Тақырыбы: «Ауылым – алтын бесігім»

П І К І Р 

Бүгінгі заман талабына сай, болашақ ұрпақтары рухани бай, зияткерлік білімді, адамгершілікті етіп, тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Мектеп – білім мен ғылымның қайнар бұлағы. Сол бұлақтан нәр алған

—«Ауылым – алтын бесігім» тақырыбындағы зерттеу жұмысы талапқа сай орындалған. Жұмысты жүргізу барысында шәкірт жинақтау, бақылау, сипаттау, суреттеу сынды әдістерді тиімді пайдалана білген. Зерттеу жұмысының мақсаты – оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Зерттеу жұмысында зерттеу әдістерінің тиімді жүйесінің пайдалануы мен тарихи, дерекетерге ақиқат тұрғыдан талдау жасалынған.

Ғылыми жобаның нәтижесі нақты жазылған. «Ауылым – алтын бесігім»ғылыми жобасы зертеуінің нәтижелері ғылыми негізделген, мазмұнының логикалық құрылымы мен ішкі бірлігі жүйеленген. Ғылыми жобаның материалдары нақты деректерге сүйеніп жазылған.

Зерттеу жұмысын жүргізгенде оқушы  ұлы Абайдың  «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген сөзін берік ұстанып, жас ұрпақ ретінде ертеңгі күнге үлкен арман – мақсатпен қарайды, елінің баянды бақыты үшін жан аямай  еңбек етуге бел буады.

Автор тақырып аясында алынған өзекті мәселені толығымен қамтып, қойылған мақсат пен міндеттеріне қол жеткізген және ғылыми зерттеу еңбегі өз деңгейінде орындалған.

Аннотация

Социалистік Еңбек Ері Рахым Сәбденов ауылы — Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданының  солтүстік – батыс  жағында                       15 шақырым жерде орналасқан. Ауыл 1932 жылыға дейін, яғни Луговой, қазіргі Т.Рысқұлов ауданы құрылғанға дейін Меркі ауданына қарасты болған. Ол кездегі атауы – «Жыланды» ауылы деп аталған. Олай аталуының себебі «Қорағаты» өзені мен жанында орналасқан «Жамансай» көлінде майда,қара шұбар жыландар көп болған.

1932 жылы Меркі ауданының «Аспара» қой совхозынан бөлініп, асыл тұқымды «Ленинский қой заводы»деп аталды. Бұл дәл Луговой ауданының құрылып, осы ауылдың Луговой ауданына қарасты кезеңі. Совхоздың бұлай аталу себебі, меринос қойының жаңа тұқымын өсірумен шұғылданған.

1971 жылы 21 сәуірде совхоз директорлығына Рахым Сәбденұлы Сәбденов келді. Совхоздың директорлық қызметіне Сәбденов Рахым Сәбденұлы тағайындалған соң, ауыл тұрғындарына ауылды тазалатып, ауыл ішіне арша, шырша, қарағай қайын, терек сынды ағаштарды отырғызуға көп көңіл бөлген. Және де орталық көшелерден бөлініп шығатын көшелер мен үйлер салғызған. Осылайша ауылымыз қазіргі деңгейге жеткен. Мұнымен айтпағымыз ауылымыздың қазіргі гүлденіп тұруына бірден – бір себепкер жан есімі ауылымызға берілген ұлы тұлға, ұмтылмас жан Рахым Сәбденұлы Сәбденов екені сөзсіз.

2002 жылы совхоз ыдырап, «Ақбұлақ» ауылы атауы берілді. Ақбұлақ деп аталу себебі ауыл маңынан мөлдір бұлақтардың болуымен байланыстырған.

2004 жылы 27-ші желтоқсаннан бастап ауыл тұрғындарының өтінішімен ауылымызға  «Социалистік Еңбек Ері»  атауы берілді.

Оқушы күнделігі 

р\с Мерзімі Жұмыс барысы

 

Ескерту
 

 

1

 

 

Қыркүйек

айы

Мектептегі жетекшіммен Ғылыми–зерттеу жұмысы бойынша «Ауылым – алтын бесігім» атты тақырып таңдап алынды.  

Құнды мәліметтер жинау.

 

 

2

 

 

Қазан  айы

Қажетті материалдар іздеу  мақсатында мектеп  кітапханасындағы  кітаптардан деректер жинау. Газет-журнал материалдарына жүгіну.  

Газет-журнал  матеиалдарын көбірек жинастыру

3 Қараша

айы

Құнды мәліметтер жинау.Ауыл ақсақалдарымен сұхбаттасу.
 

4

 

