Ғылыми жоба

Тақырыбы: «Математика сабағында компьютерлік бағдарламаларды пайдаланудың тиімділігі»

Бағыты: «Қолданбалы математика»

Секциясы: «Математика»

Жоспары 

АННОТАЦИЯ ……………………………………………………………………….. 3
КІРІСПЕ ………………………………………………………………………………… 4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ …………………………………………………………………….  6
I тарау. Мектеп математика пәнін оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асырудың негіздері ……………………………………………………..  

6

ІІ тарау. Геометрия мен информатика пәндерін кіріктіре оқыту ….. 13
IІІ тарау. Математика сабағында _____________________________________________________________________________________________________________________________MACROMEDIA FLESH  компьютерлік бағдарламасын қолдану……………………………………….  

17

IV тарау.  VISUAL BASIC тіліінің графикалық мүмкіндіктерін математика сабағында қолдану ……………………………………………....

 

 

23

ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………………. 30
32
РЕЦЕНЗИЯ ……………………………………………………………………………. 33

ТҮЙІН

Бұл  ғылыми жұмыста математика сабағында компьютерлік бағдарламаларды пайдаланудың тиімділігі  көрсетілген.

Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде нақты жұмыстың қысқаша мазмұны нақты көрсетілген.

Негізгі бөлім үш тараудан тұрады. Жұмыстың мақсаты математика сабағында компьютерлік бағдарламаларды пайдаланудың тиімділігін анықтау. 

АННОТАЦИЯ

В  научной  работе  исследуется  эффективность использования компьютерных программ на уроке математики.

Работа  состоит   из  вводной,  основной,  заключительной  части   и  списка  использованной   литературы.   Во  воедений  дается  краткая  информация  о  целях  и  задачах,   актуальности  и  значении  научной  работы.

Основная  часть  состоит  из   трех  разделов.     Цель   работы  заключается  в  исследований эффективность использования компьютерных программ на уроке математики.

ABSTRACT

In the scientific work examines the effectiveness of the use of computer programs in the classroom of mathematics.The work consists of an introductory, main, final part and bibliography. The introduction provides brief information about the goals and objectives, the relevance and significance of the scientific work.The main part consists of three sections. The purpose of the work is to research the efficiency of using computer programs in a mathematics lesson. 

Кіріспе

Математика пәніде «Математика сабағында компьютерлік бағдарламаларды пайдаланудың тиімділігі»  тақырыбы ерекше орын алады. Математика сабағында компьютерлік бағдарламаларды пайдаланудың тиімді екенін оқушыларға таныстыру, оқушылардың логикалық білімі мен дағдысын қалыптастыруға көмек береді. 

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбелеуді жаңаша ұйымдастыру көкейкесті мәселе болып отыр. Осыған орай ғылыми техникалық прогрессия дамыған уақытта компьютер көмегімен есепті шешу технологиясының ерекшеліктері туралы сөз қозғамақпыз. Келешектің кез келген маманы компьютерді өз жұмысында тиімді пайдаланғысы келсе, онда ол өз саласы бойынша алға қойылатын проблемаларды тұжырымдай алуы тиіс.

Біз «Математика сабағында компьютерлік бағдарламаларды пайдаланудың тиімділігі» тақырыбын математика пәнінде қолданудың жолдары мен мазмұны туралы ой бөлісеміз. Қазіргі таңда, әдеттегідей, оқушылар үшін мектептегі оқулықтар мен басқа да оқу құралдарындағы күрделілігі жоғары деңгейдегі есептер арасында елеулі орын алып отырған тарихи есептерді шығару  біршама қиындықтар тудырады.

Біз бұл тақырыпты зерттей отырып оқушылардың логикалық ойлауын одан әрі дамыта түсеміз. Бұл әлі астары ашылып, түбегейлі зерттелмеген сала. Бұл ұсынылып отырған еңбек осы бағытта жасалған алғашқы қадам деуге болады. Берілген жұмыста әр бөлімге сипаттама беріліп, есептер жүйесінің шешу жолдары көрсетілген.

Бұл жұмыста оқушы математика сабағында компьютерлік бағдарламаларды пайдаланудың тиімділігіне тоқталған. Оқушы зерттеу жұмысын жаза отырып өзінің қазақтың байырғы өміріне аса қызығушылықпен қарайтынын, замана талқысынан өтіп, өңі өзгерген де сөлі қалған, атадан балаға мұраға қалған, жүрек қылының пернесі – ауызекі тараған математикалық есептерді жинап, оларға сипаттама берген. Бұл берілген жұмысты математикадан қосымша сабақтарда оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін кеңінен дамытуға қолдануға болады деген ұсыныс жасаймын.

Жобаның мақсаты: Математика сабағында компьютерлік бағдарламаларды пайдаланудың тиімділігін анықтау және оларды сабақта пайдалану тәсілдерінің педагогика-психологиялық теориялық негіздемесін жасап, практикады жүзеге асыруға дағдылану.

Жобаның  міндеттері:

  • Математика сабағында компьютерлік бағдарламаларды пайдаланудың тиімділігін математика курсында алатын орнын анықтау.
  • Тақырыпқа сәйкес есептерді іріктеу және оларды шешу әдістерін қарастыру.
  • Қосымша мағлұмат қарастыру.

 Жобаның нәтижесі:

Әрбір есепті шығару кезінде қандай да бір нәтижеге шығу керек. Есепті шешу барысында нәтижеге жету үшін:

  • Біріншіден, математика сабағында компьютерлік бағдарламаларды пайдаланудың тиімділігінің шығу тарихын зерттей келе, оның қажеттілігін үйрену қажет;
  • Екіншіден, математика сабағында компьютерлік бағдарламаларды пайдаланудың тиімділігін анықтау қажет. Ол үшін оқушының логикалық ойлау қабілетінің жоғары болуын талап ету шарт.
  • Үшіншіден, осы логикалық ойлау арқылы оқушының қазақтың байырға қара есептерінің небір күрделі, жеңіл түрлерін зерделеп шығару керек.

Жобаның болжамы:

Осы зерттеп жатқан жоба екі оқу жылын жоспарланғандықтан, жұмысты әрі қарай жалғастыру, іздену, дамыту.

Жобаның кезеңдері:

-өзім көптен қызығып жүрген математика сабағында компьютерлік бағдарламаларды пайдаланудың тиімділігін оқушыларға насихаттаймын;

-мәліметтерді жинақтап, математика сабағында компьютерлік бағдарламаларды пайдаланудың тиімділігі  үйренемін, әрі оқушыларға үйретемін;

– жинаған жұмысты талдаймын;

– әр түрлі әдіс-тәсілдерді  пайдалану арқылы оқушыларға есептердің шешу жолдарын  үйретемін;

-хабарланған талаптар бойынша жоба жұмысын  жинақтап, қортындылаймын.

