4. Тау жыныстарын бұзушы аспаптарға өстік салмақ түсіреді;
  5. Тау жыныстарын бұзушы аспаптар мен түптік қозғалтқыштарды және басқа да аспаптарды түсіру-көтеру жұмыстарын жүргізу үшін;
  6. Электрбұрғылау тәсілінде ток өткізуші секцияларды жалғайды;
  7. Қосалқы жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді (ұңғы оқпанын пысықтау және кеңейту, қабаттарды зерттеу және сынау, апат, шиеленісу жұмыстарын тойтару т.б).

Шиеленісу немесе апат жағдайларында ұңғы ішіндегі бұрғылау тізбегін шегендеуші тізбек ретінде пайдалануға болады.

6.3 Бұрғылау құбырлары тізбегінің элементтері

Бұрғылау құбырлары тізбегінің негізгі элементтері (6.1-сурет) жетекші құбырдың жоғарғы аудармасы жетекші құбырға, жетекші құбырдың төменгі аудармасы жетекші құбырдың қорғаушы аудармасы арқылы муфта құлпына, құлып ниппелі бұрғылау құбырларына жалғанады. Бұрғылау құбырлары мен  ауырлатылған бұрғылау құбырлары (АБҚ) аудармасы  арқылы, центратор мен амортизаторға және ол өз кезегінде тау жынысын бұзушы аспапқа жалғанып,

Жоғарыда айтылғандардан басқа бұрғылау құбыры тізбегінің элементтері құрамына, стабилизаторлар, кеңейткіштер, ауырлатылған бұрғылау құбырының аралық тіректері, кері клапандар, сүзгілер, маховиктер, қорғаушы сақиналар кіреді.

6.3 Болаттан жасалған бұрғылау құбырлары

Шеттері шығарыла отырғызылған бұрғылау құбырлары және оларды жалғау элементтері.

Бұндай құбырлар (6.2-сурет) құрылмалары МЕСТ 631-75 бойынша жапсарсыз шеттері ішіне және сыртына шығарыла отырғызу арқылы дайындалады. Стандарт бойынша бұл құбырлардың диаметрі 60-тан 168 мм-ге дейін ұзындықтары 6, 8, 11 ,5 м етіп жасалады.

Шеттері шығарыла отырғызылған құбырлар бұрғылау тәсілдерінің әр түріне қолданылады.  Олар бір-біріне құлыптар арқылы жалғанады. Құлыптар муфта мен нипельден тұрады. Муфта болса оның бұрандасы ішінде болады, нипель болса бұрандасы сыртында болады. Көтеріп-түсіру операциясын жеңілдету мақсатында, қондырғының  мұнара биіктігіне байланысты оларды бір-біріне жалғау арқылы «свеча»  жасайды.

Бұрғылау құбырларының шеттеріне ойылып жасалатын бұрандалар (резьба) құлыптық деп аталады.

Ол бір қырынан қарағанда басындағы бұрышы 600-қа тең үшбұрыш пішінді.

Қырларының ойысы мен төбесі жұмырланған. Қыр бұрышының биссектрисасы қыр білігіне (өсіне) перпендикулярлы. Бұранда қадамы 3,175  мм, сондықтан 25,14 мм ұзындыққа бұранда орамы орналасады.

Конус қимасы мен құбыр білігі  арасындағы бұрыш 1047¢24¢¢-қа тең.

Құбырлық бұранда құбыр түріне байланысты үш бөліктен тұрады.

Шеттері шығарыла отырғызылатын құбырлар үшін құлыптарды өзара гидравликалық және беріктік қасиеттермен ерекшеленген үш түрде дайындайды.

Ол төмендегі 6.3- суретте көрсетілген.

3Н- ішкі диаметрі қалыпты құлыптар (құбырдың ішкі диаметрінен кем).

3Ш – ішкі диаметрі кең құлыптар (құбырдың ішкі диаметрімен шамалас).