Желтоқсан  айы

Жинақтаған материалдардан ғылыми  жобаны жаздым

Жазылған ғылыми жобама суреттер жинақтап, слайд жасап, қорғауға ұсындым

МАЗМҰНЫ 

Кіріспе ……………………………………………………………………………………………………. 2

Негізгі бөлім…………………………………………………………………………………………….4

2.1. Ауыл тарихы………………………………………………………………………………………4

2.2. Аты ауылға айналған тұлға ………………………………………………………………..8

2.3. Ауылдағы мекемелер …………………………………………………………………………11

2.4. Ауыл табиғаты …………………………………………………………………………………..14

Қорытынды …………………………………………………………………………………………….15

Кіріспе

Қашанда халқымыз үшін ауыл – руханиятымыздың темірқазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екені даусыз. Ауылдың таза ауасын жұтып, тұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір азамат өзі туған топырағын барынша қадірлеп-қастерлеуге тиіс. Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл – бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің және ұлттық руханияттың қайнар көзі іспетті. Ауылым деп соққан балалық балғын жүрегім мені ауылымның тарихын білу үшін алдымен өзімнің туған жерімнің тарихын білуім керек деп ойлаймын. Бұл менің үлкен өмірге аяқ басқан алғашқы қадамым. Ауыл –ата-бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі мекен. Ананың әлдиі, аялы алақаны қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы. Ауыл қазақтың алтын бесігі. Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән тербеген сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат қазына. Ауыл – сол жерде өмір сүрген барша халықтың шежіресін жазып беретін мәнгілік кітабы. Өзінің туған жерін жан жүрегімен сүйіп, сырын ұғып өскен ұрпақ ғана ұлттық пердесін сақтай алады деп ойлаймын. Керемет ақын Мұқағали Мақатаев:

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,

Бұдан артық рахат табылмайды. – деп туған жерге деген ыстық сезімін жырға қосады. Мен осы тақырыпты ауылымыздың сол сұлулығын, сол ерекшелігін өзге жандарға жеткізу үшін, бөгде адамдардың Құлан өңірінде осындай тарихы тереңде жайылған ауылдың бар екендігін біліп, келер ауыл ұрпақтарының туған өлкелерінің тарихын ұмытпай, кіндік қаны тамған ауылдарының көркеюіне, гүлденуіне өз үлестерін қосса деген үмітпен таңдап алып отырмын

Жұмыстың мақсаты:

Елім деп еңіреп өткен бабаларымыздың өнегесін үлгі ете отырып, бүгінгі ұрпаққа өлкеміздегі сырлары ашылмай жатқан құнды деректерді зерттеу және ауыл тарихын ашу, Тәуелсіз Қазақстанға  деген патриоттық сезімін дамыту.

Жобаның міндеті.

Оқушылардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайту.

Туған жерінің тарихи тұлғаларын, тарихи мәдени ескерткіштерінің құндылығын қастерлеуге үйрету.

Зерттеу әдістері мен құралдары:

1.Газет, журналдар, ғылыми кітаптарды пайдалану бойынша

2.Ауыл тұрғындарынан мәлімет алу

3.Мәліметтер жинастыру. Жинақталған мәліметтермен, ақпаратпен танысу, керекті мәліметтерді өңдеу, ретке келтіру

4.Зерттеуге қолданылатын құрал-саймандар дайындау.

Зерттеу жоспары:

–  Зерттеу тақырыбын таңдау

–  Таңдаған тақырып бойынша ақпараттар жинақтау

– Осы тақырып төңірегінде ауыл ақсақалдарынан сұхбат алу

–  Зерттеу жұмысымды жинақтап қорытындылау

–  Зерттеу жұмысымды қорғау

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың бойында ұлтына деген жанашырлық, Отанына деген сүйіспеншілік, қазақи тәрбие қалытасып, патриоттық рухтағы тұлға тәрбиеленеді. Олар өткеніміздің әрбір оқиғаларын ерекше талдап, зерттеп-зерделеу арқылы өз пікірін еркін білдіріп, ақ қарасын ашып айта алады

Негізгі бөлім

2.1.Ауыл тарихы.

2.1. Ауыл 1932 жылға дейін, яғни Луговой, қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданы құрылғанға дейін  Меркі ауданына қарасты болған. Ол кездегі атауы – «Жыланды» ауылы. Бұлай аталуының екі себебі бар: Алғашқы себебі, бұл ауылдың жері сортаң, мал жайылымына көктем мезгіліне қолайсыз болғандықтан, қолдан шығып кеткен мал сор батпаққа тығылып өле берген. Сондықтан мал иелерінің қиыншылықтан жылаумен күндері өткен. Ал екінші бір себебі: «Қорағаты» өзені мен жанында орналасқан  «Жамансай» көлінде майда, қара – шұбар жыландар көп болған. Осылайша екі себеппен ата – бабаларымыз осы өңірді  «Жыланды өңірі» деп атап кеткен. Бұл өңірді Луговой ауданының Аққойлы рулары мекендеген. Қазір бұл өңірді «Қырық рулы ауыл»  деп атайды. Олай аталу себебі: ауыл қой совхозы болған кезде әр рудың адамдары ауылға келіп қоныстанған. Осылайша бүгінгі таңда ауылымыз «Қырық рулы ауыл» аталып келеді.

1932 жылы Меркі ауданының «Аспара» қой совхозынан бөлініп, асыл тұқымды «Ленинский қой заводы» деп аталған. Бұл дәл Луговой ауданының құрылып, осы ауылдың Луговой ауданына қарасты кезеңі. Совхоздың бұлай аталу себебі, меринос қойының жаңа тұқымын өсірумен шұғылданған. Сол қой тұқымын 10 – 15 жылда Оңтүстік Қазақстан биязы жүнді асыл тұқымды қой тұқымын 3,5 кг – 5,2 кг жүн мөлшеріне дейін жеткізді. Кейіннен 1967 жылы бұл асыл тұқымды қой тұқымына «Оңтүстік Қазақстан меринос» атағы берілген.1932 жылы совхоз директоры қызметіне Шижиков И.В.атқарды. Ол Социалдық Еңбек Ері атағын осы совхозда атқарған ерен еңбектері үшін иеленген.