Эпиграф:

“Математика ақыл-ой гимнастикасы” – деп Гаусс айтқандай, өсіп келе жатқан ұрпағымыз өз халқының математиктерін танып-біліп, сонымен қатар математика сабағында компьютерлік бағдарламаларды пайдаланудың тиімділігімен де таныс болуы қажет. Осы есептер арқылы озық ойлы, ұшқыр болып өсуі қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселе.

Негізгі бөлім

I тарау.

МЕКТЕП МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА КӨРНЕКІЛІК ПРИНЦИПТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Қазақстан Республикасында қазіргі уақыттағы экономика және әлеуметтік жағдайлардағы оң өзгерістер мен жетістіктер еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруді талап етуде. Халықаралық стандарттар деңгейінде білім беруге қол жеткізу үшін математика пәнін оқытуда қолданылатын дәстүрлі әдістермен қатар, жаңа ақпараттық технологияларды, оның ішінде компьютерді пайдаланудың ролі ерекше.  Әрине ол үшін, дидактиканың принциптерін, оның ішінде көрнекілік принципті жүзеге асыруда компьютерлік технология құралдарын тиімді қолдану қажет.

Оқытуды ұйымдастыруда пән мұғалімі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуы, қажетті біліммен қамтамасыз етуі, олардың есеп шығаруы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруы айтпаса да түсінікті. Оқыту сапасын арттыру, өмірмен практиканы байланыстыру да күн тәртібінен түскен емес. Оны шешудің бірден-бір жолы, атап айтқанда көрнекілік принципті компьютерлік технология құралдары арқылы жүзеге асырудың дидактикалық негіздемесін жасауға келіп тіреледі.

Өйткені, көрнекі түрде оқыта отырып,  материалды игеруге ғылымилық және көрнекілік, белсенділік принциптерімен қамтамасыз етіп, оқушылардың логикалық ойлауын, эстетикалық қабылдауын, еңбектің қандай да бір түріне шығармашылықпен қарау деңгейін дамытып, жетілдіре түседі.

Ал «Көрнекілік» термині негізінен үш мағынада: объект ретінде, қандайда бір заттың қасиеті ретінде, адам баласының қандай да бір іс-әрекеті ретінде қолданылады. Көрнекілік түсінігі компьютерлік технологияның пайда болуына орай,  соңғы жылдары едәуір өзгерістерге ұшырады.

Кезінде оқытудағы көрнекілік принципімен айналысқан В.Г.Болтянский  «Көрнекілік дегеніміз «Изоморфизм+қарапайымдылық» деген болатын. Ал А.Н.Леоньтевтің еңбегінде көрнекілік принципі ішкі тірек қызметін атқаруы тиіс делінген. Н.А.Менчинская, Л.Л.Гурова, П.Я.Гальперин, Т.В.Кудрявцев,  Э.Г.Мингаузев, В.П.Стрекозин, В.В.Давыдов және т.б. зерттеулерінде  оқушылардың меңгеретін біліміндегі көрнекілік принциптің маңызын атап көрсеткен. Оқытуда қолданылатын көрнекі құралдар түрлерінің де едәуір жіктемесі жасалынған.

Қоғамды ақпараттандыру мәселесiне, оның негiзгi белгiлерi мен сипаттамаларын анықтауға В.Г.Афанасьев және т.б. философтардың, В.В.Давыдов, Г.Е.Журавлев, Е.И.Машбиц сынды психологтардың, А.А.Абдукадиров, Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев және т.б. педагогтардың еңбектерi арналған. Қазiргi уақытта бiлiм берудi ақпараттандыру мәселелерi С.Пейперт, Т.В.Габай, С.Вильямс, К.Маклин, Б.Хантер, И.В.Роберт, Ә.Қ.Бүркіт  және т.б. педагогтардың ғылыми еңбектерінде баяндалады.

Ал О.П.Таркаев, А.В.Иващенко, В.К.Цонева, В.П.Пустовойтов  зерттеулерiнде компьютерлiк техниканы пайдаланудың жалпы педагогикалық аспектiлерi қарастырылып, оны қолданудың дидактикалық және педагогикалық шарттары анықталған. Ақпараттық технологиялардың оқыту үдерісiне тигiзер әсерiнiң психологиялық-педагогикалық негiзi Н.Ф.Талызина,  Б.С.Гершунский, В.А.Новиков, В.М.Монахов, А.Я.Савельев, О.К.Тихомиров және т.б. кеңестік ғалымдардың, сондай-ақ  C.М.Кеңесбаев, А.Мәлібекова, Ж.Нұрбекова және т.б. қазақстандық ғалымдардың еңбектерiнде зерттелiнсе,  есептеуiш техниканы пайдалану әдiстемесi – И.А.Катышев, Ю.И.Лобанов, Ю.А.Первин, А.А.Кузнецов, Ю.А.Шафрин және т.б. ғалымдар еңбектерiнде қарастырылған. Жалпыға бiрдей компьютерлiк сауаттылық, оның мәнi, оқыту мазмұны мәселелерi Я.Ваграменский, С.Гримм, В.М.Заворыкин, А.П.Ершов, Г.Б.Кочетков және т.б. ғалымдардың еңбектерiнде келтiрiлген. Бұл жағдай елiмiзде бiлiмнiң жаңа ақпараттық парадигмасының қалыптасқанын көрсетсе керек.

Негізгі мектептегi математика пәнiн оқытуды компьютерлік құралдарды қолдану мәселесiмен көптеген ғалымдар айналысқан, атап айтқанда, функцияны зерттеу тақырыбын М.С.Степанов, М.Вахидов, Б.Б.Беседин, көпмүшелiктердi оқыту Ю.А.Дробышев, туындыны оқып-үйрену – И.А.Дробышева, Р.Б.Бекмолдаева, “Алгебра және анализ бастамалары” курсын оқытуда оқушылардың жеке iс-әрекетi негiздерiн қалыптастыру – Г.В.Ходякова, бастауыш сыныптағы математиканы оқыту – А.Ө.Байдыбекова, Ю.А.Иванов, негізгі мектеп математикасын оқытуда компьютердi қолдану – Т.П.Аванесова, Н.Ы. Аманжолова, «Орта мектептің 5-6-сыныптарында компьютерлік технологияны қолданып математиканы оқытудың тиімділігін арттыру әдістемесі» – І.Ж.Есенғабылов сынды ғалымдардың еңбектерiнде зерттелген.

Компьютерлiк желi арқылы қашықтықтан оқытудың теориялық және тәжiрибелiк негiздерi Е.С.Полат, А.В.Хутор, Ю.Н.Самолаева, Б.Бурибаев, Р.Дүзбаева, С.Кубентаева еңбектерiнде қарастырылған. Соңғы кездерде электрондық оқулықтармен жұмыс Г.К.Нургалиева, т.б. зерттелiнiп, тура және керi байланысты автоматтандырылған комплекс түрiндегi  жүйелер  ұсынылуда.