3Ү – ішкі диаметрі үлкейтілген құлыптар (құбырдың ішкі диаметрінен үлкен).

Бұрғылау құлпысының ниппелі мен муфтасы өзара ірі конусты бұранда арқылы жалғастырылады. Ол құлыптық бұранда (замковая) деп аталады. Құлыптық бұранда құбырлық бұранда сияқты қыры үшбұрышты, төбе бұрышы 60º, биссектриса бұрышы жасалатын бөлшектің білігіне перпендикулярлы. Бұранда төбесі қиылған, ал ойысы жұмырланған.

Құлыптың түрі мен құбыр диаметріне байланысты бұранда конустылығы 1:4 немесе 1:6 қатынасындай, ал оның қадамы 5.08 6.35 мм-ге тең. Құлыптық бұранда орамдарының профилі бірдей. Сондықтан бөлшектерді жалғағанда олар бұранда ұзындығына толық ілініседі, ал муфтаның тіреу ұшы ниппельдің тіреу кемерімен түйіседі де, герметизациялық жалғасуды қамтамасыз етеді.

Түсіру-көтеру жұмыстарында құбырларды жалғау және ашу тек құлыптық бұрандалармен іске асырылады. Құбыр бөлшектерін жинау арнайы құбыр базаларында немесе заводтарда іске асырылады. Құбырлық бұрандалар жалғау бөлшектерін жинар алдында  герметизациялық май жағылады.

Бұрғылау құбырларын дайындау үшін әртүрлі болаттар қолданылады. Механикалық қасиеттеріне қарай олар Д, К, Е, Л, М, Р беріктік топтарына бөлінеді. 

6.1-кесте-Бұрғылау құбырларының механикалық қасиеттеріне байланысты беріктік топтарына сұрыпталуы

Механикалық

қасиеттері

Беріктік тобы
Д К Е Л М Р
Уақытша кедергі, МПа

Беріктік шегі, МПа

Шартты ұзару , %.

 

650

372

16

12

700

490

12

10

750

540

12

10

800

637

12

10

900

736

12

10

1100

883

12

10

Диаметрі 114 мм, одан жоғары құбырлар мен олардың муфталары болаттың бір тобынан жасалады. Диаметрі 144 мм шеттері ішіне шығарыла отырғызылған, қабырға қалыңдығы 9 мм беріктік тобы “Д” құбырларды төмендегідей белгілейді: құбыр В144*9д МЕСТ-63I-75, сол бұрандалы болған жағдайда: ЛНI40*9Д МЕСТ-63I-75.

Әр құбырдың шетінен 0,4-0,6м аралықта, денесіне ойылып  таңба соғылады. Таңбада төмендегідей мәліметтер жазылады:

1) шартты диаметрі, мм;

2) болаттың беріктік тобы;

3) құбыр қабырғасының қалыңдығы, мм;

4) дайындаушы заводтың товарлық белгісі;

д) дайындау мерзімі.

6.4 Жалғаушы ұштары пісіру арқылы жалғанған бұрғылау құбырлары

Бұл құбырлардың ерекшеліктері құлпы мен құбырдың жалғанатын жерлері бұрада орнына пісіру арқылы қосылады. Қазіргі кезде шеттері сыртына шығарыла отырғызылған жерлерінен пісіру арқылы жалғанған бұрғылау құбырлары (6.5-сурет) кеңінен қолданылып жүр. Олардың басқа құбырлардан  ерекшелігі ішкі диаметрі барлық ұзындығында  бірдей. Сондықтан осындай  бұрғылау құбыр тізбегіндегі гидравикалық кедергі өте аз болады және тексеру аспаптарын (дефектоскоп) ішімен өткізгенде еш кедергісіз, сонымен қатар  көтеріп-түсіру жұмыстарын жеңілдетеді. Төмендегі 6.4-суретте осындай құбырлардың қарапайым түрі көрсетілген.

