Баланың тіл мәдениетін отбасымен бірге қалыптастыру

Балаға білім беру үшін, ең алдымен оны

тәрбиелеген жөн , тәрбиесіз берілген білім,

ол ертең бір апатқа әкеп соғады .

Әбу Насыр  Әл- Фараби

Тіл – адамдар арасында табиғат сыйлаған  ең құдіретті  қатынас құралы . Адамзат тіл көмегімен өз ойын жеткізіп , өзгенің жан сырын ұғынады . Тіл –  болашағы баланың сөйлеу мәдениетінің деңгейімен  байланысты .Әр баланың тілін жетілдіру ,олардың сөйлеу мәдениеті қоғамдық қажеттілік . Қарым – қатынас ережелерімен  қаншалықты  ерте таныстыруды бастасақ, сөйлеу құралдары  соншалықты саналы және  табиғи қалыптасады да ,баланың сөйлеу мәдениеті жетіледі. Баланың  адаммен қарым –қатынасы , үлкен кішімен  сөйлесуі  отбасынан басталады . Оның алғашқы ұстазы  ата –анасы  , үлкен   аға –әкпелері . Олармен күнде бірге араласып , тілі  жетіле бастайды . Бала тілі  бай болса,ойы да неғұрлым кең болады Сондықтан,   бала тілін жас  күнінен әдебиет пен көркем шығармалардан үзінділер оқып, үйретудің  маңызы зор .Казір техникалық мүмкіндіктер дамыған заманда ата-аналарға  балалардың сөйлеу дағдысын  қалыптастыру  мүмкіндіктері кеңейген.    Ата –ана баланың теледидардан көрген ертегісін, интеллектуалдық ойындары , көрген әртүрлі бағдарламалар туралы  сөйлесіп, пікір алмасып ,мақал –мәтел , көркем шығармаларды оқып , ойларын бөлісіп,  баланың   сөздік қорын кеңейтіп , сөйлеу мәдениетінің  қалыптасуына  көмектесу керек . Біздің  елімізде білім беру жүйесі  – жеке тұлғаны  қалыптастырып , үш тілде білім беруге бағытталған .Елбасымыз Н . Ә. Назарбаев «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл ,  орыс тілі –ресми тіл , ағылшын тілі   – халықаралық тіл», халық бірнеше тіл білсе, өмір сүру қағидалары жеңілдейді .  Тіл білген бала  өз ойын еркін  жеткізе алады. Ата – анаға кеңес :  Егер сіз балаңыздың сөйлеуіне көмектескіңіз келсе

  • Балаңыздың былдырлап сөйлеуіне еліктемеңіз сөзін бұрмаламаңыз , дұрыс сөйлеудің үлгісі болыңыз
  • Балаңыз сөзіңізді еститіндей  , еліктейтіндей , сөзді анық , баяу  және дұрыс айтыңыз
  • Балаңызбен сөйлескенде балаға тура қарауға тырысыңыз
  • Балаңыз сіздің бет әлпетіңізге  қарауына жағдай жасаңыз : ерін мен тіл қозғалысын , сіз буындарды, сөздерді қалай қолданасыз ,соны бақыласын .

Баланың  тілдік қарым –қатынасты үйренетін  ортасы отбасынан кейін,   оның  ұстаз тәрбиешісі.  Білімге бағытталған  материалдарды ұстаз   балалардың  жас ерекшекліктеріне қарай жүйелі түрде күнделікті өмір салаларына  байланысты  сөздерді , сөйлемдерді  түсіну ,қолдануды ұйымдастырады  . Мысалы : өзі , отбасы , досы , сүйікті ойыншықтары ,ойындары , жануарлары , түсі , ыдыстар  киімдер   т. б.   туралы әңгімелеу .  Сонымен қатар  :

  • Тілдің фонетикалық аспектілері –дыбысты дұрыс айту және ажырату, дұрыс интонациялау дың әртүрлі үлгілері , екпінді дұрыс қоя білу дағдыларын қалыптастырады
  • Тілдің лексикалық аспектілері :  тақырыптар шеңберінде  жаңа лексиканы тану және  қолдану дағдыларын қалыптастырады .
  • Тілдің грамматикалық аспектісі: коммуникативтік міндеттер мен рөлдік ойындарды белсенді лексикамен үйлестіре орындаған кезде белсенділігі артатын бастапқы грамматикалық материалдардың көрінісі;
  • Тыңдау: мұғалім, әңгімелеуші, диктор сөзін есту арқылы дұрыс мағынада қабылдау және берілген нұсқауларға сәйкес іс-қимыл жасау және шағын мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну дағдылары мен білімін қалыптастыру.
  • Бала ұстазданда сөйлеу мәнерін еліктеу арқылы үйренеді .

Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан – жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

You May Also Like

Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз. эссе

«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Алаш ардақтыларының көтерген ұлттық…

Қырандай күшті қанатты Мен жастарға сенемін!» Жастар – ел болашағы, қоғамның қозғаушы күші екендігін талдап жазыңыз. эссе

«Отан отбасынан басталатындықтан», ата-ананың тәрбиесімен бойға даритын ізгілікті балабақшада дамытып, мектеп пен…

Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңіндегі замана келбетін сипаттап жазыңыз. эссе

Мұрат Мөңкеұлы қазақ халқының суырып салма ақыны, төкпе жырауы болып табылады. Ол…

Мақала мен эссенің айырмашылығы

ОҚЫЛЫМ ЖӘНЕ МӘТІН ТАЛДАУ   Ба л л Мазмұнды түсіну және ашу…