«Мәңгілік ел» сәулетшісі – Елбасы

Ұшы қиыры жоқ көк аспанның астында барша адам баласының бейбіт заманда бірлікте, татулықта өмір сүруі қандай бақыт десеңізші! Сол бақыттың құшағында Мәңгілік ел болып қалу – одан да асқан бақыт, абырой, мәртебе! Қазақ елін осындай ынтымақ бесігіне айналдырған Елбасының ерен еңбегі бүгінде әлем аузында.

Қазақстан – бүгінде ұлттарды ұйыстырып отырған алтын бесік. Осы алтын бесіктің тұтқасы Елбасының қолында.

Жер бетінде жас бүлдіршіндердің сыңғырлаған күлкісі мен тәтті үнін естуден асқан бақыт жоқ шығар! Ұрпақ – елдің жалғасы, болашағы, ұрпақ  бақытын осы бастан ойлаған Елбасы мемлекеттің жарқын болашағы үшін алдан – ала стратегиялық жоспарлар құрып, халқына жыл сайын Жолдаулар жолдап, басқа мемлекеттермен қоян – қолтық араласып, олармен әлемдік деңгейде түрлі іс-шаралар, іскерлік кездесулер, Ассамблеялар, құрылтайлар, форумдар, съездер, жиындар өткізіп, жер бетіндегі адамзат баласының бір – біріне деген татулығы мен бірлігін арттыруда аянбай тер төгіп еңбек етуде. Ел бірлігін сақтауда бабаларымыздың «көршілермен тату тұру» саясатын ұстануда. Елбасы қашанда ұлы бабаларымыз бен ғұламаларымыздың даналығына сүйене отырып, солардың іске асыра алмай кеткен сара жолы мен өзі қалаған «нұрлы жолды» байланыстыра елін алға бастап келеді. «Ел басқару қиын.» Сол қиыншылыққа қарамастан ұлт көшбасшысы талай инновациялық істердің тұсауын кесті, жаңа заманға сай даму жолдарын айқындап, алға көш бастап келеді, нәтижесін ел көрді. Елі үшін еселі еңбек етудің үлгісін кейінгі жастарға өзі көрсетіп әрі түсіндіруден еш жалықпайды. Елбасының еліне жасап жатқан өнегелі істеріне басқа мемлекеттер де өз таңданыстарын көгілдір экран арқылы білдіріп жатқанын өз басым талай естідім.

Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ата – бабаларымыздың асыл сөздерін, мәңгілік мұра етіп қалдырған сан алуан еңбектерін пайдаланып, олардың аманатын мәңгілік етуді меңзеп отыр. Егемендік алған жылдардан бастап елбасы ел басқаруда ұлылардың еңбектерін бас кеңесшісіндей көрді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – еліміздің тұтқасын берік ұстай білген, толымды жетістіктерге жол бағыттай білген, бүгінде әлем мойындап отырған жаңа мемлекетті қалыптастырушы, ұлы істердің жетекшісі, бүгінгі заманның ойшыл саясаткері. Қазақ рухының биіктігін көрсетіп, елінің одан әрі гүлденіп, нұрлануына жол бастап мемлекет басына келді. Елбасымыз – халқын тек алға сүйреген көшбасшы, ақылы мен қайратын, саясат жолындағы тәжірибелерін ұштастыра білген біртуар азамат.

You May Also Like

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің бүгінгі жастар тәрбиесіне қатысты өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жазыңыз. эссе

Жастар- еліміздің ертеңі мен болашағы,келер күннің айнасы.Бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесі өзекті мәселелердің…

Ш.Уәлихановтың әдебиетші-ғалым ретінде қазақ ғылымына қосқан үлесін дәлелдер арқылы жазыңыз. эссе

«Құйрықты жұлдыз секілді,   Туды да көп тұрмады. Көрген, білген өкінді, Мін тағар…

Менің әкем-ең жақсы адам, эссе

Менің әкем-ең жақсы адам! Менің әкем-менің өмірім, Менің әкем-менің қамқоршым. Менің әкем-менің…

Мен-топ жетекшісімін, эссе

«Мен–топ жетекшісімін» «Ұстаз–ұлық емес, ұлы қызмет» Халқымызда «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деген…