Орта мектептегi “Алгебра және анализ бастамалары” курсының ұғымдарын оқыту мәселесi В.А.Гусев, А.Н.Землякова, В.А.Далингер, Е.Г.Глаголева, В.А.Бахтина, А.Е.Әбілқасымова, Д.Рахымбек, Д.Ж.Икрамов еңбектерiнде келтiрiлген, ал “Алгебра және анализ бастамалары” курсын компьютердi қолдану негiзiнде оқытудың теориясы мен әдiстемесi бойынша бiрқатар И.А.Дробышева, Е.Е.Хвостенко, Т.Ж.Байдильдинов және т.б.  ғалым-әдіскерлердің еңбектері бар.

Жоғарыда келтiрiлген еңбектер математиканы оқыту теориясы мен әдiстемесi бойынша ауқымды жұмыстардың атқарылып отырғандығын көрсетедi. Бұл саладағы еңбектердi талдау нәтижесiнде негізгі мектептерде компьютерлiк технология құралдары негiзiнде көрнекілік принципті жүзеге асыруда оқушының потенциальды мүмкiндiгiн ескерiп оқыту және оқушының оқу iс-әрекеттерiн өзбетiнше орындауы толықтай қарастырылмағандығы байқалады.

Компьютерлік оқыту бағдарламаларын құрастыру әлi күнге толықтай бiр жүйеге келтiрiлмегендiктен, оның ғылыми тұрғыдағы әдiстемелiк нұсқаулары мен көрнекілік принципті қолданып оқытуға бағытталған бағдарламалық жабдықтың жеткiлiксiздiгi белгілі мәселе болып табылады.

Бiз бар зерттеулерге сүйене отырып, дидактикалық тұрғыдан негiзделген оқыту және оқушының  оқу iс-әрекеттерiн ұйымдастыру жұмыстарын ақыл-ойды сатылап қалыптастыру  теориясына  сай, әрi компьютерлiк технология негiзiнде  жүргiзудi ұсынамыз.

Математиканы оқыту үдерісіндегі оқу материалының күрделілігі, ақпарат көлемінің үлкендігі мен уақыттың шектеулілігі оқушылардың оқу материалын толыққанды ұғынуы үшін оның көрнекі түрде баяндалуын талап етуі мен қазіргі заманғы компьютерлік технологияның көрнекілік принципін жүзеге асырудағы мүмкіндіктерінің толық қолданылмауы арасындағы қарама-қайшылықтар біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігін көрсетеді.

Сондықтан біздің жұмыстың көкейкестілігі негізгі мектептің 5, 6 сыныптарының математика пәнінен кейбір тақырыптарды оқытуда компьютерлік технология құралдарын қолдану әдістемесін және ғылыми негізделген теориясын жасау, пәнді оқыту барысында көрнекілік принципті жүзеге асыра отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және олардың білім сапасы деңгейін арттыруға  ақпараттық технология құралдарын қолдану әдістемесін жасау қажеттілігін анықтауда болып табылады.

Осы аталған зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігі, ғылыми – тәжірибелік мәнділігі, 5,6 сыныптарында математика пәнін оқыту ерекшеліктері монографиялық жұмыстың ұсынылып отырған тақырыбын таңдап алуға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты:  Негізгі мектептің 5, 6 сыныптарының математика пәнінің оқытуда көрнекілік принципті компьютерлік технология құралдарымен жүзеге асырудың тиімділігін  теориялық негіздеу және оның әдістемесін жасау.

Зерттеу нысаны: Негізгі мектептің 5, 6 сыныптарында математика пәнін оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні: Ақпараттық технология құралдары мен компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы негізгі мектептің 5,6 сыныптарында математика пәнінің тақырыптарын оқытудың мазмұнын, әдістері мен формаларын анықтау.

Негізгі мектептің 5, 6 сыныптарында математика пәнінің кейбір бөлімдерін оқытуда  көрнекілік принципті жүзеге асырудың жаңа құралы ретінде компьютерлік технологияны қолданудың тиімді әдістерін іздеу монографиялық жұмыстың зерттеу проблемасы болып табылады.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер негізгі мектептің 5, 6 сыныптарында математика пәнін оқыту үдерісінде ақпараттық технология құралдарын қолданып көрнекілік принцип толыққанды жүзеге асырылып отырса, онда математика пәнін оқытудың негізгі мақсаттарына қол жеткізіледі, өйткені математиканы оқытуда компьютерлік технология құралдарын қолдану білім беруді ақпараттандыру үдерісіне сәйкес келеді.

Зерттеудің мақсатына сәйкес, зерттеу болжамын тексеру үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажет болды:

  1. Математиканы оқытуда компьютерлік технология құралдарын қолданып көрнекілік принциптің теориялық негіздемесін жасау.
  2. Оқытудың көрнекілік принципі және оның компоненттік құрылымын айқындау.
  3. Математика пәнін оқытуда қолданылатын ақпараттық технология құралдарының түрлерін негіздеу.
  4. Оқушыларға ақпаратты ұсынуда көрнекілік принципті жүзеге асырудың психологиялық-педагогикалық аспектілерін анықтау және әдістемесін жасау.
  5. _____________________________________________________________________________________________________________________________Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелерін қорыту және ұсыныстар беру.

Осы міндеттерді шешуде қолданылған жалпы зерттеу әдістері: көрнекілік түсінігінің тарихи үдерісте қалыптасуын талдау; философиялық танымдық; оны мектеп практикасына енгізу жолдарын қарастыру; негізгі мектеп математика пәнін оқыту үдерісінде қолданылатын әдістемелік, дидактикалық, педагогикалық және арнайы әдістемелік құралдарды, оқулықтарды, бағдарламаларды теориялық жағынан талдау; математиканы оқытуда көрнекі құралдар мен компьютерлік технологияны қолданып оқытуға арналған отандық және шетелдік тәжірибелерді зерттеу мен жалпылау, арнайы компьютерлік бағдарламаларды талдау, мектеп мұғалімдері мен оқушылары, әдіскерлермен әңгімелесу; педагогикалық эксперимент жүргізу, оқыту үдерісін бақылау, сауалнама жүргізу және эксперимент нәтижелерін математикалық статистика көмегімен өңдеу және қорытындылау.

Зерттеудің жетекші идеясы: Негізгі мектеп 5,6 сыныптарда математика пәнін оқытуда қазіргі заманғы компьютерлік технология құралдарын қолдану көрнекілік принципті жүзеге асырумен, пәндік білім, білік және дағдыларын жетік меңгеруге әсерін тигізумен оқыту сапасын арттырады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесін жүйелеу және таным теориясының негізгі ережелері, логика, психологиялық, дидактикалық, әдістемелік теориялар мен тұжырымдамалар, білім сапасын арттыру теориялары құрайды.

Зерттеудің дерек көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамалары, «Қазақстанның – 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы, жалпы және орта білім мазмұнының тұжырымдамалары мен психолог, әлеуметтік педагог, әдіскерлердің ғылыми-зерттеу нәтижелері, зерттеліп отырған мәселеге байланысты отандық, ТМД және шетелдік ғалымдардың еңбектері.

