Баланың не үшін өтірік айтатындығы барлығымызды ойландыратыны белгілі. Өсіп келе жатқан балаға шындықты айтуды үйрету кез келген ата-ананың парызы. Сондықтан баланың өтірік айтқанын сезген кезде қай қайсысымыз болмасын іштей қынжылып қалатынымыз рас. Сонымен, бала не себепті өтірік айтады екен?

Кішкентай баланың өтірік айтуының басты себебі – оның үлкендерге деген сенімсіздігі. Бала үлкендердің жазалауынан қорыққандықтан өтірік айтады. Бүл үрей бала көңілінде себепсізден себепсіз пайда болмайды. Бұған кінәлі әрине ата-ана?

Олардың өтірік айтуының тағы бір себебі, өзін өзі сендіру. Бұл жағдайда үлкендердің балаға деген антипедагогикалық қарым-қатынасынан туындайды. Баланың өтірігін мұқият тыңдап, шындықты ажыратып алу керек, өтірігін анықтаған жағдайда тәрбиені өзіңізден бастаңыз.
Бала өтірігнің келесі нұсқасы – берілген тақырып бойынша баланың қиялшан туындайды. Бұл дегеніміз баланың ойлау қабілетінің жақсы дамығандығын көрсетеді. Баланың бұл қасиетін қолдап, оны дамытып отыру керек. Онымен бірге бір сәт қиялға берілу өзара сенімділік пен рухани жақындықты қалыптастырады. Бұл жағдайда өтірік пен қиялды шатастырып алмаңыз.
Шындық пен арманның айырамашылығын ажырату үшін балаға көп уақыт қажет.
Негізінен өскіндер шынайы мәселелерді қиял арқылы шешуге тырысады. 7 жасқа дейінгі балалар көбінесе шын мәнінде болып жатқан жағдайлар мен әдейі жасалатын жағдайларды шатастырып жатады. Қиялдау жеке бастың ең жақсы қасиеті болғандықтан, оған кедергі келтірмей, керісінше дұрыс бағыт беріп отыру керек.
Егер бала үнемі өтірік айтатын болса, онда оның проблемасы көбейген. Ол үшін балаға деген өзіміздің қарым-қатынасымыз жайлы бір сәт ойланғанымыз жөн. Шындықты айтуды талап ету үшін, біз өзіміз олардың іс-әрекетін бағалауда әділміз бе? Біз балаға өтіріктің сенімділікке кедергі келтіретінін түсіндіріп, сенімділік жоқ жерде сүйіспеншіліктің болмайтынын ұғындыруымыз керек.
Балаға көбірек көңіл бөліңіз сонда ғана сіз баланың біртіндеп өтірік айтуды азайтып жатқанын байқайсыз. Шыдамды болыңыз. Бұл мәселе бір күнде шешілмейді. Баланың өтірік айтуын тоқтату үшін, оның себебін анықтап алыңыз. Өйткені бала тектен-текке өтірік айтпайды.

Баланың өтірік айтуына себеп болатын жағлайлар:
Жазадан құтылу амалы; өзіне назар аудартуға тырысу; балада шешімін табуды қажет ететін мәселелердің болуы; айналасындағылардың жағымсыз әсері.

Өтіріктің түрлері:
Батырлық (жақсы жетістікке жету үшін көмек беру);
Жеке қарым-қатынас салдарынан «Шындық | досың үпгін, өтірік жауың үшін» қағидасы;
Өзімшілдік (өзінің жеке басына қатысты);
Қиялдау (көбінесе ойын барысында ойдан шығарады);
Патологиялық, өзін және өзгелерді үнемі алдау  арқылы өмірін қызықты өткізу, өтірік айтуға дағдылану.
Егер балаңыз адал және ашық-жарқын болсын десеңіз, онда оның еңгімесін мұқият тыңдаңыз. Сіздің оның шын айтқан әңгімесінен алған әсеріңіз шындықты айту дұрыс саясат екендігін ұғындырады.

Ата-анака кеңес!
Егер балаңыздың өтірік айтып жатқанын байқасаңыз:
♦Балаңызға бәрін түсінгеніңізді байқатыңыз.
♦Бірден қатты ашуланып, эмоцияға берілудің қажеті жоқ, сабырлық сақтап, әңгімеге тартыңыз.
♦Әңгімені оның өтірік айтып жатқанына сенбей тұрғаныңыздан және оның өтіріктің ақыры не болатынын түсінбей отырғанынан бастаңыз.
♦Бұндай жағдайда өзіңіздің не істегеніңіз жайлы айтып беріңіз.
♦Ары қарай қалай өмір сүруге болатынын бірге ойлануға ұсыныс жасаңыз.
♦Қандай жағдай болса да оны жақсы көретініңізді және оған сенетініңізді айтуға ұялмаңыз.
♦Баланы балағаттамаңыз, сіз үшін ол бәрінен де жақсы екенін білсін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Баланың ақыл-ойын қалай дамытуға болады?

Баланың ақыл-ойын ерте жастан бастап түрлі жаттығулар жасау арқылы дамытады. Бірақ мұндай…

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім мекемесін басқару жүйесі. слайд

Желі қорғaнысы 

5 Желі қорғaнысы  5.1 Желінің қорғaнысы  ПУЭ тaлaптaры бойыншa бaрлық қондырғылaр релелік…

Балалардың алғашқы жылдарындағы жүйелі дамуы

Сөйлеу кемістігінің мінездемелік деңгейлері № Салыстыру деңгейі 1 деңгей 2 деңгей 3…