Жаңа туылған нәресте – ұзақ уақыт бойы күткен отбасындағы үлкен қуаныш.
Дүниеге келген сәттен бастап сәбиді қоршаған ортаның әсері мен түрлі ауру түрлерінен қорғаймыз. Себебі бала дүниеге келген кезде әлсіз иммунитетпен туылады.

Ал оны әлдендіретін құрамында құнарлы әрі пайдалы элементтерге толы ана сүті және түрлі жаттығулар мен шынықтыру болып табылады. Бірақ мұның барлығы ағзаны қорғайтын табиғи күштерді нығайту болып табылады. Ал иммунитетгі көтерудің тағы бір жолы түрлі егу жасау арқылы әсер ету болып табылады.
Бір жасқа дейінгі балаларға жасалатын егу мерзімі мынандай:

Туылған кезде
БЦЖ -туберкулезге қарсы
ВГА – «А» вирустық гепатитке қарсы
2 айында
ВГВ —«В» вирустық гепатитіне қарсы
ОПВ -полиомиелитке қарсы
АКДС -көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге қарсы
3 айында
ОПВ -полиомиелитке қарсы
АКДС -көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге қарсы
Хиб —Ъ типті гемофильдік инфекцияға қарсы
4 айында
ВГВ —«В» вирустық гепатитіне қарсы
ОПВ -полиомиелитке қарсы
АКДС -көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге қарсы
Хиб —Ъ типті гемофильдік инфекцияға қарсы

ОПВ -полиомиелитке қарсы
ККП -қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке қарсы
Егуді жасамас бұрын
Егуді жасар алдын баланы дәрігер тексеріп шығады және қан мен несепке сараптама жасайды. Содан кейін барып егуді жасау баланың жағдайына, денсаулығына қарайды. Сонымен қатар сараптама нәтижесінен кейін егер бала гемоглобині 84 г/л төмен болса егуді жасамайды. Сондай-ақ, бала ауырып қалған жағдайда егуді кейінге қалдырады.

Егуден кейін
Егу жасалып болғаннан кейін балаға ұқыптылықпен қарау қажет. Себебі сәби мазасызданып, әлсіреп, қызуы көтеріледі. Бірақ мұның барлығы қалыпты жағдай. Яғни егу ағзаға оң әсерін тигізіп жатқандығынан хабар береді. Егер де осы белгілердің барлығы байқалса балаға жылы су беріп, ыстығын түсіретін дәрілер береді.
Егу жасалған жері ісіп немесе қатты қызарып кетсе кейінгі егулерді жасату уақытын екі есеге кейінге шегереді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы менеджмент

КӘСІПОРЫНДАҒЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ МЕНЕДЖМЕНТ Нарықтық эканомика жағдайында елімізде кез келген өндірістің әлеуметтік-эканомикалық…

Қазақтың халық шығармашылығы – бала тәрбиесінің құралы

Қазақтың халық шығармашылығы – бала тәрбиесінің құралы. Тәрбиенің қалыптасып дамуында халық шығармашылығы…

Табиғаттағы су, баяндама

                                         «Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат»         …

Қыс келбеті тақырыбында шығарма

Шығарма Қыс келбеті Қазір қаңтар айы. Далада аяз көтеріліп, күн суытып тұр.…