Зерттеудің тәжірибелік базасы:  Шымкент қаласының №25 гимназия-мектебі, Т.Тәжібаев атындағы №47 гимназия мектебі, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы «Ордабасы»  атындағы жалпы орта мектебі және Бадам елді мекенінің «С.Мұқанов» атындағы жалпы орта мектебі, Бадам елді мекенінің «Қажымұқан» атындағы жалпы орта мектебі.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бiрiншi кезеңде (2002-2004 ж.) психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге және қарастырылып отырған мәселеге қатысты басқа да құжаттарға талдау жасалынды; негізгі мектептің 5,6 сыныптарда математика сабақтарына қатысып, бақылау жұмыстарын жүргізіп, оқушылардың компьютерлік технология құралдарын пайдалану деңгейi белгіленді; онда жіберілген кемшіліктердің себептері анықталынып, оны болдырмаудың жолдары қарастырылды.

Екiншi кезеңде (2004-2006 ж.) 5,6 сыныптарда математика пәнін оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру әдiстемесiн нақтылау, ондағы кездесетiн қиындықтарды анықтау, компьютерлік технология құралдарымен көрнекілік принципті толыққанды жүзеге асыру арқылы олардың бiлiм дәрежесiнiң, бiлiм сапасының артқандығы туралы болжамы тексерілді.

Үшінші кезеңде (2006-2009 ж.) негізгі мектептің 5,6 сыныптарындағы математика пәнін оқытуда компьютерлік технология құралдарын қолдану әдістемесінің тиімділігін анықтау мақсатында оқыту эксперименттік жұмысы жүргізілді. Алынған нәтижелерге талдау  жасалынып, сандық және сапалық тұрғыдан өңделіп, монографияға қойылатын талаптар бойынша рәсімделді.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі:   зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық, педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен оқу құралдарына жан-жақты талдау  және оларды зерттеу барысында негізге алу, тәжірибе-сынақ бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестігі; педагогикалық іс-тәжірибеге қатыстырылған сыныптар мен оқушылар санының жеткіліктігі; бақылау жұмыстарының бірнеше рет қайталанып алынуы; тәжірибе-эксперименттік нәтижелерінің математикалық статистика тәсілдерімен өңдеуі  арқылы қамтамасыз етілді.

Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу мен іс-тәжірибеге енгізу: зерттеу жұмысының негізгі қағидалары мен  нәтижелері Қостанай (1996), Шымкент (2000), Алматы (2003), Талдықорған (2008), Тараз (2009), Прага (2008), Белгород (2009), қалаларындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда жасалған ғылыми баяндамалар негізінде, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» және «Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедралары, Оңтүстік Қазақстан облыстық жаңа технологиялар мен педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында (2008, 2009) семинарларында талқыланып, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының ғылыми-педагогикалық басылымдарында: «Оңтүстік Қазақстанның ғылымы мен білімі» (2006, 2007), «Ұлт тағылымы» (2008), «Қарағанды хабаршысы» (2009-2010), «Зерттеуші» (2010), журналдарында ғылыми мақалалар жарияланды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • Негізгі мектептің 5,6 сыныптардағы математика пәнінің кейбір тарауларын оқытуда компьютерлік бағдарламаларды қолдануға талдау жасалғанда, қолданудың тиімділігін көрсетеді.
  • 5-сыныптың математика пәнін оқытуда компьютерлік технология құралдарын қолдану әдістемесі анықталады.
  • 6-сыныптың математика пәнін оқытуда интербелсенді тақта құралдарын қолданып оқыту әдістемесінің нәтижесінде оқушылардың білім сапасының артқандығын байқатады.
  • 5-6-сыныптарда математика пәнін оқытуда компьютерлік технология құралдарын қолданып оқытуда мұғалім аз ғана уақытын жұмсап, оқушылардың білімін нәтижелі түрде бақылай алады.

Көрнекілік адамның заттар немесе құбылыс жайлы ақпараттың берілуі мен оны қабылдауды оңайлату қажеттілігінің туындауымен бір мезгілде пайда болды. Оның куәсі бізге ертеден жеткен жартастағы суреттер болып табылады. Көрнекілік – оқыту, жазу өнері пайда болғанға дейін туындаса керек. Ежелгі Египет, Рим, Грек елінде ол кеңінен қолданысқа ие болған.

Ақпаратты ауызша және жазбаша сөйлеу тілі арқылы жеткізудің жетілуі, сонымен бірге абстрактілік ойлаудың дамуы,  көрнекі оқыту әдісінің кең тарауына ықпал етті.

Оқытудағы көрнекілік принципінің мәні туралы Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев былай дейді: « Оқыту үдерісінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әртүрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, жоғары сыныптарда сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге әсер етеді. Сонымен, көрнекілік принципінің оқыту материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орыны ерекше» /1-3/.

Ә.Бидосов /4/ көрнекілік принципін жүзеге асыру нақтылық пен абстрактылықтың бірлігі ретінде атап көрсеткен. Мұның мәні оқытудың әрбір сатысында, білім игеру логикасының желісін басшылыққа ала отырып, сол білімдердің айрықша фактілері мен оқушылардың байқауларының немесе аксиомалардың ғылыми ұғымдар мен теориялардың алғашқы бастамаларын тауып, жеке затты қабылдаудан жалпылыққа, нақтылықтан абстрактілікке және керісінше жалпылықтан жекелікке, абстрактіліктен нақтылыққа көшу заңдылықтарын анықтау болып табылады. Сонымен қатар оқу үдерісіне көрнекілікті пайдаланғанда бірқатар әдістемелік талаптарды орындаған жөн екені ескеріледі: көрнекі құралдар сабақтың мақсатына сәйкес іріктелуі тиіс, көрнекі құралдарды пайдаланғанда оқушылардың оларды дұрыс қабылдауын қамтамасыз ету үшін, құралдың неғұрлым маңызды жақтарына назар аударған жөн; сабақта көрнекі құралдар шамадан тыс көп болмағаны яғни мақсатқа жетуге қажеттілерін ғана пайдаланған   маңызды. Егер сабақ кезінде бірнеше көрнекі құрал көрсетілуі керек болса, олардың бәрін бір уақытта емес, әрқайсысын қажетінше кезегімен пайдаланған орынды.

Сабақ кезінде мұғалімнің өзінің баяндауы мен көрнекілікті үйлестіруі елеулі роль атқарады. Дидактикада үйлестірудің екі тәсілі белгілі. Біріншісінде көрнекі құрал мұғалімнің түсіндіруінен   бұрын көрсетіледі. Бұл жағдайда мұғалім оқушылардың іс-әрекетін, байқағыштығын бақылай отырып, керегінше мағлұмат алуына жетекшілік етеді. Екіншісінде көрнекі құралды көрсетуден бұрын мұғалім оқу материалын түсіндіреді.

Бұл екі тәсілдің біріншісі тиімдірек, себебі ол қажетті білімді меңгеруді қамтамасыз етумен бірге, оқушылардың байқағыштық қабілеттерінің өрістеуіне көмектеседі. Бірақ, көрнекі құралдарды шамадан тыс қолдану оқушылардың ойлау қабілетіне кері әсер ететінін ескерген жөн.

