Тәрбие жұмысының концепциясы

«Балаларға салауатты өмір салтын жан-жақты тәрбиелу»

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына  кіруі  жөнінде мемлекет басшысы алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік жағдай, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және адам экологиясының қолайсыздығы бүкіл өркениетті әлем үшін көкейтесті мәселе болып отыр.

Еліміздің даму бағытын бекіткен « Қазақстан – 2030 » бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану мемлекеттік манызды бар мәселелермен тең дәрежеде екендігі баса көрсетілген.

Салауаттылық ұғымы қазақ халқының салт-дәстүрін, көнеден келе жатқан мәдениетін, өнерін, әдет-ғұрпын, жас ұрпаққа ұғындыру.Бір сөзбен айтқанда өз ұлтының дінін ұстануға үйрету.

Салауаттылық – ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ болу, дене және жан тазалығын сақтау, тіпті қарапайым түрде айтсақ адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де кіретін игі іс-әрекет. Өмір заңдылығы салауатсыздықты кешірмейді, оғаш қылықтар түбінде опық жегізеді.

Жас өспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек көрушілігі олардың өзге адамдармен  қарым-қатынасына яғни әлеуметтік ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесі жүктеген маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады.

Бала тәрбиесі әсіресе, мектептен тыс уақыттағы сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың мән-мағынасы өте зор болып келеді. Бүгінгі қоғамымызда салауатты өмір салтына деген саналы көзқарастың жеткіліксіздігі азаматтардың рухани деңгейінің төмендігіне және оның нәтижесінде жағымсыз жайттардың кең өрістеуіне себепкер болып отыр.

Жастар денсаулығының нашарлауы, олардың ағзаларының ауруға қарсы тұру қабілетінің әлсіздігі , азып-тозуы, тез шаршағыштығы, өмірінің қысқа болуы – осы жайттардың айқын көрінісі. Бұл мәселелердің барлығы жастар арасында тәрбие жұмыстарының жұтаңдығының салдары екендігі даусыз.

Жастары әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса ол мемлекет қашанда әлсіз, қорғансыз. Жастар – біздің болашағымыз.Ал бізге болашағымыздың айбындылығы мен жарқындылығы қажет. Келешегінен үміт күткізіп отырған бүгінгі жастар – ертеңгі қоғам иелері.

Салауатты өмір салты – адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма. Ол адам мәдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық адам бақытының негізгі бөлігі. Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты. Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн.Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары мынаны көздейді:

  • – Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;
  • – Табиғи сезімталдық, балалардың жас ерекшелігін ескеру;
  • – Ғылымилық, тек тексерілген ғылыми дәлелденген деректерге ғана сүйену;
  • – Экологияландыру адам организміне қоршаған орта факторларының әсерін білу;
  • – Ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру, салауатты өмір салты

  туралы ұлттық салт-дәстүрлерімен танысып оны ұстана білу;

  • – Үздіксіз оқыту,салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз қалыптастырып үнемі пайдалану;
  • – Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін дайындау.

         Денсаулық – адам бақытының бірінші байлығы . Әр бір жасөспірімді сол бақытты уысынан шығармауға тәрбиелеуіміз керек. Денсаулықтың мықты болуы үшін қандай әдістерді қолдануды, жақсы жұмыс халін, күнделікті тұрмыс қиындықтарын жеңуі, белсенді өмір сүру жағдайларын білу қажет.

Денсаулық – салауатты өмір кепілі. Осы салауатты өмір кепілін,оның қыр-сырын білу басты міндет. Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат,міндеттердің ең бастысы өзінің ісін,өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сол тәрбиенің бір түрі рухани байлық десек, артық айтқандық емес. Адам бойындағы жақсы қасиеттері мен игі істерінің қайнар көзі осы рухтан бастау алады.