6.5 Ауырлатылған бұрғылау құбырлары 

Ауырлатылған бұрғылау құбырлары, бұрғылау құбырлары тізбегінің өстік салмағын көбейту және оның төменгі бөлігінің  тұрақтылығын  арттыру үшін қолданылады.

Бұрғылау жұмыстарында қыздырылып созу арқылы дайындалған ауырлатылған бұрғылау құбырлары кеңінен қолданылады. Бұл құбырлар техникалық шарт (ТШ 14-3-164-73), бойынша бүкіл ұзындығына тегіс  және конусты оймамен  жасалады. Қыздырылып созу арқылы дайындалған ауырлатылған бұрғылау құбырларын беріктік топтары Д және К болаттардан термиялық өңдеусіз дайындалады, сондықтан олардың беріктігі төмен. Осындай құбырлардың қарапайым түрі төмендегі көрсетілген.

Бұл кемшіліктер балансирленіп дайындалған ауырлатылған бұрғылау құбырларында (УБТС) кездеспейді. Осындай құбыр төменде 6.6-суретте көрсетілген. Бұндай құбырлардың ішкі қуыстары бұрғыланып жасалады және дайындау кезінде сыртқы диаметрі бойында механикалық, термиялық өңдеулерден өткізіледі. Осындай құбырлардың шартты диаметрі 99 дан 299 мм-ге дейін етіп жасалады. Ауырлатылған бұрғылау құбыр түрлері мен өлшемдері төменде көрсетілген.

6.6 Жалғанатын жерлерінің беріктігі жоғары ауырлатылған бұрғылау құбырлары 

Бұрғылау жұмыстары кезінде ауырлатылған  бұрғылау құбырлары мен бұрғылау құбырлары иілу кернеулерінің әсеріне ұшырайды. Олардың ең жоғарғы мәндері жалғанған жерлерге түсіріледі. Бұл бұранда ойықтарында тозу сызықтарының пайда болуын тездетеді. Сондықтан бұранда соңына жеңілдету ойықшаларын ою және бұранда ойығының қуыстары мен ойықша беттерін шығыршақтармен жүргізіп нығыздау, жалғау элементтерінің төзімділігін едәуір арттырады. Бұранда соңында жеңілдету ойықшасы бар ауырлатылған бұрғылау құбырларын УБТС-І, УБТС-2 деп белгілейді. Диаметрлері 89-дан 229 мм-ге дейін, болаттың   ДК және ЛМ  маркаларынан дайындалады.

6.2-кесте-Ауырлатылған бұрғылау құбырларының өлшемдері

Сыртқы диаметрі,мм Ішкі диаметрі, мм 1м қимасының  салмағы, кг
79 32 31,9
89 38 39,8
121 51 69,1
127 57 73,8
146 57 92,9
165 57 137,2
165 71 126,3
171 57 152,2
171 71 141,3
178 57 163,2
178 71 153,2
197 71 192,9
203 80 199,2
216 71 240,9
216 76 236,4
229 71 289,9
229 90 273,9
241 71 309,0
241 76 304,6
248 71 358,1
248 76 324,9
248 90 309,8
254 100 313,8
279 76 481,3
279 100 392,6

6.7 Жеңілдетілген бұрғылау құбырлары 

Жеңілдетілген бұрғылау құбырлары − бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағын азайту үшін қолданады. Бұндай құбырлардың артықшылықтары да кемшіліктері де бар. Олардың артықшылығы– тізбек салмағын азайту көтеріп-түсіру жұмыстарын жеңілдетеді және бұрғылау қондырғысының қазу тереңдігін арттырады. Ең басты артықшылығы– олардың диамагниттілігі. Бұл құбыр ішінде геофизикалық және басқа да жазу аспаптарын қолдануға мүмкіндік береді. Ал кемшілігі болып оларды түптік температурасы 1500С  және қышқылдық орта РН >10 асқан жағдайларда қолдануға рұқсат етілмейді. Өткені бұндай құбырлардың құрамы көбіне дюралюминийден тұрғандықтан олар тез реакцияға түсіп, беріктік қасиетін жоғалтады.