1936 жылы совхоз директоры қызметін Социалдық Еңбек Ері             Филиков В.П. атқарды. Дәл осы кезеңде, Алматы қаласында асыл тұқымды мал заводтарының тресті құрылды. Осы тресте мал дәрігері Паликарпов Е. мал зоотехнигі болып Патрин Г.В. қызмет атқарды. Бұл уақытта совхоздың бөлімшесі қазіргі Бәйтелі Серікбаев атындағы ауыл, сол кездегі «№ 1 ферма» деп аталған өңір болды. Ол бөлімшені, яғни « № 1 ферманы», 1932 жылдан бастап алғаш шопан және үздік шопан, кейін 1937 жылдан бастап ферма меңгерушісі қызметін атқарған Серікбаев Бәйтелі басқарған. Тек Жамбыл облысы көлемінде ғана емес, Республика, Кеңес үкіметі көлемінде меринос қойының жаңа тұқымын өсірумен аты әйгілі болған ауылға үлес қосқан шопандар, 1943 жылдан бастап Серікбаев Бәйтелі, Батырақов Көшкімбай, Бохаев Кәдірбек, Байғожаев Спан, Молдабаев Сауқымбек, Оспанов Шұлғаубай ағайынды Мұсырәлиев Диханалы мен Бекіш, Шәршиев Оспанқұл, Келгенбаев Қалқұл, Дүкенбаев Аман, Байбатыров Құлқыбай, Қойшыбаев Сатылған және мал мамандары Поликарпов И.В. мал дәрігері Патрин Г.В. зоотехник Тұяқбаев Райқұл, Алкереев Қоңырат, механизатор Заверуха А. және Еременка ерен еңбектер сіңірді және де ерен еңбектері үшін:

  1. Гулик И.П. «Ленин орденімен»,

2.Батырақов Шәріпбек « Юбилейное орденімен»;

3.Құрманов Нұрғазы «Ленин орденімен»;

  1. Қойшыбаев Сатылған «Ленин орденімен» марапатталған. Жоғарыда аты аталып кеткен Құрманов Нұрғазы атамыз Мәскеудегі биязы жүнді меринос қой көрмесіне өзінің асыл тұқымды, қолдан асылдандырылған биязы жүнді меринос қойларын апарып, үлкен дәрежемен оралған. Соанымен қатар бас шопан Қойшыбаев Сатылған атамыз бір жылда 100 саулық қойдан 125 қозы төлдеткен. Бұл кісінің ұлы Алхан Сатылғанов әке жолын қуып, 1987 жылы меринос қойдан 13 кг жүн қырқып алған. Ал 1988 жылы 250 меринос қойдың, жеке басынан 11 кг жүн қырқып алып, ерен еңбектері үшін « Ленин орденімен» марапатталған.

1954 жылы совхоз директорлығына Мәскеу қаласынан келген Маякин Иван Петрович тағайындалды. 1970 жылға дейін «Ленинский» асыл тұқымды қой заводын И.П. Маякин басқарды. Бұл кісінің көп жылғы еңбектері бағаланып, «Ленин орденімен» марапатталған.

1971 жылдың 21 сәуір айында совхоз директорлығына Рахым Сәбденұлы Сәбденов келді. Дәл осы кезеңде совхоз қойын Австралиядан әкелінген мал тұқымымен араластырып, мамандар мал тұқымын асылдандырумен шұғылданды және аянбай еткен еңбектерінің арқасында бұрынғы дәрежеден де жоғарғы көрсеткіштерге ие болды. Осы уақытта зоотехник Түбеков Рахымның, мал дәрігері Мадусаев Бекеттің, басқарушы Саркүшіков Изналфидин, Байғожаев Бекеннің және де 1965 жылдан 1987 жылға дейін ферма меңгерушісі қызметін атқарған Алкереев Жолдасбектің, ағайынды шопандар Құрманов Нұрғазы мен Алханның, Шәршиев Саяттың, ағайынды  Байбатыров Аманқұл мен Мамыштың, Оспанов Серіктің, Ақылбеков Оңалбектің, ағайынды Жақсытаев Тұрсынбек пен Маманның және де механизаторлар Огурцов И.Р, Тахаев Оразбайдың, Ноғайбаев Колхозбайдың, Абрамов А, Гордеев Г. осы кісілердің ерен еңбектерінің арқасында госплем завод «Ленинский» болған. Осы кезеңде ауылды бір шаңырақтың астында 21 жыл бойы шеберлікпен басқара білген Рахым Сәбденұлы Сәбденов ағамыздың ауылға қосқан үлестері мен еңбектері орасан зор.

1992 жылы Рахым Сәбденов зейнеткерлікке шыққаннан кейін совхоз директорлығына Жайлыбаев Алтынбек Шындалыұлы келді. Ол кісі совхозды 2002 жылға дейін басқарды. 2002 жылы совхоз ыдырап, «Ақбұлақ» ауылы атауы берілді.

Ақбұлақ ауылы аталу себебі ауылымыздың маңынан мөлдір бұлақтардың  шығуымен байланыстырған.

2002 жылы ауылдың  әкімі Ибраев Оразхан болды.

2004 жылы 27 – ші желтоқсаннан бастап ауылға «Социалистік Еңбек Ері Рахым Сәбденов атындағы ауыл» атауы берілді. 2004 жылдан 2005 жылға дейін Қырықбаев Ерлан ауыл әкімі қызметін атқарды.

2005 – 2006 жылдары  Жарылқасын Дидай ауыл әкімі қызметін атқарды.