  • Жоғарыда аталған спорттық ойындардың өтілу нәтижесінде баланың:
  • – Салт – дәстүрді құрметтеуі;
  • – Ұйымшылдығы,ізденімпаздығы;
  • – Намысқойлығы;
  • – Жүйке жүйесінің шынығуы;
  • – Ойлау қабілетінің дамуы;
  • – Білім алуға құштарлығы;
  • Денсаулығының ширақ шынығуы;
  • (шапшаңдығы,төзімділігі,ептілігі,т.б.)

Әрқашан алға ұмтылып, жеңіске жетуге құштарлық қабілеттері арта түсті;         Бәсекеге қабілетті елдің болашағы тек жалаң адамдар тобынан ғана емес,сонымен бірге денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні таза, танымдық белсенділігі мен өзіндік білім алуға деген ынтасы және шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс. Салауатты өмір салты – келеңсіз жағдайлардың алдын алу, адамдардың денсаулығын күшейтумен олардың жан-жақты үйлесімді дамуына қалыпты жағдайды туғызуды көздейді.

Қазақстан азаматтарының өз өмірінің аяғына дейін сау болуы, және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін көптеген ізгі істер атқарылуда.Менің өз  тобымда салауатты өмір салтына әзірлеу мақсатында гүлдерді баптап,олардың әдемі де,таза өсуіне көптеген жұмыстар жасалынды.Үйдің  ауласындағы өсіп тұрған ағаштардың түбін көктем айларында ақтап,сынған бұталарды  тазалап жөнге келтіру ұжымымен біріге атқарып келеміз. Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі дей отырып «Таза бөлме», «Таза аула» атты акцияларға үнемі жүргізіледі.

        Қорытындылай келе «Он екі мүшең сау болса – жарлымын деме»,               – деп халқымыз денсаулықты адам өміріндегі орнын, тән сұлулығын, жан тазалығын еш нәрсемен айырбастауға, теңестіруге болмайтынын ұрпақтарына ескертіп отырған. Дене тәрбиесі мен салауатты өмірді, денсаулықты, салауаттылықты  және табиғи факторларды пайдалану жолдарын халық педагогикасымен тығыз байланыстыра отырып, батыл да, жүректі, елжанды, парасатты дені сау,бақытты азамат тәрбиелеуде жетістіктерге қол жеткізіп келемін.

Онда жоғарыда аталған  шаралар үнемі өткізіліп тұрса,салауатты өмір салтының қалыптасуына септігін тигізер еді.

  • Жаңа идеяларды қолдана отырып, орындалатын жұмыс бағытым;
  • Балалармен қарым-қатынасты қалыптастыру.
  • Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
  • Әр баланың әрекетін, ұлттық болмысын пайдалануға жұмыстану.
  • Баланың ұлттық моралының орындалуын қамтамасыз ету.
  • Баланың санасын, сенімін, көз қарасын,білімін арттыру.
  • Баланың парасатын, ойлауын қалыптастыра отырып машықтандыру.

Ең бастысы, балаларға теориялық білімін әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруға мән беру керек. Дені сау бала – балаға салауатты өмір сүру тәсілдерін меңгерген бала. Бұдан шығатын қорытынды адамның денінің саулығы салауатты өмір салтына, яғни, өзінің денсаулығына деген қарым-қатынасына тікелей тәуелді .   Өз денсаулығын  күтуге тәрбиелеу отбасыдан басталатыны белгілі.

You May Also Like

Қызыл балық қосылған бутерброд. Дайындау тәсілі

Қызыл балық қосылған бутерброд Қажетті өнімдер: – нан; – майонез; – қызанақ;…

Қылмыстық құқық, емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар

. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар   Қылмыстың құқықтың түсінігі, пәні, саласы. Қылмыстық…

Аграрлық сектор статистикасы

Аграрлық сектор статистикасы 2017 жылы Аграрлық сектор бойынша статистикалық деректерді қалыптастыру кезінде…

Криптовалюта – деньги будущего Научный проект

Актуальность: Сегодня Bitcoin – современная цифровая валюта, которая прекрасно подходит для расчётов…