Жеңілдетілген бұрғылау құбырларын жасау үшін Д16 қорытпасы қолданылады. Термиялық өңдеуден кейін оған Д16-Т деген шифр беріледі.

Д16 қорытпасын МЕСТ-4784-74 бойынша химиялық құрамы төменде көрсетілген.

6.3-кесте-Жеңілдетілген бұрғылау құбырларының химиялық құрамы

Қорыт

паның  маркасы

Химиялық құрамы %
мыс магний марга-

нец

Қоспалар  

алюми-

ний

темір крем-

ний

мырыш қалайы
Д16 3,6-4,9 1,2-1,8 0,3-0,9 0,5 0,5 0,3 0,5 қалғаны

Құбыр шеттеріне стандартты құбырлық бұранда ойылады, оларға болаттан жасалған құлпылар бекітіледі.

Жалғау бөлшектері стандартты  гидравликалық станокта, арнайы май жағылып, белгілі бұрау моменттерімен бұралып бекітіледі. Май әбден қатқаннан кейін әрбір құбырды 30 МПа ішкі қысымға тексереді.

Жеңілдетілген бұрғылау  құбырларын ұзындықтары 9 және 12м диаметрлері 73, 93, 114, 129, 147 мм қабырға қалындықтары 9, 10, 11мм етіп

шығарады.

8 Жетекші құбырлар

Жетекші құбырлардың атқаратын міндеті – бұрғылау тізбегін бұрғылау қондырғысы  роторының көмегімен айналдыру және түптік қозғалтқыштардан болатын реверстік айналуды тойтару.

Жетекші құбырлар біртұтас және құрама түрінде жасалады. Құрама жетекші құбырлар қимасы квадрат немесе алтыбұрышты болуы мүмкін. Жетекші құбыр штангадан  және төменгі  штангалық аудармадан тұрады. Төменгі аударма бұрандасын, бұрғылау құбырларын ашып-жабу кездерінде тозудан сақтау үшін оған қорғаушы аударма жалғанады.

Жетекші құбырды бұрғылау құбырынан осы қорғаушы аударманың төменгі бұрандасы арқылы айырады.

Қазіргі кезде бүтіндей жасалған көлденең қимасы төртбұрышты жетекші құбырлар қолданады. Бұл құбырлардың ерекшелігі сыртқы және ішкі қималарының төртбұрыш тәрізді болуында, ал төменгі шетіне ішкі құлпылық бұранда ойылады. Терең мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау жұмыстарында алты қырлы жетекші құбырлар да қолданады. Бұл құбырлардың шеттеріне ішкі құлпылық бұранда ойылған. Қырларының өсуі құбыр­дың бұралу мен майысуға төзімділігін арттырады. Жетекші құбырлардың шеттеріне құбырлық бұранда ойылады. Штанга болаттың  «Д» және «К» беріктік топтарынан, ал аудармалар Х40 маркалы болаттардан жасалады. Жетекші құбырдың шеткі цилиндрлік бетіне немесе қырларының біріне төмендегідей белгі басылады:

1) болаттың беріктік тобы;

2) құбырдың нөмірі;

3) балқыту нөмірі;

4) квадрат (шаршы) жақтарының мөлшері;

5) шығарылу мерзімі;

6) құбыр ұзындығы;

7) дайындаушы заводтың товарлық белгісі. 

6.9 Бұрғылау құбырларының аудармалары 

Бұрғылау құбырларының аудармаларын жалғаушы элементтер ретінде қарауға болады.

Аудармаларды  үш  түрде  жасайды: қорғаушы ҚА, муфталық аудармалар МА және ниппельдік НА.

