Әрқашан күн сөнбесін!

Аспаннан бұлт төнбесін.

Қасымда болсын мамам,

Болайын мен де аман!

Таңертең анам ұйқыдан тербетіп оятқан сәтте, мен бірден терезеге қараймын. Арайлап атып келе жатқан таң нұры менің бетімді қытықтап, ұйқымды шайдай ашып жібереді. Көңіл-күйім демде көтеріліп, қуанышпен мектепке жиналамын. Ал мектепте мені достарым, сыныптастарым мен ұстаздарым күтіп тұр. Мен мектепте жақсы оқуға тырысамын. Өз сыныптастарыма үлгі, ата-анама қуаныш сыйлағым келеді. Жарқын болашақ -білімді ұрпақтың қолында деген. Болашағымыз ашық және жарқын болу үшін қазірден бастап көп еңбектенуіміз керек. Қазіргі жастардың білім алуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Электронды техникалар да өте дамыған. Біз дамыған елдін ұрпақтарымыз. Осындай бақытты да бейбіт елде туылғаныма өте қуаныштымын! Жер бетіндегі барлық бала біткен мен секілді ұйқыдан қуанышпен, мен секілді тек қана аналарының тербетуімен оянса екен деп тілеймін. Жер шарында ешқашан соғыс болмаса екен! Бір де бір бала қарны ашып немесе тоңып жыламаса екен! Ешқашан елімізге қара бұлт төнбесін деп тілеймін.

You May Also Like

Бейбіт елдің ұрпағымын, эссе

Бейбіт елдің ұрпағымын Мен Нұр-Сұлтан қаласы №37 мектеп-лицейінің 2 сынып оқушысымын. Аты-жөнім-…

Тәуелсіздік -мәңгілік елдің тұғыры! эссе

Эссе Тәуелсіздік -мәңгілік елдің тұғыры!  Атырып Тәуелсіздік ақ таңдарын, Мен бүгін қазағыммен…

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз. эссе

Мен сөз ететін Шортанбай Қанайұлының өмір сүрген кезеңі – хандық биліктің жойылып,…

Мен – елімнің патриотымын, эссе

Мен – елімнің патриотымын Патриот дегеніміз – өз ұлтын, тілін, діні мен…