Инклюзивті білім беру ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде инклюзивті білім берудегі оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС 1.4.002- 2012) негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта мектептің оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы мемлекетінің «Білім туралы» Заңының 1 бабына сәйкес, инклюзивті білім берудің мақсатын жүзеге асыратын жүйелі білім берудің барлық деңгейінде даму мүмкіндігі шектеулі жандарды біріктіріп оқытуда, дамуындағы ақаулықты түзетуде және әлеуметтік бейімдеуде арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді.

Инклюзивті білім беруді іске асыру отбасының белсенді қатысуымен және баланың жеке қажеттіліктерін әлеуметтік қолдау мен балалардың жеке ерекшеліктерінің білім алу ортасына бейімделуі және білім алуына қатысты қажеттіліктерін, яғни білім алуға толық жағдайларды жасау жолымен жүзеге асырылады.

Білім берудің жеке бағдарламалары – оқушылардың  немесе студенттердің даму деңгейінің өзектілігін ескеріп, оқытылатын пәндер саласындағы және дамудың жақын аймағындағы білім, білік және дағдыларын құрайды. Қарағанды техника-құрылыс колледждінде  инклюзивті топтардағы  студенттер саны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. Колледждімізде Тіл мен әдебиет пәндерінің оқытушылары студенттердің ауызша және жазбаша сөйлеу тіл кемшіліктерін ескере отырып, сөздердің дұрыс дыбысталу деңгейінің дамуына, сөйлеу тілінің лексикалық грамматтикалық жағына, байланыстырып сөйлеу ерекшеліктеріне назар аударып сабақ өтуде. Математика және жаратылыстану пәндерінің оқытушылары зияты бұзылған балалардың танымдық әрекеті мен эмоциялық-ерік сферасындағы ерекшеліктерін ескеріп, сонымен қатар, психикалық дамуы тежелген балалардың (ПДТ) психофизикалық ерекшеліктерін тұрақты түрде назарда ұстайды. Осы кезекте 9-МЛД-18  «Орманшылық ландшафты көгалдандыру және ландшафт құрылыс» тобына топырақтану пәнінен сабақ беру барысында студенттердің әрқайсысына жеке көніл бөлінеді ,  деңгейлік тапсырмалар  беріледі олар өз ойларын емін еркін жеткізуі үшін арнайы жабдықталған кабинетте сабақ өтеді  және сабақ уақытының 30 минутынан соң 10минуттық үзіліс жасап кейін оқу процесі жалғасады. Жаңа сабақты бастамастан алдын студенттердің көңіл-күйін көтеретін жаттығулар жасатылады, жаңа сабақты түсіндіріп болған соң, тапсырма бергенде айналмалы бекет әдісі арқылы  тақырыпты бөліктерге бөліп оз ойларын жеткізуін қадағалаймын.

Осыған орай, инклюзивті білім берудің  негізгі 8 принципі туындайды.

Яғни ол мына принциптер:

  1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
  2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
  3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
  4. Барлық адам бір-біріне қажет.
  5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
  6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

7.Әрбір оқушы үшін жетістікке жету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.

  1. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- студенттердің тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады.  Мұндай оқыту түрі  арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды,  қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі  балаларды оқуда жетістікке жетуіне ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ.

You May Also Like

Балаға тәрбие берудегі ұстаздың рөлі, мақала

Балаға тәрбие берудегі ұстаздың рөлі «Адамның өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы–бала. Бала…

Жеке тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнерінде эстетикалық тәрбиенің рөлі, мақала

Жеке тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнерінде эстетикалық тәрбиенің  рөлі Егеменді Қазақстанының қазіргі даму…

Тұлғаның семантикалық моделі, мақала

Тұлғаның семантикалық моделі Психологияда тұлғаға өте көп анықтама берілген. Біз –бұл қиын,…

Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында география сабағындағы инновациялық бағыт, мақала

«Бүгінгі күн талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың уақыты»  Н.Ә. Назарбаев     …