Қорғаушы аудармалар жиі ашылып–жабылатын құлыптық бұрандаларды тез тозудан қорғайды, әрі өлшемдері әр түрлі құлыптық бұрандалы екі бөлшекті жалғау үшін қолданылады.

Муфталық және ниппельдік аудармаларды бұрғылау құбыры тізбегінің немесе аспаптардың жалғанатын шеттері біркелкі муфталы немесе ниппельді болып келген жағдайларда қолданады.

Стандарт бойынша бұрғылау құбырлары құлпыларының үш түріне сәйкес  аудармалардың 233 түрі және ниппельдік немесе муфталық құлпылық бұрандалардың 17 түрі жасалады. Аудармалар болаттың 4 ОХН немесе 4Х маркілерінен әрі тапсырыс берушілердің келісімі бойынша  беріктік тобы «Д» болаттардан жасалады. Аударма  түрлері оң әрі сол құлыптық бұрандалы болып жасалуы мүмкін.

Аудама белбеушесіне төмендегідей белгілер соғылады:

а) дайындаушы заводтың товарлық белгісі;

б) аударманың түрі, өлшем белгілері;

в) болаттың маркасы;

д) дайындалу мерзімі.

Сол бұрандалы аудармаларға негізгі белбеушеден басқа, одан 10 мм аралықта ені 5 мм қосымша белбеуше ойылады.

6.10 Бұрғылау құбырлары тізбегінде қолданылатын сүзгілер

Сүзгілер−бұрғылау құбырлары тізбегі арқылы өтетін бұрғылау сұйықтарындағы  бөгде қоспалардан тазарту үшін қолданылады. Сүзгілер бірнеше түрлі болып жасалады. Ең жиі қолданылатын сүзгі түрі 6.11-суретте көрсетілген. Сүзгі соңы фасонды флянцпен 5 аяқталған тесіктері бар түтіктен 3 және сүзгі орнықтылығын қамтамасыз ететін құбыр 2 тұрады. Гидравликалық қысым айырмасын азайту үшін тесік түтіктің  жоғарғы жағына конусты ұштық 1 жасалған.

Сүзгі жетекші құбыр мен бұрғылау құбырының арасына  конустық ұшы  жоғары қаратылып орнатылады.

Кері клапандар бұрғылау тізбегінің арасына орнатылады. Оның негізгі міндеті−бұрғылау тізбегі арқылы қабат сұйықтарының кері атқылауын болдырмау. Кері клапан құрылмасы 6.12-суретте көрсетілген. Бұрғылау құбырларының түрлеріне сәйкес кері клапандардың үш түрі шығарылды.

КЗН – құлыптарының ішкі диаметрі қалыпты бұрғылау тізбектері үшін;

КЗШ –  құлыптарының ішкі диаметрі кең бұрғылау тізбектері үшін;

КЗУ – құлыптарының ішкі диаметрі кеңейтілген бұрғылау тізбектері үшін.

Кері клапандар оң және сол құбырлық бұрандамен жасалады. Клапан тұрқы болаттың 40 Н маркасынан, ал серіппеден басқа бөлшектері төменгі маркалы болаттардан жасалады.

6.11 Ауырлатылған бұрғылау құбырларына арналған аралық тіректер

Тұрақтылықтың жойылуы әсерінен ауырлатылған бұрғылау құбырларының майысуы, олардың жалғау бөлшектері мен қашау жұмысын қиындатып, бұрғылау құбырының біркелкі айналуын  бұзады және басқа да апатты жағдайларға соқтырады. Сондықтан ауырлатылған бұрғылау құбырларының жұмысын жақсарту үшін бұрғылау тізбегі құрамына аралық тіректер қойылады. Олардың өлшемдері ауырлатылған бұрғылау құбырларының көлденең қимасындағы деформациясын азайтуы, тау жынысы бөлшектерінің еркін көтерілуі және ұңғы қабырғасымен құбыр аралығындағы саңылауды  азайтуы қажет. Жоғарыда айтылған талаптарды қимасы төртбұрышты тіректер толық қанағаттандырады. Осындай тіректердің бірі  төменде  көрсетілген.