А.Е.Әбілқасымова,   А.К.Көбесов,   Д. Рахымбек,   Ә.С.Кенеш /5/ былай дейді:         Оқушылардың оқу материалын  қабылдау – талдау  және  жалпылау  үдерісінің  мәнінен  туындады.   Оқу  барысының  әр  түрлі  кезеңдерінде  көрнекілік  түрліше  функциялар   орындайды.   Математиканы  оқыту  практикасы   бұл  принципті   жүзеге   асыруға  бағытталған  арнайы   құрал- жабдықтар  жасауды   қажет  етеді  (геометриялық  фигуралардың   модельдері,  кестелер,   оқу  диафильмдері,  кинофильмдер,  теледидар,  микрокалькуляторлар   т. б.).

Ескеретін   бір   нәрсе,  көрнекілікті   қалай   болса   солай   қолдана   бермей, тек  қажеттілігіне,  тиімділігіне   қарай   пайдалана  білудің   маңызы  зор.  Мысалы,  стереометрияның   алғашқы  сабақтарында   фигуралардың   әр  түрлі  моделін   көрсету   оқушылар   үшін   пайдалы   болады  да,   кейінірек   олардың   кеңістік   қиялын   дамытуға    кері    әсер   етуі  мүмкін,   яғни   стереометрияны   үйретуде   нақты   көрнекілік   біртіндеп   «абстрактылық  көрнекілікке»  (жазық   сызбаларды   қарастыру)   орын   беруге   тиіс.

Қазіргі уақытта психологиялық-педагогикалық және әдістемелік  әдебиеттерде көрнекілік, көрнекі оқыту, көрнекілік түрлері, көрнекілік құралдары жіктемесінің сан-алуан жолдары келтіріледі. Ғылыми әдебиеттер мен мектеп практикасында «көрнекілік» сөзі үш мағынада қолданылады. Біріншіден, ол кейбір обьектілер (көрнекі құралдарды), екіншіден, кейбір қасиеттерін, үшіншіден, адамның белгілі бір іс-әрекетін (көрнекілік құралдарын қабылдау, оларды пайдалануды) білдіреді. Терминнің көпмәнділігіне байланысты оның әр түрлі анықтамалары бар.

Сонымен, көрнекі оқыту ұғымы объектімен немесе оны алмастырушы затпен тікелей практикалық іс-әрекет, сондай-ақ ойлау іс-әрекетімен тікелей байланысты.       

ІІ тарау.

Геометрия мен информатика пәндерін кіріктіре оқыту

Соңғы жылдары білім беру жүйесі  пәндерді өзара кірктіре, сабақтастыра отырып оқыту арқылы білім беруде. Негізінде кіріктірудің байланыстырудың екі түрін атап айтуға болады: бірінші – пәндік, белгілі бір пәннің ішіндегі тақырыптарды байланыстыру; екінші – пәнаралық, әртүрлі пәндер арасындағы тақырыптарды байланыстыру.

Кіріктірілген сабақтарды ұйымдастыру арқылы білім беру жеке пәндер мазмұнының, мәтіннің бір-бірімен  өзара байланысуын қамтамасыз ететіндей белгілі бір жүйелілікті керек етеді. Әртүрлі оқыту пәндерінің арасындағы байланыс – оқу-тәрбиелік жұмысты жақсартудың және оқыту үдерісінің тиімділігін жоғарылатудың басты құралы.

Кіріктіре оқыту негізінде пәнді оқытудың тиімділігін арттыруда мына мәселелер қарастырылуы тиіс:

  • кіріктіре оқыту негізінде берілетін пәндердің қажеттілігін дәлелдеу;
  • пәннің басқа пәндермен қандай тақырыптарды кіріктіре оқыту керек;
  • пәндерді кіріктіре оқыту қандай бағытта жүзеге асады;
  • кіріктіре оқытуды қандай формада және қандай әдіспен оқыту керек;
  • кіріктіре оқытуды негізінде білім берудің нәтижесі қандай болмақ.

Мысал ретінде төмендегі келтірілген сабақ жоспарын ұсынамыз.

Информатика пәнімен геометрия пәнінен кіріктірілген  сабақ  жоспарын  құруға  мысал:

 

САБАҚ  ЖОСПАРЫ             

Пән аты:   Информатика   

сыныбы: 9

І.Сабақтың  тақырыбы:   Паскаль программалау тілінде шығару.

ІІ.Сабақтың  мақсаты:

          а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын  дамыту

          ә) Тәрбиелігі: икемділік  қасиетімен  шабытты  болуға  қалыптастыру

          б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен  қызығушылығын  арттыру

ІІІ. Сабақтың  түрі: кіріктірілген сабақ

ІV. Сабақтың  көрнекілігі: компьютерлер, блок-схема, , геометриялық фигуралар.

  1. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі,  практикалық.
  2. Оқыту формалары: жеке, топтық,  ұжымдық.
    VII. Пайдаланылған   әдибиеттер:
    Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика  Балапанов Информатикадан  30  сабақ,  Информатика  негіздері  журналы.

VIIІ.Сабақтың  барысы:

          а) ұйымдастыру

          ә) сабақ  сұрау

          б) жаңа  сабақ

          в) бекіту

          г) үйге  тапсырма

          д) қорытынды

Жаңа  сабақ

Бүгінгі сабақта үшбұрыштың ауданын Герон формуласы арқылы есептейтін программа жазамыз.

Геометриялық түрде шығарылуы: 

1-сурет – Үшбұрыш

Есептің берілгені:

Үшбұрыштың үш қабырғасы берілген а=3; б=5; с=7. Енді осы берілген қабырғаларды пайдаланып, үшбұрыштың периметрін және ауданын Герон формуласын пайдаланып шығару;

Шешуі:

см

Жауабы:p=7.5cм; s= 6.5см2

Енді программалау тілінде, яғни Паскаль бағдарламалау тілінде шығарайық:

Берілген есептің блок-схемасы:

БАСЫ

 

    а, в, с

 

Формула бойынша есепті алгоритмдеу:

Р=(a+b+c)/2

P=(a+b+c)/2

S=

Аргументтер: а, в, с

Аралық шамалар: P, S

  1. Басы
P-ны шығару
  • Р=(a+b+c)/2
  1. S=
  2. Соңы.

Үйге  тапсырма:

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

 Сабақты  қорытындылау

Жаңа  материалды  пысықтау, оқушылардың  меңгерген  білімдерін  талдау, бағалау.

 Бағалау. 

  1. Екі катеттің сандық мәндері арқылы тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен ауданын анықтайтын программа құрыңдар.
  2. Берілген кез келген екі нүкте координаталары арқылы олардың арақашықтығын табыңдар.
  3. Герон формуласы бойынша үшбұрыштың ауданын есептейтін процедура және функцияны пайдаланып, төмендегі суреттегі фигураның ауданын есептеңдер.
  4. Екі санның үлкенін анықтайтын қосалқы программаны пайдаланып, берілген 4 санның үлкенін анықтайтын программа құрыңдар.