2006 – 2010 жылдар аралығында ауыл әкімі болып Алкереев Марат Жолдасбекұлы қызмет етті.

2010 жылдың 10 –шы қараша айынан бастап ауыл әкімі қызметіне Баймұратов Серік Тынышбекұлы келді. Қазіргі уақытта ауылды осы кісі басқаруда. Қазіргі ауыл жағдайына келетін болсақ:

Мекен жайы: Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Р.Сәбденов ауылы.

Елді мекен саны – 1

Барлық халық саны – 1728 адам, ерлер – 813, әйел адамдар – 915

Ұлттық құрам – 124

Орыс ұлты – 72, украин – 12, неміс – 11, татар – 3, әзербайжан – 3,

өзбек – 8, қырғыз – 9, басқа ұлт өкілдері – 6

Оқу жасына дейінгі балалар – 232

Оқушылар саны – 344

Студенттер – 61

Зейнеткерлер саны – 169

Отбасылар саны – 332

Тұрғын үйлер саны – 332

Тұрмысы нашар отбасы – 2

Өте мұқтаж отбасы – 1

Жұмыссыздар саны – 13

Оның ішінде ресми – 1

Білім беру саласы бойынша –

Мектеп атауы – «Ақбұлақ шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Орналасқан жері – Сәбденов ауылы, Р.Сәбденов көшесі

Құрылған жылы – 1978 ж

Мектеп директоры – Даубаева Фатима Наризимқызы

Мұғалімдер саны – 53

Техникалық қызметкерлер – 44

Бәйтелі ауылынан қатынап оқитын оқушылар саны – 31

Денсаулық сақтау бойынша –

Атауы – Дәрігерлік амбулатория

Орналасқан жері – Р.Сәбденов ауылы.М.Мәмбетов көшесі№1

Құрылған жылы – 1968ж

Бас дәрігер – 1

Қызметкерлері – 13

Арнайы қамтылғандығы – арнайы автокөлік бөлінген

Мәдениет үйі – 1

Мәдениет үйінің меңгерушісі – Байходжаева Айсұлу Сержанқызы

Кітапхана – 1

Кітап қоры – 9613

Почта саны – 1

Почта индекс – 080901

Орналасқан жерлері – Р.Сәбденов ауылы ,Р.Сәбденов көшесі бойында

1932 – 1992 жылдар аралығындағы совхоздың хронологиялық кестесі 

Жылдар Совхоз директорлары

 

1932 – 1936 жж  Шижиков И.В

 

1936 – 1954 жж Филиков В.П

 

1954 – 1971 ж ж Маякин И.П.

 

1971 – 1992 жж Сәбденов Рахым Сәбденұлы

 

1992 – 2002 жж Жайлыбаев Алтынбек Шындалыұлы

 

2002 – 2008 жылдар аралығындағы ауылдың хронологиялық кестесі.

Жылдар Ауыл әкімі

 

2002 – 2004 жж Ибраев Оразхан

 

2004 – 2005 жж Қырқынбаев ЕрланСанатұлы

 

2005 – 2006 жж Жарылқасын Дидай

 

2006 – 2010 жж Алкереев Марат Жолдасбекұлы

 

  2010 ж Баймұратов Серік Тынышбекұлы

 

2.2.Аты ауылға айналған – тұлға

2.2.Қазіргі ауылымыздың атына айналған Рахым Сәбденұлы Сәбденов 1929 жылы 9 – шы мамырда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданына қарасты Айшабибі ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген.10 жасынан бастап 1939 – 1946 жылдары Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Головачовка ауылы, « Новая жизнь» колхозында жай жұмысшы қатарында еңбек еткен. Ол дүниеге келмес бұрын, 3 – 4 ай ертерек әкесі дүниеден өткен. Ол кісі өзі жайлы өмір баянында: «Мен әкемді көрмедім, әкем мені көрмей дүниеден өтті» – дейді. Кейінірек анасы Қозыбибі Бекжанқызы дүниеден өтеді. Сондықтан да ол әртүрлі колхоз жұмысын қатар  атқарған. Соғыс жылдарында небәрі  17 – 18   жасында кәдімгі жұмысшы қатарында өгізбен жер жыртып, егін салып, арба айдап, мал да баққан. 1946 жылы Жамбыл қаласының орталығындағы Зооветеринарлық техникумының «зоотехникалық» факультетіне түседі. 1949 жылы оқуын ойдағыдай бітіріп, диплом алап шығады. Одан кейін жолдамамен Қырғызстанға аттанады. Талас обылысына қарасты Киров ауданының ауылшаруашылық басқармасында бас зоотехник болып қызметке орналасады. 1953 жылы облыстық аулшаруашылық басқармасының бұйрығымен аудандық малшаруашылық бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалады. Бұл қызметін 1965 жылға дейін атқарып, 1958 – 1960 жылдары «Чопанбай» колхозында, ал 1960 – 1962 жылдары «Фрунзе» колхозында бас зоотехник маманы және басқарма орынбасары қызыметін атқарды. Осында алты жылдай тәжірибе жинаған соң Рахым Сәбденов сұранып жүріп өзінің туған Айшабибі ауылына жақындау Луговой, қазіргі Тұрар Рысқұлов  ауданына бас зоотехник болып оралады. Өзінің өмір баянында:  «Осы кезде Луговой ауданы Меркі ауданынан бөлініп, өзінше Луговой ауданы болып ұйымдасып жатқан кезең еді. Сондықтан да жаңаша күш жігермен беріліп қызмет ете бастадым, нәтиже жаман емес сияқты, аздап болса да алға деген жылжу көзге іліге бастады» – деп жазады. Бұл қызметін 1968 жылға дейін жалғастырып, 1968 – 1971 жылдары басқарма міндетін атқарды. 1971 жылы Луговой ауданына қарасты «Ленин» атындағы асыл тұқымды қой кеншерының директорлығына тағайындалды. Директор экономикасы жылдан  жылға қанат  жая бастаған шаруашылықтың әлеуметтік, мәдени тұрмысын көтеруге де көп көңіл бөлді. Кеншар орталығы кентке жуықтап, онда мәдениет сарайы, кеңсе, мектеп ғимараттары бой көтеріп, тұрғын үйлер көптеп салына бастады, асфальт төсеу үйреншікті іске айналды Ленин атындағы асыл тұқымды қой зауыты, оның жасампаз адамдары, шебер де білікті басшысы, Социалистік Еңбек Ері Рахым Сәбденов туралы журнал, кітапшалар да шығарыла бастады. Рахым Сәбденов 1992 жылға дейін КСРО – ның белгілі Дербес зейнеткерлікке  шыққанға дейің осы аудандағы «Ленин» атындағы асыл тұқымды қой кеншарының директорының қызметін атқарды. 1974 жылы  Жамбыл облыстық партия комитетінің тексеру коммисия мүшесі болды. 1981 жылы Қазақстан Компартиясының ХҮ  съезіне делегат болды. Білгір ұйымдастырушы басшысының еңбегі лайықты бағаланды:

  1. 1970 жылы В.И.Лениннің туған күніне 100 жыл толуына арналған «Естелік» медалімен;

2.1971 жылы «Ерен еңбегі» медалімен;

3.1976 жылы «Ленин» орденімен;

  1. 1978 жылы Монғол мемлекетінің «Достық»орденімен;

1957 жылғы мамырдың 9 – шы жұлдызында КСРО ауылшаруашылығын өте жақсы жұмысшы белгісімен марапатталды және де:

1.1979 жылы 1 шілдеде Қазақ ССР – на еңбегі сіңген ауыл шаруашылық қызметкері атағы;

  1. 1979 жылы 1 шілдеде Қазақ ССР – на еңбегі сіңген зоотехник атағы;

3.1980 жылы наурыз айының 3 – ші жұлдызында КСРО Жоғары Советі Президиумының үкімімен «Социалистік еңбек Ері» атағы беріліп, алтын жұлдыз медалімен қоса «Ленин» орденімен марапатталды.

Осы қызмет еткен жылдарда Социалистік жарыстардың қорытындысы бойынша Кеңес одағының ауыспалы Қызыл Туын екі дүркін, Қазақстан Республикасының Қызыл Туын тұрақты ретінде жеңіп алды. Жалпы Рахым Сәбденов ауылшаруа  қызметінде 55 жыл қызмет атқарды. Осы қызметтерін ол абыроймен адал атқарды.

Қазақта «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген аталы сөз бар. Сол айтқандай Қазақстан Республикасының Үкімет жанындағы мемлекеттік ономастикалық комиссиясының 2004 жылғы 27 – ші желтоқсанындағы ұйғарымымен Т.Рысқұлов ауданы, Ленин ауылдық округіндегі Ленин ауылының атауы «Социалистік Еңбек Ері Рахым Сәбденов» атындағы ауыл болып өзгертілді. Кеңес одағы кезінде қазақтың оңтүстік мериносы асыл тұқымды қойын өсірумен атағы шыққан бұл шаруашылықтың орталық мекеніндегі барлық үйлерді дерлік тұрғызуға бас – көз болған басшыға бұл лайықты құрмет екендігі даусыз. Артына мыңғыраған мал да, көшелерінде сарбаздай сап түзеген тал да, айналасына ат шаптырса шаршататындай үлкен ауыл қалдырған білікті де беделді басшы Рахым Сәбденовтың ерен еңбегі шексіз десе болады. Р. Сәбденовтың басқаруы кезінде жақсы жаңалықтарды да жария етуді, өздерінің мамандықты  мақсат тұтқан, тілшілер Мәскеуден де, Алматыдан да, облыс орталығынан да кеншарға ат іздерін салатын оқиғалар аз болмайтын. Өйткені әрбір жылдың қорытындысы бойынша бұл шаруашылық не бүкілодақтық немесе Қазақстандық социалистік жарыстың қорытындысы бойынша топ жарып, ауыспалы Қызыл Туға, сыйлықтарға, малшы мамандары, тіпті дихандары да орден – медальдарға ие болып жататын. Басқаларды айтпағанның өзінде, кеншар директоры Рахым Сәбденовті шынтуайына келгенде «Ленин» атындағы асыл тұқымды қой кеңшарын іс жүзінде ұйымдастырушы деуге болады. Өйткені 1970 жылы ғана одақтық комиссия қазақтың оңтүстік мериносын биязы жүнді, әрі етті жаңа қой тұқымы ретінде қабылдаған болатын.