Шлам ұстағыштар−бұрғылау сұйықтары көтеріп шығаратын тау жыныстарының ірі бөлшектері мен металл сынықтарын ұстау үшін қолданылады.

Шлам ұстағыш бұрғылау құбырлары тізбегінің төменгі жағына қашаудан жоғары қойылады.

Жұмыс істеу принципі центрлес орналасқан сыртқы  және ішкі  құбырлар арқылы пайда болған қабылдау қуысы алдында бұрғылау сұйықтарының көтерілу жылдамдығының кенет азаюына байланысты. Хвостовик  шлам ұстағышты ұңғы ішінде тік ұстауды қамтамасыз етеді.

6.4-кесте- Шлам ұстағыштардың түрі мен негізгі параметрлері

Параметрлері Шлам ұстағыш түрі
УМК-215,9 ШМУ-194
Сыртқы диаметрі, мм 215,9 194
Ұзындығы, мм 700 700
Массасы, кг 71 66
Түсіруге болатын шектік өстік салмақ , кН 250 250

Шлам ұстағыш бұрғылау құбырлары тізбегінің элементтерімен стандартты құлпылық бұранда арқылы жалғанылады. Ұңғы қабырғасы мен сыртқы құбыр арасындағы саңылау, бұрғылау сұйықтарының көтерілу  жылдамдығын 5-7 м/с шамасында болуын қамтамасыз ету шартына байланысты  анықталады.

Қорғаушы сақиналар − шегендеу тізбегін, бұрғылау құбырлары тізбегінің айналуы кезінде, бұрғылау құбырлары құлпыларынан зақымдануын және құлпылардың өзін мұжылудан қорғау үшін қолданылады.

Олар металрезеңке материалынан алынбалы немесе тұтас сақина түрінде жасалады. Өндірісте негізінен тұтас резеңке қорғаушы сақиналары қолданылады. Оларды арнайы пневматикалық құрылғының көмегімен, қайнаған суға жібіту арқылы керіп, бұрғылау құбырларына кигізеді. Олар құлпы бетіне арнайы желімдер арқылы ұстатылады. Бұрғылау тізбегін көтеру кезінде қажалған немесе мұжылған жерлері  байқалса, қорғаушы сақинаны сол жерлерге аралығы 3-6 м аралығында орнатады.

Центраторлар − бұрғылау құбырлары тізбегінің төменгі жағын ұңғы ішінде тік ұстау үшін және ұңғы оқпанының ауытқуын болдырмау үшін қолданылады. Олар төмендегідей сұрыпталынады:

  1. Конструкциялық дайындалуы бойынша: қалақшалы, шарошкалы.
  • Өлшемдері бойынша:
  • толық өлшемді – центрде ұстаушы бөлшектерінің диаметрі қашау диаметріне тең немесе 1-2 мм кем;
  • толық өлшемсіз – центрде ұстаушы бөлшектерінің диаметрі қашау диаметрінен 3-4 мм кем.
  • Жұмыс істеу принципі бойынша:
  • механикалық – центрде ұстаушы бөлшектері қозғалмайтын;
  • гидравликалық – центрде ұстаушы бөлшектері жылжымалы;
  • ортадан тепкіш – бұрғылау құбырлары тізбегі ұңғы қабырғасынан айналмалы плашкалардың ортадан тебу күштері әсерінен итеріледі;
  • центрде ұстаушы бөлшектері икемді.

Кеңейткіштер – диаметрі кіші қашаулармен қазылған ұңғылар оқпанының кейбір жеке аралықтарын кеңейту үшін, сонымен қатар ұңғыда жүргізілетін арнайы жұмыстар үшін қолданылады. Қазіргі кезде негізінен шарошкалы кеңейткіштер қолданылады. Төменде осы шарошкалы кеңейткіштердің бір конструкциясы көрсетілген.