ІІІ тарау

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА _____________________________________________________________________________________________________________________________MACROMEDIA FLESH  КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУ

Қазіргі кезде ақпараттық-телекоммуникациялық технологияның қарқынды дамуына байланысты компьютерлердің графикалық және анимациялық мүмкіндіктері күннен-күнге арта түсуде. Соның ішінде, анимация жасауда көп қолданысқа ие Macromedia flash компьютерлік бағдарламасы. Бұл бағдарламаны математиканы оқытуда да  қолдануға болады. Flash-технологиясы ең жаңа және кең қолданылып жатқан технология болып табылады. Flash технологиясы арнимация жасаушылар үшін өте қолайлы бағдарлама, өйткені ол  төмендегі сапаларға ие [1-3]:

  1. Жинақтылық – векторлық графиканы пайдалану есебінен компьютерде тез жүктелед;
  2. Интербелсенділік – пайдаланушы Flash-фильмдегі іс әрекеттерді тікелей басқара алады;
  3. Мультимедиялық – фильм және Internet-ке қосылатын информацияны визуалдаудың стандартты құралдары үшін тиімді видео, аудио эффектілер береді;
  4. Көпсалалығы – Flash-те қарапайым үй парақтары сияқты арнаулы серверлер де, пошталық және виртуальді дүкендер де, олардың ортасын құру да орындалады;
  5. Қолайлылық – Flash технологиясының негізі, компьютермен жұмыс істеудің минимальді дағдысы бар кез-келген адамға түсінікті. Сондай-ақ компьютер жадында өте аз орын алуымен тез жүктелетіндігімен Flash пайдаланушылар үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады.

Математиканы оқытуда Туынды және оның қолданылуын  ақпараттық аяқталған блок – модуль деп есептеуге негіз бар және бұл тақырып келесі мазмұнмен  ашылады:

–  сандық тізбектің шегі;

–  аргумент шексiздiкке ұмтылғандағы функцияның шегi;

–  функцияның нүктедегi шегi және үздіксіздік;

–  туындының геометриялық және физикалық мағынасы;

–  жанамаға берілген есептерді шығару;

–  элементар функциялардың туындыларын есептеу;

–  күрделі функцияның туындысы;

–  анықталмағандық және тамаша шектер;

–  туындыны функцияны зерттеуге қолдану:

а) функцияның таңбатұрақтылық аралықтарын табу;

б) функцияның өсу және кему аралықтарын анықтау;

в) функцияның экстремум нүктелерін және ол нүктелердегі мәндерін

табу;

г)  функцияның аралықтағы ең үлкен және ең кіші мәндерін табу;

д)  функцияның ойыс және дөңес аралықтарын анықтау.

Мұнда жоғарыда айтылған әдістерді пайдалана отырып функцияның өзгеру суреттерін сызамыз және қабаттарға маска, кадрларға жеңілдетілген Motion әдістерін қолдана отырып кескіндерді жылжытып, созып және айналдыра отырып қимылға келтіреміз [4-6].

Бұл әдістер жоғарыда тереңірек түсіндірілгендіктен оларды жеке-жеке қарастырып отырмаймыз. Келесі суреттерге назар аударайық.

Дыбыстық құрылғылар көмегiмен оқыту бiздiң елiмiзде де қолданыста, алайда ондай оқыту оң нәтиже берген емес, сондықтан да математика пәнiнiң мұғалiмдерi мұндай мүмкіндіктерді көбіне тек демонстрациялық сабақтарда ғана қолданады.

Электрондық дискiге тиелген математика пәнiнiң компьютерлiк бағдарламалары соңғы кездері көптеп шығарылуда және жекеленген оқушылар мен мұғалiмдерде қолданыс табуда. Әсiресе Ресей бағдарламалық өнiмдерi көп-ақ. Атап айтсақ,

  • “1С:Репетитор.Математика” –бағдарламалар пакеті;
  • “Кирилл и Мефодий” компаниясының бағдарламалық құралдары,
  • “Семейный наставник” және “Школьный наставник” сериялы білімдегі ақауды диагностикалау және түзету бағдарламалары,
  • КУДИЦ фирмасының “Математика 7-11” бағдарламалар кешені,
  • “ММТ и ДО” фирмасының TeachPro Математика (7-11 класс) және т.б.

“ХроноГраф”  бағдарламалық пакетінде орта мектепте туындыны оқытуға арналған “Функцияның графиктерi мен формулаларының эстафетасы” бағдарламасы бар. Мұнда формула бойынша берілген функцияның графигiн табу, берілген график бойынша функцияны анықтау,  функцияның нүктедегi жанамасының теңдеуiн анықтау есептерi беріліп, олар компьютерлік графика тұрғысында өз шешімін тапқан. Тапсырмалар тестік жүйеде берілген және “іліп алу-орналастыру” әдісіне негізделген. Мұнда элементар функциялардың графиктерінің берілген бөліктерін жинақтау орындалады. Компьютерлiк технология негiзiнде оқытуда осындай кейбір ойын элементтерi де  қолданылуда.

Жоғарыда келтірілген көріністер мен графиктерден компьютердің көрнекі түрде өзгермеліліктерді демонстрациялауы көрініп тұр. Қолданушыға ыңғайлы болу үшін арнайы таңдау келтірілген негізгі бет даярланды. Ол негізгі бет екі бөлім, яғни екі тақырыпты ашатын фильмдерден тұрғандықтан, олардың экрандағы кескіні 2.19-2.21 суреттерде бейнеленді.

Математиканы оқыту сапасын арттыру үшiн оқығандық негiзiнде бiлiмдiлiктi қалыптастыруға қол жеткiзу керек. Егер оқығандық бiлiм стандартына негiзделген сауаттылықты қалыптастырса, бiлiмдiлiк студенттің бiлiмдi қабылдауын, оны шығармашылық тұрғыда түрлендiруiн, сондай-ақ оқушылардың дәйектердi, құбылыстарды айналадағы өзгерiстердi қабылдау және бағалау тәжiрибесiн, оны жүзеге асыру тәсiлдерiн өз бетiнше таңдауын қамтамасыз ететiн жеке қасиетiн қалыптастырады. 

IV тарау.

VISUAL BASIC ТІЛІІНІҢ ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІН МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ _____________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақтың тақырыбы:   Функциялардың графиктерін программалау /1-3/.

Сабақтың мақсаты:    Visual Basic терезесінде интефейс құру арқылы   есептеліп шығарылатын функциялардың графиктерін программалау   жолдарын, программаны құрып, дұрыс жауабын ала білу  дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі;

2) Сабақтың өтілуі:

Жаңа сабақ

1-сурет. Сабақтың тірек-сызбасы.