Кеңес Одағы ыдырап, социалистік жоспарлы экономикадан бас тартқан тәуелсіз Қазақстан Республикасы нарық жолына түсудің өтпелі қиыншылықтарына тап болған. Рахым Сәбденов өзі 21 жыл бойы қасықпен жинаған байлығының жабайы айырбас кезінде шөкіштеп төгілгенін көргенде талай рет қатты қиналғанына куә болған жандар аз емес тұғын. Өзі басшылықтан кетіп, асыл тұқымды қойлардың ұнға немесе жанармайларға айырбасталып  жатқанын көріп те қанша қиналды. Уақытша қиыншылықтар да кетті. Рахым Сәбденовтың бақилық болғанына да 17 жыл өтті. Қазақстан экономикасы еңсесін тіктеп, аяғын нық басқан соң Рахым Сәбденовтың ізбасарлары баяғы асыл тұқымды меринос қойларды қайта көбейтуге кірісті. «Орнында бар оңалар, жоқтың түбі жоғалар» деген аталы сөз осындайда айтылса керек. Сол ізбасарларының сұрауымен бүгінде Ленинский ауылы Р.Сәбденовтың атымен аталып отырғаны да көп жайды аңғартады. Ізбасарлары демекші, Рахым Сәбденовтың қолынан тәжірибе алып, тәжірибеден өтіп, ауыл басшысы болған жандар аз емес. Рахым Сәбденұлы: «Өзім еңбек еткен жылдардың ішінде бірнеше мамандарды жоғары дәрежелі қызметке өсуіне көмегім болғаны шындық, сондай шәкірттерім баршылық. Обком партиясының шешімімен мені жетекші етіп бекіткен тұғын, колхоз – совхоздарға жаңа басшы болып баратын азаматтар біздің шаруадан тәжірибеден өтіп барып сайланатын, енді солардың біразының аты – жөнін айтайын:

Кажкенов М – «Сарысу» совхозының директоры;

Құдайбергенов – «Мақпал» совхозының директоры;

Дадабаев Е – «Ұйық» совхозының директоры;

Тілеуқұлов – «Мақпал» совхозының директоры;

Ал енді бұдан тысқары, өз шаруа мамандарымыздан жоғары қызметке өскен:

Қырықбаев Санат – бас зоотехник маманы, « Қорағаты» совхозының директоры;

Айнақұлов Ж – бас инженер, «Жаңатұрмыс» колхозына бастық;

Қанаев Т – бас агроном, « Қызылшаруа»колхозына бастық» – деп өзінің шәкірттерін, ізбасарларын атап өткен. Рахым Сәбденұлы Сәбденовтың жолын қуған Қырықбаев Санат ағамыздың ауыл үшін жасаған еңбектері аз емес – ті. Дирменді қайта құруына себепкер болып, ауылдың басын біріктірді.

Ауыл үшін атқарған игілікті істері, әр адамға үлгі боларлықтай  Рахым Сәбденұлының есімі ауылымызға берілгеніне барша ауыл тұрғандары риза болды. Ауыл үшін еңбек еткен ағамызды кімде болса үлгі тұтады. Бізде осындай көркем, әрі сұлу ауылымыздың аты «Социалистік Еңбек Ері Рахым Сәбденов атындағы ауыл» деп аталғанына қуана да, мақтана да қараймыз. Қазіргі кезде ауылдағы орталық көше де Рахым Сәбденовтың атында.

2.3.Ауылдағы мекемелер.

Жалпы мекемелер саны – 8

Жалпы мекемелер: Әкімшілік, мектеп, аурухана, балабақша, диірмен, мәдениет үйі, мешіт, кітапхана

Жеке меншік мекеме: диірмен 

Мектеп тарихы:

1932 жылы бастауыш  мектеп салынды,1964 жылыдан бастап 8 жылдық мектеп болды.

1950 жылдан бастап мектепті СССР  мемлекетінің халық ағарту ісінің үздігі Мадияров Әбдезім басқарған.

1964 жылы  мектеп директоры  Төреғалиев Мұхит Хабирұлы  болды.

1965 жылдан бастап «Ленин» атындағы орта мектеп болып аталды.Мектеп директоры Махаев болды.

1966 жылы мектеп директоры Федорова Т.И.

1969  жылы мектеп директоры Тагирова София Хамидовна болды

1974 жылы мектеп директоры болып Сейдахметова Сиқымбай тағайындалды

1976 жылы мектеп директоры Юсупов Боранбай,оқу ісінің меңгерушісі Үсейінова Жұпаркүл.Тәрбие ісінің меңгерушісі Пауль Э.Д.

1976 жылы  интернат меңгерушісі Сейдахметов Сиқымбай;

1977 жылы мектеп жанындағы интернатты Сукенов Асықбай Сукенұлы басқарды. Дәл осы кезде интернаттағы оқушылар саны 140 – қа жеткен. Бұл көрсеткіш Жамбыл облысы бойынша ең жоғарғы көрсеткіш ретінде танылып «Қызыл Жалау» орденімен марапатталған.

1978 жылы жаңа мектеп салынды. Бұл жаңа мектеп 2003 жылы күрделі жөндеуден өтіп, осы күнге дейін қолданыста.

1986 жылы мектеп директоры Куни Р.В.

1987 жылы мектеп директоры Аманова Назира, оқу ісінің меңгерушісі Ляпина Вера Василькова.

1991 жылы мектеп директоры Пауль Э.Д. оқу ісінің меңгерушісі Даубаева Фатима Нарезимқызы,тәрбие ісінің меңгерушісі Хамитова Жібек.

1992 жылы тәрбие ісінің меңгерушісі Иманбаева С.

1992 жылы мектеп директоры  аманова Назира.