Стабилизаторлар – бұрғылау құбырлары тізбегінің төменгі бөлігінің элементі. Ол бұрғылау құбырлары тізбегін ұңғы оқпаны ортасына келтіріп және ұңғы бағытын тұрақты ұстау үшін, құбырдың ұңғы оқпанына кептеліп қалудың алдын алу үшін қолданылады. Стабилизатор  негізінен қимасы квадратты ауырлатылған бұрғылау құбырларынан, екі жағынан жалғаушы ұштармен жабдықталып жасалады. Осындай торт қырлы серпімді стабилизатор 

Амортизаторлар бұрғылау кезінде болатын соғу күштерін және бұрғылау құбырлары тізбегінің дірілдеуін азайту үшін қолданылады.

Амортизаторларды қолдану бұрғылау құбырларының, түптік қозғалтқыштар, турбобұрғы мен ауырлатылған бұрғылау құбырларын және бұрғылау құбырлары тізбегінің басқа да элементтерінің тозу қарқынын бәсеңдетеді.

Амортиаторлардың төмендегідей конструкциялық түрлері бар: тұрқылы және тұрқысыз дайындалған, серіппелі элементтері металл және металл емес, гидравликалық және пневматикалық.

6.18-суретте серіппелі элементті болаттан жасалған ВГАЗ-172 типті амортизатор көрсетілген. Ол амортизатор тұрқы мен негізден тұрады, олардың аралары серімді элементтермен жалғанған. Әр серпімді элемент амортизатор тұрқына параллель өстерде, бірінің артынан бірі бекітілген. Серпімді элементтер серіппе тәрізді металрезеңкелерден, әртүрлі полимер материалдарынан жасалады.

Негіздің төменгі бөлігі  тұрқыдан келген күш моментін беретін, ал жоғарғы бөлігі негіз бен тұрқының арасына бұрғылау сұйығын өткізбей қорғап тұратын тораптардан тұрады.

Бұрғылау процесі кезінде күшті өстік тербелістер қашаудан негізге беріледі де, серпімді элементтерден өтіп, амортизатордың тұрқына  жұмсарып беріледі. Ал тұрқы бұрғылау тізбегіне аудармалар арқылы жалғанып, тізбекке берілетін діріл мөлшері минимумға жеткізіледі. Осының арқасында бұрғылау тізбегінің  жалғаушы элементтері тозудан қорғалып, ұзақ уақыт пайдалануға  мүмкіндік береді.

6.5-кесте-ВГАЗ типті амортизаторлардың негізгі техникалық сипаттамалары

Техникалық сипаттамалар Амортизатор  түрлері
ВГАЗ-172 ВГАЗ-195 ВГАЗ-240
Сыртқы діаметр, мм 172

195

240

Серпімді элемент түрі Болат серіппе
Түсіруге болатын статикалық өстік салмақ мөлшері, кН 30…….200 50……..270 50……….350
Амортизатор ұзындығы, мм 1500 2000 2300
Бұрғылау құбырлары өтетін тесік диаметрі, мм 54 57 80
Амортизатор массасы, кг 350 500 650

 

You May Also Like

Тұтыну несиесі түсінігі және оның түрлері

Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және…

Мал шараушылығын автоматтандыру

Мал шараушылығын автоматтандыру Мектеп оқушысы болып жүрген кезімде мал шаруашылығымен көп айналысып,…

Қарбыз туралы мағлұмат

Қарбыз Тәтті, хош иісті, шырынды қарбыз кімнің де болсын жаз мезгілінде ең…

Бір жасқа дейінгі сәбилерге қандай егу жүргізіледі?

Жаңа туылған нәресте – ұзақ уақыт бойы күткен отбасындағы үлкен қуаныш. Дүниеге…