Сабақтың тірек-сызбасында көрсетілгендей 7 іс-әрекет орындалады:

  1. Теориялық материал түсіндіріледі;
  2. Практикалық материалдар бөлімінде мысалдар келтіріледі;
  3. Тарихи деректерден мәлімет келтіріледі;
  4. Үш деңгейлі тапсырмалар орындалады;
  5. Ойын түріндегі есептерді шығару;
  6. Үйге тапсырма беру;
  7. Қорытындылау үшін тест қабылдау.

Жаңа сабақ:  Функцияның графиктерін программаламас бұрын ең алдымен, функция деген не және оның ролі қандай деген сұраққа жауап берейік.       Функция сөзі (латынша funсtion) қатынас деген ұғымды білдіреді. Функция ұғымына көптеген ғалымдар үлес қосқан: Рене Декарт, Николай Лобачевский, Леонард Эйлер, Готврид Лейбниц, Исаак Ньютон болған. Функция ұғымын ең алғаш енгізген Рене Декарт (латынша Картезий) болатын.

Ол француз философы, физигі, математик және физиологы. Лаэ жерінде туылған. Физикалық зерттеулері негізгі механикаға, оптикаға және Әлем құрылымына байланысты мынадай түсініктерді енгізді: «күш»(өлшем), қозғалыс (қозғалыс көлемі), қозғалысты сақталу заңын енгізгенмен, оны дұрыс талқыламаған. Соққы заңдарын зерттеді, алғаш рет инерция заңдарының негізін салды (1644ж). Алғаш рет математикалық түрде жарықтың шағылуын көрсетті. Декарт математикада ең алғаш көлемнің және функцияның құбылмалы түсінігін енгізді, аналитикалық геометрияның негізін салды. Аналитикалық геометрия дегеніміз – координаталар әдісін алгебрамен қосып қолдану геометриясы. Сондықтан бұл әдісті алғашқы ашушыларының бірі Рене Декарт болғандықтан, тіктөртбұрыш координаталар жүйесін көбінесе декарттық жүйе дейміз.

Николай Иванович Лобачевский (1792 – 1856).  Николай Лобачевский – евклидтік емес геометрияның (геометрии Лобачевского) негiзiн салушы, физик, астроном, ыктималдылыктар теориясын ашқан. Казан университетiнiң ректоры(1827-46). Лобачевскийдiн жаналығы (1826, 1829-30 жарияланган), математикалык ойлаудын дамуына улкен тонкерiс жасады. Алгебрадан, математикалық анализден, ықтималдылықтар теориясынан, механикадан, физикадан, астрономиядан еңбектері жарияланған.

Классикалық гиперболалық функция

Біз төменгі кластан бері тригонометриялық функцияны,синусты,косинусты және олардан шығатын тангенс пен котангенсті білеміз.Бірақ  көпшілігі гиперболалық функцияны (гиперболалық синус, гиперболалық косинус) толық біле бермейді.

(1) Гиперболалық синус                                  (2) Гиперболалық косинус

(3) Гиперболалық тангенс                               (4) Гиперболалық котангенс

3-сурет. Функция графигі.

Тригонометриялық функциялардың формуласы:

Гиперболалық функцияның формулалары:

Функция графигін қолмен салу бұл өте қиын әрі адамды жалықтыратын жұмыс. Сондықтан функциялардың графиктерін салуда компьютерді пайдалану көптеген жеңілдіктер жасайды, әрі графиктерді көрнекі етіп салуға және жеңіл түрлендіруге көмектеседі.

Функцияның графигін компьютерде салу үшін программа құру қажет.

Мұндай есептерді шешудің қиындығы сонда – біздерге бірден екі координат жүйесімен жұмыс істеуге тура келеді:

  • Монитор экранындағы графикалық координат жүйесі;
  • Математикалық координат жүйесі;

Visual Basic программасында графиктерді тұғызу үшін Scale әдісін пайдаланамыз. Бүл әдіс Пішін (Форма) мен графикалық терезе (PictureBox) класындағы обьектілерге қолданылады. Picture обьектісінің абсолютті координаттары бар – ол экрандағы орны, сондай – ақ өлшемдері бар. Бұл координаттар ерекше бірлік  твиппен өлшенеді . Бұл жаңа координат жүйесі бейне салынатын обьектіге бекітіледі. Координат басы обьектінің ортасында тұру керек деп есептеу жиі кездеседі. Scale әдісі обьектіге жаңа координат жүйесі тағайындалған есепті шешеді. Жазылу әдісі:
/ Обьектінің аты/ Scale (Х1,У1)-(Х2,У2)

Х1,У1 – обьектінің сол жақ жоғары бұрышының  жаңа координаттары.

Х2,У2 – обьектінің оң жақ төменгі бұрышының  жаңа координаттары.

Осы координат жүйесін пайдаланып    У= Х 2  функциясының графигін программалауды қарастырайық.  Ол үшін  математикалық шығарылуына тоқталайық. Х – қа мән беру арқылы у – тің мәнін табамыз. Ол мына 1-кестедегі мәндерге ие болады.

1-кесте.  Функция мәндері.

Х -9 -8 -7 -6 -5 -4 -3 -2 -1 1 2 3 4 5 6 7 8 9
У 91 64 49 36 25 16 9 4 1 1 4 9 16 25 36 49 64 81

Осы кесте бойынша Х және У осьтері бойынша график тұрғызылады.

Visual Basic программасында осы кестеге және графикке қарап программа құруға кірісеміз.

  1. Visual Basic программасын іске қосу;
  2. Пішін терезесіне Caption қасиеті арқылы «Функцияның графигі» мәтінін, CommandButton1 обьектісіне «Іске қосу» мәтінін енгізу;
  3. Элементтер панелінен PictureBox1 және CommandButton1 обьектілерін пішін терезесіне орнату;
  4. CommandButton1 обьектісін екі рет шертіп Код терезесін ашамы;
  5. Код терезесіне мына процедура денесін енгіземіз;

Private Sub Command1_Click()

Picture1.Scale (9, 9)-(-9, -9)

Picture1.Line (9, 0)-(-9, 0), vbGreen

Picture1.Line (0, 9)-(0, -9), vbGreen

For x = -9 To 9 Step 0.0005

y = x ^ 2

Picture1.PSet (x, y), vbRed

Next x

End Sub

  1. Проектіні іске қосамыз. Пішіндегі Іске қосу батырмасын бассақ PictureBox терезесінде өзіміз қарастырып отырған функцияның графигі төмендегідей болып көрінеді.

Сабақты интерактивті тақтаның көмегімен өтуге болады.

Оқушылардың өздері орындайтын тапсырмалар.

  1. ( 9, 9 ) – ( -9 , -9 ) терезесінде функцияның графигін тұрғызыңыздар

Х және У остері жасыл түспен, функцияның графигі қызыл түспен шықсын.

(5 балл)

  1. ( 15, 15 ) – ( – 15 , – 15 ) терезесінде функцияның графигін тұрғызыңыздар.

Х және У остері көк түспен, функцияның графигі қызыл түспен шықсын.

( 15 балл)

  1. ( 10, 10 ) – ( – 10 , – 10 ) терезесінде функцияның графигін тұрғызыңыздар.