1998 жылы мектеп директоры Даубаева Фатима Нәрезімқызы, оқу ісінің меңгерушісі Сукенов Асықбай Сукенұлы, тәрбие ісінің меңгерушісі Сайттакова Нарима Алдабергенқызы.

2011 жылдан бастап «Ақбұлақ орта мектебі» атауы « Ақбұлақ шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

2014 жылы мектеп директоры Дауенов Бақыт Орынбасарұлы. Оқу ісінің меңгерушісі Еркімбаева Бақыт Мұсабекқызы, ғылыми әдістемелік жөніндегі орынбасары Сайттакова Нарима Алдабергенқызы, тәрбие ісінің меңгерушісі Далибаев Қуаныш Жақсылықұлы.

Бүгінгі таңда мектеп директоры Даубаева Фатима Нарезімқызы, оқу ісінің меңгерушісі Сайттакова Нарима Алдабергенқызы, тәрбие ісінің меңгерушісі Еркінбаева Бақыт Мұсабекқызы, директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Қазбекова Ләйла.

Мектепте 53 мұғалім қызмет етеді.Білім алып жатқан оқушылар саны-344, Бәйтелі ауылынан 31 оқушы қатынап оқиды.                                                         Қорытындылай келе, «Мектептің  болашағы – жарқын!»,- десе де болады. Мұғалімдер жоғары білімді, оқушылар саналы.

Балабақша. 

Балабақша атауы: «Бәйшешек»

2007 жылы 1 жастан – 5 жасқа дейінгі аралықтағы балаларға арналып құрылды.

2007 – 2014жылдар аралығында балабақша меңгерушісі – Сейсенбаева Шахризада.

2014 – 2015 ж.ж меңгерушісі – Отарымбетова З.Қ

2015 жылдан бастап қазіргі таңға дейін балабақша меңгеруші қызметін атқарып келе жатқан   Қорымбаева Қаламқас. Балабақшада 23 қызметкер жұмыс атқарады.

2011 жылы мектеп ішінен ашылған « Ақбота»шағын орталығында қазіргі таңда  47 бүлдіршін бар. Шағын орталықта 12 қызметкер жұмыс атқарады. Әдіскері – Қожақова Жанар. 

Аурухана 

1962 – 1976 жылдары – Ауылдық учаскелік больница.

1976 – 1989 жылдары – Ауылдық дәрігерлік амбулатория.

1989 – 1997 жылдар аралығында – Ауылдық учаскелік больница.

1997 – 1999 жылдары – Аймақтық медициналық орталық.

1999 – 2005 жылдары – Жанұялық дәрігерлік амбулатория

2005 – 2007 жылдары – Ауылдық дәрігерлік амбулатория

2007 жылдан бастап Дәрігерлік амбулатория.

1982 – 2016 жылдар аралығында аға дәрігер қызметін Худаибердин Ә.

Қазіргі таңда аурухананың аға дәрігері Тілеужанова Фатима Жасанқызы. Ауруханада 14 қызметкер жұмыс атқарады. 

Диірмен.

1998 жылы наурыз айында құрылды.Басшысы – Шоқатаев Ғалымжан Өкенұлы. Диірменде 18 қызметкер жұмыс атқарады. 60 – тан астам техника жұмыс істейді. Мекеменің көлемі 4 га. Орналасқан жері Рахым Сәбденов көшесі №54 

Мешіт 

Ауылдық мешіт 2008 жылдың 1 – ші маусымында ашылды. Мешіт үлкен зал, имам бөлмесі, дәліз және қосымша бір бөлмеден тұрады.Үлкен залдың ұзындығы 9,40 м, ені 7,40 м, имам кабинетінің ұзындығы 4 м, ені 3 м, қосымша бөлменің ұзындығы 5 м, ені 3 м, мұнараның биіктігі шамамен алғанда 13 м. Мешітті салуға демеушілік көрсеткен Қырықбаев және Шоқатаевтар әулеті. Бас имам болып  Пірімқұлов Тұрар тағайындалды. Қазіргі таңда Байходжаева Қалтай Спанұлы имам болып жұмыс істеуде. Қазіргі таңда мешітке барып сәждеге бас қоятын жастар қарасы көп.

Саз мектебі. 

Саз мектебі алғаш ауылымызда 1979 жылы құрылған. Мекеме № 2 «Құрманғазы» атындағы саз мектебі деп аталады. Алғашқы басшысы Перель Геннадий Адольфович болды. 1987 жылы  мекемені Сейсен Бейсенұлы  Бесеуов басқарды.  Ал 1995 жылы мекеменің басшысы Омарбеков Мейрамхан Аплатинұлы болды. 2003 жылға дейін халық ұшін қызмет етті. Мекемеден бірнеше өнерпаз оқушылар, жас өнерпаздар түлеп шықты. Мекеменің халықтың үлкен ықыласымен зор сүйіспеншілікке бөленгендігін қазіргі таңның өзінде үлкендердің сөзінен байқауға болады. Қазіргі таңда бұл ғимарат Мәдениет үйіне айналған.

2.4. Ауыл табиғаты

2.4. Ауылымыздың табиғаты өте көркем. Сұлулығын суреттеу сірә, мүмкін емес болар. Ауылымызға бірден бір сән беріп тұрған, осы ауылымыздағы жасыл желекті ағаштар. Орталық көше бойымен сарбаздай сап түзеп тұрған ағаштар ауыл табиғатының көркін ашып тұрғандай. Және де ауыл маңында орналасқан көлдер мен өзендердің тарихы тереңде. Сол өзеннің бірі «Қорағаты» өзені. Бұл өзен Қарасу елді мекенінен бастау алып, ауылымыздағы үлкен көлдердің бірі «Жамансай» көліне құяды. Өзеннің «Қорағаты» өзені аталу себебі, Қорағаты ауылының бойымен толықтай өтетіндіктен. Ауылымызда сонымен қатар «Белогорька», «Ақ аю» сынды көлдер бар. Бұл өзен – көлдер ауылымыздың топырағын құнарландырып, жасыл желегін жайқалта түсуде. Қазіргі таңда ауылымыз Құлан өңіріндегі ең табиғаты жағынан сұлу, әрі көркем ауылдардың бірі.

Дегенмен, осыдан бірнеше жыл бұрын ауылда орталық көшеден өзге және көше үйлері болмаған. Ал ауылдың топырағы сулы болғандықтан, жері де нулы, яғни ауылды толықтай ағаштар мен шөп тектес бұталар қамтыған. Қыс қатты аяз болғандықтан, үсік түсіп ауылдағы барлық ағаштар үсіп кеткен. Дегенмен, 1971 жылы Ленин қой совхозының директорлық қызметіне Сәбденов Рахым Сәбденұлы тағайындалған соң, мектеп оқушыларына ауылды тазалатып, үсіген ағаштардың орнына арша, шырша, қарағай, қара ағаш, қайың, терек сынды ағаштарды еккізген. Сонымен қатар орталық көшеден бөлініп шығатын бірнеше көшелер мен үйлер салғызған. Осылайша ауылымыз қазіргі деңгейге жеткен. Мұнымен айтпағымыз ауылымыздың табиғатының сұлу, ауаның кіршіксіз таза болуына бірден – бір себепкер жан, есімі ауылымызға берілген ұлы тұлға, ұмтылмас жан Рахым Сәбденұлы Сабденов екендігі сөзсіз.

Қорытынды. 

Туған жерсіз адамның күйі жоқ. Алыс кетсең, өз үйіңнің мұржасына дейін сағынасың,туған жерің түсіңе енеді. Алыстан сені қол бұлғап шақырады. Біздің ауылымыздың тарихы тереңде жатыр. Біз осы «Ауылым – алтын бесігім» атты тақырыбымызды зерттей отырып, ауылымыздың ашылмай қалған барлық қырларын, осы уақытқа дейінгі қалай аталғандығын, не себепті олай  деп аталғандығын ұқтық.

Біз ол кісілердің ерен еңбектерін өзгелер де ұмытпай, пір тұтса екен деп тілейміз. Сірә, ол кісілердің ұл-қыздары, немере-шөберелері, ол кісілердің еңбектерімен, халқына жасаған ерен еңбектерімен мақтанатын болса керек. Біздің ойымызша, тек қана жақындары ғана емес, бүкіл халқы мақтанады. Және де солай болуы өте орынды. Келешеките жоғары оқу орнын бітіріп, өз ауылымыздың көркеюіне, гүлденуіне үлкен үлес қосқымыз келеді. Ауылымның өркендеп өсуіне өз үлестерін қосқан, еңбегі зор, еңбекқор аталарымыз бен апаларымыздың еңбегін әрі қарай жалғастыруға ат салысамыз.
Тарихының тамыры тереңге жайылған, тұғыры биік ауылымыздың қадір-қасиетін, тұрмыс-тіршілігін, тарихи құндылықтарын, ата- бабаларымыздың  бізге,  яғни  ұрпағына мұра етіп қалдырған  Жер- Анамызды, қасиетті топырағымызды,  туған өлкеміз-алтын бесік  ауылымызды қастерлеп, тарихының мәнін терең ұғынуға борыштымыз.

Еліміз егемендік алып тәуелсіздік салтанат құрған заманда ауыл көркейіп, гүлденеді деп сенемін. Үкіметіміз ауылды көркейтуге, жұмыс орындарын ашуға көптеп көңіл бөліп келеді. Ауыл болашағы бүгінгі білімді ұрпақ қолында. Келешекке үлкен сеніммен көз тастасам менің ауылым сәулеті асқан, дәулеті тасыған берекелі құт мекен болады деп сенемін. Міне, сондықтан да балалар, осы ауылды көркейтуге келешекте өз үлестеріңді қосады деп ойлаймын.

Ауылымызда ескерілмей жүрген  бір мәселе жөнінде қорытынды сөзді айта кетсек: Ауылымыздың осы деңгейге жетуіне, көркеюіне, өркендеуіне, гүлденуіне себепші болған Рахым Сәбденұлы Сәбденоватамызға ескеткіш орнатылса деген тілектеміз. Ал барша ауылдастарымызды, Отандастарымызды кіндік-қаны тамған туған жерін қастерлеуге, сүюге, тарихын ұмытпауға шақырамыз!

Сөз соңында айтарымыз: «Тарихты білу- бүгінге сабақ болашаққа бағдар!».

You May Also Like

Үй жануарларының дене температурасының реттелуін зерттеу, ғылыми жоба слайд

Бөкей ордасы ауданы, ғылыми жоба

Бөкей ордасы ауданы  Аннотация «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы  рухани-мәдени  өміріміздегі белесті кезең  ретінде…

Қымыз, ғылыми жоба слайд

Каким я вижу будущее Казахстана, научный проект

Каким я вижу будущее Казахстана Секция:  валеология, экология  ОГЛАВЛЕНИЕ 1.Введение 2. Школьная…