Х және У остері қара түспен, функцияның графигі қызыл түспен шықсын.

( 30 балл)

Бағалану жүйесі:

50-45 – «5»

40-30 – «4»

25-10 – «3»

10 – нан төмен «2»

Жауаптары:

Private Sub Command1_Click()

Picture1.Scale (9, 9)-(-9, -9)

Picture1.Line (9, 0)-(-9, 0), vbGreen

Picture1.Line (0, 9)-(0, -9), vbGreen

For x = -9 To 9 Step 0.0005

y = Sin(x)

Picture1.PSet (x, y), vbRed

Next x

End Sub

Private Sub Command1_Click()

Picture1.Scale (15, 15)-(-15, -15)

Picture1.Line (15, 0)-(-15, 0), vbGreen

Picture1.Line (0, 15)-(0, -15), vbGreen

For x = -15 To 15 Step 0.0005

y = 7 * Sin(x) ^ 2 / 3 * (Cos(x) ^ 3 + 1)

Picture1.PSet (x, y), vbRed

Next x

End Sub

Үйге тапсырма беру: §45 № 1-3.

Оқушылардың білімін бағалау.

Қорытынды

Мен жұмысымды қорытындылай жұмыста қойылған мақсатқа жеттім деп ойлаймын. Басты мақсат – араның ұясының неге алты бұрыш екендігін анықтау болатын.

Мен ұсынып отырған жұмысымда араның ұясының неге алты бұрыш екендігінің себебі келтірілген. Осы технологияларды толық меңгерген оқушы міндетті түрде кез келген есепті шеше алатын болады. Сонымен қатар, оқушылардың бұл бағыттағы дайындық деңгейін дамыта түсу мақсатында жаттығу жүргізуге арналып біраз әртүрлі өмірлік есептер ұсынылған. Мұндағы басты мақсатымыз оқушылардың бойындағы ойлану, іздену, талдаулар жүргізе білу қасиеттерін қалыптастыру және өз беттерінше шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру.

Жоғарыда атап өткендей, мұндағы басты кеңес мыналар болады:

  • бастапқы кезде араның ұя салу технологиясын толығына аяғына дейін талдап шығу;
  • әр кезеңнің және міндетін жете түсіну қажет болады.

Араның ұя салу техникасы туралы зерттеулер түрліше. Олар біресе жұмбақ, біресе өлең, біресе қарасөз, біресе ертек, біресе ілмек, біресе дұзақ, біресе сиқырлы ой айту тағы басқа түрде кездеседі. Ол табиғи заңдылыққа ғана сүйенбейді өзімен туыстас, жалғас, көршілес елдердің салт-санасымен астарласып, үндесіп, қабысып жататындығы бар.

Барған жерін Балқан тау,

О да біздің көрген тау, -демекші, қытайдың буы, орыстың ну-фуы, қазақтың түуі түп тамырлас.

Араның ұясы туралы пәнаралық байланыс өте кең дамыған. Соның ішінде әдебиет пәнімен байланысты байқауға болады. Қандай есепті алсақ та, мақал немесе нақыл сөзбен түйінделген. Бұл түйіндеулерге зер салсақ, әрқайсысының тәрбиелік мәні зор. Тәрбие – сан қырлы. Ата-тегінің табысын айту, халқыңның дәстүрін сақтау, оны өз заманыңның қағидаларымен шендестіру тәрбиенің бір көзі.

Жұмысымды қорытындылай келе айтарым бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбелеуді жаңаша ұйымдастыру көкейкесті мәселе болып отыр. Осыған орай ғылыми техникалық прогрессия дамыған уақытта тарихи есепті шешу технологиясының ерекшеліктері туралы сөз қозғадық. Келешектің кез келген маманы компьютерді өз жұмысында тиімді пайдаланғысы келсе, онда ол өз саласы бойынша алға қойылатын проблемаларды тұжырымдай алуы тиіс.

Жұмысымды қорытындылай келе, қандай да болмасын оқушы үшін қиындық тудырған кезде есептің нәтижесін көргенде, оның өзгеше бір сезімге бөленіп, бір марқайып қалуына ұмтылу қажеттілігін туғызуға мүмкіндік жасауға пән мұғалімі жұмысының өз нәтижесі болатындығын атап өткім келеді.

РЕЦЕНЗИЯ

Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Математика сабағында компьютерлік бағдарламаларды пайдаланудың тиімділігі»

Қазіргі кезде ғылыми – техникалық прогресс математикалық әдістердің ғылым мен техниканың барлық салаларына қарқындап енуімен сипатталады. Бұл прогресстің басталуы мен жүруі табиғатта болып жатқан құбылыстардың  математикалық модельдерін жасаумен тығыз байланысты және ғылыми – техникалық прогресс үшін маңызы зор. Жалпы жағдайда жүріп жатқан процестер мен құбылыстарды, олардың табиғатының өте күрделілігіне байланысты, математиканың аппаратын пайдаланып, математика тіліне аудару оңай мәселе емес. Ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында математикалық әдістерді нәтижелі қолдана білу үшін нақты практикалық есептерге осы әдістерді қолданудың негізгі принциптері жөнінде жеткілікті дәрежеде түсінік болуы қажет.

Есептеу практикасында кездесетін есептер арасында математика сабағында компьютерлік бағдарламаларды пайдаланудың тиімділігі әдістермен шешудің маңызы зор. Мұндай есептер көптеген нақтылы құбылыстарды математикалық модельдеу және күрделі математикалық есептерді шешуде пайда болады.

Бұл жағдайларда есепті шешудің үйреншікті әдістері не іске аспауы, не мерзімнен тысқары уақыт алатын есептеулерге әкеп тіреуі мүмкін. Сондықтан ол есептердің  сандық сипаттамаларын жеткілікті дәлдікпен анықтайтын әдістерді табудың маңызы зор. Осындай әдістердің ішіндегі тиімдірегі – сандық әдістері.

Ғылыми жұмыста математика сабағында компьютерлік бағдарламаларды пайдаланудың тиімділігі зерттелген. Бұл жұмыстың негізінде математика сабағында компьютерлік бағдарламаларды пайдаланудың тиімділігінің дәлдігі анықталған. Осыған орай, ғылыми жұмыстың өзектілік деңгейі жақсы.

Бұл жұмысы ғылыми жұмыстардың байқауына лайықты деп есептеймін.

You May Also Like

Бөдене жұмыртқасының пайдасы, ғылыми жоба

Тақырыбы:                               Бөдене жұмыртқасының пайдасы Бағыты:                                   «Таза табиғи орта – Қазақстан – 2050…

Қарбыз және қарбыздың пайдасы, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Қарбыз және қарбыздың пайдасы» Орындаған: Жарылқасын Анель Кіріспе: …

Пияз—құнды өсімдік, ғылыми жоба слайд

Телефонның адам ағзасына тигізетін зияны мен қоғамдағы пайдасы, ғылыми жоба

Т А Қ Ы Р Ы Б Ы: «Телефонның адам ағзасына тигізетін…